Қазақстан республикасының Қаржы рыногын




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
страница1/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish299666_5869.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚРӘМ № 4734 13.06.2007ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2007 жылғы 30 сәуір № 133





Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы



Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ашық валюталық позиция - бұл жинақтаушы зейнетақы қорының жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын талаптарды (міндеттемелерді) жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;

2) әртараптандыру – жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін олардың құнын азайтудың тәуекелін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасымен рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;

3) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы рыноктарындағы жағдай өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

4) бэк-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;

5) бэк-тестинг – жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

6) валюталық тәуекел – жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;

7) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын жинақтаушы зейнетақы қорының активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде пайыздық тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;

8) елдiң (трансферт) тәуекелi - шет мемлекеттiң немесе шет мемлекет резидентiнiң қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiндегі мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

9) жинақтаушы зейнетақы қорының валюталық нетто-позициясы - жинақтаушы зейнетақы қорының барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияның жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;

10) инвестициялық декларация – активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес данамен таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында басылған инвестициялау объектілерінің тізбесін, мақсатын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

11) кредиттік тәуекел – бағалы қағаз шығару талаптарымен белгіленген мерзімде инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;

12) қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, міндеттемелерді (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерді) жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасындағы талаптарына (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарына) қарағанда күшейтуі;

13) операция тәуекелi – жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Операция тәуекелiне сондай-ақ операциялық (компьютерлік) жүйелердегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;

14) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi – жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздар өтімділігін жоғалту тәуекелі активтер сияқты олардың тез сатылу қабілеттілігімен, төмен шығасылармен және қолайлы бағалар бойынша айқындалады;

15) пайыздық тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:

орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаттамасы бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;

16) рыноктық тәуекел – қаржы рыноктарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері рыноктық тәуекелдің көздері болып табылады;

17) стресс-тестинг – жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдісі;

18) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;

19) уәкілетті орган – қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

20) ұзақ валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарды) жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;

21) фронт-офис – салымшылармен және алушылармен жасалатын жұмысты жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;

22) «stop-loss» – лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі.

2. Осы қаулының қолданылуы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорларына таралады.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйесі:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қаржы құралдарымен операцияларды жүргізу практикасына;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ақпараттық жүйелердің және ақпаратты басқару жүйелерінің жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың сақталуын көздейді.

4. Қаржы құралдарымен дербес операцияларды жүзеге асырмайтын жинақтаушы зейнетақы қорларына тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын мынадай талаптар таралмайды, мыналармен анықталған:

«Талаптар критерийлері» бағанасының 9,11 жолдарымен, 12-жолының бірінші абзацымен, «Талаптар критерийлері» бағанасының 16-жолының алтыншы абацымен, 17, 18-жолдарымен, «Талаптар критерийлері» бағанасының 20-жолының екінші абзацымен, осы Ереженің 1-қосымшасының 22-жолымен;

осы ереженің 2-қосымшасымен;

«Талаптар критерийлері» бағанасының 1-жолының үшінші абзацымен, осы Ереженің 3-қосымшасының 2-жолымен;

осы ереженің 4-қосымшасының 21, 28, 35-38, 42, 45, 51-66, 67, 69- жолдарымен;

осы ереженің 5-қосымшасының 4, 5, 6, 9, 10, 12-25 жолдарымен.

5. Осы қаулының 4-қосымшасында айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорларының орындауы үшін міндетті талаптардың негізгі критерийлері.

6. Осы қаулының 5-қосымшасында айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорларының орындауы үшін міндетті талаптардың қосымша критерийлері.

7. Жинақтаушы зейнетақы қоры есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жыл сайын уәкілетті органға осы қаулының 1-3 қосымшаларында көрсетілген талаптарды орындауды бағалау бойынша өздерінің дайындаған есептерін ұсынады.

Осы есепте мыналар бар:

1) тәуекелдері басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптардың толық тізбесі және талаптардың критерийлері;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдері басқару жүйелерінің болуына қойылатын әрбір талапқа және талаптардың критерийлеріне, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының көрсетілген талаптарға сәйкестігін егжей-тегжейлі анықтайтын сәйкестік (сәйкессіздік) бағасы;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктер, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар және талаптар критерийлері бойынша кемшіліктер;

4) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар.

8. Зейнетақы жарналарын тару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорларына 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 5-қосымшасымен айқындалған қосымша талаптар критерийлерін орындауды қамтамасыз етсін.

9. Осы қаулы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

10. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):

  1. Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

11. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қолға алсын.

12. Осы қаулының орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.


Төраға А. Дунаев


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2007 жылғы 30 сәуір № 133 қаулысына 1-қосымша

Тәуекелді басқару жүйесін ұйымдастыруға

қойылатын талаптар

 



Талаптар атауы

Талаптар критерийі

1.

Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративті стратегияны қалыптастырды.

 

  Жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративті стратегиясында жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан он жылға дейін) мақсаттары анықталды.

  Жинақтаушы зейнетақы қорының ұзақ мерзімді стратегиясы бұрын жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне жағымсыз әсер еткен факторларды болдырмау мақсатында жасалды және тұрақты жетілдіріледі.

Директорлар кеңесі инвестициялық декларацияны бекітті.

2.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді, оның ішінде:

жинақтаушы зейнетақы қорының мүддесіне байланысты дауларды реттеу жөніндегі тәртіпті;

функциялары тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдердің орындалуын көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

тәуекелдерді басқару тәртібін;

ішкі аудит жөніндегі тәртіпті;

ішкі бақылау жөніндегі тәртіпті;

есепке алу саясатын;

ақпараттық қауіпсіздік тәртібін.


3.

Директорлар кеңесі ішкі аудитті жүргізу тәртібін бекітеді.


Ішкі аудит бойынша құжаттарда ішкі аудит қызметінің директорлар кеңесіне және жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасына әрбір тексерулердің нәтижелерін ұсынудың оңтайлы мерзімдері көзделеді.

Ішкі аудит қызметінің өкілеттігі бөлімше үшін орындалуы міндетті болып табылатын жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдері мен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді.

Ішкі аудит қызметі жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданатын іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарланған мониторингті жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, жинақтаушы зейнетақы қорында қосымша ықтимал тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.

Басқарма әр тексеру нәтижесі бойынша ішкі аудит қызметінің аудиторлық есебін талдайды және директорлар кеңесіне анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті шараларды қабылдау жөнінде ұсыныстар жасайды.


4.

Директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне басқару есептілігі жүйесінің ішкі аудит қызметі ұсынған аудиторлық есептерін, сондай-ақ сыртқы аудиторлардың аудиторлық есептерін ұсыну арқылы мониторинг жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге талаптарын, ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын орындауына, жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауына бақылау жасайды.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердіңнысандарын және...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconЖинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке
Азақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница