Жұмыс мақсаты: Роговский белбеуі көмегімен магниттік потенциалдар айырымын және магнитқозғағыш күштерін өлшеу, толық ток заңын эксперименталды тексеру. 4.1 Теориялық мәліметтер М агниттік потенциалдар айырымы немесе магнит өрісіндегі «а-в» жолы бойымен магнит кернеуі деп келесі шаманы атайды
.
Тұйық контур бойындағы магниттік кернеу толық ток заңына сәйкес iw толық тогына тең болады
,
Тұйық контур бөліктерге бөлінуі мүмкін, онда ол үшін: F = iw немесе біртекті бөліктер үшін Hl = iw. Тұйық контурдағы магнитқозғағыш күштерін және кез-келген кесінді бойымен магнит кернеуін өлшеу үшін барлық ұзындығы бойынша оқшауланған сыммен бірдей оралған оқшаулағыш материалдан жасалған иілгіш таспа қолданылады, немесе қысқаша айтқанда магниттік белбеу немесе Роговский белбеуі (4.1 сурет). Белбеудің көлденең қимасы барлық ұзындығы бойынша бірдей және тым шамалы. Онда белбеудің бір орамымен іліскен магнит ағыны.
Ф = S cos.,
мұндағы – белбеудің берілген нүктедегі тік өсі мен магниттік күштің сызықтың бағыты арасындағы бұрыш. Белбеудің ұзындық бірлігіне w0 орам келеді, сондықтан белбеудің толық ағынілесуі

Осыдан

Белбеудің тұрақтысы K тек қана оның қимасынан және ұзындық бірлігіне орам санынан тәуелді. Ағынілесуді кез-келген әдіспен өлшеуге болады. Тұрақты магнит өрісі жағдайында белбеудің орамасы арқылы өтетін зарядты өлшейді. Бұл заряд ағынілесудің қалыптасқан мәніне пропорционал болады. Синусоидалы ток кезінде белбеу орамасында айнымалы магнит ағынымен тудырылатын кернеуді өлшейді. Бұл кернеудің әсерлік мәні
U = 4,44f m, осыдан m = U/4,44 f,
мұндаm – ағынілесудің амплитудасы.. Осыдан, магниттік кернеулердің амплитудасын есептейтін формуланы аламыз 
Егер, K немесе тұрақтылары белгілі болса, онда магниттік белбеудің магнит тізбектің бөліктеріндегі магнит кернеуді, магнитқозғағыш күштерді өлшеу үшін және орауыштардың орам санын анықтау үшін қолдануға болады. 4.2 Тапсырма 4.2.1 Синусоидалы ток кезінде белдеудің тұрақтысын эксперименталды анықтау және есептеу. Белдеу арқылы орауыштың орам санын анықтау. Тұйық контурдағы және жеке бөліктердегі магниттеу күштерді өлшеу жолы мен толық ток заңының орындалуын тексеру. 4.3 Жұмысты орындау бойынша нұсқаулар 4.3.1 Синусоидалы токтың жиілігін 1000Гц болғанда, белбеудің тұрақтысын (w0 және S мәндері белбеуде көрсетілген) келесі формула мен есептеу
= ……………….А/B.
4.3.2 Жинақтау панеліне орам саны w = 900 орауышын орнатып 4.2 суретіндегі сызба бойынша тізбекті жинау керек. Жиілігі 1000Гц кернеуді беріп, орауышта максималды мүмкін токты орнату және толық ток заңынан белбеу тұрақтысын анықтау керек
= ………………………А/B.
А лынған шаманы есептелген мәнмен салыстыр. 4.3.3 Орауышы сондай, бірақ орам саны басқа (мысалы 300 орам) орауышқа ауыстыр және тұйық контур бойынша магниттік кернеуді өлшеп, орам санын анықта = ……………….
Алынған шаманы орауыштың құжатында көрсетілген мәнмен салыстыр. 4.3.4 Кез-келген екі орауышты тізбектей келістіріп қосып, онда 0,2 А тогын орнатып және екі орауышты магнит белбеуімен қапсыра құшақтау керек. Тұйық контур бойымен магнит кернеулердің қосындысын өлшеп, толық ток заңының орындалуын тексер. Жалпы цифрлік түрде көрсетсек
…………..=…………
Осы тәжірибені орауыштар қарама-қарсы қосылған кезде өткізу және тексеру жасау.
Жалпы цифрлік түрде ……………………………
4.3.6 Орам саны 900 тең орауышқа ферромагнитті өзекшені еңгізген кезде тұйық контурдың жеке бөліктеріндегі күштердің магнит кернеулерінің өзгеруін айқындау (4.3 сурет).

4.3 Сурет
Барлық тәжірибиеде тоқты өзгеріссіз етіп ұстаңыз. 4.3 суретін есепке көшіріп, сол есепте өлшемнің нәтижелерін белгілеп, толық тоқ заңын тексеру үшін есептеулер жасаңыз.
|