Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы




Скачать 322.2 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
страница1/3
Дата конвертации11.02.2016
Размер322.2 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish271350_9071.doc
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 15:38:49


Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі № 105 Қаулысы

(2012.24.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Кредиттік бюроның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 303 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3318 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарды нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, № 3-8, 2005 ж., 18-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы «Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы № 221 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4966 тіркелген).

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Кредиттік бюро осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өз қызметін осы Нұсқаулыққа сай сәйкестендірсін.

5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Түсіпов К.А.):

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Кредиттік бюроға, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

6. Агенттіктің Төрайым қызметі (Кенже А.А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру

және байланыс агенттігімен келісілді

2008 жылғы «____»_________

Төраға

Есекеев К. Б. __________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөр)

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2008 жылғы

18 шілдедегі № 105 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі

нұсқаулық

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 89 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулықта «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңында көзделген мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпарат жүйесі қауіпсіздігін басқарушы (бұдан әрі - басқарушы) - электронды деректерді қабылдау және (немесе) беру жүйесінің қызметін, оларды қорғау шараларын іске асыратын, келіп түскен және (немесе) беріліп отырған ақпараттың қызметі мен өкілеттігін ескере отырып, жайғастыруды қамтамасыз ететін ұйымның қызметкері;

2) аутентификациялау - рұқсат берудің көрсетілген деректемелерінің жүйеде барымен сәйкес келуін анықтау жолымен субъекті немесе объектінің түпнұсқалығын растау;

3) пайдалануға беру - ақпараттық жүйені дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын орындау процесі және осы жүйенің өндірістік жағдайларда жұмыс істей бастауы;

4) бірегейлендіруші - бірегей дербес код және (немесе) жүйенің субъектісіне және (немесе) объектісіне берілген және жүйеге және (немесе) жүйе ресурстарына ретпен кіруге берілген есім;

5) бірегейлендіру - бірегейлендіру жүйесіне және (немесе) ресурстар жүйесінде бар бірегейлендірушілер тізбесіне кіруге рұқсат алу үшін жасалған иелену немесе сәйкестікті анықтау;

6) кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жүйесі қатысушыларының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) - ақпаратты жеткізушілердің, кредиттік бюролардың, кредиттік есептерді қабылдаушылар мен кредиттік тарих субъектілерінің ақпаратты процестерді іске асыруға арналған ақпараттық технологияларының, ақпараттық желілерінің және олардың бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;

7) ақпараттық орта - кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жүйесі қатысушыларының ақпараттық жүйесінің оның компоненттерімен және ақпараттық ресурстарымен ақпараттық жүйеде өзара қарым-қатынас жасау ортасы;

8) шешуші ақпарат - криптографиялық кілт және электронды сандық қол қою кілті;

9) ақпараттық жүйені қорғау жөніндегі кешенді шаралар - кредиттік тарихты қалыптастырудың және пайдаланудың ақпараттық

жүйесінің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған

ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар, оның ішінде белгіленген

бағдарламалық қамтамасыз етуге кіруге бақылауды және тіркелген пайдаланушылардың өкілеттігін шектемейтін құралдарды беруді

қамтамасыз ететін санкцияланбаған кіруден электронды құралдар мен компьютерлерді қорғайтын бағдарламалық аппараттық қорғаныс;

10) оператор - қорғаныс жүйесін пайдаланушымен хабарламаларды дайындау, өңдеу, қабылдау және беруді қорғаныстың шағын жүйесін пайдалана отырып, тікелей жүзеге асыратын кредиттік бюро қызметкері;

11) ұйым - осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану (кредиттік тарих субъектілерінен басқа) жөніндегі ақпарат жүйесіне қатысушы;

12) жауапты тұлға - кредиттік тарихты қабылдау (өткізу) және қалыптастыру процесін іске асыруға жауапты ұйымдардың операторы, басқарушысы және өзге қызметкерлері;

13) ақпараттық қауіпсіздік саясаты - таратылуы шектеулі ақпаратты басқаруды, қорғауды және бөлуді реттейтін нормалар және практикалық тәсілдер;

14) резервтік көшірме жасау (архивтеу) - резервтік көшірме жасау мәселелерін реттейтін нормалар және практикалық тәсілдер;

15) пайдаланушы - электронды құжат алмасуға қатысатын және ақпарат беру жөніндегі шарттың және (немесе) кредиттік есепті алушы тарап болып табылатын кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыратын және оны пайдалануға қатысатын өзге де қатысушылар (бұдан әрі - кредиттік тарих жүйесінің қатысушылары);

16) кіруі шектеулі үй-жай - шектеулі тұлғалар аясының болуына ғана рұқсат берілетін үй-жай, және бұл үй-жайға кіру рұқсаты арнайы рұқсат берілген қызметкерлердің ілесіп жүруі арқылы ғана болуы мүмкін.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 89 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ақпараттық процесті ұйымдастыру

 

2. Кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпарат жүйесінің ұйымдастырылуы және жұмыс істеуі былай қамтамасыз етіледі:

1) келісілген рәсімдер мен технологиялық параметрлер аясындағы қатысушылар қызметін үйлестіру және басқару;

2) қолданыстағы бағдарламалық және техникалық құралдарды сәйкестендіру;

3) ақпараттарды ашу мүмкіндігін алып тастауды қосқандағы ақпарат қауіпсіздігі;

4) жоғары тиімділікті технологияларды енгізу;

5) ресурстарды икемді және тиімді басқару;

6) қызмет көрсету сапасын көтеру.

3. Ұйым мыналарды қамтамасыз етеді:

1) деректерді енгізуді бақылауды;

2) құжаттардың параметрлерін есепке алу мүмкіндігі (құжаттар нөмірі, байланыс коды, шарт нөмірі);

3) жиынтық ақпарат тудыруды;

4) резерв көшірмелерін жасауды, деректерді архивтеуді;

5) кіру құқығын бақылайтын қорғаудың штатты құралдары бар ақпарат жүйесін пайдалануды;

6) электронды хабарламаларды ұсынуды және қабылдауды реттейтін рәсімдердің болуы;

7) талдамалық және статистикалық есептерді дайындау мүмкіндігін.

4. Ақпаратты жеткізушілер және кредиттік есепті алушылар ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу жөнінде олармен жасалған шарттардан және Кредиттік бюро жөніндегі Заңмен көзделген кредиттік бюроның ішкі құжаттарынан туындайтын кредиттік бюроның ұйымдастыру, технологиялық талаптарын және шарттарын қамтамасыз етеді.

5. Ақпаратты жеткізуші ұсынған ақпарат оның дұрыс және толық орындалмауына, ақпаратты жеткізушінің, кредиттік есепті қабылдаушының, кредиттік тарих субъектісінің деректерінің ақпараттық жүйеде пайлану талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кредиттік тарихты ақпараттық жүйеде қалыптастыруда және пайдалануда ақпараттық жүйеге пайдаланбай кредиттік бюроға қайтаруы мүмкін.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 89 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Ақпаратты жеткізушілердің, кредиттік есептерді алушылардың және кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу талаптары, сондай-ақ мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның және өзге де кредиттік бюролардың деректер базасында бар ақпаратты салыстырып тексеру талаптары

 

6. Ақпаратты жеткізушілер, кредиттік есептерді алушылар және кредиттік бюро арасында ақпарат алмасу талаптарын ақпараттандыру және «электронды үкімет» аясындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді іске асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ақпараттандыру аясындағы уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

7. Кредиттік бюро ақпаратты жеткізушілерге және кредиттік есепті қабылдаушыларға ақпараттық процестерді іске асыру үшін қажетті арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді береді не олар пайдаланып отырған бағдарламалық қамтамасыз етуге тиісті талаптар белгілейді. Ақпаратты жеткізушілер және кредиттік есепті қабылдаушылар арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді дербес әзірлеген жағдайда оны кредиттік бюромен келіседі.

8. Ақпараттық жүйені әзірлеу, енгізу және ілеспе қызмет көрсету процесінің құрамында әзірлеу кезеңдерін анықтау, өзгерістер енгізу, қабылдау, тестілеу және пайдалануға беру тәртібі, барлық кезеңдерді құжаттандыру талаптары бар.

9. Кредиттік бюроның ақпараттық жүйені әзірлеуі, енгізуі және оған ілеспе қызмет көрсетуі олардың ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы стандарттарына сәйкес жасалады.

10. Кредиттік бюро ақпараттық жүйені әзірлеуді оның бірінші жетекшісі бекіткен техникалық тапсырма негізінде әзірлейді.

11. Бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда (жүйенің кемшіліктерін алып тастау немесе жетілдіру үшін) ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуінен және (немесе) деректерінен санкцияланбаған өзгерістерді алып тастау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу процесі Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген техникалық тапсырмаға, стандарттарға және кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздік сәйкес жүзеге асырылады.

12. Кредиттік тарихтың деректер базасын және аталған ақпараттық жүйенің қорғаныс құрал-жабдықтарын орналастыру үшін ақпараттық жүйені қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификацияланған жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады.

13. Кредиттік бюро ақпаратты жеткізушілермен және бөлінген байланыс арналары немесе Интернет арқылы мынадай талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады:

1) секундіне 10 мегабит кем емес өткізгіштік қабілеті бар негізгі арнаның болуы;

2) секундіне 2 мегабит кем емес өткізгіштік қабілеті бар резервтік сымсыз арнаның болуы;

3) әртүрлі провайдерлер арналарын пайдалану;

4) тек қана ақпаратты жеткізушілер мен кредиттік есептерді алушылармен ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын арналар.

14. Ұйымның бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық, технологиялық талаптарды сақтауын осы Нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес келуін пайдаланылып отырған ақпараттық жүйенің кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің (кредиттік тарих субъектісін қоспағанда) қатысушыларына осы Нұсқаулықтың
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы
...
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconРеттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы №223 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі Агенттік) Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconҢгейдегі банктерді консервациялау ж
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы №177 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Фрагмент документа: 'Ќазаќстан Республикасында банктерді мѕжбџрлеп тарату ережесін бекіту туралы' Ќазаќстан Республикасы Ќаржы нарыѓын...
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы iconАгроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №48...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница