«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже




Скачать 123.54 Kb.
Название«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже
Дата конвертации10.02.2016
Размер123.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://samruk-energy.kz/docs/kaz/8.doc
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

2009 жылғы «8» қазандағы №26 хаттама


«Самұрық-Энерго» АҚ

Ішкі аудит қызметі туралы ереже


1. Жалпы ережелері


  1. Ішкі аудит қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) мәртебесін, Қызметтің міндеттерін, функцияларын, құқықтарын және жауапкершіліктерін, Қызмет құрылымына және оның жұмысшыларының біліктілігін, Қызмет жұмысшыларының еңбекақысының мөлшері мен төлеу шарттарына және сыйақы беруге, оларға тәртіптік жаза қолдану туралы шешімдер қабылдауға негізгі талаптарды; сондай-ақ Қызмет басшысының өкілдіктерін және Қызметтің Директорлар кеңесімен, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) басқармасымен, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды.

  2. Қызметтің штаттық саны (сандық құрамын) мен штаттық кестесін Қоғамның Директорлар кеңесі (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) бекітеді және Қоғамның штаттық кестесіне енгізіледі.

  3. Қызметті басшы басқарады. Қызмет өкілдіктерінің мерзімін, басшысы мен жұмысшыларын тағайындауды, сондай-ақ олардың өкілдіктерінің мерзімінен бұрын аяқталуын, Қызмет басшысы мен жұмысшыларының еңбекақысының мөлшері мен төлеу шарттарын және сыйақы беруді Директорлар кеңесі анықтайды.

  4. Қызмет жұмысшыларына арналған әлеуметтік қолдау, кепілдіктер және компенсация төлемдері Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  5. Қызметтің басшысымен және жұмысшыларымен Еңбек шарты Директорлар кеңесінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Қоғам Басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) төрағасы жасайды.

  6. Қызмет басшысы мен жұмысшыларының лауазымдық міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері тиісті лауазымдық нұсқаулармен анықталады, олар Қоғамның осы Ережесі, еңбек шарттары, ішкі құжаттары негізінде әзірленеді және Директорлар кеңесінің төрағасы, немесе оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы бекітеді.

  7. Қызмет өз қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғам органдарының шешімдерін, Жарғысын, осы Ережені және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Сондай-ақ Қызметтің қызметі Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына негізделген.


2. Қызметтің мәртебесі


  1. Қызмет Қоғамда Директорлар кеңесіне тікелей бағыныштылар мен есеп берушілерге ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Қоғам органы болып табылады. Қызмет қызметіне жетекшілік етуді Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Аудит жөніндегі комитет) жүзеге асырады.

  2. Қызмет өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауы кезінде, оларды тиісті деңгейде орындау және әділ әрі бейтарап пікір қалыптастыру мақсатында қандай да бір тұлғаға тәуелді болмауы тиіс.

  3. Өз функцияларын орындау процесінде әділ әрі бейтарап қағидаларды сақтау мақсатында, Қызмет жұмысшылары ішкі аудитке тартылуы және олар аудитке тартылатын мерзім ішінде жүзеге асырған аудит қызметімен немесе функцияларымен айналысуы мүмкін қандай да бір қызмет түріне тартылмауы тиіс.

  4. Қызметтің қызметін бағалауды Аудит жөніндегі комитеттің ұсынысы негізінде Директорлар кеңесі, сондай-ақ Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысында және/немесе сыртқы аудитор жүргізеді.

  5. Қызмет жұмысшыларына Қызметтің статусына, Қоғамның Жарғысына және осы Ережеге сәйкес қолданылмайтын, құжаттарды қоспағанда, Қоғамның ішкі құжаттарының ережелері таралады.


3. Миссиясы мен мақсаттары


  1. Қызметтің миссиясы Директорлар кеңесіне және Басқармаға Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттерін орындауда қажетті көмек көрсетуі.

  2. Қызмет қызметінің негізгі мақсаты қауіптерді басқару, ішкі бақылау және бірлескен басқару жүйелерін жетілдірудің жүйелі тәсілін енгізу жолымен, Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз әрі әділ объективті ақпаратты Директорлар кеңесіне беру болып табылады.


4. Міндеттері мен функциялары


  1. Қызметтің негізгі міндеттері:

  1. ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;

  2. қауіптерді жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;

  3. бухгалтерлік есеп жүйесінің нақтылығын, толықтығын, дұрыстығын және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау;

  4. Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бағалау және осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің барабарлығын бағалау (комплаенс-контроль);

  5. Қоғамның ресурстарын пайдалану орындылығы мен тиімділігін және Қоғам мүлкінің бүтіндігін қамтамасыз етуде қолданылатын әдістерді (тәсілдерді) бағалау;

  6. Қоғамдағы бірлескен бағалау процесін жетілдіруді бағалау;

  7. Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарының ішкі аудит қызметін әдістемелік қамтамасыз ету.

  1. Қызмет, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, бекітілген тәртіпте мынадай функцияларды орындайды:

  1. Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне бағалау жүргізеді;

  2. Қоғамдағы қауіптерді бағалау әдістемесі мен қауіптерді басқару рәсімдерін қолдану толықтығына және тиімділігіне бағалау жүргізеді;

  3. Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарының сақталуына, сондай-ақ өкілетті және қадағалаушы органдардың нұсқауларының, Қоғам органдары шешімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді және осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйелерді бағалайды;

  4. Қоғамның бөлімшелері өздерінің алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, Қоғамның стратегиялық мақсаттары аясында қолданатын шаралардың барабарлығына бағалау жүргізеді;

  5. бірлескен басқарудың қабылданған қағидаларын, тиісті этикалық стандарттарды және Қоғамдағы құндылықтарды енгізу және сақтау бойынша бағалау жүргізеді;

  6. Қоғамның тиісті органдары мен ұйымдарының қауіптермен және ішкі бақылаумен байланысты мәселелер бойынша ақпарат алу тиімділігіне бағалау жүргізеді;

  7. Қоғамның сыртқы аудитордың ұсыныстарын орындауына мониторингті жүзеге асырады;

  8. Қызметтің бекітілген тәртіпте берген ұсыныстарының орындалуына алдағы уақытта бақылауды жүзеге асырады;

  9. Қоғамның бірлескен басқаруға, ішкі бақылауға және қауіптерді басқаруға қатысты ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысады;

  10. Директорлар кеңесіне, Басқармаға, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарына ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді;

  11. Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымының ішкі аудит қызметінің қызметіне жетекшілік етеді және Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымында директорлар кеңестері және/немесе аудит жөніндегі комитеттері болмаған жағдайда, оның қызметін бағалауға қатысады;

  12. сыртқы аудитор өткізетін Қоғамның аудитіне қатысады;

  13. еншілес/тәуелді ұйымның ішкі аудит қызметі жұмысшыларын кәсіби оқытуға, қайта даярлауға және біліктіліктерін арттыруға бағытталған ұсыныстарды береді;

  14. ерекше жағдайларда, Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымында ішкі аудитті жүзеге асырады, бұл ұйымда ішкі аудит қызметі жоқ болса;

  15. Қызметке жүктелген басқа да функцияларды өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.


5. Біліктілік талаптары


  1. Қызмет басшысының:

  1. жоғары кәсіби (қаржылық-экономикалық) білімі және қосымша арнайы дайындығы;

  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласында – кем дегенде жеті жылдық жұмыс тәжірибесі;

  3. басшылық лауазымда – кем дегенде үш жылдық жұмыс тәжірибесі;

  4. Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары және ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары білімі;

  5. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білімі болуы тиіс.

Қоғам Қызметінің басшысына қосымша арнайы дайындық бөлімінде мынадай ең төменгі талаптар қойылады: міндетті түрде Қазақстан Республикасының өкілетті органы аккредиттеген сертификаттау жөніндегі ұйым берген есепші-тәжірибешінің сертификаты CAP (Certified Accounting Practitioner) және/немесе кәсіби есепшінің сертификаты бар болуы тиіс.

Сонымен қатар мемлекеттік және шетел тілдерін білгені жақсы.

  1. Қызмет жұмысшысының:

  1. экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе ақпараттық технологиялар салаларында және/немесе техникалық салада және/немесе заң саласында жоғары білімі;

  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы және/немесе ақпараттық технологиялар салаларында және/немесе техникалық салада және/немесе заң саласында кем дегенде үш жылдық жұмыс тәжірибесі;

  3. Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары және ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары білімі;

  4. ҚР нормативтік құқықтық актілері, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білімі болуы тиіс.

Сонымен қатар аудит және/немесе есеп және қаржылық менеджмент саласында сертификаты және/немесе біліктілігі болғаны, мемлекеттік және шетел тілдерін білгені жақсы.


6. Қызметтің құқықтары


  1. Қызмет негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін бекітілген тәртіпте:

  1. ішкі аудитке байланысты сұралатын барлық құжаттамаларға және кез келген басқа ақпаратқа, соның ішінде, Қоғамның коммерциялық және қызметтік құпиясын құрайтын мәліметтер мен ақпаратқа рұқсатқа;

  2. есеп деректерінің ақпараттық базасына (бухгалтерлік есептің компьютерлік бағдарламалары және т.б.) рұқсатқа тұрақты негізде бейтарап режимде, яғни енгізу және түзету құқығынсыз;

  3. материалдарды, соның ішінде, акционерлердің Жалпы жиналасына, Директорлар кеңесіне, Қоғам Басқармасына бекітуге шығарылатын құжаттардың жобаларын сұрауға және алуға және Қоғамның көрсетілген органдарының барлық бұйрықтарын/хаттамаларын алуға;

  4. Қоғамның Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша Қызметтің жоспарлы іс-шараларын әзірлеу және жеке тапсырмаларын орындау үшін, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшыларын, сондай-ақ Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарын қосқанда басқа да заңды тұлғалардың мамандарын тартуға;

  5. акционерлердің Жалпы жиналысымен, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарымен, Қоғамның басқа да ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен Қызметтің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар өткізуге;

  6. ішкі аудиттің рәсімдері мен әдістерін жетілдіру, Қоғамның бақылау жүйесін және басқару саясатын өзгерту бойынша Директорлар кеңесіне ұсыныстар енгізуге;

  7. Қызметтің қызмет бағыттары бойынша Қоғамның бағдарламалары мен жобаларын дайындауға және іске асыруға қатысуға;

  8. Қоғам жұмысшыларын оқытуға, қайта даярлауға, біліктіліктерін арттыруға бағытталған бағдарламаларға және ішкі аудиторларды сертификаттау бағдарламаларына қатысуға;

  9. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, осы Ережеге және Қоғамның ішкі құжаттарына қайшы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


7. Қызметтің жауапкершілігі


  1. Қызмет өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындауға жауап береді.

  2. Қызмет басшысы, бекітілген тәртіпте, осы Ережеге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның еңбек шартына, лауазымдық нұсқауларына және басқа да ішкі құжаттарына сәйкес, Қызметке жүктелген функциялар мен міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындауға жеке жауап береді.

  3. Қызмет жұмысшылары, бекітілген тәртіпте, лауазымдық нұсқауларға, еңбек шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздеріне жүктелген функцияларды уақтылы әрі сапалы орындауға жеке жауап береді.


8. Қызмет басшысының өкілдіктері


  1. Қызмет басшысының лауазымдық міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері лауазымдық нұсқаумен бекітіледі. Қызмет басшысының өкілдіктеріне міндетті түрде мыналар кіреді:

  1. Қызметтің жылдық аудиторлық жоспарын құруды қамтамасыз ету және оның орындалуын бақылау;

  2. Қоғамның ішкі құжаттарын және ішкі аудит бойынша әдістемелік ұсыныстарды және Қызметтің қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

  3. Қызметтің қызметінде Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысында бекітілген (ұсынылған), ішкі аудиттің бірыңғай базалық қағидалары мен рәсімдерін қолдануды қамтамасыз ету;

  4. Директорлар кеңесіне Қызметтің қызметі туралы есептер беруді қамтамасыз ету;

  5. Қызметтің мақсаттарына қол жеткізу үшін оның міндеттері мен функцияларының өзектілігін мерзімді талдау;

  6. Қызметтің сандық құрамын, өкілдіктер мерзімін анықтау, Қызмет жұмысшыларын тағайындау, сондай-ақ олардың өкілдіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Қызметтің жұмыс тәртібін, жұмысшылардың еңбекақыларының мөлшері мен төлеу шарттарын және сыйақы беруді, Қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді анықтау жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

  7. Қызмет жұмысшыларының кәсіби дайындық деңгейін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау;

  8. мүдделер қайшылығын болдырмау, сондай-ақ тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету мақсатында мерзімді немесе қажет болғанда Қызмет жұмысшыларының міндеттерін алмастыру;

  9. Қызметтің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің және/немесе Аудит жөніндегі комитеттің мәжілісін шақыруға бастамашы болу;

  10. Қызметтің құзіретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.


9. Жазаға тарту


  1. Еңбек тәртібін бұзғандығы, жүктелген еңбек міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Қызмет басшысына және жұмысшыларға бекітілген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданылады.

  2. Қызмет басшысының және жұмысшыларың материалдық жауапкершілігі және олар келтірген зиянның (мұндай жағдай бар болса) орнын толтыру тәртібі, сондай-ақ тәртіптік жаза қолдану жөніндегі рәсімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.


10. Директорлар кеңесіне ақпарат беру


  1. Қызмет Директорлар кеңесіне, Аудит жөніндегі комитет алдын-ала қараған, Қызметтің қызметі туралы есепті мынадай мерзімдерде береді:

  1. тоқсандық – есеп берілген тоқсаннан кейінгі айдың 25-не;

  2. жылдық – есеп берілген жылдан кейінгі екінші айдың 15-не;

Директорлар кеңесі төрағасының немесе Аудит жөніндегі комитет төрағасының сауалы бойынша Қызмет басшысы Қызметтің қызметі туралы ай сайынғы қысқаша есепті береді.

  1. Қызмет аудиторлық міндеттердің нәтижелері бойынша құрған және Қоғам жұмысшыларының заңсыз әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) көрсететін есептер олар жүргізілгеннен кейін бірден Директорлар кеңесіне беріледі.

  2. Қызмет басшысы Директорлар кеңесіне және Аудит жөніндегі комитетке берілетін ақпараттың толықтығы мен нақтылығын тексеру үшін талдауды қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Қызметтің қызметі туралы есеп:

  1. Қызметтің аудиторлық жоспарына сәйкес, жүргізілген аудиторлық тапсырмалар бойынша берілген ұсыныстар көрсетілген қысқаша қорытындыларды (қажет болғанда тиісті материалдардың қосымшасымен);

  2. есеп беру кезеңінде Қызмет жүргізген басқа да іс-шаралар (жұмыс) туралы ақпаратты (жоспардан тыс авудиторлық тапсырмалардың және сыртқы аудиторлардың ұсыныстарының, жеке ұсыныстардың мониторинг нәтижелері, тренингтерге қатысу туралы ақпарат және т.б.);

  3. есеп беру кезеңінде аудиторлық қызметтің нәтижелерін жинақтайтын, аудитті қамтитын сала мен қойылған мақсаттарға қатысты аудиторлық қызметтің нәтижелері жөніндегі қорытынды.

  1. Директорлар кеңесі Қызметтің қыметі туралы есептерді қарайды және Директорлар кеңесінің бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес шешімдер қабылдайды.

  2. Қызмет басшысы тұрақты түрде Директорлар кеңесін Басқарманың басқа да бақылау және басқару функцияларын үйлестіруді және қадағалауды жүзеге асыруға қатысты ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс (тәуекел-менеджмент, ішкі бақылау, қауіпсіздік, бизнестің үздіксіздігі, сыртқы аудит және т.б.).


11. Қызметтің Басқармамен өзара іс-қимылы


  1. Қызметтің Басқармамен қарым-қатынастары тәуелсіздік қағидаларына байланысты құрылуы тиіс, өйткені Қызметтің ұйымдық және функционалдық тәуелсіздік деңгейі ішкі аудиторлардың әділдігіне тікелей әсер етеді.

  2. Қызмет, өз қызметінің нәтижелері бойынша, Басқармаға Қоғамның әртүрлі деңгейіндегі басшылары қабылдаған басқару шешімдерінің орындалу сапасына бағасын береді.

  3. Қызмет Басқармамен өзара іс-қимыл жасау аясында:

  1. ақпараттандыру мақсатында Басқарма төрағасына Директорлар кеңесі бекіткен жылдық аудиторлық жоспарды береді;

  2. Басқарма төрағасына аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері бойынша құрылған аудиторлық есепті/қорытындыны береді.

  1. Басқарма:

  1. Қоғамда тиімді бақылау ортасын құруға көмектесуі;

  2. бекітілген тәртіпте Қоғамның бюджетіне Аудит жөніндегі комитет мақұлдаған профильдік тақырыптар және бағдарламалар бойынша оқытумен және тренингтермен байланысты шығындарды қосуды қамтамасыз етуі;

  3. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша, бекітілген тәртіпте, ішкі аудит саласындағы кез келген қызметтің аутсорсингін/косорсингін пайдалануды қамтамасыз етуі;

  4. Қызметті әкімшілік ұйымдық-техникалық) қамтамасыз етуді жүзеге асыруы тиіс.

  1. Қызметтің қызметіне Басқарманың араласуына рұқсат етілмейді.


12. Қорытынды ережелер


  1. Осы ережеге өзгерістер мен толықтырулар Директорлар кеңесінің шешімімен, соның ішінде, Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының бастамасы бойынша енгізілуі мүмкін.

Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті (бұдан әрі Қоғам) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2010 жылы өткен корпоративтік шараларының күнтізбесі
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы «Богатырь Көмір» жшс-ға иелік етуші «Forum Muider B. V.» компаниясының 50 пайыз акциясын сатып алуымен...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ
Кіріспе
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже iconДиректорлар Кеңесінің шешімімен
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының 2011-2015 жылдарға арналған кадр саясаты астана қ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының 2010-2020 жылдарға арналған Кадр стратегиясына сәйкес әзірленіп,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница