Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт




Скачать 84.43 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт
Дата конвертации10.02.2016
Размер84.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kisc.kz/files/Kdog_clr.doc

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОРТАЛЫҒЫ

КЛИРИНГ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТ

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы

№_____________ШАРТ

Алматы қаласы 200__ жылдың «__»___________

Бұдан әрі қоса атағанда – Тараптар деп аталатын: бір жағынан, бұдан әрі – Орталық деп аталушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Жарғы негізінде ісәрекет жасайтын бас директоры С.Абдулкаримов арқылы және бұдан әрі Пайдаланушы деп аталушы, ______________________________

___________________________________________________________________________ негізінде ісәрекет жасайтын _________________________________________________ арқылы екінші жағынан, мына төмендегідей мәселелер жайында осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Орталық Пайдаланушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 3 шілдедегі № 157-қаулысымен бекітілген «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының клирингтік жүйесінде операцияларды жүргізу ережесіне» (бұдан әрі - Ереже), осы Шартқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық кесімдеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық валютада электрондық клирингті жүзеге асыру жөнінде қызмет көрсетулерді ұсынады.

  1. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

    1. Орталық:

      1. Ережеге сәйкес Пайдаланушының төлем құжаттарын қабылдауға және өңдеуге және клирингтің қорытындылары бойынша ақша аударуды жүзеге асыруға.

      2. Пайдаланушыға операциялық күн ішінде кезекте тіркелген төлем құжаттарының үзінді көшірмесін беруге.

      3. Клирингтің қорытындылары бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейін бір сағаттың ішінде жүргізілген төлем құжаттар бойынша соңғы үзінді көшірмені және екі сағаттын ішінде Пайдаланушының пайдасына келіп түскен барлық төлем құжаттарды беруге.

      4. Пайдаланушыға байланыстың қолда бар арналары (коммутацияланатын телефон желілері, бөлінген желілер және т.б.) бойынша хабарламаларды қабылдау-тапсыру үшін оның Орталыққа қол жеткізуін қамтамасыз етуге.

      5. Тарифінің барлық өзгерістері, клирингтік операцияларды жүргізудің тәртібіндегі және Орталық пен Пайдаланушы арасындағы бағдарламалық-техникалық өзара іс-қимылға деген талаптардың өзгерістері туралы Пайдаланушыны 30 (отыз) күннен кешіктірмей ескертуге.

      6. Клиринг кездейсоқ тоқтап қалған жағдайда оны қалпына келтіру және Пайдаланушыны құлақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қолдануға.

      7. Алматы қаласынан тыс жерде орналасқан Пайдаланушыға көрсетілген қызметтер үшін шот-фактураны қағаз түрінде, пошта байланысы арқылы хабардар етіп жіберуге міндеттенеді.

    2. Орталық:

      1. Демалыс және мереке күндері, сондай-ақ кешкі және түнгі уақыттарда клирингтің жұмысын тоқтардан дейін бір сағаттан кем емес уақыт ішінде Пайдаланушыны ескерте отырып, клирингтің жұмысын тоқтатуға;

      2. Пайдаланушы Орталықтың көрсетілген қызметтер үшін берген шот-фактурасы бойынша шот-фактура берілген күннен бастап 20 (жиырма) күннен аса ақы төлемеген жағдайда, оның берешегі жойылғанша осы Шарт бойынша міндеттемелердің жүзеге асырылуын тоқтатуға;

      3. Орталықтың Пайдаланушыға көрсеткен қызметтері үшін ақы төлеу мерзімдерінің кешігуі (осы Шарттың 3-бөлімінде белгіленген) 20 (жиырма) күнтізбелік күнді құраған жағдайда, Орталық өзінің көрсеткен Қызметтері үшін дер кезінде төленбеген сомаларды өтету үшін, Шарт талаптарына сәйкес, Орталыққа тиісті есептелген ақша қаражаттарын Орталық берген талап-тапсырманың негізінде Пайдаланушының корреспонденттік шотынан алуға (есептен шығару) қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруге құқылы. Пайдаланушы осы Қосымша келісімге қол қоя отырып, Шарт пен талап-тапсырманың негізінде акцептсіз тәртіппен осылай есептен шығаруға сөзсіз келісімін береді, бұл орайда қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

    3. Пайдаланушы:

      1. Ережені сақтауға, сонымен қатар Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген ұйымдастыру тәртібін және төлем жүйесінің клирингке қатысты бөлігіндегі жұмыс талаптарын орындауға.

      2. Осы Шарт талаптарына сәйкес Орталыққа көрсеткен қызметтері үшін ақы төлеуге.

      3. Құрылтайшылық құжаттарының, төлем деректемелерінің және пошталық мекенжайының өзгерістері туралы Орталыққа айлық мерзімде хабарлауға.

      4. Электронды хабарлармен алмасу процедураларына сәйкес жіберілген және алған төлем құжаттарының орындалуын бақылауға.

      5. Пайдаланушы Алматы қаласында орналасқан болса, одан көрсетілген қызметтер үшін шот-фактураны қағаз түрінде Орталықта алуға міндеттенеді.

    4. Пайдаланушы:

      1. Клирингке төлем датасы ағымдағы операциялық күн датасына немесе кезектегі үш операциялық күн даталарына сәйкес келетін төлем құжаттарын жіберуге.

      2. Клирингке кіретін байланыс арналарының бірі істемей қалған жағдайда басқа арнаны пайдалануға құқылы.

3. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

3.1. Пайдаланушы Орталықтың есептегі айдан кейінгі айдың 10-жұлдызына дейін электрондық тәсілмен ұсынған шот-фактурасының негізінде, Ұлттық Банк бекіткен Тарифтерге сәйкес ақшаны ай сайын қолма-қол ақшасыз аудара отырып, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізеді.

3.2. Пайдаланушы Орталық қызметтері үшін ақы төлеуді электронды шот-фактураны алған сәттен бастап есептегенде 3 (үш) банкілік күн ішінде жүзеге асыруы тиіс.

3.3. Клиринг Орталықтың кінәсінен тоқтап қалған жағдайда ақы мынадай жолмен төленеді: клиринг тоқтаған (тұрып қалған) кезеңде күшінде болатын тарифтер, ол қосылған сәттен бастап автоматты түрде клиринг тоқтаған (тұрып қалған) уақытқа тең уақыт аралығына қолданылады.


4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

4.1. Осы Шарттың 3.2.-тармағында көзделген мерзімде шотты төлеу кешіктірілген жағдайда Пайдаланушы мерзімі ұзартылған әрбір күн үшін шоттың сомасынан 0,1%-ы мөлшерде өсімпұл төлейді.

4.2. Ағымдағы үзінді көшірмеде көрінетін және клирингтің қорытындылары бойынша ақша аударуды жүзеге асырылған сәтте қаржысы бола тұрса да Пайдаланушының төлем құжатын Орталық өз кінәсінен орындамаған жағдайда, Орталық Пайдаланушыға төлем құжат сомасының 0,1 %-ы мөлшеріндегі айыппұлды төлейді.

4.3. Осы Шарттың 2.1.3.-тармағына сәйкес жүргізілген есептемелер бойынша соңғы үзінді көшірмені уақытылы бермегені үшін Орталық Пайдаланушыға ағымдағы айда көрсетілген қызметтің 5%-ы мөлшерінде өсімпұл төлейді.

4.4. Айыппұлдардың жалпы сомасы Пайдаланушыға ағымдағы айда көрсетілген қызметтің 50%-ынан аспауы тиіс.

4.5. Төлем құжаттары және хабарламалар толық немесе дұрыс емес рәсімделмесе, сондай-ақ Пайдаланушының кінәсінен қателік, бас тарту немесе кешіктіру болған жағдайда Орталық осы Шарт бойынша жауап бермейді.

4.6. Тараптар осы Шарт бойынша өздеріне қабылдаған міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмағаны үшін, егер ол тежеусіз күш жағдайларының (су тасқыны, жер сілкінісі, өрт, жаппай тәртіп бұзұшылықтар, әскери қозғалыстар), электр энергиясын өшіру Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына тікелей немесе жанама кедергі келтіретін заң кесімдерінің, мемлекеттік органдардың үкіметтік қаулылары мен өкімдерінің, Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінің күшіне енуінің салдарынан болса, жауаптылықтан босатылады. Көрсетілген органдардың нормативтік кесімдері және/немесе құзыретті мемлекеттік органдар берген жазбаша құжаттар осы тармақта көрсетілген жағдайлардың басталуына және ұзақтығына дәлел болады.

4.7. Клирингтің жұмыс істеуін бұзған кездейсоқ жағдайлар туындағанда, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді бұзумен келтірілген шығындарды азайту жөнінде шаралар қолданады.

5. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

5.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысы клиринг процесінде алынған ақпаратқа құпиялылықтың тиісті режимін сақтайды және алынған ақпаратты жария болудан сақтау үшін барлық мүмкін шараларды қолданады.

6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

6.1. Шарт талаптарын орындау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттенеді.

6.2. Өзара келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралады.


7. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ САНМЕН ҚОЛ ҚОЮДЫ ПАЙДАЛАНУ

7.1. Тараптар электронды хабарламалармен алмасу кезінде, Орталық Пайдаланушыға ұсынатын бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және «Тұмар» электрондық санмен қол қою жүйесі қолданылады.

7.2. Тараптар ақпараттың криптографиялық қорғанысы және «Тумар» электронды санмен қол қою жүйесі электронды құжаттардың құпиялылығын, тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ авторлығы мен түпнұсқалығын растау үшін жеткілікті деп таниды.

7.3. Тараптар жөнелтушінің электрондық санмен қол қоюымен қағаз түрінде заңды баламалы қол қойылып, мөрмен расталған құжатқа сәйкес келетін электронды хабарламаны мойындайды.

8. БАСҚА ТАЛАПТАР

8.1. Орталық және Пайдаланушы арасындағы клирингте хабарламалар алмасуы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген ақпаратты беру пішімдері бойынша электрондық тәсілмен ғана жүргізіледі.

8.2. Клирингтік операциялық күнді ашу және жабу уақытын Ұлттық Банк белгілейді.

8.3. Коммуникациялық бақылаудан өткен және Орталықпен өңдеуге қабылданған төлем құжаттары өңделген деп есептеледі.

8.4. Клирингтегі төлем құжаттың сомасы 5 000 000 (бес миллион) теңгеден аспауы тиіс.

8.5. Пайдаланушының электронды төлем тапсырмаларын қабылдауға және беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, Тараптар осы Шарттың ережелерін орындау жөнінде барлық мүмкін шараларды қолданады.

8.6. Осы Шарт Тараптары арасындағы дауларды қарау олардың өзара мүдделерін ескере отырып, келіссөздер жолымен жүзеге асырылады. Даулы мәселелер бойынша Тараптар арасында келісім болмаған жағдайда, осы Шарт бойынша даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.

8.7. Осы Шартта көзделмеген мәселелер бойынша, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

9. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ, ОНЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ ТӘРТІБІ

9.1. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімде күшінде болады.

9.2. Тараптардың әрқайсысы қарсы Тарапты осы Шарттың бұзылуы болжанған күннен бір ай бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.

9.3. Орталық Ұлттық Банкінің шешімі бойынша осы Шартты бұзуға немесе Пайдаланушыны оның мәртебесінен айыруға құқылы.

9.4. Осы Шарт Ұлттық Банкінің клирингке қатысты нормативтік құқықтық актілері өзгерген жағдайда, қайта қарауға жатады.

9.5. Осы Шарттың өзгерістері мен толықтырулары Тараптардың жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.

9.6. Осы Шарт бойынша Тараптар қайта ұйымдастырылған жағдайда, ол бойынша міндеттемелер құқықтық мирасқорына ауысады.

9.7. Осы шарт бес данада жасалды: екі данасы мемлекеттік тілде және үш данасы орыс тілінде, барлығының заңдық күші бірдей.

9.8. Тараптар арасында осы Шарттың қазақ және орыс тіліндегі мәтінінің мазмұны жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда осы Шарттың орыс тіліндегі нұсқасына басымдық беріледі.


10. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ҚОЛДАРЫ

ОРТАЛЫҚ: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК, 050040, Алматы қаласы, “Көктем-3” ы/а, 21-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығындағы (филиал) ЖБК 342311, коды 138, СТН 600400060664, ББК 190551138, резиденттік белгісі 1, белгіленген төлем белгісі 5, белгіленген төлем коды 840.


ПАЙДАЛАНУШЫ: ________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________тел ______________________________________________________________________


«ОРТАЛЫҚ» «ПАЙДАЛАНУШЫ»


________________ С.Абдулкаримов ___________________________

М.О. М.О.





Похожие:

Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы
Куәландырушы орталықтың бұдан әрі – «Куәландырушы орталық» деп аталушы, Клиентке қызметтерді ұсынады және түрлерін анықтайды. Клиенттің...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconОсы Шарт «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың №1 Қосымшасының нысаны бойынша Пайдаланушымен қол қоюы және Куәландырушы орталыққа...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconБұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар
Шартқа №1 Қосымшасының (заңды тұлғалар үшін) немесе №3 Қосымшасының (жеке тұлғалар үшін) нысаны бойынша, кілттерді және тіркеу куәліктерін...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы
Мәлiметтер "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру...
Қазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт iconҚаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница