«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты




Скачать 112.69 Kb.
Название«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Дата конвертации11.02.2016
Размер112.69 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/стандарты1/спорт/каз/спорт каз 3.doc
Туризм саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 Қаулысы





      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 және 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшаcына және  29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен және туристiк маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзiндi беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Туристiк операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 29 тамыздағы
№ 1099 қаулысымен 
бекiтiлген      

«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекенжайлар бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары (бұдан әрi – басқарма) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабы 12) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнң www.mint.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы қағаз тасығыштағы туристтiк ақпарат болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      а. бес жұмыс күнiнен аспайды;
      2) сұрау берген кезде күтудiң жол берiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн құжаттарды қабылдауды жұмыс кестесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген басқармалар жұмыс күндерi жүзеге асырылады.
      Қабылдау алдын-ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет тиiстi басқарманың ғимаратында көрсетiледi. Ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандуспен жабдықталған.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде кезектiлiктiң болмауына байланысты күту залы көзделмеген.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы тиiстi басқармаға жазбаша сұраумен жүгiнедi.
      12. Өтiнiш еркiн нысанда қалыптастырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекенжайлар бойынша орналасқан тиiстi басқарманың кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      14. Құжаттардың тапсырылғанын растау тiркеу (мөртабан және кiрiс нөмiрi, күнi) болып табылады. Өтiнiш берушi үшiн қабылданғаны туралы белгi қойылған көшiрме берiледi.
      15. Қызмет көрсету нәтижесiн жеткiзу тәсiлi – жеке бару не почта арқылы.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру немесе мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту үшiн негiздер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Басқармалардың қызметi мындай қағидаттарға негiзделедi:
      1) заңдылық
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      4) мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
      9) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) өтiнiм берушi құжаттарды алуға келмеген жағдайда құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      12) ақпараттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиiмдiлiк;
      14) сыпайылық.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Туризм индустриясы комитетi (бұдан әрi – Комитет) қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi және өтiнiш дайындауға жәрдем көрсетудi Комитет Астана қаласы, Абай даңғылы 33, 1501 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша мыналарға жолданады:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi басшысына оның азаматтарды қабылдау кестесi министрлiктiң интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша: www.mint.gov.kz орналастырылған;
      2) Министрлiктiң «сенiм телефонына» 8 (7172) 24-04-75, 24-04-76, 24-12-13;
      3) Министрлiктiң www.mint.gov.kz мекенжайдағы интернет-ресурсының «сұрақ – жауап» бөлiмiне;
      4) Министрдiң блогына, Министрлiктiң www.mint.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң блогы» бетi;
      5) Министрлiкте 010000, Астана қаласы, Қабынбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
      6) 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайыны бойынша министрлiктiң кеңсесiне жазбаша шағыммен.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда Комитет қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Туризм индустриясы комитетi төрағасының атына жазбаша түрде немесе қолма-қол 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33, 1501 кабинет, тел. 8 (7172) 75 31 35 мекенжайы бойынша берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      24. Шағымның қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi) болып табылады. Өтiнiш берушi үшiн қабылданғаны туралы белгi қойылған көшiрме берiледi.
      25. Комитеттiң байланыс деректерi: Туризм индустриясы комитетi төрағасының және төраға орынбасарының қабылдау бөлмесiнiң телефондары: 8 (7172) 75 31 35;сенiм телефоны: 8 (7172) 75 34 62.

«Туристiк ақпарат, оның iшiнде
туристiк әлеует, туризм    
объектiлерi және туристiк   
қызметтi жүзеге асыратын   
тұлғалар туралы ақпарат беру» 
мемлекеттiк қызмет       
стандартына          
1-қосымша            

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының
мекенжайлары мен жұмыс кестелерi

Р/с №

Мемлекеттiк органның атауы

Мемлекеттiк органның орналасқан жерi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

1

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

020000, Көкшетау қаласы,
Пушкин көшесi, 11 «а»,
тел. 8 7162 40-15-41 akm_tour@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

2

Алматы облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

040000, Талдықорған қаласы,
Желтоқсан көшесi, 222 тел. 8 7282 40-02-07 ao_oblsport56@mail.r u

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

3

Атырау облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

465050, Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 «а», тел. 8 7122 32-05-24, atyrau_oblsport@mail.ru. torism_atyrau@mail.r u

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

4

Ақтөбе облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

030010, Ақтөбе қаласы,
Әбiлхайыр хан көшесi,40,
тел. 8 7132 55-26-36, aktobe_tourism@mail. ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

5

Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

070019. Өскемен қаласы Карл Либкнехт көшесi, 19, қабылдау бөлмесiнiң нөмерi 25 06 68, 25 07 32 факс, қабылдау-каб. 301. vkosport@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

6

Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

09000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, каб 208, тел. 8 7112 51-40-27 turizm-sport09@yande .ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

7

Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

080008, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 72, тел 8 7262 56-85-27. zhambyloblsport@mail .ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

8

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

100012 Қарағанды қаласы, Бұхар жырау көшесi 53, Нұркен Әбдiров атындағы спорт кешенi karaganda_tourism@ma il.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

9

Қостанай облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

110000 Қостанай қаласы, Таран көшесi 83, қабылдау бөлмесi -425 каб. тел. 8 7142 - 575-330, Туризмдi дамыту бөлiмi, 414 каб, тел 8 7142 53-40-80. oblsport@kostanay.kz

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

10

Қызылорда облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

120003, Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесi,1 Орталық стадион, 8 7242 23-05-64. oblsport66@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

11

Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

130000, Ақтау қаласы, 12 ықшамауданы, «Жас қанат» спорт кешенi, Тел. 8 7292 33-62-35, факс 31-04-36

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

12

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

140009, Павлодар қаласы, 1 май көшесi, 170 тел. 8 (7182) 619400, 619365, ф. 619150 pavlodaroblsport@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

13

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, Туризмдi дамыту бөлiмi тел.
8 7152 46-67-10, 466040, каб № 305. sport@sko.kz

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

14

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

160018, Шымкент қаласы, Мәделi Қожа көшесi, 1 тел. 8 7252 22-23-88. uko_turizm@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

15

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

050000, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4. Туризмдi дамыту бөлiмi,
тел. 8 7272 71-67-01 otdel_turizma@bk.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

16

Астана қаласы әкiмдiгiнiң туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi,14 Туризмдi дамыту бөлiмi, тел 8 7172 39-12-08

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда.

«Туристiк ақпаратты,   
оның iшiнде туристiк әлеует,
туризм объектiлерi және  
туристiк қызметтi жүзеге 
асыратын тұлғалар туралы  
ақпарат беру» мемлекеттiк 
қызмет стандартына     
2-қосымша          

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Похожие:

«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconТуристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
«Павлодар облысының туризм, дене тәрбиесi және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесі
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconТуристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
Және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа...
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconТуристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
Зм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі–мемлекеттік...
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconТуристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
...
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconҚазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., n 13-14, 175-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 26 маусым n 129
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconАлматы облысында туристiк кластердiң мынадай сегменттерi айқындалды
Орталық Азияның қаржылық және бизнес-орталықтарының ең маңыздыларының бiрi ретiнде Алматы қаласының одан әрi дамуына ықпалын тигiзетiн...
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін уәкілетті...
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Ұлттық мұрағаты
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
«Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница