Скачать 28.76 Kb.
|
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы Сабақ тақырыбы: Сыныптан тыс оқу. Ғ.Мүсірепов Жапон балладасы Қазақ тілі мен әдебиетінің пән мұғалімі: Дәулет Гүлжанат Қазақ әдебиеті 8-сынып Сабақ тақырыбы: Сыныптан тыс оқу. Ғ.Мүсірепов Жапон балладсы Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды соғыс пен бейбітшілік арасындағы қарама-қайшылықтарды, шынайы өмір болмысын хикаят мазмұнына сын тұрғысынан қарауды, саналы шешім жасауға, шығарманың тақырыбы мен идеясын өздігінен таба білуге үйрету. ә) Елін, Отанын сүюге, бейбіт өмірді қадірлей білуге тәрбиелеу. б) Сана-сезімін, ойы мен тілін дамыту. Сабақ түрі: Аралас, дебат. Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, ой толғау, жеке іздену. Сабақ стратегиясы: Оратор, ДЖИГСО, дөңгелек үстел. Пәнаралық байланыс: Өмірмен, тарихпен, қоршаған ортамен, орыс әдебиетімен. Сабақ жабдығы: Үлестірмелі парақшалар, сызба схемалар, сурет, жазушы портреті. САБАҚ БАРЫСЫ І. Ұйымдастыру кезеңі: Қатысуды тексеру, сынып оқушыларын үш топқа бөлу, зейіндерін сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе: Дөңгелек үстел стратегиясы: 1-2 топқа «Соғыс» сөзі беріледі. 3-топқа «Бейбітшілік» сөзі беріледі. Әр оқушы берілген қағазға өз ойын жазады. Топ спикері түсіндіреді. (2 минут) ІІІ. Жаңа сабақ: Сыныптан тыс оқу. Ғабит Мүсірепов Жапон балладасы Үш топқа үзінділер беру 1-топқа. Арқаның әңгімесі. 2-топқа. Көздің әңгімесі. 3-топқа. Тастың әңгімесі. Әңгіме бөлімдерін оқуға 3-4 минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң топтарды оратор стратегиясы бойынша пікір таластырып, дебат жүргіздіру. 1-топ. Саясаткерлер. 2-топ. Ғалымдар. 3-топ. Халық. Әр топ әңгіме желісі бойынша өз ойын ортаға салып, қорғап шығу керек. Бұл апатқа кімдер кінәлі? Автор шығармада кім кінәлі дейді? (мысал келтір). Егер ғалымдар бомба ойлап таппаса, соғыс болмас па еді? Жалпы алғанда бұл оқиғаны соғыс деп атауға бола ма? Әңгімедегі бейбіт өмір мен үлкен апатты автор қалай салыстырған? Әр топ өз пікірін қорғайды (өзін-өзі бағалау). Пікір айтып өз пікірін дәлелдеген оқушыға топ спикері нақты пікірі үшін бағалау парақшасына «+» белгісімен белгілеп отырады. Бекіту: Дәптермен жұмыс. Шығармадағы антонимдерді теріп жазу. Қазіргі кезде ХХ ғасырдың қателігі қайталанбау үшін не керек? - Арқаң Жапонияның географиялық картасындай. Мұнда өзен, Фудзиями тауы, Жапон теңізі де бар, - деп, кейіпкер сөзі арқылы автор не айтқысы келген? Жер шарындағы мемлекеттер адамның дене мүшесі сияқты. Дене мүшелері бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Қорытындылау: Әр топтың жүйелі пікірін тыңдап болғаннан кейін оқушылар шығармаға модульдік жүйе шығару керек. Саясаткерлердің мақсаты не? Ғалымдар кім үшін қызмет етеді? Халыққа не керек? Автор шығарма бойынша соғыс пен бейбіт өмірді салыстырғандай. Шығарманың тақырыбы мен идеясы не? Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырма. Соғыс пен бейбітшілік тақырыбында шығарма жазу. Ең үздігін газетке жіберу. Соғыс пен бейбітшілік тақырыбында ақындар өлеңін жаттап келу. Бағалау: Рейтинг жүйесі бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды. |
![]() | Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Күнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар, 10 сынып қазақ әдебиеті Шоқан таңдамалылары. Акт стикар, постер | ![]() | 7-сынып. Сабақ тақырыбы Сабақ тақырыбы: §1,§2, Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника |
![]() | Мүтәлиева Раушан Мамырқызы, ф.ғ. к., доцент Пререквизиттер – ХІХ ғ. қазақ әдебиеті пәніне қажетті пәндер: шетел әдебиеті, түркі халықтары әдебиеті, орыс әдебиеті, әдебиеттануға... | ![]() | Х сынып қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ақан сері шығармаларындағы заман сипаты мен Ақан серінің өмірі мен өмір сүрген қоғамның ерекшеліктері мен шығармашылығы – әдеби-мәдени мұрасы туралы оқушылардың жинаған мәліметтері... |
![]() | Сабақ тақырыбы: Жануарлардың сан алуандығы. Сабақ мақсаты Сабақ көрнекілігі: сюжетті суреттер, семантикалық карта, жануарлар макеті, видео таспа, үнтаспа т б | ![]() | 5- сынып қазақ тілі ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекелері Сабақтың мақсаты: Білімділік Білімділік: Наурыз мерекелері туралы мағлұмат алу. Наурыз мерекелерінде өткізілетін салт-дәстүрлер, ойындар, қазақтың дастарқаны... |
![]() | 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары... | ![]() | Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В 012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі... |
![]() | 5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған ПОӘК«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар | ![]() | 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттеріне... |