Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру




Скачать 151.06 Kb.
НазваниеКомпьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру
Дата конвертации11.02.2016
Размер151.06 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/kauly1026kz.doc
«Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы №1026 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 144-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «6» тамыздағы

№1026 қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 31 желтоқсандағы

№1508 қаулысымен

бекітілген


«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексi (бұдан әрi – Салық кодексi) 651-бабының 3-тармағына және «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысына сәйкес көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және оны алу үшін қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.

5. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды (бұдан әрi – қорытынды) немесе қағаз тасығышта мемлекеттiк қызметтi беруден бас тарту себептерi туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушылар).

7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;

2) құжаттарды тапсырғанға дейiн барынша рұқсат етiлген күту уақыты – 15 минут;

3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң барынша рұқсат етiлген уақыты – 15 минут.

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9. Комитеттің жұмыс кестесi: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мерекелік күндерден басқа, күн сайын сағат 13.00 бастап 14.30 дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00 бастап 18.30 дейiн.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарында қажеттi құжаттар тiзбесі және оларды толтыру үлгiлерi, мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпарат орналастырылған стендiлер болады, мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген, сондай-ақ отыратын орындар бар.


2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi


11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:

1) осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтінішті;

2) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе жеке сәйкестендіру нөмірін не бизнес сәйкестендіру нөмірінің көшірмесін;

3) компьютер жүйесiнің функционалдық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің сипаттамасы;

4) «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

5) банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiнің функционалдық көшірмесін қамтитын, электрондық ақпараттық жеткізгішті;

6) банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiн орнату және іске қосу жөніндегі нұсқаулықты;

7) компьютер жүйесiнің құрамына кіретін және ақпараттық үдеріске қатысатын фискалдық режимнің, фискалдық жадының техникалық және бағдарламалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін (ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері»).

Құжаттар мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз тасығышта және электрондық түрде ұсынылады.

12. Осы стандарттың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген өтiнiш-сауалнама бланкiлерi Комитеттің стендінде немесе Министрліктің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кіреберіс, 746 кабинет мекенжайына пошта арқылы немесе Комитеттің кеңсесiне қолма-қол жіберіледі.

14. Құжаттар Комитеттің кеңсесіне қолма-қол тапсырылған жағдайда, лауазымды тұлға мемлекеттік қызметті алушының iлеспе хатының көшiрмесiне құжаттардың қабылдағандығы туралы мөрді, қабылданған күнiн және мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнiн көрсете отырып қояды. Құжаттар пошта арқылы жіберілген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың қарауға қабылданғандығы және мемлекеттік қызметті алу күні туралы Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 74-03-64 телефоны арқылы бiле алады.

15. Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесiнiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды немесе дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жiберiледi.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:

1) құжаттарды ресімдеуде қате анықталғанда;

2) құжаттар тиісінше ресімделмегенде;

3) компьютер жүйенің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысымен бекітілген Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйенің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды беру қағидаларында белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі туралы теріс акт.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Комитет мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік міндеттерді атқару кезінде заңдылықты сақтау, сыпайылық, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады.


4. Жұмыс нәтижелерi


18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекiтiледi.


5. Шағымдану тәртiбi


20. Комитет немесе Министрлiк қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кiреберiс, 746-кабинет мекенжайы және 8 (7172) 74-03-64 телефон, 8 (7172) 74-03-64 факс бойынша көмектеседі.

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде немесе пошта арқылы қолма-қол осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.30 дейiн түскi үзiлiспен, жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.30 дейін беріледі.

22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Комитеттің уәкiлеттi лауазымды тұлғасына мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кіреберіс, 757-кабинет, электрондық мекен-жай: m.k.smagulov@mtc.gov.kz.

Комитеттің жұмыс кестесi: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мейрам күндерiнен басқа, күн сайын сағат 13.00 бастап 14.30 дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00 бастап 18.30 дейiн.

23. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Шағым жазбаша түрде еркін нысанда жасалады.

25. Шағым қабылданған кезде оның көшірмесіне жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсете отырып, мөр қойылады.

26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрлiктiң www.mtc.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.





«Бақылау-касса машиналарының

мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн

компьютер жүйесiнің техникалық

талаптарға сәйкестігі туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк

қызмет стандартына

1-қосымша


Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды


Астана қ. 20___ж. «____» ___________

1. Өтініш беруші_____________________________________________________

2. Өтініш берушінің орналасқан жері____________________________________

___________________________________________________________________

_______________________________ облысы ______________________ қаласы

____________________ ауданы _______________________ көшесі _______ үй

Телефон _____________________________ Факс _________________________

3. ________________________________________________________________,

(КЖ атауы)

Нұсқасы ______________________, әзірлеген күні ______________________,

Әзірлеуші _________________________________________________________

Әзірлеушінің орналасқан жері_____________________________________

___________________________________________________________________

_______________________________ облысы ______________________ қаласы

____________________ ауданы _______________________ көшесі _______ үй

Телефон _____________________________ Факс _________________________


Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды беру қағидаларында көзделген техникалық талаптарға сәйкес келеді.

Уәкілетті орган

ведомствосының басшысы ______________

(қолы)

М.О.




«Бақылау-касса машиналарының

мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн

компьютер жүйесiнің техникалық

талаптарға сәйкестігі туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк

қызмет стандартына

2-қосымша


Сауалнама – өтініш


Өтініш берушінің атауы ______________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


СТН (ЖСН, БСН) | | | | | | | | | | | | |


Өтініш берушінің орналасқан жері

________________________________ облысы _____________________ қаласы

_______________________ ауданы ______________________ көшесі ______ үй

Компьютер жүйесінің (бұдан әрі – КЖ) атауы ____________________________

___________________________________________________________________

КЖ әзірлеушісі ______________________________________________________

Нұсқасы ____________________ КЖ әзірленген күн ______________________

Инсталляция пакетінің көлемі _________________________________________

Инсталляция пакеті жасалған күн______________________________________

КЖ әзірлеушісі орналасқан жер

______________________________ облысы _______________________ қаласы

________________________ ауданы ______________________ көшесі _____ үй

Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-нің мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:

нақты тіркелген КЖ-да фискалдау режимін сипаттау жүзеге асырылады (иә/жоқ қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________________________

___________________________________________________________________

серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе (ОЖ) деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) дәлірек айтқанда қандай_______________________________________ ___________________________________________________________________


КЖ пайдаланушыларын сәйкестендіру деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_________________________________________________

___________________________________________________________________

парольді таңдаған жағдайда серверге қол жеткізуді бұғаттау (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______________________________

___________________________________________________________________

Парольдің қолданылу мерзімі (күндер саны):

пайдаланушының ______ 8 белгіден кем емес

___________________________________________________________________

жүйе әкімшісі __________________________________________________

деректер қоры әкімшісі __________________________________________

Парольдің ең төменгі ұзындығы (нышандар саны):

пайдаланушы үшін _____________________________________________

жүйе әкімшісі үшін _____________________________________________

деректер қорының әкімшісі үшін __________________________________

КЖ-да парольдің күрделілігін тексеру (цифр мен арнайы нышандарды міндетті пайдалану) (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_______

___________________________________________________________________

КЖ парольдің ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_________________________

___________________________________________________________________

КЖ бірдей есептік жазбамен екі және одан көп пайдаланушының серверлік және клиенттік қосымшасына қосылу мүмкіндігін болдырмайды (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)________________________

___________________________________________________________________

қосымшаларды пайдаланушылардың КЖ-ға қосымшаның өзінен айырмасы бар құралдармен қосылудың мүмкін болмауы (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_____________________________________

___________________________________________________________________

пайдаланушылардың КЖ-дағы ақпараттарға ДҚБЖ құралдарымен қол жеткізу құқықтарын шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)

___________________________________________________________________

әрбір операция пайдаланушы, күні мен уақыты бойынша сәйкестендіріледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________

___________________________________________________________________

әрбір операция бірізді бірегей нөмірмен бір мәнді анықталады (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______________________________

___________________________________________________________________

КЖ мынадай құрылымды білдіреді:

клиент-сервер, хост-терминал (керектісін сызу қажет)

кез келген ақпарат КЖ-ға тек қосымшаның көмегімен ғана енгізіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _______________________

___________________________________________________________________

КЖ-ға енгізілген және клиенттік тарапта орналасқан ақпаратты операция басталғаннан кейін әртүрлі құралдармен түзету мүмкіндігінің болмауы (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________________

___________________________________________________________________

қате енгізілген операция «масақ» операциясын жүзеге асыру жолымен түзетіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________________________________________________________________

соңғы пайдаланушы өзі орындайтын функциялар шеңберінде ғана КЖ иелену құқығына ие (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_____________________________________________________________

___________________________________________________________________

қосымшалар, ДҚБЖ және сервер әкімшілері арасында құқықтарды бөлу (әкімшілердің әрекетін реттейтін актілерді көрсету керек)_________________

___________________________________________________________________

аудит журналдары әкімшілік құқықтармен және пайдаланушылық құқықтармен пайдаланушылардың барлық әрекетін автоматты түрде белгілейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)________________________

___________________________________________________________________

аудит журналдары пайдаланушылардың барлық әрекетін автоматты түрде белгілейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

белгілі уақыт ішінде іркіліс болған жағдайда клиенттік қосымшаны КЖ-дан сөндіру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт аралығы)

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

уақыт бойынша КЖ-мен жұмыс істеу кезінде клиенттік қосымшаның әрекетін шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт аралығы) ___________________________________________________________

___________________________________________________________________

ОЖ құралдарымен авторланбаған қол жеткізе алатын (guest, anonymous және басқалар) есептік жазбаларды бұғаттау (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыт аралығы) __________________________________

___________________________________________________________________


Компьютерлік жүйе, электрлік қоректендіру және басқалар іркілген жағдайда деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар:


Деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар

Иә

Жоқ

қосарланушы серверді пайдалану,

«кластерлік» жүйені пайдалану
серверлерде әртүрлі деңгейдегі (1-5)

RAID кіші жүйелерін қолдану

транзакциялар мен деректік қор журналдарының резервтік көшірмелерін жасау








Басқа (көрсету керек) ___________________________________________


КЖ мен транзакциялардың жүйелік журналының резервтік көшірмелерін жасау:





КЖ үшін

Транзакциялар журналы үшін

резервтік көшірмелерді жасау мерзімділігі (айына, жылына/бір)

резервтік көшірмелер саны (дана)

резервтік көшірмелерді сақтау мерзімі (жыл)

резервтік көшірмелерді сақтау орны (резервтік орталық/сейф және т.б.)








жүйені толық қалпына келтіру уақыты _________________________

КЖ резервтік көшірмелерін қалпына келтіру журналының болуы (иә/жоқ) _________________________________________________________;

«Салық инспекторының жұмыс орны» модулінің болуы (иә/жоқ) ___________

_____________________________________________________________;

«Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі құжаттамада компьютерлік жүйені фискалдау жөніндегі толық рәсімдерінің болуы (иә/жоқ) ___________________________________________________;

«Салық инспекторының жұмыс орны» модулінде КЖ фискалдық режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________________________________________________________;

Фискалдық деректерге қол жеткізу үшін криптографиялық кілттер қалыптастыру режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдер мен стандарттар пайдаланылады)_______________________________________;

Фискалдық есептерді әрі қарай дайындау үшін, ауысым жабылған уақытта деректерді сақтау кезінде шифрлаудың криптографиялық функцияларын КЖ-да іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдер мен стандарттар пайдаланылады)________________________________________

_____________________________________________________________;

«Салық инспекторының жұмыс орны» модулінде фискалдық есептер қалыптастыру режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)_____________________________________________________________ ________________________________________________________________;

«Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі құжаттаманың болуы (иә/жоқ) _____________________________________;


___________________________________________ ___________________

(Өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә.) Қолы


М.О.




«Бақылау-касса машиналарының

мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн

компьютер жүйесiнің техникалық

талаптарға сәйкестігі туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк

қызмет стандартына

3-қосымша


Кесте. Сапа және қолжетімдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi


Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.1. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










1

2

3

4

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










______________________________

Похожие:

Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру iconМемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк...
Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру icon«Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты
Кестесi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi Орталық) және «Облыстардың,...
Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру icon«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты
Кестесi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi Орталық) және «Облыстардың,...
Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру iconБухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру
Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің...
Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру iconМемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру icon"Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 20 жылғы 1 қазандағы №398-401 (26244); "Казахстанская правда" от 02. 10. 2010 г., №260-261 (26321-26322)
Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру iconЖергiлiктi маңызы бар объектiлер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру
Мыс iстеу кестелерi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi Орталық) және...
Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру iconПән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар
Ық негіздері” пәні бойынша білімнің қорытынды бағасын анықтау үшін өлшем – бақылау құралдары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница