Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының




НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
страница1/6
Дата конвертации11.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish363244_7620.doc
  1   2   3   4   5   6


Жоба


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы


Алматы қаласы 2012 жылғы «___» _______ № _____


Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық

бақылауды жүзеге асыру ережесін

бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру ережесі (осы қаулыға 1-қосымша) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылғы қарашада № 16 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2012 жылғы __________бастап қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко



«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Статистика агенттігі


2012 жылғы «____» ________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі


2012 жылғы «____» ________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Басқармасының

______ _____________

№ ____ қаулысына

1-қосымша


Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру

ережесі


Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 2005 жылғы 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және резиденттердің шетел және ұлттық валютаны репатриациялау талабын (бұдан әрі – репатриациялау талабы) орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн және резиденттердің экспорт немесе импорт бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алу тәртібін белгiлейдi.

.




1. Негізгі ұғымдар және терминдер


1. Ережеде қолданылған ұғымдар Заңда көрсетілген мағыналарда пайдаланылады.

2. Ереженің мақсаттары үшін мынадай терминдер мен ұғымдар да пайдаланылады:

1) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН ) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алғандағы биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін, Ұлттық банктің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелетін шетел валютасына қатысты бағамы;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСК) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

4) Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) – кеден істері саласындағы уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының кедендер және кеден бекеттері;

5) Қазақстан Республикасының салық органдары (салық органдары) – салық қызметі уәкілетті органының облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша, аудандар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері;

6) келісімшарт – тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспортын немесе импортын көзделген валюталық шарт;

7) келісімшарттарды тіркеу журналы – келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшарттардың есептік нөмірі берілген келісімшарттарды тіркеу үшін жүргізетін журнал;

8) келісімшартты есептік тіркеу банкі – келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсатында келісімшартты есептік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі – филиал);

9) келісімшарттың есептік нөмірі – валюталық операциялар бойынша есеп пен есептілікті қамтамасыз ету үшін келісімшартты есептік тіркеу банкімен берілетін тіркеу нөмірі, немесе Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін ресімделген мәміле паспортының нөмірі;

10) келісімшартты есептік тіркеу – келісімшартқа есептік нөмір беріп, келісімшарттың түпнұсқасына немесе көшірмесіне сәйкес белгі қою, сондай-ақ келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп жүргізу мен есептілікті беру;

11) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті – келісімшартты есептік тіркеу банкі мен кеден органы арасында келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысын салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ресімделген акт;

12) лицензия – резиденттің резидент емеске коммерциялық кредит беруі үшін Ұлттық Банк 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;

13) мәміле паспорты - репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мақсаттары үшін Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін келісімшарт бойынша ресімделген, белгіленген нысандағы құжат

14) репатриациялау мерзімі – экспорт күні және экспорт бойынша төлем ретінде валюта түскен күн не резидент емес міндеттемелерді орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда төлем және (немесе) ақша аударылған күн мен импорт бойынша пайдаланылмаған авансты қайтару күні не келісімшартта пайдаланылмаған авансты қайтарудың мерзімдері болмаған жағдайда төлем күні мен импорт күні арасындағы уақыт кезеңі;

15) экспортер немесе импортер – келісімшарт жасаған не келісімшарт бойынша талап ету құқығы резидент емеске өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, және де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкер).


2. Экспорттық-импорттық валюталық бақылау рәсімдері


3. Уәкілетті банктер, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 29-тармағының 1)-5), 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, баламасы елу мың АҚШ долларынан жоғары сомаға келісімшарттар бойынша репатриациялау талабын орындауды бақылауды жүзеге асырады.

Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе және келісімшартта АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқау көрсетілмесе, келісімшарт сомасының АҚШ долларындағы баламасын анықтау үшін қайта санау келісімшарт жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе, орындалмаған міндеттемелер сомасы келісімшарт валютасында оны кейіннен келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларымен қайта санау арқылы есептеледі. Келісімшартты есептік тіркеуден алу мақсатында резиденттің орындалмаған міндеттемелерінің сомасын АҚШ долларына қайта санау келісімшартты есептік тіркеуден алған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

Егер келісімшарт міндеттемелерді орындау валютасынан өзгеше валютада көрсетілсе, валюталық келісу болмаған кезде орындалған міндеттемелер сомасын келісімшарт валютасында айқындау міндеттемелерді орындау күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

4. Репатриациялау мерзімі есептік нөмірді алу талап етілетін келісімшарттар бойынша – Ереженің 1 қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алуға арналған өтініште, есептік нөмір алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша – еркін нысандағы өтініште көрсетіледі Есептік нөмір алуды талап етпейтін келісімшарттар үшін, экспортердің немесе импортердің репатриациялау мерзімі көрсетілген өтініші болмаған жағдайда, аталған мерзім күнтізбелік 180 күнге тең болып қабылданады.

Репатриациялау мерзімі экспортер немесе импортермен тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптарына қарай, Ереженің 2 қосымшасында ескерілген талаптарды есепке ала отырып есептеледі және толық жылдар мен күндер санымен көрсетіледі.

5. Репатриациялау мерзімі еркін нысандағы өтініште мынадай жағдайларда жаңа репатриациялау мерзімін көрсету арқылы өзгертіледі:

1) егер экспортер немесе импортер бұрын көрсеткен репатриациялау мерзімі келісімшарттың талаптарына сәйкес емес және (немесе) Ереженің нормаларын ескерместен есептелсе;

2) келісімшарт бойынша резидент тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына әсер ететін жағдайлардың басталуын растайтын мынадай құжаттар болса:

келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар;

сот немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімі;

дүлей күш жағдайларының туындауын растайтын құжаттар.

Дүлей күш жағдайлары туындаған немесе сот немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінде келісімшарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдері болмаған кезде репатриациялау мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

6. Валюталық бақылау мақсаттары үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:

тауарларды Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізген кезде – сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсім ретінде тауардың орналастырылуын растайтын тауарларға арналған декларацияда көрсетілген тауарлардың шығарылған күні;

тауарларды Кеден одағының кеден аумағының ішінде импорт үшін өткізген кезде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс ету көзделген жағдайда, - салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қабылдау туралы белгісін қойған күні;

қалған жағдайларда:

тауарларды өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсімге орналастыруды растайтын тауар декларациясында көрсетілген тауарларды шығару күні (тауар декларациясын рәсімдеу көзделген жағдайда)

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтерді көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні;

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс беруді көздемейтін шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні саналады.

7. Ереже мақсаттары үшін валюталық бақылау құжаттары болып валютаны репатриациялау талабын орындауды бақылау кезінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне келіп түсетін құжаттар табылады. Ондай құжаттар болып

Ереженің 1 қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш, немесе келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы өтініш;

есептік нөмірдің берілгендігі туралы белгісі бар келісімшарт (түпнұсқасы немесе көшірмесі);

төмендегіні растайтын құжаттар:

  • келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің және талаптарының немесе тараптардың өзгерісін растайтын;

  • - келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын (тауар декларацияларын, жұмыстар орындауды (қызмет көрсетуді) немесе экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кеден аумағының ішінде тауарлар қозғалысын растайтын құжаттар);

  • экспортердің немесе импортердің шетел банкіндегі шотының Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шоттарға сәйкес келуі;

шетел банктеріндегі шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы көшірмелер, шетел банктеріндегі шоттардан жасалған төлемдерді және (немесе) аударымдарды растайтын және сәйкестендіретін төлем және өзге құжаттар;

лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік, мәміле паспорты;

келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті.

Экспортермен немесе экспортермен ұсынылатын валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және (немесе) қолымен расталады. Электрондық құжат айналымы кезінде, экспортермен немесе экспортермен ұсынылатын құжаттардың электрондық көшірмелері экспортердің немесе импортердің электрондық сандық қолымен расталады.

Шет тілдегі валюталық бақылау құжаттарының көшірмелері келісімшартты есептік тіркеу банкінің талабы бойынша экспортердің немесе импортердің уәкілетті тұлғасының мөрімен және (немесе) қолымен расталған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

8. Тауарларды экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде алып өтуді растайтын құжаттары мыналар болып табылады:

тауарлардың Кеден одағы кеден аумағының ішінде импорт үшін қозғалуы кезінде Салық кодексімен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыстау көзделген жағдайда - –тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (Қазақстан Республикасы салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);

қалған жағдайларда:

тауарды өзара сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсімге орналастыруды растайтын тауар декларациясы;

тауарлар беруді және (немесе) жұмыстар орындауды (көрсетілген қазметтерді) растайтын акт;

нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактуралар, инвойстар;

тауарларды экспорт үшін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына алып кетуді дәлелдеу үшін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше елдің салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште).

9. Осы Ереженің мақсаттары үшін тауарларды экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының аумағынан алып өту деп:

тауарларды өзара сауда статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) алып өту;

сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсімдердің бірінде орналастырылған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасынан алып өту түсініледі.

10. Резидент емес келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаған немесе тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдерін мен талаптарына әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайда, экспортер немесе импортер растайтын құжаттарды келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынады.

Құжаттар олар бар болған кезде резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асқан репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынылады.

Вексель бойынша төлем алған кезде немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаға өткізу кезінде растау құжаттарын экспортер немесе импортер вексель бойынша төлем немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын өткізу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

Келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын резидент емес үшінші тұлға жүзеге асырған кезде импортер келісімшартты есептік тіркеу банкіне резидент емес үшінші тұлғаның атауын немесе аты-жөнін, резидент еместің елін, төлемнің күнін, сомасы мен валютасын көрсете отырып, осы төлемдер бойынша ақпаратты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей ұсынады.

11. Егер реаптриациялау мерзімі аяқталып, резидент еместің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдында атқармаған міндеттері елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкілетті банк репатриациялау мерзімі аяқталатын айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей кешіктірмей экспортер немесе экспоретрдің атына резиеднт еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындағанын дәлелдейтін немесе резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі мен шарттарының өзгеруіне әсерін тигізетін құжаттарды беру туралы сұрату жібереді.

Экспортер немесе импортер репатриациялау мерзімінің ұзартылғанын немесе резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауын дәлелдейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк Ереженің 52 тармағына сәйкес Ұлттық Банкке ақпарат жібереді.

12. Ұлттық Банктің филиалы экспортердің немесе импортердің атына жазбаша ақпарат және тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ келісімшарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынуы туралы жазбаша сұратуды мынадай жағдайларда жібереді:

1) Ұлттық Банк филиалы келісімшартты есептік тіркеу банкі болып келетін келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімінің аяқталуы, егер келісімшарт бойынша резидент еместің экспортердің немесе импортердің алдында орындамаған міндеттемелерінің сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе;

2) уәкілетті банктен Ереженің 52 тармағына сәйкес ақпарат алу.

13. Ереженің 11 және 12 тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттар (бар болған кезде) және ақпарат экспортер немесе импортер сұрату алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде ұсынады.

Уәкілетті банк экспортердің немесе импортердің Ереженің осы тармағында және 12-тармағында көзделген мерзімдерді сақтауын бақыламайды.

14. Ұлттық Банктің филиалы Ереженің 11 және 1-тармақтарына сәйкес экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар және ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың болуы не қылмыстық жазалау іс-әрекеттерінің белгілері туралы мәселені қарайды. Қылмыстық жазалау іс-әрекеттерінің белгілері болған кезде Ұлттық Банк филиалы құқық қорғау органдарына олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес ақпарат жібереді.

15. Есептік тіркеуге жататын келісімшарт бойынша төлемдерді жасау кезінде экспортер немесе импортер төлем құжаттарында келісімшарттың деректемелерін және келісімшарттың есептік нөмірін көрсетеді.

Түскен сомаларды бірегейлендіру үшін экспортер немесе импортер резидент еместі экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында келісімшарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.

16. Келісімшарт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын өткізу кезінде уәкілетті банк төлем құжатында келісімшарт деректемелерінің болуын, ал есептік тіркеуге жататын келісімшарттар бойынша есептік нөмірдің болуын тексереді.

Есептік тіркеуге жататын келісімшарттарда келісімшарттың есептік нөмірі болмаған кезде немесе төлем құжатында келісімшарт нөмірін және (немесе) деректемелерін дұрыс көрсетпеген жағдайда уәкілетті банк төлем және (немесе) ақша аударымын өткізуден бас тартады.

Кіріс төлемақылары бойынша банкаралық хабарда келісімшарттың есептік нөмірі және (немесе) келісімшарттың деректемелері сәйкес келмеген не болмаған кезде (шетелдік банктегі шоттан аударылатын қаражатты қоса алғанда) уәкілетті банк ақша есептеуді экспортер немесе импортер осы ақша түсімі бойынша келісімшарттың деректемелерін және (немесе) оның есептік нөмірін жазбаша растағаннан кейін жүргізеді.

Репатриациялау мерзімдерін сақтамау уәкілетті банк үшін ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

Ереженің күшіне енуіне дейін мәміле паспорттары рәсімделегн келісімшарттар бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы уәкілетті банкпен Ереженің 55 және 56-тармақтарында тәртіппен келісімшарттың нөмірін алғаннан кейін жүргізіледі.

17. Төлем құжатында мәміле келісімшарт бойынша түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер болмаған жағдайда, келісімшартты есептік тіркеу банкі оларды экспортерді немесе импортерді келіп түскен сомаларды бірегейлендіру қажеттілігі туралы алдын ала жазбаша хабарлай отырып жіберушінің нұсқауларын сақтау шотына есепке алады.

Экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеу банкін келісімшарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсете отырып, түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабардар етеді.

Егер 180 күнтізбелік күн ішінде ақша келісімшарттың нақты есептік нөмірі бойынша бірегейлендірілмесе не экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген құжаттар мен ақпаратты ұсыну бойынша өзге іс-әрекеттерді орындамаса, келісімшартты есептік тіркеу банкі жіберушіге осындай нұсқауды орындамастан қайтарады.

18. Келісімшарт бойынша басқа уәкілетті банкке ақша түскен кезде уәкілетті банк ақшаны экспортердің немесе импортердің банк шотына есепке алады және экспортердің немесе импортердің тапсырмасы негізінде түскен ақшаны келісімшартты есептік тіркеу банкіне аударуды жүзеге асырады. Экспортер немесе импортер ақша аударуға арналған өтінішке келісімшартты есептік тіркеу банкі растаған келісімшарттың көшірмесін қоса береді, оның негізінде өзге уәкілетті банк ақша аударуды жүзеге асырады.

19. Егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасы келісімшарттың валютасымен сәйкес келмесе, келісімшартты есептік тіркеу банкі түскен соманы:

1) ақша төлемі және (немесе) аударымы келісімшарт бойынша төлем валютасымен жүзеге асырылған жағдайда валюталық келісімге сәйкес;

2) өзге жағдайларда экспортермен немесе импортермен келісілген бағам бойынша келісімшарттың валютасымен есепке алады.

20. Ережеге сәйкес есептік нөмір алуды қажет ететін келісімшарттар бойынша тауарларды кедендік тазалауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғасы тауар декларациясында көрсетілген келісімшарттың есептік нөмірін келісімшартты тіркеу банкімен келісімшартта көрсетілген келісімшарттың есептік нөмірімен немесе Ереженің 55 тармағында көрсетілген жағдайда мәміле паспортының нөмірімен салыстырады.

 

3. Келісімшартты есептік тіркеу тәртібі

 

21. Келісімшарт:

1) ақша төлемдері және (немесе) аударымдары экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі шоттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын келісімшарттар бойынша экспортердің немесе импоретрдің банк шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте;

2) барлық ақша төлемдері және (немесе) аударымдары экспортердің немесе импортердің шетелдік банктегі, Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шоттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын келісімшарттар бойынша экспортердің немесе импортердің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында;

3) уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісімшарттар бойынша уәкілетті банкте есептік тіркеледі.

22. Келісімшарттың есептік нөмірін алу экспортермен немесе импортермен келісімшарт бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары жүргізілгенге дейін және тауарларды экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өткізілгенге дейін жүзеге асырылады.

23. Келісімшарттың есептік нөмірі:

1) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін, оның ішінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету келісімшарттары шеңберінде алып өткізілген;

2) тауарларды меншіктеу құқығының резиденттен резидент емеске не резидент еместен резидентке өтуіне байланысты бұрын басқа кедендік рәсімдеу арқылы алып өткізілген тауарларға қатысты экспорт не ішкі тұтынуға арналған шығарылым кедендік рәсіміне арналған кедендік рәсім өзгерген;

3) келісімшарттың келісімшартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өткен жағдайда, оның ішінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұрған не айырған және келісімшартты есептік тіркеуден шығару үшін негіздер болмаған жағдайда;

4) Ереженің 36-тармағында белгіленген жағдайларда жеткізілетін тауарлардың құны келісімшарт жасау күні баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын әрбір келісімшарт бойынша жеке беріледі.

24. Экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін:

1) Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтінішті;

2) келісімшарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады.

25. Келісімшартты есептік тіркеу банкінің қызметкері экспортер немесе импортер Ереженің 19-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды берген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттарды тіркеу журналында келісімшартты тіркейді және келісімшарттың түпнұсқасының немесе көшірмесінің бірінші немесе соңғы парағында келісімшарттың есептік нөмірі мен оны берген күнді көрсетеді де өзінің қолымен және келісімшартты есептік тіркеу банкінің мөрімен растайды.

Электрондық құжат айналымы кезінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің қызметкері келісімшарттың электрондық көшірмесіне электрондық цифрлық қолтаңбасымен растай отырып есептік нөмір береді.

26. Мынадай талаптардың тым болмаса біреуінің болуы уәкілетті банк немесе Ұлттық Банк филиалы үшін келісімшарттың есептік нөмірін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:

1) келісімшартта Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарына қайшы келетін талаптардың болуы, оның ішінде келісімшартта резидент еместің міндеттемелерді орындау мерзімдерінің болмауы;

2) экспортердің немесе импортердің қолдарының және (немесе) мөрлерінің экспортердің немесе импортердің банк шоты бойынша тұлғалардың қолдарының үлгісі бар құжаттағы қол қою және мөр үлгісіне сәйкес келмеуі.

27. Келісімшартқа тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі мен талаптарына, келісімшарттың сомасы мен валютасына әсер ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеу банкіне Ереженің 10 тармағында көзделген мерзім ішінде растау құжаттарын ұсынады. Келісімшартты есептік тіркеу банкі растау құжаттарын оларға қабылдау күнін, қызметкердің қолын және келісімшартты есептік тіркеу банкінің мөрін қою арқылы валюталық бақылау үшін қабылдайды.

28. Келісімшартты есептік тіркеу банкі әрбір экспортер немесе импортер бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлері бойынша, экспортердің немесе импортердің қолымен және (немесе) мөрімен расталған валюталық құжаттардың түсуіне қарай олардың көшірмелерінен қалыптастырылатын істі жүргізеді. Істерді электрондық түрде жүргізуге болады.

29. Келісімшартқа есептік нөмір беру:

1) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақша алып өткен кезде;

2) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер шетел банктеріндегі металл шоттарға орналастыру үшін бағалы металдарды әкеткен кезде;

3) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдар әкелген кезде;

4) ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы заемдары немесе Қазақстан Республикасының кепілдік беруімен қамтамасыз етілген сыртқы заемдар есебінен жүргізілетін келісімшарттар үшін;

5) Қазақстан Республикасының ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын мемлекеттік органдарының бөлімшелері (ведомстволары) арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерімен және мемлекеттік кәсіпорындарымен жасалған келісімшарттар үшін;

6) резидент еместермен жасаған, экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өту көзделмейтін келісімшарттар үшін;

7) тауарларды өтеусіз келісімшарттар бойынша алып өткен кезде талап етілмейді.

30. Егер ақы төлеу аударым аккредитивін пайдалану арқылы экспортердің (сауда делдалының) және резидент-жүк жіберушінің пайдасына жүргізілсе, онда есептік нөмір аударым аккредитиві бойынша аударым жасайтын банк ретінде экспортерге қызмет көрсететін келісімшартты есептік тіркеу банкіндегі келісімшартқа беріледі.

Тауарлардың экспорты үшін ақы төлеу түсімі мына жағдайларда:

1) егер екі бенефициардың (экспортердің және жүк жіберушінің) банк шоттарына түскен түсімдердің сомасы келісімшарт талаптарына сәйкес келсе. Бұл ретте экспорттан түскен түсім туралы ақпаратта аккредитив бойынша уәкілетті банкке келіп түскен барлық сома бірінші бенефициар-экспортер мен екінші бенефициар-жүк жіберуші арасында бөлінгенге дейін көрсетіледі;

2) егер екінші бенефициардың банк шотына түскен түсімдер сомасы бірінші бенефициардың банк шотына түсуі тиіс соманы шегергенде келісімшарт сомасына тең болса (бірінші бенефициар аударым жасайтын банктің алғашқы талабы бойынша екінші бенефициар шотының (инвойстың) орнына өз шотын (инвойсты) ұсынбаған және аккредитив бойынша ақы төлеуді эмитент банк екінші бенефициардың пайдасына жүзеге асырған жағдайда) толық көлемде түскен болып саналады.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Р Ұлттық Банкi Басқармасының 2006. 24. 01. №2 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр ред.қара)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница