Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




Скачать 154.66 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Дата конвертации10.02.2016
Размер154.66 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish627254_693.doc



күші жойылды -ҚҚА № 410 26.11.05ж.


ҚРӘМ № 3609 03.05.2005ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ



Алматы қаласы

2005 жылғы 26 наурыз

№ 112




Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы






“Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.


2. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін, жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар бөлігінде, осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.


3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:


1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің “Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру ережесін бекіту туралы” 1997 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-П бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 468 тіркелген);


2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитеті Төрағасы міндеттерін атқарушының “Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-П бұйрығымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар жөніндегі ережеге” өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 1999 жылғы 26 қарашадағы № 94-П бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1033 тіркелген);


3) Агенттік Басқармасының “Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы” 2004 жылғы 21 тамыздағы № 243 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3104 тіркелген және 2004 жылғы 13 қазандағы Қаржы хабаршасы № 10 (10)/2 журналында жарияланған).


4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.


5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):


1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;


2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалардың бірлестігіне, «Зейнетақы қорларының қауымдастығы» Заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.


6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.


7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға Б. Жәмішев






Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы

26 наурыздағы № 112 қаулысымен бекітілген



Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін


жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі


Осы Ереже зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны (бұдан әрі – лицензия) беру тәртібін және талаптарын белгілейді.


1. Лицензия алуға үміттенген заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш иесі) лицензияны алу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген нысанда лицензияны беру туралы өтінішті;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

4) статистикалық карточканың көшірмесін;

5) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін, оған енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (ондайлар болса);

6) акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесін;

7) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері);

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен келісу рәсімін өту үшін басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың құжаттарын;

9) жинақтаушы зейнетақы қорының екі данада зейнетақы ережелері (ереженің бір данасы келісу туралы белгімен лицензия берілген кезде қайтарылады);

10) жинақтаушы зейнетақы қорының есеп жүргізу саясатын;

11) есеп жүргізілуінің және құжат айналымының қамтамасыз етілуіне бақылау жасау тәртібі жататын жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне ішкі бақылау жасау ережесін;

12) жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық құрылымын;

13) үй-жайлардың, ұйымдастыру техникасының, телекоммуникациялық жабдықтың болуын растайтын құжаттарды;

14) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құру талаптарын орындағандығын дәлелдейтін құжаттарды;

2. Осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың кері жағынан, тігілген парақ санын көрсете отырып, тігу түйініне желімделген жапсырманың үстінен өтініш иесінің мөрімен бекітілген күйде ұсынылады. Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің сенімділігі осындай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш иесінің лауазымды тұлғаларының қолымен және өтініш иесі мөрінің бедерімен расталады.

3. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттарды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде қарайды.

4. Лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш иесіне осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысанда лицензия беріледі.

5. Лицензия өтініш иесінің атқарушы органының бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

6. Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша лицензияны беруден бас тартады.

7. Лицензиаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде солардың негізінде лицензия берілген осы ереженің 1-тармағының 3)-5), 9)-12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды ұсынады.

8. Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады әрі оны қайтарып алады.

9. Уәкілетті органдардың лицензияны беруден бас тартуы туралы, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы және оны қайтарып алу туралы шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

10. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметінің барлық мерзімінде осы ереженің талаптарына сәйкес келуі керек.

11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесіне 1 - қосымша




Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құруға қойылатын талаптар.


1. Жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі-Қор) автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мынадай міндетті шағын жүйелерден:

1) жүйені басқару және ішкі аудит;

2) жинақталған зейнетақы қаражаты;

3) есеп беру;

4) сыртқы жүйелері бар интерфейстен тұруы керек.

2.“Жүйені басқару және ішкі аудит” шағын жүйесі жүйені пайдаланушылардың қол жеткізуін басқаруды қамтамасыз ету үшін арналған.

“Жүйені басқару” міндеті мынадай функциялардың орындалуын:

1) ақпараттық жүйенің пайдаланушылардың тобын анықтап, оларды орындайтын функциясы бойынша санатқа бөліп және олардың ақпаратқа қол жеткізу деңгейін белгілеуді;

2) пайдалану парольдерінің өзгеруін;

3) операциялық күннің ашылуы/жабылуын;

4) жұмыс күнінің ауыстыруын;

5) жүйені оқшаулау/ оқшауламауды;

6) деректерді ұзақ мерзімге сақтайтын кез келген алмалы-салмалы тасымалдаушылардың мұрағаттық және резервтік көшірмесін жасауды қамтамасыз етіп отыруы керек.

“Жүйенің ішкі аудитінің” міндеті мынадай функциялардың орындалуын:

1) мынадай атрибуттардың сақталынуымен оқиғалар жүйесінде болған тіркеуді және бірегейлендіруді: оқиғаның басталу уақыты және күні, іс-әрекетті жүргізетін пайдаланушы, жазбаның идентификаторы, бизнес процесстің орындалуының аяқталу уақыты және күні, бизнес процестің орындалу нәтижесі, қосымша атрибуттар;

2) шағын жүйенің бизнес процестерінің анықтамалығын қарауды;

3) жүйелі оқиғалар анықтамалығын қарауды;

4) аудиттің жағдайын басқаруды;

5) шағын жүйені пайдаланушыларға жүйелі оқиғаның және аудит жасалатын бизнес-процестерді тағайындауды;

6) бизнес процесс аудитінің электронды журналының файлын сақтау мен қарауды;

7) жүйелі оқиғалар аудиті журналының файлын сақтау мен қарауды;

8) бизнес процесс аудитінің жазбасын мұрағатқа тасымалдауды;

9) жүйелі оқиғалар аудитінің жазбасын мұрағатқа тасымалдауды қамтамасыз етіп отыруы керек.

“Ішкі аудит” міндетін пайдаланушылар үшін аудиторлық белгіні жүргізуді басқару бойынша мүмкіндіктер болуы керек. Пайдаланушы админстраторда “Ішкі аудит” міндетін толығымен өшіру немесе қосу мүмкіндігі немесе шағын жүйенің әрбір пайдаланушысы үшін жеке тек қана таңдаулы оқиғаларды бақылауды тағайындау. Аудиттің жағдайын басқару бойынша оқиғалар жүйелі оқиғалар аудитінің журналына жүйенің “Ішкі аудит” жүйесінің міндеті өшірілуіне немесе қосылуына қарамастан үнемі жазылуы тиіс.

“Жүйені басқару және ішкі аудит” шағын жүйесіндегі “Ішкі аудит” міндетінің функцияларына қол жеткізу үшін тиісті функцияларға қол жеткізуге қосымша құқық қосылу керек.

3.“Жинақталған зейнетақы қаражаты” шағын жүйесі салымшының (алушының) міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби жарналары бойынша қаражатының есебін дербес жүргізуге, салымшылар (алушылар) арасындағы инвестициялық кірісті бөлуге және зейнетақы төлемдерін есепке алуға келесі функцияларды орындалуын:

1) міндетті, ерікті зейнетақы жарналары бойынша және ерікті кәсіби жарналар бойынша зейнетақы шарттарын дербес есепке алуды жүргізуді;

зейнетақы шарты бойынша карточканы ашуды;

ашылған карточкаға өзгерістер енгізуді;

зейнетақы шарттарының түрлі өлшемдер бойынша сұрыптауды;

2) салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарымен операцияларды аналитикалық және синтетикалық бухгалтерлік есеппен жүргізуді;

дербес зейнетақы шоттарын ашуды;

дербес зейнетақы шоттары бойынша операцияларды көрсетуді (зейнетақы жарналарының, айыппұлдың, өсімпұлдың, инвестициялық кірісті есептеу, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу, жинақталған зейнетақы қаражатын басқа Қорға немесе сақтандыру ұйымына аудару);

салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына біріктіруді;

дербес зейнетақы шоттары бойынша берілген уақыт интервалына деректерді жасауды;

салымшының (алушының ) дербес зейнетақы шоттарынан үзінді көшірме жасауды;

3) салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына шартты бірлік санын есептеу және шартты бірлікте зейнетақы активтерінің құнын күн сайынғы қайта бағалау жолымен салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына есептелген инвестициялық кірісті бөлу, дербес зейнетақы шоттарына есептелген инвестициялық кірістің дұрыс бөлінуіне бақылау жасауды қамтамасыз етуі керек.

4) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырғанда келесі функциялардың орындалуын:

әрбір алушыға жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын есептеуді;

заңдарға сәйкес зейнетақы төлемдерінен тиісті сомасынан табыс салығын ұстап қалуды;

төлем құжаттарын жасауды;

берілген күнге зейнетақы төлемдеріне болжау жасауды;

әрбір салымшы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасының дұрыс есептелуін тексеруді, зейнетақы төлемдерінің сомасынан табыс салығын ұстап қалуды, төлем құжаттарын жасауды қамтамасыз етуі керек.

5) Жинақталған зейнетақы қаражатының басқа Қорға немесе сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асырғанда мынадай функциялардың орындалуын:

зейнетақы заңдарының талаптарына сақтай отырып, аударымдардың мерзімділігін тексеруді;

дербес зейнетақы шоттарын жабуды;

төлем құжаттарын жасауды;

төлем құжаттарының дұрыс жасалғандығын тексеруді, сақтандыру ұйымының Қордан жинақталған зейнетақы қаражатының алғанын растауды;

дербес зейнетақы шоттарының тарихын өткізуді және сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

6) зейнетақы жарналары түскенде шағын жүйенің МТ –102 форматындағы салымшылардың (алушылардың) тізімін оқу кезінде Қордың деректер базасымен салыстыру керек және деректемелерде айырмашылық немесе дербес зейнетақы шоты жоқ болғанда, қате есептелген зейнетақы жарналарының сомасын қайтарудың МТ-102 форматында төлем тапсырмасын жасауды;

7) жинақталған зейнетақы қаражатының есебінен орналастырылған инвестициялық кірісті есепке алу, (инвестициялық портфель) қаржы инвестицияларын есепке алуды;

8) меншікті активтер есебінен қаржы инвестициялары есебінің орындалуын қамтамасыз етуі керек.

4. “Есеп беру” шағын жүйесі есеп беруді электронды түрде, электронды файлда және қағаз тасымалдағышта жасау үшін арналған.

Шағын жүйе мынадай функциялардың орындалуын:

уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептің электронды макетін жасауды;

есеп берудің бірдей көрсеткіштеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.

5.“Сыртқы жүйелер интерфейс” шағын жүйесі электронды ақпаратты;

1) Қордың филиалдарымен, өкілдіктерімен,;

2) “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен, оның бөлімшелерімен;

3) кастодион банкпен;

4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен:

5) уәкілетті органдармен;

6) басқа заңды және жеке тұлғалармен айырбас жасауды қамтамасыз ету үшін арналған.

6. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жүйенің тұтас алғанда қызметтік сипаттамасын жақсартатын қосымша шағын жүйелер мен міндеттерді іске асыруға болады.

7. Қордың сатып алынатын бағдарламалық қамтамасыз етуі патенттелген немесе лизенцияланған болуы керек.

8. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық-аппараттық платформасы, деректер базасын басқару жүйесімен, тиісті архитектурамен:

1) ақпараттың үлкен көлемде сақтауды;

2) іздеудің тиімді алгоритмдері және соңғы ұрпақтың бағдарламалау тілінің құралдарының деректерін өңдеуді;

3) деректер базасына қол жеткізу құқығын шектеуді;

4) деректердің қайшылықсыз және логиқалық тұтастығын қамтамасыз етуді;

9) Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету керек.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылатын ақпаратты мынадай талаптарға сай қорғауды:

Қордың жергілікті желісімен жұмыс істеу кезінде автоматтандырылған ақпарат жүйесінің ресурстарына және функциясын деректерді пайдаланушыларға қол жеткізу құқығына шектеу қоюды қамтамасыз етуді;

  1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің әрбір пайдаланушысында тек қана пайдаланушы немесе администратор ғана өзгерте алатын, қарау мүмкін емес сегіз нышаннан кем емес өз парольі болу керектігін;

  2. Қорлардың және оның филиалдарының, өкілдіктерінің арасындағы ақпарат алмасуды сертификатталған аппараттық немесе криптографикалық қорғаудың бағдарламалық құралдарын пайдаланумен жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек.



Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ақпараттық қауіпсіздіктің басты механизмдерімен:

  1. идентификация және аутентификациямен;

  2. қол жеткізуді басқарумен;

3) аудит және хаттама жасаумен;

4) Қорлар және оның филиалдарының және өкілдіктер арасындағы криптографиялық қорғаумен;

Вирус-бағдарламаларының әрекетінен қорғауды қамтамасыз ету рәсімдерін орындау арнаулы лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етумен жүзеге асырылуымен;

10. Ақпараттың сақталуы;

Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қызмет ету үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1) апаттық жағдай болған кезде автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасын және бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта қалпына келтіру және резервтік көшірме жасау бойынша құжаттық ресімделген рәсімдердің болуын;

2) Қордың мекен-жайынан тыс жерде магнитті тасымалдаушыларды резервтік көшірмелермен сақталуын;

3) автоматтандырылған ақпараттық жүйе қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіретін басқа жағдайлар және алдын-ала болжай алмаған дүлей апат жағдайында Қордың орналасқан жерінен тыс жерде резервтік орталықтың болуы, автоматтандырылған ақпарат жүйесінің қызмет етуінің үзіліссіздігін қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі электронды мұрағаттарда және деректер базасында ақпараттың:

1) автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кез келген учаскесінде электрлік қоректендірудің толық немесе ішінара өшіп қалуы кезінде;

2) периферийлік және телекоммуникациялық құралдар, жұмысшы станциялары істен шыққан жағдайда толығымен сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Сервер істен шыққан жағдайда соңғы резервтік көшірме жасалған уақыттан бастап ақпараттың жойылуын, ақпаратты автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер тұтастығын және технологиясын бұзбастан штаттық құралдармен қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар.

Қоректендіруді өшірген уақыттан бастап, оның жұмысқа қабілеттілігін пайдаланушылардың операцияны бірқалыпты аяқтау үшін ұстап тұруы керек және сервер үшін үзіліссіз қоректендіру көзі сервердің техникалық сипаттамасына сәйкес келуі керек. Сонымен қатар сервердің өшірілу процесін үзіліссіз қоректендіру көзінің батереясы зарядының деңгейін кеміту автоматты түрде активтендіру керек.

11. Ақпараттың сенімділігі.

Ақпаратты түзету және енгізуді қосарланған енгізу әдісімен немесе орындалған іс-әрекет туралы фискальды ақпараттың міндетті енгізілуін визалау әдісімен орындау керек. Ақпаратты түзету және енгізу ешқандай жағдайда ақпараттың тұтастығын және хронологиялық үзіліссіздігін бұзбау керек.


Қаржы операцияларының есебі қосарлау жазба әдісімен орындалуы керек. Енгізілген операцияның ешқайсысы алынбауы керек. Дұрыс емес енгізілген қаржы құжаттары алынып тасталынбастан, іріктелуі керек.

12. Бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпаратты қайта қалпына келтіру және көшірме жасау. Резервті көшірмені сақтау.

Бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттың резервтік көшірмесін жасау тәртібі көшірме жасалған кезде жүйені толығымен қайта қалпына келтіру мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек, сондай-ақ қайта қалпына келтіру деректердің жалпы тұтастығын бұзбау керек.

Бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер базасын резервтік көшірмесін жасау күн сайын, айына бір реттен кем емес мұрағаттық көшірме жасау жүзеге асырылып отыруы керек.

13.Аппараттық және жүйенің коммуникациялық құралдарына талаптар автоматтандырылған ақпарат жүйесінің техникалық тапсырмасының кезеңінде жасалынып шығады.

14. Қордың құрылымында автоматтандырылған ақпарат жүйесін енгізуге және қызмет көрсетуге, құруға жауапты тиісті бөлімшелердің көзделуі тиіс.


Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесіне 2 - қосымша




Қазақстан Республикасының
елтаңбасы


Уәкілетті органның толық атауы


Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін

жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға

ЛИЦЕНЗИЯ


Лицензияның нөмірі__ Лицензияның берілген күні «___»_______200__ж

_________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

Лицензия қолданылу мерзімі шектелместен берілді.

Лицензия берген орган

(уәкілетті органның толық атауы)


Уәкілетті органның

басшысы (басшының орынбасары)
___________________________________________________________

(басшының (басшы орынбасарының) аты-жөні және инициалдары

Мөр орны


Алматы қаласы

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница