Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі




НазваниеЕкінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі
Дата конвертации10.02.2016
Размер62.4 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish176348_4024.doc
Екінші деңгейдегі банктерді «Кредит нарығының жай-күйі

және өлшемдерінің болжамы» бойынша тексеру


02.07.07 – 16.07.07 аралығында «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» бойынша екінші деңгейдегі 33 банкке зерттеу жүргізілді.

Зерттеудің нәтижелері өлшемнің «ұлғаюын» («жұмсаруын») атап өткен респонденттер үлестерінің және оның «кемуін» («қатаңдауын») атап өткен респонденттер үлестерінің арасындағы «таза пайыздық айырманы» есептеу арқылы бағаланды. Оң мәні өлшемнің өсу (қатаңдау), теріс мәні төмендеу (бәсеңдеу) үрдісін көрсетті (мысалы, кредиттерге деген сұраныстың «таза өзгерісі» оның ұлғаюын атап көрсеткен респонденттер үлестерінің және оның төмендеуін атап көрсеткен респонденттердің үлес салмағының арасындағы айырма ретінде есептелді).

Сұраныс және ұсыныс факторларына қатысты әрбір фактор бойынша олардың маңыздылығына қарай тағайындалған рангтердің орта мәндері есептеп шығарылды.

Сауалнама деректерін өңдеу барысында банктер бойынша бөлшектенбей, түрде нәтижелер біріктіріліп алынды, олардың негізгілері төмендегідей.


Корпоративтік секторға заемдар беру нарығы:

  • 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында банктер заңды тұлғалар тарапынан да, сол сияқты жеке тұлғалар тарапынан да кредиттік ресурстарға деген сұраныстың өсіп отырған ұлғаю үрдісінің сақталғанын атап өтті;

  • корпоративтік секторға заемдар беру нарығында ұсыныстың өсуі ірі кәсіпкерлік субъектілерімен салыстырғанда әсіресе орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тарапынан анық көрінді;

  • корпоративтік сектор тарапынан көбінесе ұлттық валютамен де, сол сияқты шетел валютасымен де берілетін ұзақ мерзімді заемдарға деген сұраныстың ұлғаюы байқалды; бұл ретте респонденттердің үштен бірі тұтастай алғанда қысқа мерзімді заемдарға деген сұраныстың төмендегенін байқады; респонденттердің жартысында сұраныстың төмендеуі шетел валютасымен берілетін қысқа мерзімді заемдарға тиесілі болды;

  • банктердің кредиттеуіне деген өсіп отырған сұраныс кредиттеу мерзімдерінің және пайыздық ставкалардың өзгеруіне, сондай-ақ айналым және негізгі құрал-жабдықтарды қаржыландыруға және сатып алуға деген қажеттіліктің ұлғаюына байланысты болып отыр;

  • 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында банктердің кредит саясаты респонденттердің басым бөлігінде өзгерместен қалды; респонденттердің үштен бірі капиталдың жеткілікті болуын және өтімділік көрсеткіштерінің нашарлауын қолдау бойынша өсіп отырған шығасыларға байланысты өздерінің кредит саясатын шамалы қатаңдатты;

  • кредит саясатының қатаңдауы көбінесе ірі кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге қатысты байқалды;

  • тұтастай алғанда, 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында кредиттеу талаптары бұрынғы деңгейінде қалды - тәуекелді кредиттер бойынша маржаға және кепіл талаптары бойынша жағдайларға қатысты шамалы қатаңдату болды;

  • кредит саясатының жұмсаруын көрсеткен респонденттердің арасында ықпал еткен үстем фактор ретінде басқа банктердің және банк емес мекемелердің тарапынан бәсеке атап өтілді;

  • банктер мейлінше тәуекелді деп бағалай бастаған ауыл шаруашылығын, құрылысты және жылжымайтын мүлікпен операцияларды қоспағанда, экономика салалары бойынша банктердегі кредиттік тәуекелді бағалау бұрынғы деңгейде қалды;

  • заемушылардың қаржылық жай-күйіне қатысты күтулерге сүйенсек, өтімділік, активтердің пайда әкелушілігі мен жеткіліктілігі бұрынғы деңгейде қалады деп болжанып отыр – банктер 2007 жылдың екінші жартыжылдығында кредиттерге деген сұраныс барлық субъектілер бойынша артады деп санауға бейім;

  • респонденттердің үштен бірінің кредиттеудің неғұрлым тәуекелді түрлеріне, сондай-ақ кепіл талаптарына қатысты кредит саясатын қатаңдату ойы бар;

  • респонденттердің 57%-ы корпоративтік секторға берілетін заемдар бойынша олардың несие портфелінің сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп және 7%-ы нашарлайды деп санайды.


Жеке тұлғаларға заемдар беру нарығы:

  • жеке тұлғаларға берілетін заемдар нарығында ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу өнімдеріне деген сұраныстың өсуі әсіресе ұлттық валютамен көрсетілді;

  • ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге деген сұраныстың артуына кредиттеу мерзімдерінің өзгеруі және пайыздық ставкалар, сондай-ақ заем алушылардың борыш ауыртпалығын неғұрлым сенімдірек қабылдауы көбірек ықпал етті;

  • 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында банктердің жартысынан астамында ипотекалық, сол сияқты тұтыну кредиттерін беруге деген ынтасы артты;

  • ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге қатысты респонденттердің үштен бірі кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекеліне байланысты өздерінің кредит саясатын қатаңдатты; респонденттердің үштен бірі басқа банктердің тарапынан болған бәсекеге байланысты өздерінің кредит саясатын жұмсартты; респонденттердің үштен бірі кредит саясатын бұрынғы деңгейде сақтады;

  • кредиттеу талаптарының ішінде тәуекелді кредиттер бойынша маржа (шамалы қатаңдатылды), кепіл талаптары бойынша талаптар (шамалы қатаңдатылды) және кредитті өтеудің ең жоғарғы мерзімі (шамалы жұмсартылды) көбірек өзгеріске ұшырады;

  • банктер респонденттердің 47%-ы өздерінің кредит саясатын сақтауына және респонденттердің 31%-ы өздерінің кредит саясатын жұмсартуына байланысты ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге деген сұраныс біршама артады деп болжауға бейім; сонымен бірге, 5 ірі банкте (активтерінің және меншік капиталының шамасы бойынша) ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу бойынша кредит саясатын қатаңдату үрдісінің басым болуы байқалады;

  • 2007 жылдың екінші жартыжылдығында кредиттеудің ипотекаға қатысты мынадай талаптары біршама қатаңдатылады: - респонденттердің 45%-ның тәуекелді кредиттері бойынша маржа, кепіл талаптары бойынша талаптар - 31%, бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері - 25%, LTV1 (loan-to-value ratio) мәні - 24%;

  • 2007 жылдың екінші жартыжылдығында кредиттеудің тұтынушылық кредиттеуге қатысты мынадай талаптары біршама қатаңдатылады: респонденттердің 29%-ның тәуекелді кредиттері бойынша маржа, кепіл талаптары бойынша талаптар - 26%; кредиттік лимиттердің мөлшерлеріне қатысты талаптар 36%, кредиттерді өтеудің ең үлкен мерзіміне қатысты талаптар 32% жұмсартылатын болады;

  • респонденттердің 66% жеке тұлғаларға берілетін заемдар бойынша олардың несие портфелінің сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп және 7%-ы нашарлайды деп санауға бейім.


Тәуекелдерді басқару жүйесі және реттеу шараларының ықпалын бағалау:

  • тәуекелдердің маңыздылығын анықтаған кезде банктер 1-ші орынға кредиттік тәуекелді, 2-ші орынға өтімділік тәуекелін, 3-ші орынға валюталық тәуекелді қойды;

  • қалыптасқан нәтижелерге сүйене отырып, реттеу органдарының пруденциалдық қадағалау және ақша-кредит саясатын жүргізу шеңберінде қабылдаған шараларының ықпалы көбінесе банктердің кредит саясатын қатаңдатуына себепші болды;

  • неғұрлым маңызды өзгерістер валюта өтімділігінің нормативін ендіруге және валюталық нетто-позиция лимитінің төмендетілуіне жауап ретінде кредит валютасы бойынша талаптарға қатысты болды;

  • кредиттеудің баға өлшемдерінің қатарында барлық реттеу шаралары стандартты кредиттер құнына қарағанда кредиттеудің тәуекелді өнімдері бойынша маржаға көбірек ықпал етті;

  • ЕРТ нормативінің өзгеруі, ең алдымен, кредит саясатының баға өлшемдеріне әсер етті, басқа талаптарға, оның ішінде мерзімдерге, сомаға және кредит валютасына әсері аса маңызды емес;

  • кредит саясатындағы маңызы азырақ өзгерістер резидент еместер алдындағы міндеттемелерге қатысты капиталдандыру нормативін ендіруге байланысты болды.


Тұтастай алғанда, тексерудің нәтижелері оның жүргізілген сәтінде сыртқы нарықтарда қорландыру ресурстарының жеткіліктілігіне қатысты оңды жағдай сақтала отырып банктердің кредиттік белсенділігінің өсіп отырған ұлғаю үрдісін көрсетті. Бұл ретте банктердің тәуекелдерге көзқарасының бірдей болуы себепті кредиттеудің және жалпы кредит саясатының жоғарыда аталған талаптарына қатысты шамалы қатаңдау үрдісі байқалды.

Орын алған әлемдік өтімділік дағдарысының және өздерінің сыртқы міндеттемелерін қайта қаржыландыру талаптарының өзгерісі аясында екінші деңгейдегі банктердің ойлары тексеру нәтижелері көрсеткеннен әлдеқайда ертерек жүзеге асты. Реттеу шараларының ықпалы және банктердің жылжымайтын мүлікке, құрылыс саласына және ипотекаға байланысты тәуекелдерді қайта бағалауы да кредит саясатын едәуір қатаңдатуға себепші болды.



1 Loan-to-value ratio – кредит сомасының кепілдің нарықтық (немесе бағалау) құнына қатынасы.





Похожие:

Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы шілде
Бұл ретте қорландыру ресурстары үшін жоғары бәсекелестік, тәуекелдің жоғары деңгейінде кредит операцияларының шектеулі кірістілігі...
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан
Бұл ретте кредит ресурстарына1 сұраныстың нақты түсуі жеке тұлғалар тарапынан байқалса, ал корпоративтік сектор тарапынан заемдық...
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы сәуір
Валюталық заемдарға сұраныстың анағұрлым маңызды төмендеуін Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының негізгі операторлары болып...
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы ақпан
Осы үрдіс активтер бойынша алғашқы бестікті құрайтын, активтердің 78% тиесілі болатын және кредиттеудің осы сегменттерінде көшбасшы...
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2011 жылғы шілде
Несие портфелі сапасын аздап қалпына келтіру жалғасып отыр, бұл ретте оның жақсаруын банктер салық заңнамасының жұмсаруымен және...
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір

Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қазан
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі icon1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қазан
Екінші деңгейдегі банктерді Кредит нарығының жай-күйі iconКорпоративтік секторды кредиттеу нарығы Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница