Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
страница1/11
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.17 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish538425_9030.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 11:03:24


Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 Қаулысы

(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

 

Төраға

А. Дунаев

 

Келісілген

Қазақстан Республикасы

Мәдениет, ақпарат және

спорт министрлігінің

Ақпарат және мұрағат

комитеті Төраға

_________________________

қолы, күні, елтаңбалы мөрКелісілген

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Төраға

_________________________

қолы, күні, елтаңбалы мөр

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2006 жылғы 25 ақпандағы

40 қаулысының 1-қосымшасы

 

 

Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату

ережесі

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 134 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесі (бұдан әрі - Ереже) банкті сот шешімі бойынша мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.

 

 

1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын жалпы ережелер және негізгі ұғымдар

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.10. № 155 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

2. Осы Ереже соттың шешімі бойынша еріксіз таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.

Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен белгіленеді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 134 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Сот:

1) банктің банкрот болуына;

2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органының банк заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын жүргізуге банктің лицензиялардан айыруына;

3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздемелер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (шағымына) байланысты банкті мәжбүрлеп таратады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.11. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.29.10. № 155 Қаулысымен  (бұр.ред.қара); 2009.02.11. № 227 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 15 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 134 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы анықтаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

3) бас офис - тарату комиссиясының төрағасы жедел-басқару және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;

4) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;

5) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;

6) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;

7) кредиторлар санаты - бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы заңның 74-2-бабыменкөзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

8) кредиторлар талаптарының тізілімі - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде қойған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемінде өтемақы төлеу бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;

9) күтпеген шығыстар - мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс кідіртуге болмайтын қажеттілікке арналған тарату комиссиясының жоспарланбаған шығындары;

10) қатысушы банк - банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне ену сәтіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;

11) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар;

12) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік;

13) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

14) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда - кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы;

15) сату объектісі - жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылған таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;

16) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;

17) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;

18) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

19) сауда-саттықты ұйымдастырушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;

20) сауда-саттық қатысушысы - сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

21) сауда-саттықтың ағылшын әдісі - лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;

22) сауда-саттықтың голланд әдісі - лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;

23) тарату комиссиясы - банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;

24) тарату комиссиясының шығыстары - банкті мәжбүрлеп тарату процесінде тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);

25) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;

26) тарату массасының мақсатсыз шығысы - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

27) тарату шығыстарының сметасы - кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келісе отырып бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;

28) тарату ісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

29) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк;

30) таратылатын банктің мүлкі - құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы;

31) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) - банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін банк операцияларын жүргізуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап тарату комиссиясын уәкілетті орган тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға).

5. Банкті банкрот деп таныған жағдайда оның таратылуы осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconЕрежесін бекіту туралы
Республикасында банктерді ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы
Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында...
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың ақпанда тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы №40 Қаулысы
Фрагмент документа: 'Ќазаќстан Республикасында банктерді мѕжбџрлеп тарату ережесін бекіту туралы' Ќазаќстан Республикасы Ќаржы нарыѓын...
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница