Скачать 304.73 Kb.
|
![]() ![]() ![]() сОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның кәсіпкерлік бөлімінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Новоишим селосы 2009 ж. Мазмұны
1. Миссиясы мен пайымдауы Миссиясы: Аудан аумағында кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасау. Аудан өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін перспективалы инвестициялық жобаларды сыртқыэкономика мен салааралық қатынастарды дамыту арқылы қамтамасыз ету. Пайымдауы: Аудан экономикасы құрылымында кәсіпкерлік сектордың үлесін жоғарлату. Өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының талап етілген инновациялық, импортты алмастыратын, экспортқа бағдарланған өнімдер шығаруы көлемін тұрақты ұлғайту. 2. Ағымдағы ахуалдарды талдау Индустриялық – инновациялық талдау. 2008 жылы ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары 4,73 млрд.теңгеге өнім өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің физикалық көлем индексі 105,7 %-ды құрайды (облыс бойынша 106,1%). 2009 жылы ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемін 2008 жылғы-деңгейге кем дегенде 1,0%-ға өсірумен 4,78 млрд. теңгеге дейін жеткізу болжануда. Ауданның өнеркәсіптік өндіріс құрылымы өнеркәсіптік өндірістің 86,54%-ыкөлемін алатын өңдеуші өнеркәсіп көлемі электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі сала және қазіргі кезде үлесі өнеркәсіптік өндіріс көлемінде шамалы ғана болатын — 1%-дан кем — тау-кен өнеркәсібімен ұсынылған. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 5,2 %-ға өңдеуші өнеркәсіп артып, 4,5%-ға электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі саламен өндіріс көлемі төменделді. Өңдеуші өнеркәсіп қызметінің негізгі түрлері тамақ өнімдері өндірісі мен машина жасау (өңдеуші өнеркәсіп көлемінде сәйкес 77,6% және 20,23%) болып табылады. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда тамақ өнімдері — 0,3%-ға, машина жасау өнімдері 16%-ға артты. 2008 жылы «Жаңа Есіл Феникс» ЖШСгі 536 бірлік электровоздар, тепловоздар мен доңғалақтар парларын жалпы сомасы 498,16 млн. теңгеге жөндеуден өткізіп және оған техникалық қызмет көрсетті, даму деңгейі 12 %-ды құрады. Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін: 14 диірмен, 38 нан наубайханасы, 2 шұжық цехы, 3 сүт өңдеу цехы, 2 өсімдік майын өңдеу цехы бар («АЗКО» ЖШС және «Масло Дел» ЖШС). 2008 жылы өнеркәсіп саласында 224 жұмыс орны, 2009 жылдың қаңтар – ақпан айларында 60 жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 189 млн.теңгені құрайтын 2 индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жүргізілуде. Чолоян С.Д. «Тобол» ӘКК ҰК АҚ біріге асфальтбетон қоспасын өндіру бойынша кешен құру жөніндегі жобаны іске асыруда, объект бағасы 105 млн.теңгені құрайды, 32 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2009-2010 жылдары. Новоишим селосында «АЗКО» ЖШСгі тәулік өнімділігі 120 тонналы диірмен кешенін монтаждау бойынша жұмыстар жүргізуде, объект бағасы 84 млн.теңгені құрайды, 32 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2009 жыл. «ЗАТ-2004» ЖШС «Тобол» ӘКК ҰК АҚ біріге жылғы жалпы қуаты 330 мың тонналы цемент, құрғақ қоспалар және темірбетон өнімдерін шығару бойынша осы заманғы өндірістік кешенінің құрылысын жоспарлауда, жобаның бағасы 7 млрд.теңге, 300ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады. Ауданда астық өңдеудің одан әрі қарай дамуы «Астық Қоймалары» ЖШСің Новоишим селосында «Астықты терең өңдеу бойынша зауытты салу» жобасымен байланысты. Жобамен бидайдың жұмсақ сорттарын өңдеу (бидайды жылына 330 мың тоннаға дейін) алу, кептіру және нативтік (табиғи)өлшеп буып қою бидай клейковинасы (жылына 35 мың тонна), сондай ақ «А» тобындағы жоғарысапалы астық крахмалын (жылына 130 тоннаға дейін), «Б» тобындағы крахмалды, пентозанды және жуылған суды биоэтанол осы жағдайларды қосымша өндіріс болатын (жылына 20 мың тонна ) жіберу жоспарланып отыр «С.Т.К. compani» ЖШС Новоишим селосында нан өнімдері комбинатын салуды жоспарлауда, жобаның жалпы бағасы 720 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылады. 2008 жылдың 30 қаңтарында «Ұлттық компания «Тобол» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» аудан кәсіпкерлерімен – «Тобол» ӘКК ҰҚ АҚ мүмкіндігі мен қызметі тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. 2008 жылдың 20 наурызында ауданда СҚО бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеті «Қазақстан Стандарттау Институты» РМК СҚФ біріге аудан кәсіпкерлермен семинар-кеңес өткізді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы проблемалар: - өнеркәсіп кәсіпорындары өндірістік қуатының толық жүктелмеуі; - айналым қаражатының тапшылығы және төменгі пайыздық ставкалары бар ұзақ кредиттерге қол жетімсіздігі; - стандарттау саласында нормативтік құжаттардың халықаралық талаптарымен үйлестіру-деңгейінің жеткіліксіздігі; Кәсіпкерлікті дамыту Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында 2009 жылдың 1 қаңтарында тіркелген 1303 шағын бизнес субъектісі жұмыс істейді. 2007 жылмен салыстырғанда қызмет етпейтін шаруашылық фермерлік қожалықтарды жабу іріктендіру арқылы тіркелген 117 АШК құрылымға немесе 8,2% ға саны төмендеу байқалған. Олардың ішінде 1138 құрылым жұмыс істедй, тіркелген шағын бизнес субъектілерінің 87,34%-ын құрайды (облыс бойынша бұл көрсеткіш 70 %). Жұмыс істейтін құрылым санынан:
2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік бизнес субъектілер 11,7%-ға кеміген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде қамтылғандар саны 4,42%-ға көбейіп, 2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2009 жылдың 1 ақпанына – 3,64 мың адамды құрады. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда: 828 шағын кәсіпкерлік инфраструктурасы, оның ішінде: моншалар - 72, базарлар - 1, дәріханалар - 46, ТҚЕС - 25, ЖҚС - 25, транспорттық қызметтер - 88, жиһаз жөндеу пункттері - 7, қонақүйлер - 14, тұрмыстық техниканы радио және телеаппаратураларды жөндеу шеберханалары - 5, шаштараздар - 26, фотосалондар - 3, киімдер мен аяқ киімдерді жөндеу пункттері - 13, сауда кәсіпорындары - 391, қоғамдық тамақтану пункттері (асханалар, кафелер, ресторандар) - 68, басқадай объектілер – 44. 2008 жылы шағын бизнес саласында 123 жұмыс орны құрылды, 2009 жылдың қаңтар-ақпан айларында 42 жұмыс орны, жоспар бойынша 26 (жоспарды артығымен орындау 162 %), оның ішінде 42 жұмыс орны жеке кәсіпкерлермен құрылды (артық орындау 162 %). 2008 жылы ауданның ШКС несиелендірілуге 622,1 млн. теңгеден аса ақша жіберілді, оның ішінде: - екінші деңгейдегі банктермен 17 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 271,5 млн.теңге сомасында несие берілді, 2007 жылдың көрсеткішінен 2 есе артық; - 1 «Бірлік» несиелік серіктестігімен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге 291,5 млн.теңге сомасында 46 несие берілді, 2007 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе артық; - 3 шағын несиелік ұйымдармен 48,4 млн.теңге сомасында 223 несие берілді, 2007 жылдың көрсеткіш көлемін 8,1 рет артады; - «Ауыл шарушылығын қаржылық қолдау Қоры» АҚ РФ аудан бойынша 10,7 млн. теңге сомасында 40 шағын несие берді, 2007 жылдың көлемінен 1,67 есе артық; - бюджеттік бағдарлама бойынша 6 шағын және орта кәсіпкерлерге 101,7 млн. теңге сомасында несие берілді. 2008 жылы шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке кәсіпкерлер – заңды тұлғалардан түскен салық және басқа да міндетті төлемдер көлемі 249,7 млн.теңгені құрады. 2009 жылдың сәуір – мамыр айларында «Чолоян» ЖК асфальтбетон қоспасы бойынша өндірістік кешені құрылысын бастайды, объект сомасы105 млн.теңге, 32 жаңа жұмыс орны құрылады. Аудан кәсіпкерлері бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы өткізіліп жатқан халықаралық, республикалық және өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер туралы хабарландырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің беделін арттыру және қызметін ынталандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын «2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін» және «Алтын сапа» конкурстары өткізіледі. 2008 жылы ВИКОС ЖК Овчаренко И.В. «Алтын сапа» конкурсының дипломанты болды. «2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін» конкурсында Чолоян С.Д. ЖК «Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер» номинациясының номинаты болды,. Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының алғыс хатымен «Алтын сапа» конкурсында қатысқандары үшін Ищенко П.М. ЖК, Орымбаев А.Р. ЖК, Панарина Н.С. ЖК және и ВИКОС ЖК Овчаренко И.В. марапатталды. Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы проблемалар: Екінші деңгейлі банк филиалдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу көлемінің кемуі. Кәсіпкерлікті дамыту перспективалары: Жылсайынғы несиелеу көлемін 3%-ға, шағын бизнесте қамтылған және шағын кәсіпкерлер субъектілер санын 1%-ға ұлғайту болжануда. Сауда Ауданның тұтынушылық нарығында тауармен молықтырудың түзілген қалыпты-деңгейі сақталады. Сонымен бірге, нарықты тауармен қамтамасыз ету тұрақтылығы салыстырмалы болып келеді, себебі бұған басқа аудандар аумағында шығарылған импорттық өнімдер мен тауарлар есебінен қол жетті. Жедел деректер бойынша 2008 жылы ауданның бөлшек тауар айналымы 851,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімнен салыстырмалы бағада 49,6%-ға төмен. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда 391 сауда кәсіпорны, 68 қоғамдық тамақтану кәсіпорны мен 1 сауда базары жұмыс істейді, соның ішінде 2008 жылы 26 сауда және қоғамдық тамақтану объектісі ашылды. Әр елді мекенде тұтынушының өз қажеттілігі мен сатып алушылық қабілетіне сәйкес күнделікті сұраныс тауарларының барлық жиынтығын сатып алу мүмкіндігі бар. Ауданда осы заманғы сауда-технологиялық жабдықтармен жабдықталған, сауданың замануи нысандары және әдістерін қолданумен сатып алушыларға көрсетілетін қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, мамандандырылған сияқты әмбебап бағыттағы да ірі сауда кешендері торабын дамытуға мүмкіндік беретін дамыған сауда инфрақұрылымын құру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге көп көңіл бөлінеді. 2008 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда ЖК Л.А.Амангелиева Ж.К. «Нұр Сат» - сауда орталығы (жалпы көлемі 1500 шаршы метр) пайдалануға берілді бұл аудандағы тұңғыш замануи ірі сауда орталығы, ол сауда орталығы туралы әлемдік ұғымға сәйкес келеді. Инвестициялық бағасы 60 млн.теңге, оның ішінде 40 млн.теңге өз қаражаттары және 20 млн.теңге бюджеттік несиелендіру. Сауда үйі осы заманғы желдету, жылу және кондиционерлік, автоматикалық өртсөндіру жүйелерімен жабдықталған. Орталық сапалы сауда алаңдары, кездесу өткізу үшін бизнес-дәмхана, шаштараз және қызметтер саласын біріктіреді. Сауда саласындағы проблемалар: - сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамалық қамтамасыз етудің әлсіздігі. 3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер 1. Индустриялық – инновациялық даму 2. Кәсіпкерлікті дамыту
|
![]() | «Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы... | ![]() | Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Аудандық білім бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті мен нысаналы индикаторлары |
![]() | 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің миссиясы және алдағы уақытта көрінуі 1 | ![]() | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары |
![]() | Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі... | ![]() | Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан... |
![]() | 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы | ![]() | «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту 19 бет |
![]() | «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған | ![]() | Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан... |