Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
страница3/6
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/1718.doc
1   2   3   4   5   6
9. Телефон байланысы қызметтері үшін есеп айырысу


73. Телефон байланысы қызметтері үшін төлеу нысаны мен тәртібі Шартта көрсетіледі. Қызметтер құны бір санаттағы абоненттер үшін бірдей белгіленеді. Есеп айырысу тарифтеу бірліктерінде жүргізіледі.

Телефон байланысы қызметтері үшін абонентпен есеп айырысуды оларды ұсынған байланыс операторы немесе Шарт негізінде оған уәкілетті тұлға жүргізеді.

74. Телефон байланысы қызметтері үшін төлемдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

75. Жергілікті телефон қосылулар құнын уақыт бойынша есепке алу кезінде абонентке есеп айырысу шоты тегін ұсынылады, ол мыналардан тұрады:

1) байланыс операторының деректемелері;

2) абоненттің деректемелері;

3) абоненттің жеке шотының нөмірі;

4) есептік кезең;

5) көрсетілетін телефон байланыс қызметтер тұрғысынан төленуге ұсынылған сома;

6) төленетін қорытынды сома;

7) шоттың берілген күні және шотты төлеу мерзімі;

8) анықтама телефоны.

76. Таксофондарды пайдаланып көрсетілген телефон байланыс қызметтері үшін есептесу байланыс операторларынан сатып алынатын жетондар, телефондық пластикалық карточкалар немесе басқа да төлем құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.

77. Байланыс оператордың кінәсінен орын алған байланыстың кідірісі кезінде абоненттік төлемді қайта есептесу байланыстың нақты кідіру сәтінен бастап терминал жұмысын толық қалпына келтірген сәтіне дейін жүргізіледі.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «30» желтоқсандағы

1718 қаулысымен

бекітілген


Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленген және ұялы байланыс қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:

1) абонент – ұялы байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызметті көрсету үшін шарт жасасқан жеке және заңды тұлға;

2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, пошталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;

3) абонентті сәйкестендіру картасы – абонентті сәйкестендіретін және абонентке ұялы байланыс операторы қызметтеріне (SIМ/R-UIМ – карта және басқалары) қолжетімділігін қамтамасыз ететін абоненттік құрылғының бөлігі болып табылатын, микропроцессорлық модульді білдіретін жеке қолжетімділік карточкасы;

4) абоненттік нөмір – абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсету кезінде абонентке берілетін және басқа абоненттік құрылғылармен косу кезінде абоненттік құрылғыны қосылған ұялы байланыс операторы желісімен сәйкестендіретін телефон нөмірі;

5) абоненттік құрылғы – ұялы байланыс операторы желісіне қосылатын және абонентпен берілген ақпаратты беруге немесе қабылдауға арналған электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын, жеке пайдалану байланыс құралы;

6) алдын-ала төленген топтама – белгілі бір тарифтік жоспарға бағдарланған бастапқы теңгерімімен абоненттік нөмір;

7) байланыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8) байланыс қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – байланыс қызметтерін қолданушы заңды және жеке тұлғалар;

9) бастапқы сома – роуминг қызметтерін қосу үшін қажетті, абоненттің жеке шотына есептелетін және келесіде абоненттің ұялы байланыс қызметтерін, сонымен қатар роумингте ұялы байланыс қызметтерін төлеуге арналған сома;

10) биллинг – абоненттерге ұсынылатын қызметтерді есептеу, сондай-ақ оларды тарификациялау және төлемі үшін шоттарды ұсыну және абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау операцияларын автоматты түрде орындауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;

11) есеп айырысу кезеңі – абонент көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне төлейтін есептік кезең аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн;

12) есептік кезең – ұялы байланыс қызметтері және өзге де қызметтер көрсетілген және есептелген күнтізбелік ай;

13) жеке шот төлемдердің түсуі және абоненттің ұялы байланыс қызметтерін пайдалануы бойынша операциялары есебінде көрсетуге арналған байланыс операторының сараптамалық есебінің құжаты;

14) қысқа мәтіндік хабарлама – белгілі бір тізбекте терілген, әріптер мен символдардан тұратын, хабарларды қабылдау және тарату бойынша ұялы байланыс желісі арқылы ұялы байланыс операторы ұсынатын қызмет;

15) қысқа мультимедиялық хабарлама – хабарларды (суреттер, әуендер, бейне) қабылдау және тарату бойынша ұялы байланыс желісі арқылы ұялы байланыс операторы ұсынатын қызмет;

16) ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі (бұдан әрі – ОПТЖ) – жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;

17) роуминг – ұялы байланыс операторларының арасындағы роумингтік келісім негізінде, бір ұялы байланыс операторының абонентіне екінші ұялы байланыс операторының желісінде ұялы байланыс қызметтерін көрсету. Роумингті іске асыру үшін абоненттік станцияның (абоненттің ұялы телефонының) және екінші ұялы байланыс оператор желісінің техникалық үйлесімділігі қажет;

18) сәйкестендіру коды – дайындаушы-зауыт тағайындайтын, оған осы құрылғыны қосу кезінде байланыс операторының желісіне берілетін абоненттік құрылғы немесе абоненттік станция коды;

19) тариф – ұялы байланыс қызметтерін тарифтеу бірліктерінің көлемі құнының ақшалай көрінісі;

20) тарифтеу бірлігі – байланыс операторлары және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісіне кіретін барлық санатты желілер иелері және байланыс операторлары үшін міндетті болып табылатын, тиісті байланыс қызметтері түріне төлем алынатын уақытты, ақпарат саны немесе көлемін өлшеу бірлігі;

21) тарифтік жоспар – ұялы байланыс операторы абоненттерге немесе абоненттердің белгілі бір тобына немесе белгілі бір шектеулі аумақта белгілейтін тарифтік ұсыныстар жүйесі;

22) ұялы байланыс – қызмет көрсетілетін аумақты абоненттің бір ұяшықтан келесі ұяшыққа ауысуы кезінде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз етуші бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын және радиотолқындар арқылы берілетін сөйлесу түрінде басымдылықты екіжақты (көпжақты) ақпаратпен алмасу үшін тағайындалған электр байланысы түрі;

23) ұялы байланыс желісі – радиосигналдарды қабылдап алу-тарату жабдықтары мен коммутация құралдарының көмегімен абоненттік құрылғылардың қосылысын орнатуға жағдай жасайтын, техникалық құрылғылар мен жабдықтар кешенінен тұратын Қазақстан Республикасы телекоммуникацияларының бірыңғай желі санаты;

24) ұялы байланыс операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін ұсынатын байланыс операторы;

25) ұялы байланыс операторының хабардар етуі – абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсету бойынша жолданатын байланыс операторының жазбаша, дыбыстық немесе мәтіндік (байланыс операторы құралдарын және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланумен) хабарламасы;

26) ұялы байланыс операторының қызмет көрсету аймағы – ұялы байланыс операторының лицензияға және өзінің желісінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін аумағы;

27) шотты бөлшектеу – абонентпен ұялы байланыс операторы желісінде алынған ұялы байланыс қызметтері туралы, басқа желілердің абоненттерімен қосылулары, олардың пайдаланған уақыттары туралы ақпарат.


2. Ұялы байланыс операторы және абонент арасындағы өзара қарым-қатынастар


3. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету кезінде туындайтын ұялы байланыс операторының абоненттермен өзара қарым-қатынасы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

4. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ұялы байланыс операторы төтенше жағдайлар саласындағы құзыретті органдардың сұрауы бойынша қысқа мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату арқылы абоненттерді хабардар етеді.

5. Байланыс операторлары ұялы байланыс желілері бойынша берілетін хат жазысу, телефондық сөйлесулер және өзге де хабарламаларды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайда және тәртіпте осы құқықтарды шектеу жағдайларынан басқа жағдайда, құпиялылығын қамтамасыз етеді.

6. Байланыс операторынан абоненттер туралы қызметтік ақпарат алу тек абоненттің келісімімен және «Байланыс туралы» Заңының 15-бабында көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

7. Алдын-ала төленген топтаманы сату кезінде, ұялы байланыс операторы немесе оның өкілі (шарт немесе сенімхат бойынша) осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге абоненттермен шарт жасасады.

8. Абонент ақпаратты тарату үшін қолданыстағы стандарттармен, техникалық нормалармен рұқсат етілетін тәсілдермен шығыс немесе кіріс қосылуды пайдалана алады.

Ұялы байланысты пайдалану, анықтамалық-ақпараттық және өзге де қызметтерді алу үшін ұялы байланыс желілеріне абоненттік станциялардың қосылу мүмкіндігі бар, олар арқылы деректерді таратудың және телематикалық қызметтердің (факсимильді аппарат, модем және басқалары) ақырғы абоненттік құрылғылары, автоматты жауапбергіштер, сигналдау құрылғылары қосылады.

9. Абонентке ұялы байланыс қызметтері, осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте, ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты жасасқаннан соң ғана көрсетіледі. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты жасасқан абоненттер, егер оның абонент туралы қызметтік ақпаратқа сәйкес келмегені жағдайында, ұялы байланыс операторына алдында ұсынылған қызметтік ақпараттағы өзгерістер туралы ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуы қажет.

10. Абоненттермен тікелей өзара қарым-қатынас жасайтын ұялы байланыс операторының филиалдарының, офистерінің және өзге ақпараттық орталықтарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс режимі ұялы байланыс операторымен белгіленеді және абоненттердің назарына ақпаратты ұялы байланыс операторының сайтында орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) абоненттерге қызмет көрсету орындарында ақпаратты орналастыру арқылы операторға қолжетімді барлық тәсілдермен жеткізіледі.

11. Сол немесе өзге де тарифтік жоспарда көзделген ұялы байланыс қызметтері ұялы байланыс операторымен осы тарифтік жоспарға қосылуға ниет білдірген, оператормен белгіленген тәртіпте, барлық абоненттерге тең жағдайларда қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көрсетіледі.

12. Ұялы байланыс операторларымен абоненттерге көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері тізбесі уәкілетті орган берген лицензиямен және оның ұялы байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерімен анықталады.

13. Ұялы байланыс қызметтері төмендегідей бөлінеді:

1) мүлтіксіз барлық абоненттерге көрсетілетін негізгі ұялы байланыс қызметтері;

2) абоненттің өтініші бойынша ұсынылатын қосымша ұялы байланыс қызметтері.

14. Негізгі ұялы байланыс қызметтеріне төмендегілер жатқызылады:

1) жедел шақыруды қоса алғанда дауыстық байланыс қызметтері;

2) қысқа мәтіндік хабарламаларды тарату.

15. Қосымша қызметтер тізбесі ұялы байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты ұялы байланысы операторымен анықталады. Бұл ретте, жасырын нөмірлерді тану қызметі және роуминг қызметі абоненттің өтініші немесе жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыратын органдардың сұрауы бойынша іске асырылады.

16. Ұялы байланыс операторы абоненттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесіне сәйкес шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат, анықтамалық және өзге де қызметтермен тегін қосылысты ұсынуды қатамасыз етеді.

Ұялы байланыс операторы ұялы байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты ақпаратты абоненттерге ұсыну мақсатында, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесін құруы қажет.

17. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесінде тегін және ақылы ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсетіледі.

18. Ұялы байланыс операторы тәулік бойы мынадай ақпараттық-анықтамалық қызметтерді тегін көрсетеді:

1) қызметтерге тарифтер туралы, ұялы байланыс желісінің қызмет көрсету аумағы туралы ақпарат береді;

2) абонентке оның жеке шотының жай-күйі және ұялы байланыс қызметтеріне төлемі бойынша берешегі туралы ақпарат береді;

3) абоненттен ұялы байланыс қызметтерін пайдалануға кедергі келтіретін техникалық бұзушылықтары туралы ақпаратты қабылдауды жүзеге асырады.

Жеке шотының жай-күйі туралы ақпарат абонентке қысқа мәтіндік хабарлама арқылы ұсынылады.

19. Ұялы байланыс операторы ақылы көрсетілетін анықтамалық-ақпараттық қызметтер тізімін жеке анықтайды.

20. Ұялы байланыс операторы абонентпен алынған қызметтер туралы ақпараттың автоматты биллинг арқылы автоматты есептеуді жүзеге асырады: қосылыс уақыты, ұзақтығы, ұялы байланыс операторы желісінде шақырылатын абоненттердің және ОПТЖ абоненттері телефон нөмірлері.


1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы icon«Мемлекеттік мүлік туралы»
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына, «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница