Скачать 73.72 Kb.
|
«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұсынымдары Қарағанды қ. 16-17 наурыз 2011ж Қазақстан республикасының білім және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында 2011 жылғы 16-17 наурызда «Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» (ары қарай Конференция) тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментінің өкілдері, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мен Қазақстан ЖОО-ларының, Ұлттық ақпараттандыру Орталығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 70-тен аса оқу орындарының өкілдері қатысты. Конференцияда жақын шетелдердің қашықтықтан оқытудағы өзекті проблемалары, республика ЖОО-ларының қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу тәжірибесі, сондай-ақ «мектеп – колледж – ЖОО» білім беру деңгейлері арасындағы білім беру бағдарламаларының сабақтастық мәселелері, қатысушылардың ұсыныстары мен ұсынымдары қаралды және талқыланды. Конференцияға 120-дан аса ғылыми мақалалар табыс етілді. Пленарлық мәжіліс пен бес секция жұмысының шеңберлерінде қашықтықтан оқыту технологияларының ғылыми, әдістемелік және ұйымдық-тәжірибелік проблематикасы бойынша 40-тан аса баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Конференцияға қатысушылар Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетіндегі; Ресей Халықтар достығы университетіндегі; Санкт-Петербург мемлекеттік ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетіндегі; Бүкілресейлік сырттай қаржылық-экономикалық институтындағы; Беларусь мемлекеттік университетіндегі; Новосібір мемлекеттік университетіндегі; Астрахань мемлекеттік университетіндегі; Тәжік кәсіпкерлік және сервис институтындағы қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың тәжірибесімен танысты. Қазақстандық ЖОО-лардың арасынан: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Атырау мұнай және газ институты, Алматы технологиялық университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, У.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясы, Алматы экономика және статистика Академиясы, С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Инновациялық Еуразия Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ-Британ техникалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиқанов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақ инженерлік-техникалық академиясы, Қазақ-Ресей университеті, «Туран-Профи» Халықаралық Кәсіптік Академиясы, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Рудный индустриалды институты Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны, Семей мемлекеттік педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Тұран» университеті, «МГТИ-Лингва» Орталық-Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті қатысты. Конференция шеңберінде: «Электронды оқытуды енгізу мен пайдаланудың ерекшеліктері (ЖОО-лар, ҚКББ ұйымдары, мектептер, колледждер)», «Ұтқыр оқытуды жүзеге асыру проблемалары», «Электронды контентті әзірлеу мен сапасын жетілдіру», «Қашықтықтан оқытуды ақпараттық қамтамасыз ету. Сандық кітапхана», «Электронды оқытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» 5 бағыты бойынша секциялар жұмысы ұйымдастырылды. Өткізілген мастер-сыныптарда ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен оқу үдерісін басқарудың тәжірибелік аспектілері талданды. Пікірсайыстар шеңберінде Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ереже», «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың Ережесі» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты талқыланды. «Қашықтықтан оқытуды ақпараттық қамтамасыз ету. Сандық кітапхана» секциясында кітапханалардың техникалық жарақталуын ұйымдастыру, пайдаланушыларға электрондық ресурстарды беру саласындағы кітапханалардың қазіргі жай-күйінің мәселелері көтерілді. Секцияға қатысушылар, кітапхананың қызметі электронды кітапхананың қарқынды өсуін және кітапхананың дәстүрлі қорларына электронды кітаптардың үдемелі қозғалуын атап өтті. Пайдаланушылардың аса көп санын тартып, толықмәтінді кітап-журнал ақпараттарының аса үлкен сандық массиві қалыптасқан. Тыңдалған баяндамаларды, сөйлеген сөздерді және болған пікір-сайыстарды талқылау қорытындылары бойынша, Халықаралық конференцияға қатысушылар келесідей шешімдер қабылдады: І. Қашықтықтан оқыту бойынша, жұмыс жасайтын базалық ЖОО-лар: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақ-Ресей университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы базасында мамандар даярлау бағыттары бойынша электронды білім беру ресурстарын әзірлеудің ЖОО-лар аралық орталықтары құрылсын. ІІ. Ұсыным берілсін: Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігіне
Жоғары оқу орындарына:
Мектептер мен колледждерге:
Кітапханаларға:
|
![]() | Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін... | ![]() | Министерство образования и науки республики казахстан ... |
![]() | Министерство образования и науки республики казахстан ... | ![]() | Сырттай-қашықТЫҚтан оқыту формасы бойынша білім алатын студенттер үшін Сырттай-қашықтықтан қаржы-экономикалық факультетінің деканы, э.ғ. к., профессор С. Н. Улақов |
![]() | Баспасөз парағЫ «Қазақстан және ғарыш» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Бүгін Астана қаласында Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаевтың ғарышқа алғаш ұшуының 20 жылдығына арналған «Қазақстан және... | ![]() | Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бағдарламасы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Алаштану ғылыми-зерттеу Орталығы Сізді «кешегі алаш идеясы – БҮгінгі тәуелсіз қазақстан»... |
![]() | «Аманжолов оқулары-2014» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары Сәрсен Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Мәңгілік ел» Қазақстан білімі мен ғылымын жаңғыртудың уәждемесі» атты «Аманжолов... | ![]() | Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2015 жылдың 12-13 қараша күндері өтетін «Бес институционалдық... |
![]() | Атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция келесі бағыттар (секциялар) бойынша өтеді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл толуына арналған «Қазақ хандығы... | ![]() | Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының... |