Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі




Скачать 419.43 Kb.
НазваниеБюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
страница3/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер419.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mukhanov.ucoz.kz/referati/salyk_mukhanov.ucoz.kz.doc
1   2   3

7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл

 

Әрбір субъект міндетті түрде салық комитетінде тіркелуі тиістігін бәріміз білеміз. Мұндай субъектілер республикада қанша? Салық  органдарында тіркелетін салық төлеушілер санына ел экономикасының өсуі қаншалықты әсер етті? Осы және басқа да салық салу мен салық есептілігіне байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықты әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Арғын ҚЫПШАҚОВТЫҢ айтып беруін өтінген едік.

– Салық төлеушілер саны жыл­ма жыл өсіп келеді. Бұл, әри­не, мемлекетіміз экономикасы өсуінің арқасы. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына салық орган­дарында 582 937 салық төлеуші салық салу мен салық есептілігіне тіркелген болса, 2005 жылдың 1 қазанында олардың саны 865 311-ге жетті. Өсу 48 пайызды құрады.

Сонымен бірге тізімі ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында орналасқан салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару республика үшін өзекті мәселе болып отыр. Кім бұл тізімге кіреді және одан қалай шығуға болады?

— Соңғы екі жылда салық ор­ган­дары әрекетсіз заңды тұл­ғалар­ды Қазақстан Республикасы Са­лық төлеушілерінің мемле­кеттік ті­зілімінен шартты түрде шығару бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бүгін олардың саны 72 мыңнан астам.

Шартты түрде корпорациялық табыс салығы туралы декларация­ны немесе жеңілдетілген декла­рацияны Салық кодексінде белгі­ленген оларды беру мерзімінен бір жыл өткеннен кейін бермеген ұйым­дар шығарылады, бұған аталған декларацияларды беру жө­ніндегі талаптар қолданылмай­тын салық төлеушілер қосыл­майды.

Біз бұл жөнінде бірнеше рет айтқан болатынбыз, алайда бәрібір салық төлеушілерге тағы да салық салу мақсатында шартты түрде шығарылған салық төлеу­ші­лер қызметінің тоқтатылатынын және олармен барлық өзара есеп­тесу күмәнді болып есептелетін­дігін мемлекеттік тізілімнен шарт­ты түрде шығару арқылы ескертеміз.

Бірақ әрбір шартты түрде шы­ғарылған салық төлеуші күшін жоймаған салық төлеуші ретінде барлық қажетті салық есептілігі, бюджетке салықтар мен төлем­дерді тапсырғанда қайта қалпына келтіріледі.

— Былтыр “бір терезе” қағи­даты бойынша заңды тұлғаларды тіркеу рәсімі оңтайландырылған болатын. Биылғы жылдың ақпан айында Мем­лекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында осы қағидат бойынша халыққа қызмет көрсету орталықта­рын құру туралы тап­сырма берген болатын. Бұл бағыт­та салық органдары қандай жұмыс жүргізіп жатыр?

— Расында, өткен жылдың қыр­күйек айында салық орган­да­ры әді­лет және статистика орган­дарымен бірлесе отырып, “бір терезе” қағи­да­ты бойынша заңды тұл­ғаларды (филиалдарын, өкіл­дік­терін) тір­кеудің оңтайланды­рыл­ған тәртібі енгізіліп, қазір жақсы жұмыс істеп жатыр.

Мұндай орталықтарды құру ақпараттық жүйелерді де құруға алып келеді, оны қазір ҚР ҚМ Са­лық комитеті іске асырды. Қазір бұл жүйе арқылы салық төлеуші ре­тін­де тіркеу туралы куәлік беруге жә­не халыққа қыз­мет көрсету орта­лық­тары арқылы бюджетпен есеп айырысу туралы анықтама алуға мүм­кіндік туып отыр. Сондай-ақ элек­тронды сан­дық қол қоюы бар тұл­ғалар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген, оны пай­даланғанда кеңсеңізден шық­пай-ақ құжат алу үшін электрондық өтінішті тол­тырып және жіберіп, құжатты әзірлеу кезеңімен таныса аласыз. Егер ол адамның тиісті түр­дегі компьютерлік жабдығы бол­маса, осы мақсатқа әдейі бөлін­ген “Тер­минал” бағдарламалық қам­тамасыз ету орнатылған ком­пью­терді пай­далана алады. Сұра­тыл­ған құжат­тың дайын немесе дайын еместігі туралы ақпарат алу үшін орталыққа әдейі­леп келген аза­маттар үшін арнайы электрондық экрандар орнатылған, ол жерде құ­жатты алуыңызға бо­ла­тын “терезе” нөмірімен бірге беруге дайын құжаттардың тізімі көрініп тұрады.

— Салық органдары салық төлеу­шілерді салық есептілігін элек­т­рондық түрде тапсыруға жұмыл­дырып жатқандығы туралы естіп жатырмыз. Сонда салық есептілігін электрондық түрде тапсыратын салық төлеушілердің қандай да бір артықшылығы бар ма?

— Көптеген дамыған елдерде қызмет көрсету мен ақпараттармен өзара алмасу рәсімдері автомат­тан­дырылған. Біз де заңды және жеке тұлғалар құжаттармен электрондық алмасуды пайдалану арқылы өз салық міндеттемелерін орындай алатын, оның ішінде салық есеп­тілігін тапсыра алатын бірқатар ақпараттық жүйелерді әзірледік.

Құжаттармен электрондық алмасудың негізгі артықшылығы:

– салық есептілігін кеңседен шықпай-ақ және тәуліктің кез кел­ген уақытында тапсыру мүмкінші­лігі;

– салық есептілігін толтыр­ған­да жіберіп алған қатені дер кезінде түзетуге (бағдарламалық қамтама­сыз етуде салық есептілігін дұрыс толтыруды алдын-ала бақылау қызметі бар) мүмкіншілігі.

Әрине, әрбір жаңалық кімнің болмасын түсінбеушілігі мен кір­пияз­дығын тудырады. Сондықтан ҚР ҚМ Салық комитеті егер кә­дімгі салық есептілігін электронды түрде тапсыратын болса, онда оның мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілетін бұйрық шығарды.

– Соңғы кездері автоматтан­дырылған камералы бақылау жиі сөз болып жүр. Бұл не – кезекті салық тексеруі ме?

— Біріншіден, салық есептілі­гінің нысандарын камералы бақы­лау түрі салық тексеруі болып та­был­майтындығын бірден айта ке­тейін. Бұл тікелей салық органында салық есептілігіндегі қателер мен қайшылықтарды салық тексеруін жүргізбей анықтайтын, керісінше, салық төлеушіге көрсе­тетін қызмет түрі. Демек, салық тө­леушілер үшін әкімшілік айып­пұл­дар салынбайды. Бұдан тыс, автоматтандырылған камералы бақылау ҚҚС әкімшілік­тендіруді, оның ішінде “біркүндік” фирмалар мен жалған фирмалар берген жал­ған шот-фактураларды айқындауды күшейтеді.

Салық есептілігінің нысан­дарын камералы бақылау бүгінгі таңда тек салық органдары үшін емес, жалпы республика үшін жетістік болып табылады. Тап қазір ЕурАзЭҚ-қа мүше барлық елдердің ішінде мұндай рәсімнің тек біздің елде ғана жүргізіліп отырғанын айта кету керек.

– Сонда мұндай бақылаудың нәтижелері қандай?

— 2005 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салық органдары салық заңнамаларын бұзушылықты өз бетімен жою туралы салық төлеушілерге 93676 хабарлама та­рат­ты. Бұл ретте салық төлеушілер салық есептілігінің 39788 қосымша нысандарын өздері тапсырды, яғни жалпы сомасы 536,4 млн. теңге ҚҚС есептелді.

Биылғы жылдың 9 айы үшін салық төлеушілер салық есепті­лігінде көрсеткен залалдар сома­сы 12,3 млрд. теңгеге кемітті.

Сондай-ақ салық есептілігін тапсыру мен салықтарды төлеу мәселесіне салық төлеушілердің бәрі бірдей адалдық танытып отыр деп айта алмаймын. Мы­салы, 2004 жылдың қорытындысы бойынша салық органдары заңды мекен-жайы бойынша жоқ болып шыққан және салық есептілігін пошта ар­қы­лы не болмаса элек­тронды түрде “нөлдік” көрсет­кіш­термен тапсыр­ған 2693 салық төлеушіні айқында­ды. Оның ішіндегі 146 салық төлеу­ші 2004 жылдың төртінші тоқса­нында 6875,3 млн. теңге сомасына шот-факту­ралар берген. Бюджет тек ҚҚС-тан 1100,9 млн. теңге жоғалтып отыр. Қылмыс белгілері анықталған барлық материалдар жедел түрде іс қозғау шешімін шығару үшін қаржы полициясына жіберіледі.

– ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында жалған кәсіпкер деп танылған салық төлеушілердің тізімі орналастырылған. Ол қандай мақсаттар үшін жасалған? Қандай нәтижелер күтіледі?

– Заңды күшіне енген соттар­дың үкімімен кәсіпкерлік қыз­мет­ті жүзеге асыру ниетінсіз жалған кәсіпкерлік құрған бірқатар субъектілер анықталды. Аталған салық төлеушілер тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша жалған шот-фактуралар толтырған. Тек 2003 жылдан 2005 жылдың 1 қыркүйегі аралығын­дағы олардың жалпы сомасы 3892 млн. теңге, оның ішінде ҚҚС – 584,4 млн. теңге құрайды. Сөйтіп ҚҚС пен КТС бойынша салық салу базасын төмендетіп көрсету жолымен мемлекеттік бюджетке айтарлықтай зиян келтірілді.

Мұндай салық төлеушілердің қылмысты әрекеттеріне байла­ныс­ты мемлекеттік бюджеттің зала­лының алдын-алу мақсатында ҚР ҚМ Салық комитеті салық төлеуші қызметін жалған кәсіпкер деп тану туралы сот актісінің негізінде ҚҚС салық төлеуші куә­лігінің күшін жоюды көздей­тін бұйрық шығарды. Сонымен бірге заңды мекен-жайы бойын­ша өздері жоқ, бірақ шот-фактура толтырып беретін, сондай-ақ айыпталушы ретінде қылмыстық іс қозғалуы тоқтатылған салық төлеушілер бойынша ҚҚС салық төлеуші куәлігінің күшін тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл ретте салық органдары мұндай салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс опера­циялары тоқтатылып, олардың қызметін жалған кәсіпкерлік деп тану туралы сотқа берілетін талап-арызға бастамашылық жасайды.


Қорытынды

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;

  2. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95 №309;

  3. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;

  4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;

  5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономикс;

  6. 13.11.96 ж. ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынылымдары», бухгалтерлік бюллетені, 2003 ж. наурыз, №14;

  7. www.google.kz




1   2   3

Похожие:

Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconБюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың...
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconҚазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт
Орталық деп аталушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы...
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconТұрсынбекұлы Данияр э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы Абдуллин Рустем Жомартович э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы
Бірақ, банктер әрқашанда есеп айырысу процесінің ортасында болды, өйткені, банкаралық аударымдар және соның ішінде, об-те сақталушы...
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 а б 30 а б -30 е б- 40 ∑ 100 Лектор: Дүйсебеков Ш. Жетісай 2008 «Шетел бухгалтерлік есебі»
Есеп және Аудит” 3--курс студенттеріне 6 семестрде “Шетел бухгалтерлік есебі” пәнінен оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес 3-кредит...
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconХалықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т
Лизингтік операцияның бухгалтерлік есебі ХҚес №17 сәйкес жүзеге асырылады. Берілген стандарт жалгер мен жалға берушінің әр түрлі...
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconБанк секторыныѕ аєымдаєы жаєдайы Текущее состояние банковского сектора на 1 июня 2007 года
Алматы ќаласында 31 банк, банктердіѕ 33 филиалы жјне 326 есеп айырысу-касса бґлімі орналасќан
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconБанк секторыныѕ аєымдаєы жаєдайы Текущее состояние банковского сектора на 1 мая 2007 года
Алматы ќаласында 31 банк, банктердіѕ 33 филиалы жјне 323 есеп айырысу-касса бґлімі орналасќан
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconЛекция: 45 сағат
Басқару есебі ” пәні бойынша 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconДебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
«шымкент қҰС» жшс дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы
Мәлiметтер "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница