Пайдалы қазбаларды өндiру салығы




Скачать 41.65 Kb.
НазваниеПайдалы қазбаларды өндiру салығы
Дата конвертации10.02.2016
Размер41.65 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://akimzyrian.gov.kz/kz/files/taxes.doc
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы

1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.

2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, 330 баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.

4. Өндiрiлетiн минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндiру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, ставкалар бойынша және 45 тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.

5. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделуге тиіс.

Төлеушілер

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер  болып табылады.

Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды  шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы

Салық салу объектісі


Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар  қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.

Салық базасы


1. Салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы  пайдалы қазбалардың айналыстан  шыққан  қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан  шыққан  қорларының салық салынатын көлемінің құны:

1) 341 баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.

Орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген және  «Metal Bulletin  Journals Limited» баспасының «Metal Bulletin» журналында, «Metal-pages Limited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде формула бойынша айқындалады.

2) 338 баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалардың құны:

минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны;

3) 338 баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны – бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады;

 Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары 0 ден 22% мөлшерде белгіленді.

Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілген минералды шикізаттың барлық түріне  пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары нөл проценттік ставка бойынша төленеді.

Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Салық базасы


1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары


Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары 2,5 ден 10,6% мөлшерде белгілен.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңінен кейінгі  айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге міндетті.

Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей береді.


Похожие:

Пайдалы қазбаларды өндiру салығы icon«Каспий» кен руда компаниясы» жшс-нің жалпытаралған пайдалы қазбалары мен қатты пайдалы қазбаларды игеруге қатысты даму жоспары

Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconРабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия», 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту», 5В070700 «Тау-кен ісі», 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау...
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 0700000 – Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconСиллабус
Силлабус 23. 08. 12ж. №1080 Мемлекеттік жалпыға бірдей жоғары білім стандарты негізінде 5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту мамандығында...
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconТөтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «28» сәуірдегі
Осы геологиялық барлау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы (бұдан әрі-Талап) осы мақсаттарға арналған пайдалы қазбаларды іздестіру...
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconРабочая учебная программа Мамандықтар: 5В090700 Кадастр, 5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту
Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақ тілі курсының типтік бағдарламасы» (Алматы, 2007) және Қазақстан Республикасы мемлекеттік...
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconКөлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ...
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы iconРуда және жалпы таралған пайдалы қазбаларды өңдейтін кәсіпорындардың байыту және ұсақтау-сұрыптау фабрикаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Дістемелік нұсқаулық өнеркәсіптік қауіпсіздіктің күйін тексеру жүргізу тәртібін анықтайды. Тексеру кешенді, мақсатты және оперативті...
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница