Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз?




Скачать 36.85 Kb.
НазваниеИманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз?
Дата конвертации10.02.2016
Размер36.85 Kb.
ТипВопрос
источникhttp://sohauezov.narod.ru/papk/sabak/tarbie/islam.doc
Тақырыбы: Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз?

Мақсаты: Қазақ халқының діні басқа мұсылман халықтар арасында қастерлеп жадында сақтап келген ислам діні. Оның барлық жақсы қасиеттері биіктігінің бастауын, негізін түсіндіру. Қазақ халқына төнген үлкен қауіптердің бірі - діни қауіп. Соның ішінде жат діндер тарапынан жасалып жатқан зымияндық әрекеттер жөнінде түсінік беру.

Барысы: 1.Кіріспе сөз. Сынып жетекшісі.

2.Имандылық - инабаттылық . Сұлтанова Д

3.Ислам діні. Хамидуллин Рафаэл.

4.Имандылық дегеніміз не?Ускинбаева А

5.Балаларымызды өзге діннің ықпалыннан сақтайық. Гайсина Айсұлу – ата-ана.

6.Бетін бүркеген қыз біздің салтымызда бар ма? Бақтыгереева Г.

7. Қонақтарға сөз беру.

8. Тренинг: «Жаман әдеттен арылайық».

9. Пікір алмасу. (Ата-аналар ойы).

10. Биылғы оқу жылынан бастап оқушыларға «Дінтану негіздері» пәні енгізілді оған сіздің көзқарасыңыз.

Тәрбие сағатына шақырылған қонақтар: аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ғ Е . Лұқпанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Т. А. Ғабдушев, мектеп директоры Қ.Б. Қаденов , мектеп психологы, ата-аналар , 9-11 сыныптың жетекшілері.

1. Сынып жетекшісі: құрметті : Қонақтар, ұстаздар , оқушылар , ата-аналар, сіздер мен біздер бүгін «Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз?» деген тақырыпта ой бөліскелі дөңгелек үстел басына жиналып отырмыз. Осы сұрақ бүгінде халқымыздың көңілін мықтап алаңдатып тұр. Өйткені, діннің қазіргі қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Еліміз егемендікке қол жеткелі дініміздің еңсесі көтеріліп, Қазақстан халқы рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру салтын қалыптастырып келеді. Солай бола тұрса да балаларымызды діни, рухани жағынан тәрбиелеуге қатты көңіл бөлгеніміз жөн. Өйткені қазақ халқына төнген үлкен қауіптердің бірі - діни қауіп. Соның ішінде жат діндер тарапынан жасалып жатқан, жасала беретін зымияндық әрекеттер. Олардың мақсат мүддесі де белгілі - қазақ халқының санасын улау, ұлттың бірлігін ыдырату арқылы жеріне ие болу,тәуелсіздікке балта шабу. Соның салдарынан кейбір жастарымыз сонау заманнан бері ата-бабамыз ұстанып келе жатырған ислам дінінен безіп, өзге жат діни ағымдардың етегінде кетуде. Одан қалса, маскүнемдікке, нашақорлыққа, жыныстық азғындыққа салынып шала бүлінуде. Жастарымыздың жат діннің жетегінде кетуін дін туралы заңның осалдығынан көреді. Әрине заң жетілдіруді қажет етеді. Қазақ халқы қашаннан аузынан алласын тастамаған, ғасырлар бойы дін мен білімді қатар алып жүретін парасатты жас ұрпақты тәрбиелеп келеді. Ислам - төл дініміз, қазақ ұлтының рухани қазынасы, салт-дәстүрі, білімі, мәдениеті мен тілі. Солай бола тұра ана тіліміз бен төл дінімізді қадір тұта алмай келеміз.

Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы ғұлама Әл-Фараби айтып кеткенін ұмытуға қақымыз жоқ. Ал дін - ең тиімді тәрбие құралы екені даусыз.

Психологиялық тренинг: «Жаман қасиеттерден арылайық». Дұрыс тәрбие, сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек өз бойындағы жаман қылықтардан арылу керек. Ендеше осы тренинг мақсаты өз бойымыздағы жаман әдеттерімізді өшіріп тастау .

Әр оқушыға екі ақ парақ таратылып, бір параққа жақсы, ал екіншісіне жаман қылықтарын жаздыру. Жақсы қасиеттері жазылған қағазды оң қалтасына салып, жаман қасиеттері жазылған парақты жыртып, қоқысқа тастайды.

«Біреулер бойында жоқ нәрсені іздеп әуре, біреулер бойында бардың бағасын білмей мас» - деген екен Үмбетбай Уайдин. Сондықтан да бар бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап жігерімізді қайратымызға серік етіп әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.


Ата-аналарға арналған тренинг: «Мен тілеймін. Мен қорқамын .Мен ризамын».

Биылғы оқу жылынан бастап оқушыларға «Дінтану негіздері» пәні енгізілді оған сіздің көзқарасыңыз. Ата-ана ойларын тыңдау.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар ойларында жүрген сұрақтарын аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілек Александрұлына қойып көптеген тың мәліметтермен аталмыш тақырыптағы білімдерін толықтырды. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ғилаж Еспенбетұлы кейінгі ұрпағына аталық ақ тілегін білдірді.

Қорытынды: Ендігі мәселе - ел және ата-ана болып, ислам дінінің құндылықтарын балалардың санасына сіңіріп өсіруіміз керек. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесіне атүсті қарамай , халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша балаларымызды имандылыққа тәрбиелейік.

Қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздегі әркімнің сенім бостандығын қолдап, ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасында ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым –қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалана отырып, зайырлы мемлекет құру жолын ұстануды таңдауымыздың себебі де сол екені айқын.

Сондықтан біздің жастарымызды жақсылыққа , сенім рухына, рухани табандылыққа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу - зор міндетіміз.

Бүгінгі кездесуге келген қонақтар! Уақыттарыңызды бөліп, іс-тәжірбиелерін ортаға салып, бізбен кездесуге келгендеріңізге көп рахмет. Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.


М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп


Тақырыбы:

(Дөңгелек үстел)


Өткізген :11а - сынып жетекшісі К.А.Қадырғалиева


Чапаев - 2011

Похожие:

Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? iconТілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде...
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? iconҚазіргі педагогтың кәсіби біліктілігі
Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем...
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? icon«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің 5В011300«Биология» мамандығының Семей қаласы, 2011 ж
Сондықтан боә биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай...
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? iconҚмму ф. 4/3 – 08/02
Тақырыбы: Қ р азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? icon«менің елім мәҢгілік ел» атты балалардың республикалық шығармашылық радиобайқауының ережесі
Жас ұрпақты этносаралық үйлесім мен ұлттар татулығын, халықтар достығын сақтауға үйрету
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? iconОрынбасары: а әбенова Тәрбиеші: Омарова М
Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбие беруде жас ұрпақты елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға экологиялық сананы қалыптастыруға...
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? iconЕсімдік қалай қолданылады?

Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? icon«Еңбектеп жеткенше, еңбектеніп жет»
Мақсаты: Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың өмір жолымен таныстыру, шығармашылығы жайлы баяндап, оқушылардың ой-өрісін арттыру, сонымен...
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? iconДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? icon2012» байқау ережесімен, байқауға қатысушының портфолио дайындау әдістемелік ұсыныстарымен және қатысушы сауалнамасымен білім бөлімінің сайтындағы білім ұйымдарындағы дарынды балаларға әдістемелік бағдар беру бөлімінде танысуға болады. «Жыл оқушысы
Бұл-кез-келген жағдайда шешім қабылдай алатын, оның нәтижесін бағдарлай алатын, қазіргі заманғы білімді, иманды-адамгершілікті, ынтымақтастыққа...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница