«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты




Название«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
страница3/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/1169kz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысымен бекітілген


«Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 26 және 27-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-45 телефоны бойынша алуға болады.

5. Заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама не қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет өтініш және осы стандарттың 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша Комитеттің ғимаратында көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Кодекстің 26-бабында көзделген шарттарға сәйкес болуға тиіс.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш еркiн нысанда толтырылады және онда:

кеден өкiлдерiнiң тізіліміне енгізу туралы Комитетке қолдаухат;

мемлекеттік қызметті алушының атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні кеден өкілі ретінде өз қызметін солар арқылы жүзеге асыру жоспарланған оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және орналасқан жері;

өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушының штатындағы кедендік декларациялау жөніндегі мамандар туралы мәлімет;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет;

мемлекеттік қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәліметті қамтуы қажет;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

4) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

5) өтініш берушінің қызметкерлері болып табылатын кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттарының көшірмелері;

6) кедендік декларациялау жөніндегі мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары;

7) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

8) банктерден оларда ашылған шоттар туралы растау;

9) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты.

13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, 201-кабинет мекенжайы бойынша Комитет кеңсесіне кіріс хат-хабарларын қабылдау тәртібіне сәйкес тапсырылады.

14. Комитеттің кеңсесіне құжаттарды қолма-қол тапсырған жағдайда лауазымды тұлға өтініштің көшірмесіне Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабанын (кіріс нөмірі, күні) қояды. Комитет кеңсесінің кіріс хат-хабарларын қабылдау режимі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

Құжаттарды пошта арқылы жолдаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы оның өтінішін қарау сатысына қатысты, оның ішінде басшылығының бұрыштамасына сәйкес өтінішті Комитеттің белгілі бір құрылымдық бөлімшесіне жолдау туралы ақпаратты Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 79-45-79 телефоны бойынша біле алады.

15. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы нәтижелер мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша және электронды нысанда пошта арқылы не мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті алушының Кодекстің 26-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Комитет күнтізбелік он бес күннің ішінде жазбаша дәлелді жауабын береді.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Комитеттің қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) әдептілік;

4) мемлекеттік қызмет рәсімі туралы түпкілікті ақпарат ұсыну;

5) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері


18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Жұмыс бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Комитеттің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі


20. Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдемдесудің тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 79-45-57, 79-46-60 телефондары бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің не оны алмастыратын тұлғаның атына беріледі және 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 101-кабинет мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 71-73-48.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитетке жазбаша түрде немесе қолма-қол 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, мекенжайы бойынша беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-45-79.

Азаматтарды қабылдау Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдау кестесі Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында жарияланған.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым және дұрыс қызмет көрсетілмегендігіне шағымдану жазылған өзге де құжаттар не мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу жазбаша түрде еркін нысанда беріледі.

25. Қабылданған шағым Комитеттің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті/шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, күнін және уақытын көрсете отырып, шағымның екінші данасына мөр қойылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта бойынша хабарланады.

26. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, e.customs.kz веб-сайты, «СЭҚ-қа қатысушыға» бөлімі.

«Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша

 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


 Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %- ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Лауазымды тұлғалардың сыпайылылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысымен бекітілген


«Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 34 және 35-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-45 телефоны бойынша алуға болады.

5. Заңды тұлғаны Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы хабарлама және кедендік тасымалдаушының куәлігін беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет өтініш және осы стандарттың 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша Комитеттің ғимаратында көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Кодекстің 34-бабында көзделген шарттарға сәйкес болуға тиіс.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) еркін нысанда толтырылатын және:

кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы Комитетке қолдаухаты;

мемлекеттік қызметті алушының атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банк шоттары туралы мәліметтер;

жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру мерзімі туралы мәлімет;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет;

егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, аталған құжаттың болуы туралы мәлімет;

кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін иелігіндегі халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдары туралы мәлімет (жалпы саны, техникалық сипаттамалары);

әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың бар екендігі туралы мәлімет қамтылуға тиіс кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқа мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқа мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

4) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

5) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;

6) кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету карточкасын қоса алғанда, Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

7) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

8) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;

9) егер, қызметтің мұндай түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың көшірмесі;

10) қызмет аймағына тұлға тіркелген кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің Кодекспен айқындалған шарттарға сәйкестігіне қорытындысы.

13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, 201-кабинет мекенжайы бойынша Комитет кеңсесіне кіріс хат-хабарларын қабылдау тәртібіне сәйкес тапсырылады.

14. Комитеттің кеңсесіне құжаттарды қолма-қол тапсырған жағдайда лауазымды тұлға өтініштің көшірмесіне Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабанын (кіріс нөмірі күні) қояды. Комитет кеңсесінің кіріс хат-хабарларын қабылдау режимі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

Құжаттарды пошта арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы оның өтінішін қарау сатысына қатысты, оның ішінде Комитет басшылығының бұрыштамасына сәйкес өтінішті Комитеттің белгілі бір құрылымдық бөлімшесіне жолдау туралы ақпаратты Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 79-45-79 телефоны бойынша біле алады.

15. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы нәтижелер мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша және электронды нысанда пошта арқылы не мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті алушының Кодекстің 34-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Комитет күнтізбелік он бес күннің ішінде жазбаша дәлелді жауабын береді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconАвторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
Осы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconДәріс тезистері. Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері
Азақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconТест сұРАҚтары маркетинг обьектілеріне не жатады? A тек тауарлар; b тауар мен қызмет көрсету
Маркетингтің қай қағидасы коммерциялық әрекеттерді және ынталандыру шараларын қолданады?
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Кедендік әкімшіліктендіру», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары», «Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы» пәндерінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconЕң алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау
Бүгінде өнеркәсіптік меншік күқықтарын қорғауды өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады. Әсіресе, дәстүрлі білімдер, өнертабыстар,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconРедакцияланған күні: 13. 03. 2014
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Берілген стандарт: «Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін уәкілетті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница