«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері




Скачать 337.39 Kb.
Название«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері
страница1/4
Дата конвертации10.02.2016
Размер337.39 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kmg.kz/upload/press/PR_Fin_9M11_2011_kaz.doc
  1   2   3   4



БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ


«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері


Астана, 14 қараша 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2011 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоғыз айдағы топтастырылған қаржылық есебін жариялады.

  • Таза пайда 165 млрд. теңгені (1 126 млн. АҚШ доллары)1, ал бір акцияға шаққандағы пайда 2 280 теңгені (бір ЖДҚ үшін 2,6 АҚШ доллары) құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 5 %-ға және 6 %-ға артты.

  • Компанияның 2011 жылдың алғашқы тоғыз айындағы нәтижелеріне негізінен 2011 жылдың мамыр-тамыз айларында«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында (бұдан әрі – ӨМГ) болған заңсыз наразылық акциясы салдарынан мұнай өндіру мен экспорттың көлемінің азаюы, 2011 жылдың екінші тоқсанында айыппұлдар мен өсімпұлдардың есептелуі және салықтардың артуы әсер етті.

  • Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, барреліне 77 АҚШ долларынан 112 АҚШ долларына дейін көтеріліп, 46 %-ға өсті.


Өндірістік көрсеткіштер


2011 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (бұдан әрі Қазгермұнай, ҚГМ), CCEL (бұдан әрі – Қаражанбасмұнай, CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (бұдан әрі - ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 9 207 мың тонна мұнай (тәулігіне 250 мың баррель) өндірді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 739 мың тоннаға немесе 7 %-ға аз.


«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы (бұдан әрі - ӨМГ) 3 789 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 685 мың тоннаға кем. «Ембімұнайгаз» ӨФ (бұдан әрі – ЕМГ) 2 103 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 21 мың тоннаға артық. Соның арқасында ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында 5 891 мың тонна (тәулігіне 159 мың баррель) құрап, 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 664 мың тоннаға немесе 10 %-ға кем. Тоғыз айдың өндіру нәтижелеріне 2011 жылдың наурыз-сәуір айларында ауа-райының қолайсыздығынан кен орындарында электр қуатын шектеу, апатты сөну жағдайлары, сондай-ақ ӨМГ-дегі наразылық акциясы кері әсер етті.


Компанияның жылдық өндіру жоспарына әсері филиалдың өндірістік қызметінің қаншалықты жедел қалпына келуіне байланысты болмақ. Қазіргі таңда тұрақты өндірістік процесс қалпына келтірілді, қолға алынған шаралардың арқасында тәуліктік мұнай өндіру көлемінің ұлғаю қарқыны байқалады. Жыл соңында жоспардан қалып қою шамамен 1 150 мың тоннаны немесе ҚМГ БӨ жалпы өндіру көлемінің (жоспар асыра орындалады деп күтіліп отырған кейбір бірлесіп-бақыланатын кәсіпорындардағы үлестерді қосқанда) 8,5%-ын құрауы мүмкін. Бұл бағалау жыл соңына дейін айтарлықтай тұрақты өндірістік процестің бұзылмауын қарастырады.


«Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдары экспорттық жеткізілімдерінің көлемі 4 365 мың тонна (тәулігіне 118 мың баррель), ал ішкі рынокқа жеткізілімдері 1 409 мың тонна (тәулігіне 38 мың баррель) құрады. Наразылық акциясы салдарынан өндіруді жоғалту негізінен шикі мұнайдың экспортына әсер етеді, осылайша, 2011 жылдың үшінші тоқсанында экспорт 2010 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 37 %-ға төмендеді.


2011 жылдың тоғыз айында ҚГМ, CCEL, ПҚИ және НБК компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 3 316 мың (күніне 91 мың баррель) тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 75 мың тоннаға немесе 2 %-ға аз.


ҚГМ, CCEL и ПҚИ компанияларының сату көлемдеріндегі ҚМГ БӨ үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 82 %-ын құрайтын сыртқа шығарылған 3 048 мың тонна (тәулігіне 84 мың баррель) мұнайды қосқанда, 3 719 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) мұнайды құрады. ПҚИ-дың сату көлемдері алмастыру мәмілелері бойынша үшінші тұлғалардан сатып алынған мұнайдан шығарылған мұнай өнімдерінің көлемдерін қамтиды.


Кезеңдегі Таза Пайда


2011 жылдың алғашқы тоғыз айындағы таза пайда 165 млрд. теңге (1 126 млн. АҚШ доллары) құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 5 %-ға артты. Бұл негізінен заңсыз наразылық акциясы салдарынан мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен, операциялық салықтардың, өндірістік шығындардың және сату шығындары мен әкімшілік шығындардың артуымен ішінара өтелген мұнай бағасының қымбаттауымен түсіндіріледі.


Мұнай сатудан түскен кірістер


2011 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ-нің мұнай сатудан түскен кірісі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 %-ға артып, 536 млрд. теңгені (3 669 млн. АҚШ долларын) құрады. Бұған мұнайдың орташа сату бағасының 38 %-ға – тоннасына 67 170 теңгеден (барреліне 63,05 АҚШ долларынан) 92 888 теңгеге (барреліне 87,89 АҚШ долларына) дейін көтерілуі себеп болды, бұл өндіру деңгейінің төмендеуі салдарынан экспорттың төмендеуімен ішінара өтелді.


Табыс салығынан басқа салықтар


Табыс салығынан басқа салықтар 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында 218 млрд. теңге (1 491 млн. АҚШ долларын) құрады, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74 %-ға көп. Операциялық шығындардың өсуінің айтарлықтай үлесі мұнай бағасының қымбаттауы нәтижесінде ренталық салық пен пайдалы қазбаларды өндіру салығын (ПҚӨС) төлеу шығындарының артуымен, сондай-ақ тоннасына 20 АҚШ доллары көлемінде 2010 жылдың 16 тамызында қолданысқа енгізілген және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 АҚШ долларына дейін көтерілген экспорттық кедендік баж салығының шығындарымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, 2011 жылдың екінші тоқсанында Компания өзінің есебінде 15 млрд.теңгені (105 млн. АҚШ долларын) экспорттық кедендік баж салығының («Айыппұлдар мен өсімпұлдар» бабы бойынша дер кезінде төленбеген 2,3 млрд. теңге мөлшеріндегі экспорттық кедендік баж салығына есептелген өсімпұлды есептемегендегі негізгі сома) шығыстары ретінде көрсетті. Бұл 2009 жылы ренталық салық төленген мұнай көлемдеріне қатысы болмауы тиіс экспорттық кедендік баж салығын төлеуге қатысты Жоғарғы соттың теріс шешіміне байланысты болды (толығырақ ҚМГ БӨ-нің 2011 жылдың 28 маусымы күнгі баспасөз мәлімдемесін қараңыз).


Өндірістік шығындар


Өндірістік шығындар 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында 88 млрд. теңге (601 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 9%-ға көп. Операциялық шығындардың өсуінің айтарлықтай үлесі қызметкерлерге төлем жасау шығындары мен жөндеу және қызмет көрсету шығындарының артуымен түсіндіріледі. 2010 жылдың 1 маусымынан бастап Компания өндірістік филиалдары жұмыскерлерінің жалақысының артуымен, сондай-ақ 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жылдық индексацияның нәтижесінде қызметкерлерге төлем жасау жөніндегі шығындар көбейді. Жөндеу және қызмет көрсету шығындарының артуы заңсыз наразылық акциясының салдарынан есепті кезеңде жөндеуден өткен ұңғымалар санының қысқаруымен ішінара өтелген бір ұңғымаға шаққанда жөндеу құнының қымбаттауына байланысты болды. Материал шығындары жөнделген ұңғымалар санының қысқаруына байланысты төмендеді.


Сату шығындары мен әкімшілік шығындар


Сату шығындары мен әкімшілік шығындар 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында 76 млрд. теңге (523 млн. АҚШ доллары) құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 10 %-ға артты. Шығындардың артуына айыппұлдар мен өсімпұлдар, әлеуметтік жобалардың шығындарының артуы себеп болды.


Айыппұлдар мен өсімпұлдар төлеу шығындарының артуы 2004-2005 жылдардағы салықтық тексерулер бойынша даудың нәтижесінде айыппұлды мойындау, 2009 жылы экспорттық кедендік баж салығын дер кезінде төлемегені үшін өсімпұлға және экологиялық айыппұлдың бағалау сомасының есептелуіне байланысты болды.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2009 жылы Компанияның 2004 және 2005 жылдардағы қызметіне салықтық тексеру жүргізді. Тексерудің нәтижесінде салық органы 32 млрд. теңге мөлшерінде қосымша төлемдер сомасын есептеді, оның ішінде 16 млрд. теңге – салықтар сомасын, 8 млрд. теңге – салықтық құқық бұзушылыққа салынған әкімшілік айыппұлды (салық сомасының 50 % мөлшерінде белгіленеді), ал 8 млрд. теңге – уақтылы төлемегенге салынған өсімпұлды құрайды.

Компания түрлі инстанцияларға бірнеше апелляциялық шағым түсірді, соның нәтижесінде есептелген салық пен уақтылы төленбегені үшін өсімпұлдың сомасы алдымен 10,7 млрд. теңгеге және 3,8 млрд. теңгеге, кейіннен 8,6 млрд. теңгеге және 2,6 млрд. теңгеге азайтылды. Компания аталған сомаларды 2010 жылы бұрын құрылған провизияны пайдалана отырып, толықтай төледі. Алайда, Қаржы министрлігі есептелген салық пен уақтылы төленбегені үшін өсімпұлдың сомасы алдымен 10,7 млрд. теңге және 3,8 млрд. теңге деңгейінде қайта қалпына келтіру туралы қарсы шағым-арыз берді. 2011 жылдың 27 сәуірінде Жоғарғы Сот Қаржы министрлігінің талап-арызын қанағаттандырды, және ҚМГ БӨ 2011 жылдың екінші тоқсанында 3,3 млрд. теңге (23 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі айырманы, сондай-ақ 5,4 млрд. теңге (37 млн. АҚШ доллары, 10,7 млрд. теңге мөлшеріндегі есептелген салық сомасының 50 %) мөлшеріндегі әкімшілік айыппұлды есептеді. Компания өзінің апелляциялық шағымының қанағаттандырылатынына сенгендіктен, әкімшілік айыппұлды төлеу үшін провизия жасаған жоқ. Сонымен бірге, Компания Жоғарғы сотта 2004-2005 жылдардың салықтық тексерудің нәтижелерін даулауды жалғастыруда.


2011 жылдың бірінші тоқсанында 2,8 млрд. теңге мөлшеріндегі экологиялық айыппұл бойынша бағалауды есептеу 2010 жылдың соңында Прорва кенорындары тобында газ жағуға және тиісті рұқсатты алудың мүмкін болмағанына байланысты болды. Компания 2011 жылдың бірінші тоқсанында қаржылық есебінде бағалау сомасын есептеді. Компания облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмек ниетте. 2011 жылдың наурыз айында тиісті рұқсат алынды.


Әлеуметтік жобалар шығындарының артуы негізінен әлеусметтік нысандлардың салынуына және Орал қаласына тасқын салдарымен күрес жүргізу үшін қаржылық көмек көрсетумен байланысты болды.


Ақша ағымдары


Операциялық қызметтен ақша ағымдары 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі 76 млрд. теңгемен (518 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 2011 жылдың тоғыз айында 110 млрд. теңге (752 млн. АҚШ доллары) құрады. Бұл мұнай бағасының қымбаттауына, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында табыс салығын қайта төлеуге, 2011 жылы қайталанбаған, 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында табыс салығын қайта төлеуге және айналымдағы капиталдың азаюына байланысты болды.


Күрделі салымдар


2011 жылдың алғашқы тоғыз айындағы күрделі салымдар (ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке сәйкес материалдық емес активтерді сатып алу шығындарын қоспағанда) 67 млрд. теңгені (462 млн. АҚШ доллары) құрады, оның ішінде 56 млрд. теңгесі (385 млн. АҚШ доллары) өндіру деңгейін ұстап тұруға, ал 11 млрд. теңгесі (77 млн. АҚШ доллары) барлау және жете барлау жұмыстарына жұмсалды. 2011 жылға арналған күрделі салымдары жоспарына сәйкес, күрделі салымдар 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 30 %-ға артты. Күрделі салымдардың артуына пайдалану ұңғымаларын бұрғылау көлемін 213-тен 239 ұңғымаға дейін арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының күрделі салымдарының артуы себеп болды2.


Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу «Ural Group Limited» (UGL) компаниясына 1,2 млрд. теңге (83 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі займ түріндегі қосымша инвестицияны қамтымайды.


Акционерлерге төлем


Компания 2011 жылдың 5 мамырында 57 млрд. теңге (389 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі жылдық дивидендті жариялады, оның ішінде 34 млрд. теңгесі (236 млн. АҚШ доллары) ҚМГ ҰК Облигациясы жөніндегі міндеттемелерді жабу үшін есептелді.


Алғашқы тоғыз айда ҚМГ БӨ 10,3 млрд. теңге (71 млн. АҚШ долларына) сомасына 538 925 артықшылықты акциясыларды қайта сатып алды. Артықшылықты акцияларды қайта сатып алу басталғаннан 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Компания 35 млрд. теңгеге (235 млн. АҚШ доллары) 1 885 138 артықшылықты акция (артықшылықты акциялардың жалпы санының 46 %) сатып алды.


Ақша қаражаттары және займдар


2011 жылдың 31-қыркүйегінде ақша қаражаттары, олардың баламалары және басқа да қаржы активтерінің сомасы 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы 99 млрд. теңгемен (668 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 143 млрд. теңге (965 млн. АҚШ доллары) құрады.


2011 жылдың 31 қыркүйегіндегі басқа да қаржы активтерінің сомасы 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы 600 млрд. теңгемен (4,1 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 545 млрд. теңге (3,7 млрд. АҚШ доллары) құрады. Басқа қаржы активтері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы шығарған қарыз құралын (бұдан әрі Облигация), депозиттерді және басқа да қаржы активтерін қамтиды.


Бұған дейін жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2010 жылдың 16 шілдесінде Компания 2013 жылға дейінгі айналым мерзімімен және 7 %-дық жылдық купонмен 221,5 млрд. теңге (1,5 млрд. АҚШ доллары) сомасындағы ҚМГ ҰК Облигациясын сатып алды. 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ ҰК Облигациясынан есептелген пайыздық кіріс 10,8 млрд. теңге (74 млн. АҚШ доллары) құрады.


2011 жылдың 31-қыркүйегіндегі жағдай бойынша депозиттер мен ақша қаражаттарының (Облигацияны қосқанда) 82%-ы шетел валютасында, ал 18%-ы теңгеде қайта номинацияланды. Банктердегі депозиттерден есептелген пайыздық кіріс 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында 8,1 млрд. теңге (55,6 млн. АҚШ доллары) құрады.


2011 жылдың 31 қыркүйегі күнгі Компанияның займдары 2010 жылдың 31 желтоқсаны күнгі 123 млрд. теңгемен (831 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 87 млрд. теңге (586 млн. АҚШ доллары) құрайды. Компанияның займдары сомасы ПҚИ-дағы үлестің 33 %-ын сатып алу үшін ҚМГ ПҚИ Қаржы Б.В. компаниясынан кері қайтарып алу құқығынсыз алынған 78,7 млрд. теңге (532 млн. АҚШ долларын) қамтиды. Мәміле шарттарына сәйкес, 2011 жылдың 5 шілдесі күні Компания 34 млрд. теңге (234 млн. АҚШ доллары) және 4,7 млрд. (32 млн. АҚШ доллары) сомасында негізгі қарыздың бір бөлігін және ҚМГ ПҚИ Қаржы Б.В. компаниясынан ноталары бойынша есептелген пайызды төледі.


Таза ақша қаражаттарының сомасы3 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы 576 млрд. теңгеге (3,9 млрд. АҚШ доллары) қарағанда, 2011 жылдың 31 қыркүйегінде 601 млрд. теңге (4,1 млрд. АҚШ доллары) құрады.


Стратегиялық сатып алулардың үлесі


2011 жылдың алғашқы тоғыз айында қауымдасқан компаниялардағы және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 2010 жылдың сәйкес кезеңінде алынған 46 млрд. теңгемен (310 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 70 млрд. теңгені (477 млн. АҚШ доллары) құрады. Қауымдасқан компаниялар мен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың нәтижелеріне негізінен 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай бағасының қымбат болуы әсер етті.


Қазгермұнай


2011 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ Қазгермұнай компаниясының қатысуындағы өзінің үлесінен 30,0 млрд. теңге (260 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті таныды. Аталған сома 6,4 млрд. теңге (44 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі активтердің баланстық құнынан сатып алу бағасының артуына амортизация тиімділігін және 2,0 млрд. теңге (14 млн. АҚШ доллары) сомасына бөлінген табыс салығы амортизациясы сомасын және 2,8 млрд. теңге (19 млн. АҚШ доллары) сомасындағы пайдаға бөлінген салық бойынша активтерді қайта бағалауды алып тастағанда, Қазгермұнайдың 35,8 млрд. теңге (245 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі таза пайдасындағы Компанияның 50 % үлесін білдіреді.


ҚГМ таза пайдасы есепті кезеңде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 %-ға өсті, бұл мұнай бағасының артуымен қатар, 2011 жылы қолданыстағы келісімшарттардың аясында ішні роынокқа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында шикі мұнайды сатып алу және жеткізу құрылымдарын оңтайландыруға байланысты болды. Бұл 2008 жылдың желтоқсанындағы жеткізу көлемдеріне қатысты экспорттық кедендік баж салығын төлеуге байланысты есептелген айыппұлмен, сондай-ақ 2010 жылдың 16 тамызында тоннасына 20 АҚШ долларынан енгізіліп, 2011 жылдың 1 қаңтарынан тоннасына 40 АҚШ долларына дейін көтерілген экспорттық кедендік баж салығын шығындарымен ішінара өтелді.

2011 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоғыз ай ішінде Компания ҚГМ-дан 36,6 млрд. теңге (250 млн. АҚШ доллары) сомасында дивиденд алды.


ПетроҚазақстан Инк.


2011 жылдың тоғыз айында ҚМГ БӨ ПҚИ компаниясының қатысуындағы өзінің үлесінен 39,4 млрд. теңге (270 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті таныды. Аталған сома 8,6 млрд. теңге (59 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі активтердің баланстық құнының сатып алу бағасының артуына амортизация тиімділігі сомасын алып тастағанда, ПҚИ-дің 48,0 млрд. теңге (210 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі таза пайдасындағы Компанияның 33 % үлесін білдіреді.


Есепті кезеңдегі ПҚИ-дың таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 %-ға артты. Бұл мұнай бағасының артуымен қатар, негізінен есепті кезеңде «Торғай Петролеум» АҚ нәтижелерінің 50 %-ның бірігуі себеп болды. (Толығырақ ҚМГ БӨ-нің 2010 жылдың 20 тамыз күнгі баспасөз мәлімдемесін қараңыз).


2011 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоғыз ай ішінде Компания ПҚИ-дан 19,2 млрд. теңге (132 млн. АҚШ доллары) сомасында дивиденд алды.


CCEL


Компания 2011 жылдың 31 қыркүйегіндегі жағдай бойынша өзінің балансында 22,7 млрд. теңгені (153 млн. АҚШ долларын) қытайлық CITIC Group компаниясымен бірлесіп бақылайтын кәсіпорын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2011 жылдың тоғыз айында ҚМГ БӨ 26,87 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басымдықты кірістің бір бөлігін білдіретін 2,2 млрд. теңге (15,1 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайыздық кірісті есептеді.


***

2010 жылдың 31-маусымында аяқталған үш ай үшін қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есеп Компанияның Интернет-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланатын болады.

ҚОСЫМША4


Жиынтық кіріс туралы қысқартылған топтастырылған есеп (тексерілмеген)

Мың теңгемен








30 қыркүйекте аяқталған үш ай үшін

30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай үшін







2011

2010

2011

2010



















Кірістер




145.688.364

148.424.375

545.746.589

445.029.541

Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес




21.185.198

26.766.141

69.764.173

45.614.188

Қаржылық кіріс




6.801.450

9.008.556

22.176.668

29.872.049

Түсім мен басқа кірістердің жиыны




173.675.012

184.199.072

637.687.430

520.515.778



















Өндірістік шығындары




(25.148.870)

(30.229.982)

(87.846.628)

(80.685.570)

Сату және әкімшілік шығындары




(17.162.683)

(27.342.965)

(76.426.969)

(69.536.379)

Барлау шығындары




(1.951.378)

(434.155)

(2.629.466)

(900.002)

Ескіру, тозу және амортизация




(11.308.128)

(8.899.214)

(32.892.409)

(25.289.054)

Табыс салығынан басқа салықтар




(56.127.601)

(42.387.635)

(217.998.560)

(125.430.750)

Негізгі құралдарды шығарудан түскен шығындар




(1.269.323)

(762.306)

(3.397.787)

(1.324.747)

Қаржыландыру шығындары




(1.676.086)

(1.793.556)

(5.464.603)

(5.737.498)

Бағамдық айырмашылық кірістері /(шығыстары)




5.466.945

(376.506)

731.307

(3.213.615)

Салық салғанға дейінгі табыс




64.497.888

71.972.753

211.762.315

208.398.163

Табыс салығы шығындары




(14.187.380)

(15.198.530)

(47.113.672)

(51.589.834)

Кезеңдегі пайда




50.310.508

56.774.223

164.648.643

156.808.329



















Шетелдік операцияларды қайта санаудан бағамдық айырмашылық




2.282.269

(101.314)

1.471.344

(682.985)

Салықтарды шегергендегі кезеңдегі басқа жиынтық кірістер/(шығыстар)




2.282.269

(101.314)

1.471.344

(682.985)

Салықтарды шегергендегі кезеңдегі басқа жиынтық кірістердің жиыны




52.592.777

56.672.909

166.119.987

156.125.344


бір акцияға пайда
















Базалық және молайтылған




0,70

0,79

2,28

2,16


















  1   2   3   4

Похожие:

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері icon«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2010 жылдың 9 айындағы қаржылық нәтижелерін жариялайды
Астана, 12 қараша, 2010 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Қмг бө», «Компания») АҚ бүгін 2010 жылдың 9 айындағы қысқартылған топтастырылған...
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері iconАстана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17-үй мекен-жайы бойынша орналасқын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («Қоғам») осымен өзінің
Республикасы, Астана қаласы, Қорғалжың тасжолы, 2А, «Думан» қонақ үй кешені, «Парламент» залы мекен-жайы бойынша 2011 жылдың 5 мамырында...
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері icon«Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қОҒамының акционерлері үшін ақпараттық хабарлама
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қр заңының 23-бабын орындау үшін, Қоғам акционерлерінің 2010 жылдың 25 мамырындағы жылдық жалпы жиналысы...
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері бойынша Қорытынды
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу бағдарламасына сәйкес қойылған міндеттерге қарай
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері icon2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Жылдың қаңтар-наурыз айларына қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 91,5 млрд теңге сомаға немесе ұқсас кезеңге 136,6 өнім өндірілді....
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері icon2011 жылдың 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі №151 қаулысымен бекітілген
Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы 2012 жылдың бірінші жартыжылдық...
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері iconДереу таратуға арналған – 19 желтоқсан 2008 ж. Кімнен: ПетроҚазақстан Тақырыбы: 2008 жылдың 11 ай мерзіміндегі әрекеттердің нәтижесі Алматы, Қазақстан
Алматы, Қазақстан – ПетроҚазақстан өзінің 2008 жылдың 11 ай мерзіміндегі әрекететтердің нәтижелері туралы хабарлайды
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері iconҚаржылық есептілікті бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері
...
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері icon«2011-2015 жж. «Саламатты Казахстан» бағдарламасын орындау бойынша нутрициология кафедрасы іс-әрекеттерінің нәтижелері» Бужикеева А. Б., Асфендияров атындағы
«2011-2015 жж. «Саламатты Казахстан» бағдарламасын орындау бойынша нутрициология кафедрасы іс-әрекеттерінің нәтижелері» Бужикеева...
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелері iconБиржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница