Источник: ИС ПАРАГРАФ, 23.01.2012 16:13:55
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 Қаулысы (2010.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Өзгеріс енгізу туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 102 бұйрығын қара Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы | Ә. Сәйденов | «Келісілген» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 08.06.2006 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған). 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2002 жылғы 24 қазандағы № 426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2048 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2004 жылғы 19 шілде - 15 тамызда жарияланған). 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 1 қыркүйектегі № 322 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2518 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2003 жылғы 6-19 желтоқсанда жарияланған). 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4032 тіркелген). Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі шарт туралы» 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі - Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Ұлттық Банктің Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыруының негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) Қор активтерінің сақталуы; 2) Қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру; 3) бірқалыпты тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді болашақта Қор активтері кірістілігінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Қор активтері кірістілігінің ұзақ мерзімді болашақта жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқуларын көздейді. 3. Қорды сенімгерлік басқару бойынша қызметке қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd және басқа ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетулерін сатып алу кіреді. 4. Ұлттық Банк Басқармасы осы Ереженің қағидаларын жылына кемінде бір рет талқылайды. 2-тарау. Негізгі ұғымдар 5. Активтерді активтік басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан асуы мүмкін болатын басқару түрі. 6. Негізгі валюта - Қор активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін пайдаланылатын валюта. 7. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік - кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) пайызбен көрсетілген және бағалы қағазды (портфельді) ол өтелгенге дейін сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын кірістілігі. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікті есептеу купон ставкасына, бағалы қағаздың (портфельдің) өтеу мерзіміне және нарықтық құнына негізделеді. Есептеу кезінде купондық төлемдерді бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікке тең пайыздық ставка бойынша қайта инвестициялау болжанады. 8. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы - бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны жуық шамамен қаншалықты төмендейтінін/жоғарылайтынын көрсететін көрсеткіш. 9. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) - портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатынасы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіші (tracking error). 10. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексі - Merrill Lynch компаниясының мерзімі өтегенге алты айға дейінгі АҚШ қазынашылық вексельдерінен тұратын индексі. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі. ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08 № 65 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 107 Қаулысымен (2009 ж. 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 122 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады) (бұр. ред. қара) 11. MSCI World Index (MXWO) - әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын, Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын индекс. Кірістілік көрсеткіші күн сайын есептеледі. ҚР ҰБ Басқармасының 2009 ж. 28 қаңтардағы № 6 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 107 Қаулысымен (2009 ж. 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.21.05. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12 тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 122 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады) (бұр. ред. қара) 12. Облигациялардың композиттік индексі - әлемнің дамыған елдерінің кірісі белгіленген бағалы қағаздары индекстерінің мынадай өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын индексі: Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 30 (отыз) пайыз; Merrill Lynch EMU Direct Governments, AAA-АА Rated, 1-5 Yrs (EG6V) - 35 (отыз бес) пайыз; Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз; Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) - 10 (он) пайыз; Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) - 5 (бес) пайыз; Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) - 5 (бес) пайыз; Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) - 5 (бес) пайыз. Осы индексте эталондық бөлуге қайтып келу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Индекстегі бағалы қағаздар құрамы нарықтық капиталдандыру негізінде ай сайын ауысады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі. 13. Кредиттік рейтинг - Standard & Poor's және Moody's кредиттік рейтингтік агенттіктері кірісі белгіленген бағалы қағаздардың эмитенттеріне тағайындайтын қаржы құралдары бойынша кредиттік тәуекел деңгейінің көрсеткіші. Кредиттік рейтингтер кестеде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелдің ұлғаюына қарай орналастырылады. 14. Активтерді пассивтік (индекстік) басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан аспаған кездегі басқару түрі. 15. Өкілетті өкіл - Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде). 16. Портфель - қаржы құралдарының жинағы, оның ішінде Қордың ақшасы бар. 17. Жинақ портфелі - бұл мақсаты активтердің кірістілігін ұзақ мерзімді болашақта ұлғайту болып табылатын портфель. Жинақ портфеліне түскен барлық түсімдер және жинақ портфелінен трансферттер тұрақтандыру портфелі арқылы жүзеге асырылады. 18. Тұрақтандыру портфелі - бұл мақсаты активтердің өтімділігін қамтамасыз ету және кірістілігін қысқа мерзімді болашақта ұлғайту болып табылатын портфель. 19. Құрылымдық өнім - әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы. Құрылымдық өнімді сатып алу бойынша операция осы өнімнің эмитенті болып табылатын компаниямен жасалады. 20. Жинақ портфелінің активтерін тактикалық бөлу (tactical asset allocation) - қаржы құралдарын, оның ішінде туынды қаржы құралдарын сатып алу және сату арқылы акциялардың және кірісі белгіленген бағалы қағаздардың үлесін өзгерту. Жинақ портфелінің активтерін тактикалық бөлу портфельдің эталондық портфельмен салыстырғандағы кірістілігін арттыру мақсатында жүргізіледі. 21. Портфельді валютаға қарсы хеджирлеу - портфельдің нарықтық құнының осы валютаның айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету. 22. Активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS) - жылжымайтын мүлікті қоспағанда, активтер сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер. 23. Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS) - жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер. ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08 № 65 |