Әдістемелік нұСҚАУ




Скачать 256.95 Kb.
НазваниеӘдістемелік нұСҚАУ
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер256.95 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/42718.doc
  1   2   3

Әдістемелік нұсқау





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Есеп және аудит кафедрасы


Практикалық аудит пәні бойынша

050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Павлодар

Әдістемелік нұсқауды бекіту парағы





Нысан ПМУ ҰС Н

7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

______________

Н.Э. Пфейфер

«

__

»

___________

200 ж.




Құрастырушы:

Темирова Г.Г.




















Есеп және аудит кафедрасы


Практикалық аудит пәні бойынша

050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Кафедра отырысында ұсынылған 200 ж. «____»________№_____Хаттама


Кафедра меңгерушісі ________________ Р.И. Смагулова


Факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған.

200 ж. «_____»______________№_____хаттама


ӘК төрағасы ______________ Л.А. Сидорова


КЕЛІСІЛДІ

ҚЭФ деканы ____________________ Т.Я. Эрназаров «_____»_______200 ж.


ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛДЫ

ЖжӘҚБ бастығы_______________ А.А. Варакута  «_____»________200 ж.


1 Тақырып Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері

Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.

Құрылтай және есептік-қаржы құжаттарын тексерудің мақсаты – қолданыстағы заңнамаға тексерістегі объекттің құрылтай және есептік-қаржылық құжаттардың сәйкестігіне қатысты ой қалыптастыру, оның жарғылық капиталдың қалыптасуының дұрыстығы.

Тексеріс үшін ақпарат көздері: кәсіпорынның жарғысы, құрылтай құжаттар, мемлекеттік тіркеу және статистика органдарындағы, салық органдарындағы тіркеу жөніндегі куәліктер, құрылтайшылар (акционерлер) жиналысының хаттамалары, эмиссия проспектері, акционерлер реестрі, бұйрықтар, өкімдер, ішкі ережелер, лицензиялар, акцияларды қабылдау-беру акттері, акцияның төлем шотына енгізілген мүлікті бағалау акттері, есеп регистрлері, материалды емес активтер, жер учаскелеріне, жылжымайтын мүлік объектітеріне құқықтарын растайтын құжаттар, Бас кітап, бухгалтерлік есеп беру және т.б.

Құрылтай құжаттар аудитінің мақсатына жету мен кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуы үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

  • Кәсіпорынның заңды статусын, әрекет ету сферасын және қызмет ету құқығын анықтау;

  • Лицензиялауға жататын әрекет түрлері бойынша лицензияның бар-жоғын анықтау;

  • Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібін тексеру және оның құрылымын зерттеу.

Ревизорлар құрылтай құжаттармен таныса келе, оның құрылтайшылар құрамын және жарғылық капиталдағы олардың үлесін анықтайды. Сонымен қатар ревизор-аудиторлар кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, филиалдары мен өкілеттіліктерінің бар-жоғы; басқару шешімдерін қабылдау кезінде барлық деңгейдегі жетекшілердің өкілеттіктері; құрылуы жарғыда қарастырылған қор түрлері; пайданы бөлу тәртібі жөнінде; кәсіпорынды жою мен қайта ұйымдастыру туралы; мүлікпен келісім сомасы бойынша орындаушы дирекция үшін шектеуледің бар-жоғы жөнінде және т.б. түсінік алады.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты.

2 Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері.

3 Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.

Әдебиет

  1. Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 262-276 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 151-170б.


2 Тақырып Сатып алу кезеңінің аудиті

Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.

Әрекетті қамтамасыз ету үшін субъект құру кезінде қатысушылардың мүліктегі үлестерінің жиынтығы болып келетін жарғылық капитал жеке капиталдың (ЖК) негізгі элементі болып табылады.

Тауарлы-материалдық қорларға сатып алу функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта ресімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу,өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

  • материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру;

  • қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау;

  • қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау;

  • қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру;

  • тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру;

  • қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу;

  • тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау;

  • жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

2 Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 278-298 б.

  1. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 197-200 б.



3 Тақырып Өндіріс кезеңінің аудиті

Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелдіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.

Тауар-материалды қорлар ревизиясының негізгі мақсаты – олардың есеп жүргізуінің дұрыстығын анықтау, сақтау орындарында қорладың қозғалысы мен бар-жоғы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету, тұтынудың бекітілген нормаларын сақтау, іске жұмылдыру мақсатымен шаруашылық субъектке қажетсіз материалдық қорларды анықтау және сату.

Тауар-материалды қорлардың аудитін жүргізудің процедуралары:

  • бас кітаптың мәліметтерімен баланс көрсеткіштері;

  • синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізудің дұрыстығы;

  • ТМҚ болуы және сақталуы;

  • инвентаризацияның уақытылы және дұрыс жүргізілуі;

  • қойма есебін тексеру, ТМҚ қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы;

  • кіріс материалдарының толықтыы мен уақыттылығы және олардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі;

  • дайын өнім өндіруге өндірістік қорларды жіберу бойынша операциялардың негізделгендігін тексеру, сонымен қатар бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі;

  • ТМҚ бағалау әдісін анықтау;

  • шаруашылық субъектердің материалдық құндылықтарын сату мен қайта өңдеуге тапсырумен байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбаларды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;

  • бұзылуы мен бағаның төмендеуіне байланысты тауар-материалды құндылықтарды шығынға жазу бойынша әкімшілік шешімдері мен басқа құжаттарды зерттеу.

ТМҚ есептік мәліметтерге сәйкестігін тексеру кезінде түгендеу жылдарының әліметтерін зерттеу, тегіс түгендеуді қажет ететін (әдетте дефицит және қымбат тұратын ТМҚ) материал топтарын таңдау қажет. Сонымен қатар қойма мекемелерінің жағдайлары мен оларды дұрыс пайдалану, өлшеу құрылғылары, өрт және күзет дабыл қағыштарының бар-жоғы, сақтау және жіберу ережелерін қадағалау, материалды емес материалдардың бар-жоғы тексеріске жатады.

Күзетті дұрыс ұйымдастыру ТМҚ сақтауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Оның жұмысының тиімділігін материалдық құндылықтарды енгізу мен шығаруды ішкі бақылауды кенеттен тексеру арқылы тексеруге болады. Жиі әр түрлі бұзушылықтар кездеседі, мыслы, материалдарды рұқсаттар бойынша екі рет шығару, ТМҚ-ны құқықтары жоқ тұлғалармен қол қойылған рұқсаттар бойынша шығару. Сондықтар рұқсаттың мәліметтері әкелінетін материалдардың мөлшер, ассортимент, сапа және баға фактілері счет фактура, үстеме жарлық және басқа қосымша құжаттардың мәліметтерімен салыстырылады.

Қойма есебін тексеру. Қойма есебін жүргізу кезінде негізгі бұзушылықтар теріс өтпелі қалдықтардың болуынан, түсімдер туралы жазбалардың жоқтығынан, қоймалық және бухгалтерлік есеп карточкалары мәліметтерінің айырмашылығынан, қалдықтарды қате санаудан тұрады.

Теріс өтпелі қалдық түскен материалдардың толық емес немесе уақытында кірістірілмегендігін немесе өтпелі қалдықтардың қате есебін білдіреді.

Қоймадағы материалдар есебін материалды-жауапты тұлға болып табылатын қойма меңгерушісі немесе қоймашы жүргізеді. Бұл лауазымға шығындар үшін, ұрлық үшін сотталған немесе сенімнен айырылу бойынша жұмыстан шығарылған адамдар қабылдануы мүмкін емес.

Қоймашыны қабылдау немесе оны лауазымынан босатқан кезде міндетті түрде тегіс инвентаризация жүргізілуі тиіс.

Материалды қорлардың толық және уақытылы кірістірілуін тексеру. Сонымен қатар аудитор ТТН-да, шот-фактураларда, қабылдау актілерінде көрсетілген құжаттың күні мен номерін, атауларын, өлшем бірлігін, санын, материалдардың бағасын және басқа қосымша құжаттарды салыстыруы тиіс.

Айырмашылық анықталған жағдайда аудитор қарама-қарсы тексеруді жүргізеді немесе құжаттардың көшірмесін сұратады.

Жеке тұлғалардан нарық бағалары бойынша ТМҚ сатып алу кезінде актілерді рәсімдеудің дұрыстығы анықталынады.

Дайын өнімді өндіруге және шаруашылық қажеттіліктерге, қайта өңдеу үшін тауар-материалды құндылықтарды жіберу бойынша операциялардың негізделгендігін бақылау және өзгерістерді реализациялау мен қорлар ликвидацияланбауының тәртібі және тауар-материалды құндылықтарды пайдаланыстан шығару құқығын тексеру. Бұл үшін бекітілген лимиттер негізінде материалдарды нормативтік жіберу жүзеге асырылады. Аудитор дайын өнімді шығаруға шикізаттың, материалдың, жанармайдың артық шығынын, әрекеттегі нормативтермен сәйкес материалдық қорларға қажеттілігі дұрыс анықтала ма, жаңа қондырғыларды орнату кезінде шығын нормаларына уақытылы өзгерістер енгізіледі ме екендігін бекітуі тиіс.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

2 Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 299-324 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 197-200 б.


4 Тақырып Қаржылық қортындының қалыптасуы мен сату кезеңінің аудиті

Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Қаржылық қортынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Қаржылық қортынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Аудит жүргізу барасында тексеруге арналған негізгі тұжымдар. Дебиторлық қарыздар аудиті. Бақылау құралдарын тексеру тестері.

Процедуралар:

  • бас кітап мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігін тексеру;

  • синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру (бас кітап пен шоттардан басқа берілген аванстар бойынша ведомостарды, стаып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бойынша ведомосты қарайды);

  • дебиторлармен есеп айырысу инвентаризациясын жүргізу арқылы дебиторлық қарыздың жағдайын тексеру;

  • резервті құрудың негізделгендігін және оларды дұрыс пайдалануын тексеру;

  • сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру;

  • дебиторларға талаптар қою мен рәсімдеудің дұрыстығы мен уақыттылығын тексеру, кінарат істердің қозғалысын бақылауды ұйымдастыру;

  • еншілес кәсіпорындармен есеп-шоттар бойынша дұрыс көрсетілуін тексеру;

  • басқа да дебиторлық қарызды тексеру (ұрлау, жетіспеушілік және т.б.);

  • дебиторлық қарызды талдау және дебиторлық қарызды азайту бойынша ұсыныстарды дайындау.

Дебиторлық қарыз жағдайын тексеру материалдарды талдаудан, сатып алушы және тұлғалармен есеп-шоттар инвентаризациясынан басталады. Ұйымдармен және басқа дебиторлармен жұмыс сәйкес құжаттар бойынша қалдықтарды анықтаудан және шоттарда көрсетілген сомалардың негізделгендігін тексеруден тұрады. Аудитор және инвентаризация мүшелері дебиторлық қарыздың түзілуінің себептері мен кінәлі адамдарын, қашан түзілгендігін бекітеді, сот шағымының ескіруінің мерзімін (3 жыл) бақылайды.

Ірі төленбеген қарыздары бар ұйымдармен есеп-шотарды салыстыру қажет. Аудитордың актінде түгендеу шоттарының атаулары тізімделеді, барлық мерзімдері өткен үмітсіз қарыздардың сомасы көрсетіледі. Қарыздың осы түрлері бойынша дебитордың мекен-жайы мен атауы, қарыз сомасы, түзілу себептері мен осы мерзімдерді өткізген кінәлі тұлғаларды көрсететін анықтама актпен бірге беріледі.

Жиі көптеген ұйымдарда тауар (жұмыс, қызмет) үшін сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп-шоттар кездеседі. Сонымен қатар өнімді жеткізуге келісім-шарттың бар-жоқтығын, жүктелген ТМҚ үшін соманың алынғандығын және дұрыс көрсетілгендігін, өнімнің өзіндік құнына дебиторлық қарыздың дұрыс есептен шығарылғандығын тексеру қажет (күмәнді қарыздар бойынша резерв есебінен жетекшінің рұқсатымен есептен шығарылады).

Резервті түзудің негізделгендігін тексеру қарыздар адамның қаржылық жағдайына және соманы бөлшектеп және толығымен өтеу ықтималдығын бағалауға байланысты әрбір күмәнді қарыз бойынша жеке анықталады.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Қаржылық қортынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

2 Қаржылық қортынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 325-348 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 197-207 б.

  1   2   3

Похожие:

Әдістемелік нұСҚАУ icon«Гигасепт Инстру аф» құралын қолдану жөнінде әдістемелік нұсқау «Шюльке және Майер» фирмасы, Германия
Бұл әдістемелік нұсқау Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық стансасында әзірленген (бас дәрігері м.ғ. к. К. С. Оспанов. Орындаушы...
Әдістемелік нұСҚАУ iconӘдістемелік нұСҚау (жоғары оқу орны ішінде пайдалану үшін) Павлодар бекітемін
Бұл әдістемелік нұсқау "Менеджмент" пәнін оқитын сырттай оқыту нысанындағы экономикалық мамандықтардың сырттай оқыту бөліміндегі...
Әдістемелік нұСҚАУ iconМемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау ретінде сырттай оқу бөлімінің барлық мамандықтарының...
Әдістемелік нұСҚАУ iconАзақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған
Әдістемелік нұСҚАУ iconҚмму ф 4/3-07/02
Оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұСҚАУ iconҚмму ф 4/3--06/03
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұСҚАУ icon«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Омыртқасыздар зоологиясы пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұСҚАУ iconЗоотехия мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жобаларға әдістемелік нұсқау Павлодар
Зоотехия мамандығы бойынша сыртқы және ішкі бөлім студенттеріне арналған курстық жобаларға әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұСҚАУ icon050202 «халықаралық Қатынастар» мамандығына арналған оқУ – Әдістемелік кешен
Курстың негізгі тақырыптары кестемен берілген. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі көрсетілген. Тапсырмаларды орындау үшін тақырып...
Әдістемелік нұСҚАУ iconРефераттық хабарламаынң тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница