Қазақстан Республикасының




Скачать 97.36 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының
Дата конвертации10.02.2016
Размер97.36 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish693547_2865.doc



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы


Алматы қаласы 2005 жылғы 09 желтоқсан № 285


«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу жөніндегі нұсқаулықты

бекіту туралы


«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық) төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдауды және өңдеуді реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.


2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.


3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, Орталыққа, Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесін пайдаланушыларға және Орталықтың клиринг жүйесін пайдаланушыларға жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.


Ұлттық Банк Төрағасының

міндетін атқарушы А. Елемесов


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің


2005 жылғы 09 желтоқсандағы

№ 285 қаулысымен

бекітілген




«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу жөніндегі нұсқаулық


1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының банкаралық ақша аудару жүйесінде (бұдан әрі - Орталық), Орталықтың клиринг жүйесінде және Орталықтың банктік хабарламалар алмасу жүйесінде электрондық төлем құжаттарын (бұдан әрі – төлем құжаттары) қабылдау және өңдеу тәртібінің мәселелерін нақтылайды.

3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі қысқартулар пайдаланылады:

1) пайдаланушылардың корреспонденттік шоттары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ашылған Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесін пайдаланушылардың корреспонденттік шоттары;

2) банкаралық жүйе - Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесі;

3) пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімше - банкаралық жүйені пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі;

4) банкаралық жүйені пайдаланушы – Орталықпен пайдаланушыға жүйеде қызмет көрсетуді ұсыну туралы шарт жасаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.


2-тарау. Орталықтың төлем жүйелерінде төлем құжаттарын

қабылдау және өңдеу


4. Орталық төлем құжаттарын қабылдауды және өңдеуді осы Нұсқаулықтың қосымшасында ұсынылған Орталықтың төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу кестесіне (бұдан әрі - Кесте) сәйкес жүзеге асырады. Кестеде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу бойынша жұмыстың басталу уақыты мен жұмыстың аяқталу уақыты Алматы уақыты бойынша көрсетілген.

5. Банкаралық жүйе арқылы ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру үшін Орталықтың төлем құжаттарын қабылдауды және өңдеуді аяқтау уақыты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы” 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен белгіленген жағдайда және тәртіпте пайдаланушының өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін.

6. Банкаралық жүйе арқылы ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру үшін Орталықтың төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу уақытын ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімше қабылдайды.

7. Ақша жіберуші және бенефициар ретінде банкаралық жүйені пайдаланушы болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар көрсетілген төлем құжаттарын банкаралық жүйеде қабылдау және өңдеу уақыты Ұлттық Банктің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің “Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының төлемдерін жүргізу үшін, бірақ сағат 18-00-ден бастап сағат 19-00-ге дейін бір сағаттан артық емес уақытқа ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген пайдаланушылардың осы төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу уақытын ұзартуға берілген өтініштерін пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімше банкаралық жүйенің ағымдағы операциялық күні сағат 17-30 дейін қабылдайды.

8. Ақша жіберуші және бенефициар ретінде банкаралық жүйені пайдаланушы көрсетілген төлем құжаттарын банкаралық жүйеде қабылдау және өңдеу уақыты пайдаланушылар үшін, бірақ бір сағаттан артық емес уақытқа, сағат 19-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін ұзартылуы мүмкін. Пайдаланушылардың осы төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу уақытын ұзартуға берген өтініштерін пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімше банкаралық жүйенің ағымдағы операциялық күні сағат 18-30-ға дейін қабылдайды.



«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу жөніндегі нұсқаулығына қосымша



Орталықтың төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу кестесі


№ р/с

Жұмыстың атауы


Уақыты

жұмыс-тың басталуы

жұмыс-тың аяқталуы

1.

Банкаралық жүйенің операциялық күні басталар алдында пайдаланушылардың тұрақты қолданылатын төлем тапсырмалары негізінде банкаралық жүйенің Ұлттық Банктегі шотына пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарынан ақша аударуды пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің жүзеге асыруы. Пайдаланушылар өздерінің корреспонденттік шоттарынан банкаралық жүйенің Ұлттық Банктегі шотына олар аударған ақша сомасы және олардың банктік бірегейлендіру кодтары туралы ақпараты бар электрондық ведомосты қалыптастыру және Орталыққа жіберу.

Орталықтағы банкаралық жүйенің позициясынан пайдаланушылардың позициясына осы электрондық ведомость негізінде Орталықтың жазбаларды жүзеге асыруы.

08-00

09-00

2

Орталықтың банкаралық жүйе арқылы ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруы үшін банкаралық жүйені пайдаланушылардан төлем құжаттарын қабылдауы, оның ішінде:

09-00

19-00

2.1

Ақша жіберуші және бенефициар ретінде банкаралық жүйені пайдаланушы болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар көрсетілген төлем құжаттарын қабылдау.

09-00

18-00




2.2

Ақша жіберуші және бенефициар ретінде банкаралық жүйені пайдаланушылар көрсетілген төлем құжаттарын қабылдау.

09-00

19-00

3

Орталықтың банкаралық жүйе арқылы ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру үшін төлем құжаттарын өңдеуі.

09-00

19-00

4

Банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімше пайдаланушының нұсқауы негізінде немесе корреспонденттік шот шартында көзделген жағдайларда пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарынан банкаралық жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуды жүзеге асыруы. Банкаралық жүйенің Ұлттық Банктегі шотына пайдаланушылардың өзінің корреспонденттік шотынан олар аударған ақша сомасы және оның банктік бірегейлендіру коды туралы ақпарат бар электрондық ведомосты қалыптастыру және Орталыққа жіберу.

Орталықтың осы электрондық ведомость негізінде Орталықтағы банкаралық жүйенің позициясынан пайдаланушының позициясына жазбаны жүзеге асыруы.

09-00

19-00

5

Пайдаланушының нұсқауы негізінде немесе корреспонденттік шот шартында көзделген жағдайларда банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің Орталыққа банкаралық жүйеден пайдаланушының ақшасын алу жөнінде электрондық ведомосты қалыптастыруы және Орталыққа жіберуі.

Орталықтың осы электрондық ведомость негізінде пайдаланушының позициясынан банкаралық жүйенің Орталықтағы позициясына жазбаны жүзеге асыруы, пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеге жазбаның жүзеге асырылғаны туралы электрондық растаманы жіберуі.

Пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің Орталықтың растамасы негізінде банкаралық жүйенің Ұлттық Банктегі шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына ақша аударымын жүзеге асыруы.

09-00

19-00

6

Орталықтың банкаралық жүйенің операциялық күнді жабу кезінде Орталықтағы банкаралық жүйенің позициясына пайдаланушылар позициясынан сальдо аударуды жүзеге асыруы.

Орталықтың пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеге пайдаланушының банктік бірегейлендіру коды, пайдаланушының позициясы бойынша кіріс қалдығы, дебет, кредит бойынша жалпы айналым сомасы және пайдаланушының шығыс позициясы сальдосы туралы электрондық ведомосты жіберуі.

Пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің Ұлттық Банктегі банкаралық жүйе шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына пайдаланушы позициясының сальдо сомасында ақша аударуы.

19-00

20-00

7

Орталықтың банкаралық жүйеде операциялық күн ішінде жүргізілген төлем құжаттары туралы ақпарат бар түпкілікті көшірме жазбаларды, сондай-ақ жүргізілмеген төлем құжаттары ведомостарын банкаралық жүйені пайдаланушыларға электрондық түрде беруі.

19-00

20-00

8

Орталықтың клиринг жүйесінің төлем құжаттарын қабылдауы және өңдеуі.

16-00

келесі жұмыс күнгі
15-00

9

Орталықтың клиринг жүйесін пайдаланушылардың қарсы талаптары мен міндеттемелерін түпкілікті есепке алуы және олардың таза позицияларын айқындауы. Банкаралық жүйе арқылы клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару

15-00

16-00

10

Орталықтың клирингтік жүйесін пайдаланушыларға Орталықтың операциялық күн ішінде клиринг жүйесінде өңделген төлем құжаттары туралы ақпараты бар түпкілікті көшірме жазбаларды, клиринг нәтижелері бойынша пайдаланушының таза позициясы туралы ақпаратты, сондай-ақ жүргізілмеген төлем құжаттары ведомостарын және осы пайдаланушының пайдасына түскен барлық төлем құжаттарын электрондық түрде беруі.

15-00

17-00


11

Орталықтың банк хабарламаларын алмасу жүйесінің жұмыс уақыты.

08-00

келесі жұмыс күнгі
08-00

Похожие:

Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Заңына”Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі
Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы №1386 Қаулысы
Почта-жинақтау жүйесiн одан әрi дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторын белгiлеу және «Почта туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасының iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница