Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
страница1/8
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.15 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/portals/0/Docs/KZ/memlekettik/29_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2009 жыл 11 қаңтар № 4-5 (25851); "Казахстанская правда" от 20.03.2010 г., № 66-68 (26127-26129); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 59, 515-құжат




      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу» бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2106 қаулысымен    
бекiтiлген      

«Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан
шығуды тiркеу» мемлекеттiк қызмет керсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) көрсету тәртiбiн айқындайды.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы, «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдiң азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы, «Украинада тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Украина азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының оңайлатылған тәртiбi және азаматтықтың болмауы мен қос азаматтық жағдайларын болдырмау туралы Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы келiсiмдi ратификациялау туралы» 2001 жылғы 16 наурыздағы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы» 2005 жылғы 6 маусымдағы, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы» 2006 жылғы 10 қазандағы жарлықтарының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекен-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары көшi-қон полициясының аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - көшi-қон полициясының бөлiмшелерi) көрсетедi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны өтiнiш берушiге Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандарға (тұру мерзiмiне қарамастан);
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық қатынасы бар (әжесi, атасы, анасы, әкесi, аға-iнiлерi, әпке-қарындастары, сiңлiлерi, жұбайлары, балалары) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Украина азаматтарына (тұру мерзiмiне қарамастан);
      3) Қазақстан аумағында туған немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық қатынасы бар (әжесi, атасы, анасы, әкесi, аға-iнiлерi, әпке-қарындастары, сiңлiлерi, жұбайлары, балалары) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарына (тұру мерзiмiне қарамастан);
      4) 1957 жылғы 29 қаңтардағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1040 қарарымен қол қою және ратификациялау үшiн ашық Тұрмыстағы әйелдiң азаматтығы туралы конвенцияның әрекетiне түсетiн адамдарға;
      5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан), жақын туысқандарының бiрi Қазақстан Республикасының азаматы (балалары (оның iшiнде асырап алған), жұбайлары, ата-анасының (асырап алушылардың) бiрi, аға-iнiлерi, әпке-қарындастары, сiңлiлерi, атасы немесе әжесi) бұрынғы одақтас республикалардың азаматтарына;
      6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңiлдетiлген тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы» 2005 жылғы 6 маусымдағы Жарлығының талаптарына жауап беретiн Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан), осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген тiзбеге сәйкес шетелдiктерге;
      7) Қазақстан Республикасының азаматымен кемiнде үш жыл некеде тұрған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (тұру мерзiмiне қарамастан);
      8) Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бес жыл тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
      9) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды қалайтын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығу туралы өтiнiмхаттар бойынша материалдарды қарау мерзiмi:
      6-тармақтың 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген адамдар үшiн - өтiнiш берушi өтiнiшi қабылданғаны туралы анықтаманы алған сәттен бастап алты ай;
      6-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген адамдар үшiн - өтiнiш берушi өтiнiшi қабылданғаны туралы анықтаманы алған сәттен бастап үш айдан аспауы тиiс;
      2) мемлекеттiк қызметтi ұсынуға қажеттi құжаттарды өткiзу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманы алу үшiн кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 100 пайызын құрайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресiмдеу үшiн мемлекеттiк баж Қазақстан Республикасының банк мекемелерi арқылы төленедi, олар төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат бередi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) интернет-ресурсына www.mvd.kz сондай-ақ көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендiлерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде аптасына алты күн, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен және сенбi күнi сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсететiн көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң үй-жайлары ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, iшкi iстер органдарының басқа бөлiмшелерiнен бөлек, дене бiтiмiнiң мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған құрылғылары бар кiретiн есiгi болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлерiмен жарақталады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушiлер:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау үшiн мыналарды ұсынады:
      өтiнiш берушi еркiн нысанда толтыратын жеке өтiнiш;
      бланкiсiн көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерлерi беретiн сауалнама-өтiнiш;
      35x45 мм мөлшердегi төрт фотосурет (фотосурет өтiнiш берушiнiң жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиiс);
      бланкiсiн көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерлерi беретiн «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы мiндеттеме;
      соттылығының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
      мемлекеттiк бажды төлегенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
      басқа мемлекет азаматтығының жоқтығы немесе оны тоқтатқаны туралы анықтама.
      Ескертпе: мемлекеттiк бажды төлеуден:
      оралмандар (мемлекеттiк баж төлеуден босату мүмкiндiгi бiр рет берiледi);
      жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершiлiкке қарсы өзге де саяси акциялардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының аумағын лажсыз тастап кеткен адамдар және олардың ұрпақтары (мемлекеттiк баж төлеуден босату мүмкiндiгi бiр рет берiледi);
      азаматтықты оңайлатылған тәртiппен алатын Украина азаматтары босатылады.
      Санамаланған құжаттардан басқа қосымша:
      оралмандар - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi беретiн оралман куәлiгiн; еркiн нысанда толтырылатын бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтiнiш;
      азаматтықты оңайлатылған тәртiппен алатын Украина азаматтары - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туысқандарының бiрiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн; Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесiн растайтын құжаттарды; Украинаның құзыреттi органдары беретiн әскери мiндеттi атқарғанын не одан босатылғанын растайтын құжатты (әскерге шақырылатын жастағы адамдар үшiн);
      азаматтықты оңайлатылған тәртiппен алатын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының азаматтары - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туысқандарының бiрiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн; Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесiн растайтын құжаттарды, өтiнiш берушi Беларусь КСР-iнiң, Қазақ КСР-iнiң, Қырғыз КСР-iнiң немесе РСФСР-дiң азаматтығында және бiр мезгiлде бұрынғы КСРО-ның азаматтығында тұрғанын, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының аумағында туғанын немесе тұрғанын растайтын құжаттарды;
      бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары - бұрын азаматтығында тұрған мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтаманы; Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туысқанының бiрiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн; Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесiн растайтын құжаттарды;
      осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 маусымдағы Жарлығымен бекiтiлген Кәсiптердiң тiзбесiне сәйкес шетелдiктер - бейiндiк мемлекеттiк органның өтiнiмхатын, еркiн нысанда толтырылған бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтiнiш;
      Қазақстан Республикасының азаматымен кемiнде үш жыл некеде тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасы азаматы - жұбайының (зайыбының) жеке куәлiгiн; неке туралы куәлiктiң көшiрмесiн, бұрын азаматтығында тұрған мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтаманы;
      Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бес жыл тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бес жыл тұрақты тұрғанын растайтын құжат, бұрын азаматтығында тұрған мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтаманы ұсынады.
      Ескертпе: азаматтығы жоқ адам мәртебесiн туғаннан кейiн немесе Қазақстан Республикасына келгенге дейiн алған адамдар бұрынғы азаматтығын тоқтату туралы анықтаманы ұсынбайды;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшiн:
      өтiнiш берушiнiң еркiн нысанда жазған жеке өтiнiшi;
      бланкiсiн көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi беретiн сауалнама-өтiнiш;
      өмiрбаян;
      35x45 мм мөлшердегi үш фотосурет (фотосурет өтiнiш берушiнiң жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиiс);
      жеке куәлiгiнiң, баланың туу және неке кию туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерiн;
      жұмыс, оқу орнынан анықтама, ал жұмыс iстемейтiндер - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң Сот актiлерiн орындау комитетiнiң аумақтық органынан адамның мемлекет алдында орындалмаған мiндеттемелерiнiң не меншiк нысанына қарамастан, азаматтардың, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне байланысты мүлiктiк мiндеттерiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы көрсетiлген анықтама;
      әскерге шақырылатын жастағы (18-ден 27-ге дейiн) адамды мерзiмдi әскери қызмет өткеруден босату туралы әскери комиссариаттан анықтама;
      мемлекеттiк бажды төлегенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.09.30 № 1009 Қаулысымен.
      13. Бланкiлердi көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi бередi, сондай-ақ IIМ-нiң интернет-ресурсында www.mvd.kz орналастырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi тiркеу орны бойынша көшi-қон полициясының бөлiмшелерiне өтiнiш бередi.
      Көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды және тексередi, содан кейiн оларды журналға тiркейдi.
      15. Барлық қажеттi құжаттар тапсырылғаннан кейiн:
      көшi-қон бөлiмшесiнiң қызметкерi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон бередi, одан кейiн өтiнiш берушi ұсынған құжаттардан Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығынан шығу туралы өтiнiш бойынша iс (бұдан әрi — iс) қалыптастырады және оны облыстық көшi-қон полициясының бөлiмшесiне жiбередi;
      облыстық көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi материалдарды тиiстi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi, содан кейiн оны IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң Азаматтық және иммиграция басқармасына жiбередi.
      IIМ-нiң Әкiмшiлiк полиция комитетi Азаматтық және иммиграция басқармасының қызметкерi қорытынды жасайды және iстi қарауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияға ұсынады.
      Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтығына оңайлатылған тәртiппен қабылдау туралы өтiнiш бiлдiрген адамдардың материалдарын қарау кезiнде облыстық көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi iс материалдарын тиiстi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiскеннен кейiн облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң басшылығы бекiтетiн дәлелдi қорытынды шығарады.
      16. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығу мәселесi бойынша қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерлерi жетi күн мерзiмде телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етедi.
      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығу туралы анықтама өтiнiш берушiге ұлттық паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi не Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспорты көшi-қон полициясы бөлiмшесiне тапсырылғаннан кейiн берiледi.
      17. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш жасаған адам:
      1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне саналы түрде қарсы шықса;
      2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
      3) мемлекеттiк қауiпсiздiкке, халықтың денсаулығына зиян келтiретiн құқыққа қайшы әрекеттi жүзеге асырса;
      4) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты қоздырса, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
      5) террористiк әрекетi үшiн сотталса;
      6) сот аса қауiптi рецидивист деп таныса;
      7) басқа мемлекеттердiң азаматтығында тұрса, оның өтiнiшi қаралмайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтiнiш берушi адамның Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған мiндеттемелерi немесе азаматтардың немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерiне байланысты мүлiктiк мiндеттерi болса, оның өтiнiшiнен бас тартылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтiнiш берушi адам айыпкер ретiнде қылмыстық жауапкершiлiкке тартылса немесе соттың күшiне енген үкiмi бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе оның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қауiпсiздiгi мүдделерiне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына жол берiлмейдi.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2009 жыл 11 қаңтар №4-5 (25851); "Казахстанская правда" от 20. 03. 2010 г., №66-68 (26127-26129); Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы icon"Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 20 жылғы 1 қазандағы №398-401 (26244); "Казахстанская правда" от 02. 10. 2010 г., №260-261 (26321-26322)
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconСот органдары мен атқарушылық iс жүргiзу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандартын бекiту туралы
Азақстан Республикасының Бюджет кодексi 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы icon2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3 тармақшасына сәйкес...
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconЭмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы n 382 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде...
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconМемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница