Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы
страница1/5
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.5 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish754565_9039.doc
  1   2   3   4   5
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 15:59:05


Банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 60 Қаулысы

 

Банктерді ерікті тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктерді ерікті тарату ережесі бекітілсін.

2. Мынадай нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1220 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 16 наурыздағы № 89 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1833 тіркелген);

3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1220 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 10 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2711 тіркелген).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Г.А.Бахтиярова):

1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

 

Төраға

А. Дунаев

 

Келісілді

Келісілді

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк Төрағасы

Мәдениет және ақпарат

 

министрлігінің Ақпараттар

 

және мұрағаттар комитетінің

Төрағасы

Төрағасы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

2007 жылғы 30 наурыздағы

60 қаулысымен

Бекітілген

 

Банктерді ерікті тарату ережесі

 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-1, 69, 74-4 бабына сәйкес (бұдан әрі - Банктер туралы заң) әзірленді және ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметінің ерекшелігін, ерікті таратылатын банктің кредиторлар комитетінің қалыптасуын және қызметін, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту тәртібін, тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтауы бойынша талаптарын айқындайды.

Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшелігі осы банктер мен олардың құрылтай құжаттарын құру құралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) айқындалады.

Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы заңнамасымен айқындалған мәндерде қолданылады.

 

1-тарау. Банкті ерікті тарату процесінің басталуы

 

1. Ерікті тарату процесінің басталуы банктің тарату комиссиясының құрылу күні болып есептеледі.

2. Банктің тарату комиссиясы банк акционерлерінің жалпы жиналысы арқылы банктің филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннен кешіктірмей құрылады.

Банктің тарату комиссиясының құрамын өзгерту банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

3. Банктің тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және банкті тарату процесі аяқталғанға дейін:

1) ерікті таратылатын банк акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа органдарының және лауазымды тұлғалардың, оның ішінде банктің мүлікті басқару және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктерінің, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары осы Ережеде көзделгеннен басқа жағдайларда тоқтатылады;

2) таратылатын банк атынан немесе таратылатын банк есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекет, егер оларды банктің тарату комиссиясының төрағасы не осы іс-қимылды атқаруға төраға Қазақстан Республикасы заңнамасымен ресімделген сенімхат берген тұлға жүзеге асырғанда ғана заңды күшке ие бола алады;

3) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі аяқталған болып есептелінеді;

4) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрі бойынша құнсыздық пен сыйақыны есептеу тоқтатылады;

5) банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар банктің тарату комиссиясының төрағасының атына ғана ұсынылуы керек және осы Ережемен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен қаралады;

6) таратылатын банктің мүлкін өтеуге байланысты барлық белгіленген заңнамалық шектеулер алынып тасталады.

 

2-тарау. Тарату комиссиясы

 

4. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап оған таратылатын банктің ісін және мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер көшеді.

Тарату комиссиясы банктің ісін, оның ішінде оның кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуын қамтамасыз етуін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет жасайды және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес бола алады.

Тарату комиссиясының шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады, оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызмет етуіне дербес жауап береді.

Банктің тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.

6. Банктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері болса, оларды сол жерде құрылатын банктің тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.

Бөлімше құрамы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан қалыптасады және тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалады.

7. Бөлімшені тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға бұйрығымен тағайындалған басшы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басқарады.

Бөлімше басшысы өзінің қызметін тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы және бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

8. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясының тартылған қызметкерінің құқықтары мен міндеттері, еңбекақы төлемінің талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында анықталады.

Жұмысқа қабылдау банктің тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

9. Тарату комиссиясының төрағасы шұғыл басшылықты жүзеге асырады, бөлімше басшыларының жұмысын және бөлімшенің қызметін бақылайды.

10. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершілікті алады.

11. Банк акционерлері банктің тарату комиссиясының құрамына «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 3-тармағына сәйкес енгізіледі.

12. Тарату комиссиясы:

1) әділеттің орталық органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кредиторлардың талап-шағымдарын (өтініштерін) ұсыну тәртібін, мерзімін және банк кредиторлары өз талаптарын ұсынуға құқылы мекен-жайларын міндетті түрде көрсетіп, банктің ерікті таратылатындығы туралы ақпаратты жариялайды.

Талап-шағыммен өтінішті ұсыну мерзімі тарату туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиіс;

2) банктің басшылығынан банктің құқықтық негізді құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, ақпараттың электронды тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, таратылатын банктің бланктерін және басқа да құжаттарын, құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы тиісінше актіні жасау арқылы қабылдайды;

3) банктің активтерін қабылдайды;

4) таратылатын банктің кассасын дереу түгендейді, ақша қалдығын ағымдағы шоттарына аударады;

5) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банктің корреспондеттік шоттарына тексеру жүргізеді, оларды жабады және теңгеде және шетел валютасында таратылып отырған банктің ағымдағы шоттарын ашады;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісінше филиалдарына банк атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымды тұлғалардың қол қою үлгілерімен жаңа құжаттар ұсынады;

7) уәкілетті органның банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімінің, банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімінің көшірмелерін банктің салымшыларына (кредиторларына) көрінетін көрнекі орынға орналастырады;

8) тарату комиссиясын құрған күнге электронды түрде жасалған есеп-бухгалтерлік ақпаратты басып шығарады.

Осы ақпарат электронды түрде болмаған жағдайда, негізге осы күнгі қағаз тасымалдағыштағы ақпарат алынады;

9) толық материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар тобын, оның ішінде банктің бухгалтерлік есепті жүргізудің электрондық жүйесіне кіруге және қаржылық және өзге де есеп беруді өңдеуге рұқсаты бар тұлғаларды анықтайды;

10) таратылатын банктің істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін банк құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;

11) банктің бағдарламалық қамтамасыз етудің сақталуын және ақпаратының электронды тасымалдағыштарын, сондай-ақ басқа да ақпаратын сақталуын қамтамасыз етеді;

12) банк қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

13) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті қызметкерлерді жалдайды;

14) кредиторлардың тізімін жасайды, бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгілейді және талдамалық есеп деректерімен салыстырады;

15) банктің әрбір кредиторын банктің ерікті таратылатындығы туралы жазбаша хабарландырады;

16) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, бар деректемелерді және жазбаша хабарландыру мүмкіндігі жоқтығының себептерін көрсетіп акт жасайды;

17) таратылатын банк кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды бекітілген банктің аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

18) банкті таратудың барлық кезеңінде банктің мүлкін және құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің дебиторларынан берешектерді алу үшін шаралар қабылдайды;

20) уәкілетті органға жасалған жұмыс туралы есепті, сондай-ақ тарату процесіне қатысты басқа да мәліметтерді береді;

21) кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіз болу фактісі анықталған жағдайда, сотқа банкті банкрот деп тану туралы өтініш береді;

22) тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оны банк акционерлерінің жалпы жиналысының бекітуіне ұсынады;

23) банкті таратуды аяқтау барысында белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтау үшін құжаттарды береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді;

24) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Таратылатын банктің теңгедегі және шетел валютасындағы ағымдағы шоты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісінше филиалындағы бас офисінің орналасқан жерінде ашылады.

Тарату комиссиясының бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарындағы ағымдағы шоттарды мына мақсаттарда ғана ашады:

1) таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына ақша аудару;

2) тарату комиссиясы бөлімшелері қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу үшін таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотынан келіп түсетін ақшаны қабылдау;

3) кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотынан келіп түсетін ақшаны қабылдау.

Таратылатын банктің барлық ақшасы осы Ережемен көзделген касса лимитін, оның ішінде филиалдарын не өкілдіктерін қоспағанда, таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына аударылады.

Таратылатын банк берешегі жоқ клиенттерінің жазбаша талабы бойынша банкті ерікті таратуға рұқсат алғаннан кейін тарату комиссиясы жедел (талаптарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде) банкті ерікті таратуға рұқсат алғаннан кейін таратылатын банктегі клиенттердің банк шоттарына түсетін ақшасын олардың жаңа деректемелері бойынша қайтарады.

14. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау немесе өзге құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, банктің тарату комиссиясы белгіленген тәртіп бойынша құқық қорғау органдарына немесе сотқа өтініш жасайды, сондай-ақ уәкілетті органды хабардар етеді.

15. Тарату жоспарында және кестесінде белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, тарату комиссиясы он күндік мерзімде уәкілетті органға тиісті құжаттардың көшірмелерімен қоса тиісті жазбаша түсініктеме, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы қайта бекіткен тарату жоспары мен кестесін ұсынуға тиіс.

 

  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconРеттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы №223 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі Агенттік) Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconҢгейдегі банктерді консервациялау ж
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы №177 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconБанк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы №168...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconИслам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы №66...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница