«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты




Название«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
страница1/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/1169kz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2)3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы 8

қыркүйектегі №1169 қаулысымен

бекітілген


«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-50 телефоны бойынша алуға болады.

5. Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы хабарлама не қағаз тасығыштағы қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет өтініш және осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

Жеткілікті негіздемелер болған кезде Комитет өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша Комитеттің ғимаратында көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) еркін нысанда толтырылатын және :

өтініш берушінің зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы қолдаухаты;

мемлекеттік қызметті алушы туралы мәліметтер;

зияткерлік меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушіге оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат, сондай-ақ Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты таңба деңгейінде тауарлар коды көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы, кеден органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарын анықтауға мүмкiндiк беретiн құқық иеленушінің тауарлар туралы егжей тегжейлі мәліметтері;

егер тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылмайтыны белгіленген жағдайларда, декларантқа және өзге адамдарға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ олар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылады деп болжанған зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі қамтылуға тиіс мемлекеттік қызметті алушының зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы жазбаша өтініші;

2) зияткерлік құқығының бар және тиесілі екенін растайтын (куәлік, және/немесе лицензиялық шарт) түпнұсқалар не нотариат куәландырған көшірмелері);

3) құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты;

4) мемлекеттік қызметті алушының басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты. Бұл ретте, сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс;

5) зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы;

6) зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық түрдегі бейнелері (мүмкiндiгiнше).

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініштердің арнайы бланкілері көзделмеген. Өтініш еркін нысанда жазбаша түрде беріледі.

13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, 201-кабинет мекенжайы бойынша Комитет кеңсесіне кіріс хат-хабарларын қабылдау тәртібіне сәйкес тапсырылады.

14. Комитеттің кеңсесіне құжаттарды қолма-қол тапсырған жағдайда лауазымды тұлға өтініштің көшірмесіне Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабанын (кіріс нөмірі күні) қояды.

Құжаттарды пошта бойынша тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы оның өтінішін қарау сатысына қатысты, оның ішінде өтінішті Комитет басшылығының бұрыштамасына сәйкес Комитеттің белгілі бір құрылымдық бөлімшесіне жолдау туралы ақпаратты Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 79-45-79 телефоны бойынша біле алады.

15. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы нәтижелер мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша және электронды нысанда пошта арқылы не мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті алушының толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы зияткерлік меншік құқығын бұза отырып тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасын ұсынбауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Комитет құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде жазбаша дәлелді жауап береді.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Комитеттің қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) әдептілік;

4) мемлекеттік қызмет рәсімі туралы түпкілікті ақпарат ұсыну;

5) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері


18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Жұмыс бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Комитет басшылығының бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі


20. Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдемдесудің тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 79-45-50 телефоны бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің не оны алмастыратын тұлғаның атына беріледі және 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 101-кабинет мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 71-73-48.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитетке жазбаша түрде немесе қолма-қол 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, мекенжайы бойынша беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-45-50.

Азаматтарды қабылдау Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдау кестесі Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында жарияланған.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым және дұрыс қызмет көрсетілмегендігіне шағымдану жазылған өзге де құжаттар не мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу жазбаша түрде еркін нысанда беріледі.

25. Қабылданған шағым Комитеттің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті/шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, күнін және уақытын көрсете отырып, шағымның екінші данасына мөр қойылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта бойынша хабарланады.

26. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, e.customs.kz веб-сайты, «СЭҚ-қа қатысушыға» бөлімі.

Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


 Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %- ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Лауазымды тұлғалардың сыпайылылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысымен бекітілген


«Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 61, 62 және 63-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-08 телефоны бойынша алуға болады.

5. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіміне енгізу туралы куәлік беру не қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет өтініш және осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей көрсетіледі;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет Комитет ғимаратында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орнында қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділер, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат болады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconАвторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
Осы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconДәріс тезистері. Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері
Азақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconТест сұРАҚтары маркетинг обьектілеріне не жатады? A тек тауарлар; b тауар мен қызмет көрсету
Маркетингтің қай қағидасы коммерциялық әрекеттерді және ынталандыру шараларын қолданады?
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Кедендік әкімшіліктендіру», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары», «Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы» пәндерінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconЕң алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау
Бүгінде өнеркәсіптік меншік күқықтарын қорғауды өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады. Әсіресе, дәстүрлі білімдер, өнертабыстар,...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты iconРедакцияланған күні: 13. 03. 2014
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Берілген стандарт: «Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін уәкілетті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница