1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1)




Скачать 108.1 Kb.
Название1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1)
Дата конвертации10.02.2016
Размер108.1 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish196040_7288.doc
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қазан


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3-тоқсанда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» тоқсан сайынғы зерттеуінің қорытындылары бойынша мынадай үрдістер байқалды. Сыртқы арзан қорландыру көздерінің шектелмегенінен қарамастан, банк секторының кредиттік белсенділігі біртіндеп қалпына келуде. банктер арасында сапалы заемшылар үшін бәсекелестік күресі одан әрі күшейе түсуде, бұл ретте мұндай заемшылардың сапасы шектеулі. Клиенттік базаны кеңейту мақсатында банктер ұсынылатын өнімдердің құрылымын жетілдіріп, кеңейтуде, сондай-ақ бизнесінің ерекшелігін ескере отырып, клиенттерді бағалаудың жеке тәсілін қолдануда. Сонымен қатар жаңа кредиттерді беру кезінде консерватизмнің жоғары деңгейі сақталуда. Несие портфелін жұмыс істемейтін заемдардан тазарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Банк секторының белсенділігін одан әрі көтеруді және несие портфелінің сапасын қалпына келтіруді үдерісін жылдамдатуды банктер салық ауыртпалығын жұмсарту бөлігінде заңнамаға алдағы енгізілетін өзгерістермен және проблемалық кредиттер қорын іске қосумен байланыстырады.


  1. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1).

Т
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға

сұраныстың өзгеруі


алдау жасалып отырған кезеңде кредиттерге сұраныстың ұлғайғанын атап өткен банктердің үлесі 2011 жылғы 2-тоқсандағы 79%-дан аздап төмендеп, 76% құрады. Бұл ретте мұқият жүргізілген қаржылық талдауды және корпоративтік клиенттердің әлеуетті тәуекелдерін бағалауды есептегенде, кредиттеу мерзімдерінің ұлғаюы динамикасы сақталды. Жалпы алғанда кредиттеу құрылымы көбіне айналым қаражатын қаржыландырумен, қолда бар берешекті қайта қаржыландырумен, сондай-ақ негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар берумен көрсетілген. Банктер заемшылардың қызметті қаржыландырудың басқа көздерін пайдалануының іс жүзінде өткен тоқсандағы деңгейде сақталғанын да атап өтіп отыр.

Сұраныстың өсуі негізінен пайыздық ставканың өзгеруін туындатып отыр, ал мерзімдердің және басқа да талаптардың өзгеруі сұраныста аз дәрежеде көрінеді. Бұл ретте кредиттеудің бағаға қатысы жоқ талаптарының өзгеруі заемшылардың банктер кредиттеріне сұранысын төмендетуге әкеп соққанын бірде бір банк атап өткен жоқ.

Банктердің бағалауынша 2011 жылғы 4-тоқсанда кредиттік ресурстарға заемшылар тарапынан сұраныстың өсуі сақталады. Банктердің шамамен 62%-ы сұраныстың ұлғаятынын күтеді және респонденттердің бар болғаны 38%-ы оның бұрынғы деңгейде қалатынын болжайды. Сұраныс кіші және орта бизнес тарапынан, сондай-ақ овердрафт және халықаралық қаржы институттарын қаржыландыру сияқты бағыттар бойынша өседі деп күтіледі.

2
2-диаграмма. Мерзімдері мен валюталары

бойынша заемдарға сұраныстың өзгеруі


. Корпоративтік заемшылар тарапынан сұраныс қысқа мерзімді, сол сияқты ұзақ мерзімді кредиттік ресурстарға сұраныс байқалады.


Заңды тұлғалар тарапынан ұлттық валюта – теңгемен кредиттерге деген сұраныстың басымдығы жалғасуда. Бұл ретте қысқа мерзімді кредиттерге деген сұраныстың өсу қарқыны 2011 жылғы 3-ші тоқсанда өткен тоқсанмен салыстырғанда үдеді, ал ұзақ мерзімді кредиттердікі баяулады (2-диаграмма).

3. 2011 жылғы 3-тоқсанда банктер корпоративтік секторды кредиттеу кезінде консервативтік тәсілді ұстанды (3-диаграмма). Оң кредиттік тарих кредитті беру кезіндегі маңызды фактор болып табылады.

Б
3-диаграмма. Кредит саясатының

өзгеруі


анктердің бизнестік кредиттеуге ниеті талдау жүрігізіліп отырған кезеңде өсуін жалғастырғанмен, өткен тоқсанмен салыстырғанда біршама қысқарды. Банктердің кредит саясаты корпоративтік заемшыларға қатысты 2011 жылғы 2-тоқсанмен салыстырғанда жалпы алғанда өзгерген жоқ. Корпоративтік сектордың кредиттік ресурстарға деген сұранысының өсуіне қарамастан банктер, бұрынғысынша, клиентті таңдауға мұқият қарауда, себебі кредиттеу нарығында сапалы заемшылардың тапшылығы проблемасы әлі өткір күйінде қалып отыр. Заемшыларды таңдау кезінде кредиттік тарих пен клиенттің рентабельділігінің оң көрсеткіштері банк үшін маңызды аспект болып табылады. Несие портфеліндегі проблемалық кредиттердің үлесінің басымдығын және олардың сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді баяу шешілуін ескере отырып, банктер тексерілген және сенімді заемшылармен жұмыс істеуді таңдады, бизнестік бастапқы қалыптасу кезеңін (start-up жобалары) тәуекелі жоғары деп бағалай отырып, оны іс жүзінде кредиттеген жоқ.

Қазақстандық банктер кредиттеу сегментінде шет елдің қатысуы бар орташа банктер бәсекелестігінің күшейгенін атап өтуде. Нарықтық үлесі ұлғайту мақсатында жекелеген банктер кредиттік өнімдерін төмендетілген ставкалармен ұсына отырып, агрессивті саясат жүргізуде, бұл басқа банктерден жақсы заемшылардың кетуіне әкеп соғуда. Соған қарамастан бұл үрдіс нарықтағы кредит өнімдері құнының жалпы төмендеуіне ықпал етеді.

Салалар бойынша 3-тоқсанда сауда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары көбірек кредиттелді. Әлемдік тауар нарықтарында астық бағасының төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығындағы тәуекелдердің аздап ұлғаюы байқалады, бұл банктерді осы секторда қамтылған заемшыларды қаржыландыруға барынша мұқият қарауға итермеледі.

Жалпы алғанда банктер корпоративтік секторға қатысты кредит саясатының 2011 жылғы 4-тоқсанда осы үрдісін сақтайтындығын күтеді - банктердің 79%-ы кредит саясатының өзгеріссіз қалатынын, ал банктердің бар болғаны 15% аздап жұмсаратындығын болжайды. Банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін, бәсекелестіктің одан күшеюін, соның нәтижесінде клиенттік базаны кеңейту мақсатында кредиттік желінің дамитынын және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың өсетінін болжайды.

Экономиканы кредиттеуге және экономикалық өсуді ынталандыруға қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлер тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың ұлғаюына, бизнестік іскерлік белсенділігінің қалпына келуіне, сондай-ақ банктердің кредит қызметінің жандануына ықпал етуін жалғастыруда.


II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы


1. Банк секторындағы бәсекелестіктің күшеюі кредит ресурстарының қол жетімділігінің көтерілуінде оң көрініс табуды.

2
4-диаграмма. Ипотекалық кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі


011 жылғы 3-тоқсанда ипотекалық өнімдерге деген сұраныстың ұлғайғанын банктердің 59% атап өтті. Кредиттеудің осы сегментінде сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталғанын бағалаған банктердің үлесі 41% құрады. Ал тұтыну заемдарына деген сұраныстың ұлғайғанын банктердің 70%-ы атап өтті, бұл өткен тоқсандағы 90%-бен салыстырғанда едәуір төмен (4 және 5-диаграммалар). Осылайша, банктердің тұтыну кредиттеріне деген сұраныстың өсуіне қатысты болжамдары 3-тоқсанда орындалған жоқ.

К
5-диаграмма. Тұтыну кредиттеріне сұраныстың өзгеруі


редиттерге деген сұраныстың өсуі, банктердің пікірінше, заемшылар – жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік нарығының жақсы перспективаларды күтуімен, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуды қаржыландыруға сұраныспен, сондай-ақ борыштық ауыртпалықты қабылдаудың төмендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте Еуроаймақтың қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақсыздығымен байланысты отандық қаржы нарығын одан әрі дамытудың перспективаларына қатысты халықтың теріс күтулері сұраныстың өсуін тоқтатын факторлар болды. Банктерді сұрау нәтижелері бойынша бұл ахуал банктің кредиттік комитеті оң шешім қабылдаған кейбір жақсы заемшылардың кредиттерден бас тартуына әкеп соққан.

2
6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)



7-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)


011 года жылғы 3-тоқсанда барлық респондент банктердің 36% тұтынушылық кредиттер бойынша және банктердің 29% ипотекалық кредиттер бойынша кредиттік саясатты едәуір жұмсартты (6 және 7-диаграммалар).


Өз кезегінде, банктер кредиттеудің қажетті деңгейін қолдау мақсатында кредиттік өнімдердің баға өлшемдерін төмендету жағына қарай өтініштерді қарау және клиенттерге қызмет көрсету рәсімін жеделдету арқылы сапалы клиенттерді барынша көп тартуға тырысады.

3-тоқсанда ипотекалық кредиттеу деңгейі банктердің тұрғын үй нарығында жүргізген барынша икемді оң экономикалық конъюнктура саясатын ескере отырып, төменгі деңгейде қалып отыр, олар осы бөлікте халық тарапынан белсенділіктің біртіндеп ұлғаюына ықпал етеді. Тұтастай алғанда ипотекаға арналған пайыздық ставкалардың барынша төмендеуі, бастапқы жарнаның төмендеуі, кейбір комиссияларды жою, кредиттеу мерзімін ұлғайту сияқты кейбір кредиттеу талаптарын ырықтандыру байқалады. Банктер жылжымайтын мүліктің қайталама нарығында жұмыс істеуге басымдық бере отырып, аяқталмаған құрылысты аса сақтықпен қаржыландырады.

Қазақстанда ипотекалық кредиттеу мынадай негізгі факторларды ұстанатындығын атап өткен: 1) қазіргі уақытта банктердің көпшілігінің балансы проблемалық кредиттердің стресінде болады; 2) банктерді ұзақ мерзімге қорландыру проблемасы бар, ал ипотека – бұл кредиттеудің ұзақ мерзімді түрі, сондықтан банктер кредиттерді қорландырудың тиісті мерзімдері бойынша жабуға мәжбүр болады. Осыған байланысты, банктер ипотекалық кредиттеудің баяу қалпына келуін күтеді.

Сонымен қатар, банктер клиенттердің төлем қабілетін және кредиттік қабілетін барынша мұқият тексереді. Бұл ретте халықтың кредиттеу саласында барынша құзыреттілігі байқалып отыр, қаржы қызметін тұтынушылар түрлі банктер ұсынатын осындай қаржы өнімдері бойынша талаптарды барынша мұқият қарайды. 3-тоқсанда тұтынушылық кредиттеу шеңберінде оқуға, пәтерлерді жөндеуге ақы төлеу, демалысқа, жиһаз, тұрмыстық және электрондық техниканы сатып алуға, салтанатты кештерді өткізуге ақы төлеу анағұрлым кең тараған мақсаттар болып табылады.

Күтулерге қатысты банктердің 67%-ы тұтынушылық кредиттеу бойынша, респонденттердің 48%-ы ипотекалық кредиттеу бойынша сұраныстың кейбір өсуін күтеді.

Тұтастай алғанда банктер 4-тоқсанда банктер арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты бөлшек және ипотекалық кредиттеу көлемінің ұлғаюын болжамдайды. Тұтынушылық және ипотекалық өнімдер бойынша кредиттеу талаптары баға (банктің кредит бойынша пайыздық ставкасы және маржасы) және баға емес (пайыздық ставкамен байланысты емес кредитті өтеу мерзімі, кепіл талаптары, комиссиялар) талаптарын қоса алғанда одан әрі жетілдіруді жоспарлайды.


3. 2011 жылғы 4-тоқсанда респонденттердің 64% жылжымайтын мүлік бағасының кейбір өсуін күтеді, осы уақытта банктердің 36% жылжымайтын мүлік бағасы өзгермей қалады деп жоспарлап отыр (8-диаграмма).


8-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының өзгеруін күтулер




Банктер жылжымайтын мүлік нарығын қалпына келтіру динамикасын халықтың тарапынан сатып алу белсенділігінің төмен болуымен сипаттайды. Қысқа мерзімді перспективада айтарлықтай баға өсіміне алғышарт күтілмейді.


III. Тәуекелдер картасы


1. Банктер 2011 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша кредиттік тәуекелді қабылдау дәрежесінің біртіндеп азаюын көрсетеді (9-диаграмма).

2-тоқсанмен салыстырғанда валюта тәуекелі (3-тоқсандағы күтулер, банктер бұрын жасаған тоқсанда барынша төмен болды) бойынша сезімталдық біршама көтерілді, бұл осы тәуекелдің Еуроаймақта, АҚШ-та проблемалардың өсуіне қарай ауқымды көлемде өсуімен түсіндіріледі.

Банктер ерекше көңіл бөлетін негізгі тәуекелі кредиттік тәуекел болып қалып отыр. Осы тәуекел түрінің маңыздылығы банктердің несие портфелінің сақталып отырған төменгі сапасына байланысты. Бұл ретте 3-тоқсанда оның деңгейі мүлдем өзгерген жоқ – респондент банктердің 16% осы тәуекел азайған банктер саны 14% болған кезде кредиттік тәуекелді ұлғайту туралы мәлімдеді. 4-тоқсанда банктердің 22% кредиттік тәуекелдің өсуін, ал 14% – оның төмендеуін күтеді.


9-диаграмма. Банктердің кредиттік тәуекелді қабылдауы 2




1. 3-тоқсанда банктер тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру және несие портфелінің сапасын жақсарту, оның ішінде проблемалық заемдарды тазалау жұмысын жүргізді.

Банктердің несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту үшін қабылдайтын шараларына қарамастан төменгі деңгейде сақталып отыр. Таяудағы 3 айда респонденттердің 22%-ы несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, банктердің 62%-ы көрсеткіш өзгермейді деп болжамдайды. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша респонденттердің тиісінше 18% және 26% несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, 68% және 70% портфелдің сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп күтеді.

Банктердің көпшілігі қайта құрылымдау процесінің және проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялардың кейбір баяулауын атап өтті, бұл проблемалық кредиттер бойынша мәселелердің негізгі бөлігін шешуге байланысты. Бұл ретте несие портфелінің сапасын жақсартудың маңызды факторы жеңілдікпен салық салу және проблемалық активтер қорын іске қосу мәселелерін жедел шешу болып табылады.

Банктер тарапынан бизнесті барынша терең түсіну, тәуекел-менеджментінің сапасын айтарлықтай жақсарту және кредиттік жобаларды барынша мұқият қарау байқалады, бұл шетелдік қатысумен банктер тарапынан бәсекелестік қысымның күшеюімен, сондай-ақ қаржы ресурстарын барынша тиімді бөлуге және пайдалануға тырысуға байланысты.

Еуропалық капитал нарықтарында ахуалдың тұрақсыз болуына байланысты банктердің бос ақша қаражатын мемлекеттік бағалы қағаздарға және энергетикалық компаниялардың өтімділігі жоғары бағалы қағаздарына инвестициялауы өсе бастады, себебі бұл қаржы құралдары барынша аз болып табылады.

3-тоқсанда негізгі қорландыру көздері заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, жұмыс істейтін акционерлер (бас банктер) тарапынан капиталға инвестициялар және алынған түсімді қайта инвестициялау болып табылады.

2011 жылғы 3-тоқсанда банктердің сыртқы міндеттемелері орташа есеппен алғанда3 мынадай көздер есебінен өтелді:

- ішкі міндеттемелер есебінен (58%);

- сыртқы нарықтарды резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру есебінен (24%);

- резиденттерге активтер мен талаптарды қысқарту есебінен (18%).

Кейінгі 12 айдың ішінде (2011 жылғы қазан - 2012 жылғы қазан бойынша) банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен ауыстыруды жоспарлайды (47%); капиталдың сыртқы нарықтарында берешекті қайта қаржыландыру пайызы 2011 жылы, банктердің бағалаулары бойынша, сыртқы міндеттемелердің жалпы жоспарланған өтеулерінен 27% деңгейде болады, бұл ретте банктер 12 айды (2011 жылғы қазан - 2012 жылғы қазан бойынша) болжамдау кезінде, резидент еместерден қаражатты тарту мүмкіндігіне жол беретіндігін атап өту қажет. Сонымен қатар, банктер капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру құны банктер үшін оңтайлы және тиімді мәндерге жеткен кезде осы қаржыландыруды қарайтын болады. Яғни осы тарту капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру бағасына тікелей байланысты. Сонымен қатар банктер қаржыландыру тапшылығын активтерді (резиденттерге және резидент еместерге талаптардың қысқаруы) сату, тиісінше 19% және 7% жуығы сыртқы міндеттемелердің жоспарланған өтеулері есебінен белсенді түрде жабуды болжамдайды.



1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Бұл жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.

2 Нәтиже сол немесе өзге де өлшемдердің ұлғаюын/азаюын атап өткен респонденттердің % айырмасы ретінде есептелетін есептерді таза пайыздық өзгерту түрінде есептеледі.

3Орташа мәнді есептеу үшін база 30.06.2011 жағдай бойынша сыртқы борышты бағалау болып табылады. Іріктеу – сыртқы нарықтарда неғұрлым ірі заемшылар болып табылатын 11 банк.





Похожие:

1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) icon1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қаңтар
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) icon1. 2011 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың өсу қарқыны айтарлықтай төмендегені байқалды. Банктер корпоративтік клиенттерді тарту және ұстау мақсатында кредиттеудің талаптарын жұмсарту бойынша жұмыстарды жалғастырды (11-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қаңтар
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) icon1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы сәуір
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан
Бұл ретте кредит ресурстарына1 сұраныстың нақты түсуі жеке тұлғалар тарапынан байқалса, ал корпоративтік сектор тарапынан заемдық...
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) iconЗерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қатысты бағалау неғұрлым айқын болып отыр
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы сәуір
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) icon1. 2012 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша, соңғы үш тоқсанның үрдістері айтарлықтай өзгерместен, қаржылық емес ұйымдардың тарапынан кредиттік ресурстарға баяу сұраныс байқалуда
Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қазан
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) iconКорпоративтік секторды кредиттеу нарығы Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) iconЕ gov kz порталы арқылы 15 минутта кредиттік тарихты білуге болады
Есеп банктер мен басқа кредиттік ұйымдардан келіп түскен несие алушының кредиттік тарихы сауалдарының санын көруге мүмкіндік береді....
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) icon4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қаңтар
1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1) iconҚала әкімі А. Б. Мұхамбетовтің өзіне
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 33 бабына сәйкес өңірдің одан әрі әлеуметтік экономикалық дамуына, тұрғындардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница