Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
страница5/34
Дата конвертации10.02.2016
Размер3.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kdif.kz/files/pravila/mem_satyp_alu_erezhesin_bekitu_turaly_2007_20120405edition.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Қаулысымен  46  тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

46. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.

 

Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  47  тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

47. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруды, түсіндірулер мәтіндерін жіберуді, жариялауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді, конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу Заңның 20-бабында белгіленген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады.

Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасы осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді және мыналарды қамтуға тиіс:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, сондай-ақ олардың тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарын және әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған сарапшылар туралы ақпаратты;

2) олардың тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері туралы ақпаратты, сондай-ақ осындай адамның конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде әлеуетті өнім берушіні ұсыну өкілеттігін растайтын құжатты;

3) олардың көзін көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы ұсынылған сұрауларды;

4) әлеуетті өнім берушілердің сұрауларына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауаптарын;

5) бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне не қажеттіліктің жоқтығына нұсқаманы.

48. Әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған адамдар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер немесе олар уәкілеттік берген өкілдер қол қоюға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  49  тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

49. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу конкурстық құжаттамада тағайындалған кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша түрде хабарлайды.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру

 

50. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

51. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:

1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін;

құқылық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілетін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген көшірмені ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және өткізу құқығын растайтын, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды;

Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының  қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер.

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс.

Өтінім сондай-ақ осындайлар болған жағдайда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.

Өтінім сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөнінде қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы және  әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігін, беруді тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын;

5) банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

6) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

7) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.

әлеуетті өнім берушінің - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттігін растау үшін) қамтуы тиіс.

52. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) және конкурста қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

53. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшін егер осындай болса) тиіс.

54. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

55. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімделген конвертте береді, оның сыртқы бетінде әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетіледі)» және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ (конкурсқа қатысуға өтінімді ашатын күн мен уақыт көрсетіледі)».

56. Белгіленген мерзім біткеннен кейін берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

57. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды.

58. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:

1) әлеуетті өнім берушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттіктеріне құжаттамалық растаманың болуын тексереді;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облыстық медициналық ақпараттық талдау орталығының директоры Е. Ахметовке
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып заңының Ережесін бекіту туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница