Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!




Скачать 38.26 Kb.
НазваниеҚұрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Дата конвертации10.02.2016
Размер38.26 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economika.astana.kz/UserFiles/new16/doklad_kaz.doc
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!


Бүгін қалалық мәслихат сессиясының отырысында біз Астана қаласын дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасының бірқатар көрсеткіштерін түзетуді өткізуді ұсынамыз.

Бірінші кезекте бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен тиісті салалық министрліктер деңгейінде өңірлік даму көрсеткіштерінде көрсетілуі тиіс бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылдаумен себептеледі.

Жеке айқтанда, Елбасының тапсырмасына сәйкес ҮИИД бағдарламасын және «Бизнестік Жол картасы – 2020» іске асыру есебінен жыл сайын экономиканың 7 % өсімін қамтамасыз ету қарастырылады, осылайша ЖӨӨ және халықтың нақты кірісі өсімінің қарқыны ұлғайтылатын болады.

Бұдан басқа, қалалық мәслихаттың соңғы сессияларының бірінде Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті бекітілді, оның параметрлері 2015 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың нақтыланған болжамды индикаторларының есебімен белгіленді.

Макроэкономикалық саланың серпінді даму қарқындары экономиканың нақты секторы көрсеткіштерінің және әлеуметтік индикаторлардың үдемелі өсіміне тікелей ықпал еткенін айтып өту қажет.

Солай, ЖӨӨ мөлшері 2011 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 865 млрд. теңгені құрды, 2011 жылдың қорытындылары бойынша бағалау бойынша 1 трлн. 949 млрд. теңгеге жетеді, 2010 жылға өсім 8,5 %.

2011 жылдың қаңтар-қарашасында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 149 млрд. теңге сомасына өнім өндіріп, қызмет көрсетті, нақты көлем индексі 2010 жылдың тиісті кезеңіне 128,2 пайызды құрды.

Кәсіпкерлік саласында есепті кезеңде жалпы сомасы 798 млрд. теңгеге өнім өндірілді, жұмыс жасалды және қызмет көрсетілді, яғни 2010 жылдың қаңтар-қараша айларындағы өндіріс, жұмыс және қызмет мөлшеріне 102,5 пайыз.

Негізгі капиталға инвестиция мөлшері 2011 жылдың қаңтар-қарашасында 480 млрд. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 137,2 % құрды, құрылыс объектілеріне 236 млрд. теңге сомасында қаражат тартылды (101,1 %), оның ішінде тұрғын үй құрылысына 68 млрд. теңге (115,1 %) мөлшерінде инвестиция жолданды.

2011 жылдың 1 желтоқсанына барлық қаржыландыру көздері есебінен 1 366 мың ш.м. тұрғын үй салыны, енгізілді, бұл 2010 жылғы деңгейге 110,3 % құрайды, оның ішінде ЖТҚ бойынша 65,9 мың ш.м. салынды (156,9%).

Астана қаласын дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы нақтырақ айту үшін түзету мен нақтылануға жататын мына көрсеткіштерді айтып өту қажет.

Жеке қарағанда, ел бойынша ЖӨӨ өсімінің берілген параметрлерін ескерумен жалпы өңірлік өнімнің жоспарлы көрсеткішін 1 трлн. 531млрд. теңгеден 2 трлн. 107 млрд. теңгеге дейін 2012 жылы және 2015 жылы 1 трлн. 775 млрд. теңгеден 2 трлн. 556 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделеді.

Сонымен қатар, жаңа өндірістер ашу бойынша бизнес-құрылымдардың бастамаларын мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Инновацияларды дамытуға экономиканың нақты секторында, сондай-ақ елорданың әлеуметтік-қызмет көрсетуші инфрақұрылымына заманауи технологияларды тартуға бағытталған осы жылы ашылған «Astana Innovation» ЖШС әрекет ететін болады.

Сонымен қатар, өңірлік деңгейде ҮИИД бағдарламасын және «Бизнестік Жол картасы – 2020» іске асыру шеңберінде өнеркәсіп өнімі өндірісінің озық өсімін ескерумен өнеркәсіп өндірісі көлемін орташа жылына 35 млрд. теңгеге ұлғайту бойынша түзету қарастырылады (2012 жылы 109-дан 168 млрд. теңгеге дейін және 2015 жылы 127-ден 207 млрд. теңгеге дейін).

Оның ішінде, қайта өңдеуші өнеркәсіп салаларында жылына 25 млрд. теңгеге (2012 жылы 85-тен 138 млрд. теңгеге дейін және 2015 жылы 99-дан 171 млрд. теңгеге дейін).

Еңбек өнімінің көрсеткіші экономиканың осы секторында бір жұмыспен қамтылған адамға 7-10 мың долларға өсумен нақтыланады (2012 жылы 17-ден 25 мың АҚШ долларына дейін және 2015 жылы 21-ден 31 мың АҚШ долларына дейін).

Жақында Елбасының қатысуымен индустриялық паркте жылында 150 вагонға дейін жинақтайтын жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі «Тұпар-Тальго» зауыты іске қосылғандығы мәлім.

Осы жерде металлконструкциялары мен жиһаз өндіру кәсіпорындарының, ірі көкөніс қоймасы мен логистикалық кешен құрылысы да жүргізілуде, магистральдық тепловоздар шығару жөніндегі зауыттың екінші кезегі бойынша жұмыстар жалғасуда, дүниежүзілік деңгейдегі электровоздарды жинақтау жөніндегі жаңа өндірістің құрылысы басталды.

Осыған байланысты, индустриялық парк аумағында өнекрәсіп өндірісін 2012 жылы 50 млрд. теңгеге дейін және 2015 жылы 70 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделеді, осылайша, орта мерзімді кезеңге өнеркәсіп саласы бойынша жалпы жоғарыда келтірілген болжамды көрсеткіштерге тиісті нақтылау өткізу қажет.

Шағын және орта бизнес саласында өндірілетін өнім көлемін 2011 жылы 1024 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланады, 2015 жылғы көлемнің өсім қарқыны 2010 жылға қарағанда 1,4 есені құрайды.

Сауда саласында да бөлшек сауда айналымының өсімі күтілуде, солай, 2011 жылғы қорытындылар бойынша оның көлемі 301 млрд. теңге деңгейінде, ал 2015 жылы 2010 жылғы деңгейге 1,7 есеге өсіммен 468 млрд. теңгеден төмен емес деңгейде күтіледі.

Тиісінше, аталған орта мерзімді кезеңде негізгі капиталға инвестицялардың ұлғаюы болжанады, бұл көрсеткіштің шекті маңызы 2012 жылы 399 млрд. теңгеден 511 млрд. теңгеге дейін және 2015 жылы 460-тан 588 млрд. теңгеге дейін өседі.


Құрметті депутаттар!

Даму бағдарламасына бүгінгі түзетулерді енгізу, шешілуі елорданың барлық мемлекеттік басқару органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға жағдай туғызатын алдымызда қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рахмет!

Похожие:

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! icon25 мамыр. Соңғы қоңырау кешіне арналған сценарий
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты...
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconАқпараттық хат ҚҰрметті әріптестер!
«Салыстырмалы білім беру: әдіснамасы, заманауи үрдістері мен мәселелері» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция...
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconЖүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі
...
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconҚұрметті ауыл тұрғындары!
Біз міне 2010 жылды қортындылап отырмыз. Ауылымызға жаңа мақсаттарды белгілейміз. 2010 жыл біздің халқымыз үшін шын мәнінде бірлік...
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconАқтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің
Саламатсыздар ма, құрметті әріптестер! Сіздермен ерекше маңызды жыл – БҚҚД бес жылдығында өткізіліп отырған кеңесте кездесіп отырғаныма...
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconЕрлер мен пірлер
Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен...
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconҚұрметті катонқарағайлықтар!
Жас әрі қарқынды дамыған Астана – намысшыл және өрісі биік тәуелсіз еліміздің нысанына айналды
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconОкз «Баласағұн» Құрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі әріптестер!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconВыступление Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева на 13 съезде ндп "Нур Отан" Құрметті съезге қатысушылар мен қонақтар!
Выступление Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева на 13 съезде ндп "Нур Отан"
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! iconОқушылар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған, кешімізді ашық деп жариялаймыз!
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница