Қолданбалы программалық жасақтама




Скачать 136.12 Kb.
НазваниеҚолданбалы программалық жасақтама
Дата конвертации11.02.2016
Размер136.12 Kb.
ТипПрограмма
источникhttp://mukhanov.ucoz.kz/referati/koldanbali-www.mukhanov.ucoz.kz.doc
www.mukhanov.ucoz.kz


Қолданбалы программалық жасақтама

 

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

-   жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

-   мәселелік бағытталған ҚПЖ;

-   интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

-  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

-  графикалық редакторлар;

-   электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

-   мәліметтер қорын басқару жүйелері;

-   электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

-   жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

-   таңбаларды айыру жүйелері;

-   статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

-   ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)

Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары

Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:

-  мәтінді енгізу;

-  редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);

-  құжатты сақтау;

-  жариялау;

-  құрылған құжатты іздеу және ашу;

-  аудару.

Мәтінді енгізу.  Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.

Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.

Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.

ASCII  (American Standard Code for Information Interchange)  -  ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).

RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі  -  оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.

DOC  -  бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000  және  MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).

HTML (Hypertext Markup Languange)  -  Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.

Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:

  құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);

  электрондық жариялау (электрондық поштаарқылы, тасуышта );

  Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).

Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:

-  символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;

-  абзац  -  аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.

-  колонтитул  -  документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).

Мәтіндік  ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.

Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.

Текстік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).

Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.

MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:

- мәтіндерді интерактивті режімде теру;

-  мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);

-  көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;

-  мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);

-  арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);

-  грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;

-  ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)

-  электрондық поштамен жұмыс істеу;

MS Word процессоры интерфейсінің  негізгі элеметтері төмендегі суретте (сурет 10)  көрсетілген. MS Word процессорында жұмыс істеу негіздеріне арналған көптеген арнайы әдебиеттер, оқу құралдары болғандықтан шолу қысқаша жүргізілді.

 

 

Сурет 10 - MS Word программасының негізгі интерфейс элементтері

 


Электрондық кестелерді өңдеу құралдары

 

 Мәтіндерді өңдеу құралдарынан кейінгі жиі қолданылатын қолданбалы программаларға электрондық кесте процессорлары жатады.

Электрондық кестелерді өңдеу құралдары

Электрондық кесте – магниттік тасыуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер.

Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы.

Алғашқы кестелерді өңдеу программалары 80-жылдардың басында пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор – MS Excel-ді жасады. Электрондық кестелерді қолдану мәліметтермен есептеу жұмыстарын жеңілдетеді, есептеу қортындыларын арнаайы программалаусыз алуға мүмкіндік береді. Электрондық кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады.

 Электрондық кестелер

-   мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;

-   қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;

-   есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;

-   тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;

-   параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;

-   кестелік құжаттар дайындау үшін;

-   берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.

Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын кестелік процессор Microsoft Excel-де жұмыс істеу негіздерін қарастырайық.

Microsoft Excel – мәліметтердің екі өлшемді кестелерімен жұмыс істеуге арналған. Электрондық кестелер құруда  келесі қадамдар орындалады:

-  мәліметтерді (мәтіндік, сандық, формула) енгізу;

-  редакциялау;

-  пішімдеулер жүргізу;

-  қағазға басу (жариялау).

Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Microsoft Excel программасы Windows жүйесінде программаларды іске қосудың және жабудың тәсілдеріне сәйкес іске қосылады және жабылады.

   

Жол нөмірі




Формула жолы




Жұмыс кітабы




Баған аты




Бет жарлығы




Активті ұяшық




Автотолтыру маркері


 

 

  

Сурет 11 – MS Excel терезесінің негізгі элементтері

MS Excel құжаты Жұмыс кітабы (сурет 11) деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін).  Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.

Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы – А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.

Ұяшықтар диапазондары. Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.

Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.

Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК –де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:

1) бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек;

2)  жолды ерекшелеу үшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек;

3) ұяшықты немесе диапазонды ерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек;

4) егер іргелес емес бірнеше ұяшық диапазондарын ерекшелеу қажет болса, мысалы А1:А5 және С1:С5, онда А1:А5 ерекшелеп, сонан кейін CTRL батырмасын басып отырып екінші С1:С5 диапазонын ерекшелейді;

5) жұмыс бетін ерекшелеу үшін бағаналар аты мен жол нөмірі орналасқан жол мен бағанның қиылысуында кестенің сол жақ жоғарғы шетіндегі ұяшықты тышқанмен түрту керек.

Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б)  енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін

  бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы;

  автотолтыру (автотолтыру маркері арқылы);

   прогрессиялы толтыруды

қолданады.

MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=)  теңдік белгісін енгізуден  басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе,  онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау  командасы да бар. Берілген  бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық  диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.

Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Үнсіздікте салыстырмалы сілтеме қолданылады, яғни формуланы көшірмелегенде сілтемелердегі адрестер алғашқы ұяшықтың және көшірменің  орналасуына сәйкес автоматты өзгереді. Көшірмелеуде ұяшық адрестері өзгермеу үшін абсолютті сілтеме қолданылады, ол жолдың немесе бағанның аты алдына (аралас сілтемеде) немесе екеуінің алдына да $ белгісін қоюмен ерекшеленеді.

Графикалық мәліметтерді көрсету. Сандық мәліметтерді графикалық  пішімде көрсету үшін сызықтар, жолақтар, секторлар, диаграммалар және басқаларды, сонымен қатар олардың  біріктірілген вариацияларын қолданады. Бұл мүмкіндіктер Диаграмма шебері  нұсқауларымен жүзеге асады.

Excel – дегі кітап оның  беттерін көркемдеуге  ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.

Excel тек мәтіндік  және графикалық жүйелермен ғана «достық қарым - қатынаста» емес, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйелерімен негізгі  әрекеттерді қолдайды. Қазіргі кезеңдегі  электронды кестелер (Excel, QuattroPro, Lotus)  интегралданған  программалық жүйелер  болып табылады. Сонымен қатар  оларда  басқа программалық жүйелерден мәліметтерді  импорттау және экспорттау аппараттары жақсы дамыған.

Сонымен қатар Excel мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайа құралдар – қондырғылар бар. Олар – Талдау дестесі, Автосақтау, Шешім іздеу, т.б.

MS Excel процессорында жұмыс істеу негіздеріне арналған да көптеген арнайы әдебиеттер, оқу құралдары болғандықтан шолу қысқаша жүргізіліп, терең меңгеру тәжірибелік сабақтар құзырына жүктелді.

Компьютерлік графика

Графикалық мәліметтерді көрсетудің негіздері. Мәліметтерді компьютердің монитор экранында графикалық түрде кескіндеу 50-жылдардың ортасында ғылыми және әскери зерттеулерді жүргізуде үлкен ЭЕМ-да жүзеге асырылды. Содан бері ол барлық компьютерлік жүйелердің, әсіресе ДК-ң бәрінде міндетті түрде жүзеге асырылған.

Программа-аппараттық есептеу кешендерінің көмегімен кескіндерді құру мен өңдеудің әдістері мен құралдарын зерттейтін информатиканың арнайы бөлімін – компьютерлік графика деп атайды. Мәліметтерді көрнекілеу адам қызметінің әртүрлі аймақтарында қолдану табады (компьютерлік томография, маталарды модельдеу және т.б.)

Кескіндерді құру тәсілдеріне байланысты компьютерлік графиканы үш түрге бөледі:  растрлық, векторлық, фрактальдық.

Көрнекілеу кеңістігінде тұлғалардың (объектілердің) көлемді модельдерін құрудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін үш өлшемді графика жеке пән болып есептеледі (ол кескіндерді құрудың растрлық және векторлық түрлерінің бірігуі).

а) Растрлық графика. Нүктелердің жиынтығынан құралатын растрлық кескіндер үшін руқсат нүктелер саны (айыру қабілеті) ұғымы маңызды орын алады, ол ұзындық бірлігінде анықталған нүктелердің санын білдіреді. Мұнда оның төмендігі түрлерін ажыратады:

1)  түп нұсқаның айыру қабілеті; (дюймдағы нүкте арқылы анықталады);

2)  экрандық кескіннің айыру қабілеті (элементарлық нүкте - пиксель);

3)  басылу кескінінің айыру қабілеті (дюймда сызық - миниатура).

Растрлық графиканың принципі қарапайым. Біріншіден, бұл мозаика, екіншіден, таспаларға салу – кескіндерді дайындық  қатты қағаздарынан қабырғаға көшірудің тиімді әдісі.

Растрлық графика кескін құрайтын жүздеген, мыңдаған пиксельдермен жұмыс жасайды. Бірақ пиксельдер өздерінің қандай объектіні құрып жатқанын «білмейді».

Растрлық графика программалары:  Paint, (Fractal Design), Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photoshop.

Растрлық кескін алудың аппараттық жабдықтары: сканелер, цифрлық фотокамералар, графикалық планшеттер, т.б..

Артықшылықтары:

1) Егер растрлық пикселдер өте кіші болса, онда растрлық кескіндер фотографиядан кем болмайды;

2) Растрлық суреттер принтермен оңай басылып шығады

Кемшіліктері:

1)  Растрлық кескіндерді сақтау үшін жадыдан көп орын қажет;

2)  Масштабтауда, бұруда және басқа түрлендірулерде растрлық кескіндер өте аз мүмкіндіктер береді.

б) Векторлық графика.  Растрлық графикада негізгі элемент болып нүкте саналса, векторлық графикада – сызық (түзу). Математикалық тұрғыдан ол тұтас объект болып сипатталады. Векторлық графикада кескіндер қарапайым объектілерден құрылады – сызықтардан, доғалардан, шеңберлерден, эллипсоидтардан, тіктөртбұрыштардан, және т.б., оларды примитивтер деп атайды. Қарапайым векторлық объектілерден кескіндер құралады.

Векторлық графика  программалары.  Adobe Illustrator, Macromedia Freehanк,  Coreldraw.

Артықшылықтары:

1)  Векторлық кескіндер жадыдан салыстырмалы түрде аз орын алады

2)  Векторлық кескінді сапасын жөғалтпай оңай масштабтауға болады, басқаларына тиіспей оның  кез келген  элементін өзгертуге болады;

Кемшіліктері:

1)  Фотографиалық сападай кескін алуға болмайды;

2)  Кейде қағазға басылмауы мүмкін, немесе қағазда тілегендей болмауы мүмкін.

в) Фрактальдық графика.  Векторлық сияқты, математикалық есептеулерге сүйенеді. Негізгі элемент болып математикалық формуланың өзі есептеледі, яғни компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды және кескін тек қана теңдеулердің көмегімен салынады. Осылай қарапайым регулярлы құрылымдарды, тіпті күрделі иллюстрацияларды (табиғат ландшафтарын, үш өлшемді объектілерді) салады.

г) Үш өлшемді графика.  Графиканың бұл түрі ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде қолданылады. Объектілерді кеңістікте модельдеу үшін:

1)  объектінің табиғи пішіміне неғұрлым толық сәйкес келетін виртуальдық каркасын жобалап және құру қажет;

2)   көнекілеудің физикалық қасиеттері бойынша табиғиға ұқсас виртуалдық материалдарды жобалап және жасау қажет;

3)   материалдарды объекті беттерінің бөліктеріне меншіктеу қажет;

4)   кеңістіктіктің физикалық параметрлерін құру қажет – жарықты, гравитацияны, атмосфера қасиеттерін беру керек;

5)   объектілердің қөзғалыс траекторияларын беру қажет;

6)    кадрлардың қорытындыға жету тізбегін есептеу қажет;

7)    беттік эффектілерді қорытынды анимациялық білікке салу керек;

Табиғиға ұқсас кескіндерді есептеу үрдісін рендеринг  деп атайды. Күрделі математикалық модельдерді қолдану физикалық эффектілерді жүзеге асырауға мүмкіндік жасайды (жарылыстар, жаңбыр, от, түтін, тұман). Әртүрлі процедуралық эффектілер мен бөлшектер жүйелерінің байланысын есептеудің әдістері бар.

Қолданылуы.  Нақты уақыт режімінде үш өлшемді моделдеудің ерекше қолдану облысын техникалық құралдардың жаттықтырғыштары құрайды – автомобильдердің, кемелердің, ұшу және космостық аппараттардың. Оларда объектілердің техникалық параметрлері мен қоршаған ортаның физикалық қасиеттерін дәл жүзеге асыру қажет. Дәл осы уақытта ең жетілдірілген мұндай құрылғылар космостық кемелер мен әскери ұшу аппараттарын басқаруға үйрету үшін жасалған.

Үш өлшемді графикалы өңдеудің программалық жабдықтары. Ондай жабдықтарды үш десте құрады. Олар үлкен қуатты ДК-да Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді.

a) 3D Studio MAX - Kinetix фирмасының жартылай мамандаедырылған программасы, бірақ оның жабдықтары өлі дүниенің сапалы үш өлшемді кескіндерін жасауға мүмкіндік береді;

b) Softimage 3D – Microsoft фирмасының жабдығы. Программаның ерекшелігі - модельдеудің кең мүмкіндіктері, басқарылатын физикалық және кинематографиялық параметрлердің көптігі;

c) Maya – Alias, Wavefroht, TDI  компанияларының консорциумы жасаған. Әртүрлі операциялық жүйелер үшін нұсқалары бар, модульдық құрылымды және төмендегідей блоктардан тұрады:

1)  BASE, программаның ядросын құрайды, негізгі моделдеу құралдарын басқарады;

2) Maya F/X, қосымша модулдер жиынтығы, бөлшектер жүйелерін өңдеу эффектілерін және жұмсақ денелердің әсерлесуін моделдеуді басқарады;

3)  Maya Power Modeler, полигондық және сплайндық моделдеудің қуатты құралдары;

4)  Maya Cloth, киімдерді моделдеуге арналған және т.б.

Қазіргі заманда үш өлшемді графиканы құру мен өңдеудегі ең алдыңғы қатарлы десте болып Maya саналады.

Графикалық мәліметтерді көрсету. Компьютерлік графикада кескіндерді сақтау файлдары пішімдерінің ең кемінде 30-дай түрі қолданылады. Бірақ олардың бір бөлігі ғана стандарт бола алды және көпшілік программаларда қолданылады:

TIFF (жоғарғы сапалы растрлық кескіндерді сақтауға арналған пішім (.TIF)  Көпшілік графикалық, беттеу, дизайнерлік программаларда қолданылады);

  PSD (Adobe Photoshop программасының өзіндік форматы, растрлық графикалық ақпараттарды сақтаудың мүмкіндіктері жоғары пішімдерінің бірі);

   PSX  (Painbruch  программасының растрлық мәліметтерді сақтау пішімі);

 Windows Bitmap (Windows операциялық жүйесінде растрлық кескіндерді сақтау пішімі (.BMP). Осы ортада жұмыс істейтін қосымшаларда қолданылуы мүмкін);

   PNG  (кескіндерді Интернетте жариялау үшін сақтау пішімі);

   WMF (Windows 95 операциялық жүйесінде векторлық кескіндерді сақтау пішімі).

Похожие:

Қолданбалы программалық жасақтама iconКурс магистранты А. Атаеваның «“Жылжымайтын мүлік” қолданбалы программалық пакетін құру»атты магистрлік диссертациялық жұмысына реферат
А. Атаеваның «“Жылжымайтын мүлік” қолданбалы программалық пакетін құру»атты магистрлік диссертациялық жұмысына
Қолданбалы программалық жасақтама iconПрограммалық қамтамасыз ету: қандай жүйелік және қолданбалы программалар қажет, не үшін қажет
Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы)
Қолданбалы программалық жасақтама icon«Программа құрудың құрал-жабдықтары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Баспа №1
Программалық құралды құратын және сүйемелдейтін құрал-жабдықтық орта – қандай да бір нақты пәндік облысқа бағдарланағн немесе белгілі...
Қолданбалы программалық жасақтама iconҚазақ тілі интонациясын қолданбалы бағдарлама арқылы меңгеру
Мақаланың арқауы ретінде қазақ тілінің интонациясын қолданбалы бағдарламалар арқылы зерттеу алынады
Қолданбалы программалық жасақтама iconЛекция негіздері қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Қолданбалы программалық жасақтама iconПрограммалық
Сабақ мақсаты: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Қолданбалы программалық жасақтама iconПрограммалық
Сабақ мақсаты: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Қолданбалы программалық жасақтама iconПрограммалық
Сабақ мақсаты: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Қолданбалы программалық жасақтама iconПрограммалық
Сабақ мақсаты: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Қолданбалы программалық жасақтама iconКіріспе
Азақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және түрлері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница