Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған




НазваниеСелекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған
страница5/6
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.01 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/370_suleymenov_a.a.._khurast_soltustik_khazakhstanda
1   2   3   4   5   6

Агрометеорологиялық факторлар және жаздық бидай сорттарының Қазақстанның солтүстігіндегі өнімділігі


Бидайдың әр түрлі сорттарының өнімі негізінде ең маңызды үш факторға байланысты, табиғи-климаттық, агротехникалық, биологиялық / Н.И.Федоров, 1980/.

Солтүстік Қазақстанның аймағында табиғи-климаттық факторлардың ішінде ең маңыздысы - ылғалдылық жағдайы.

Бидай өсімдіктері өсіп-даму кезеңдерінің әрбір уақытында, өнімді құрастырғанда, су факторына әр түрлі қарайды. Дж.Аццидің /1959/ айтуынша бидайдың және басқа астық дақылдарының су факторына қатынасты қиын кезеңі масақтану алдындағы 15 күндік мерзім. Егер осы уақытта топырақтың дымқылдығы өсімдіктердің дұрыс дамуын белгілейтін шеңберден төмен болса, онда өнім азаяды.

Масақтанудан пісуге дейінгі топырақтағы судың аздығы өнімді көп төмендетпейді. Бұл жағдайда өнімнің төмендеуі дәннің әлжуаздық әсерімен болады /Ф.Д.Сказкин, 1971/.

Көп зерттеушілердің байқауынша, Солтүстік Қазақстанның жағдайында жаздық бидайдың тез пісетін сорттарының өнімінің төмендеуінің негізгі себебі, дамуының ең қиын мерзімінде сумен нашар қамтамасыз етілу /В.П.Кузьмин,1965, В.И.Кандауров, ІІК.Мовчан 1970,1974./.

Ауа райының құбылмалылығына байланысты жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі сорттарының өнімділігінің өзгеруі 7-кестеде келтірілген. Зерттеулер жүргізген жылдары ерте пісетін сорттар өнімділігімен, аймақтағы аудандырылған стандарт сорт Саратовская 29, орта есеппен 31-88 ц/га кейін қалады. 7-кестеде келтірілген мәліметтерді талдау көрсеткендей, ерте пісетін сорттардың Қазақстанның солтүстігінде көбінесе өнімі төмендеуі ерте болатын к,ұрғақшылыққа байланыстылығын көрсетеді. Ал топырақтың ерте болатын жауындармен дымқылданатын жылдары өнімділігі артады. Бірақ тез піскіш және ерте пісетін сорттардың өнімі осындай жылдарда да орта пісетін және ортадан кеш пісетін сорттардікінен төмен.

Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың дүниежүзілік коллекцияларын зерттей отырып өте қызық көрсеткіштер алдық. Бидайдың әр түрлі сорттарының үлгілері табиғи аңыз және суару жағдайларында зерттелді.Қазақстанның солтүстігінде, жоғарыдағы жағдайларға қарамастан, жүргізген зерттеулердің көрсеткіштері өсу мерзімі қысқа сорттардың өнімділігі төменін, ал ұзақтардың жоғарылығын көрсетті.

Зерттеулер жүргізген уақыттың климаттық жағдайларын талдай отыра мынадай заңдылықты байқауға болады. Жауын-шашынның болуымен дымқылдықтың ерте пісетін сорттарға жақсаруына қарамастан, олар кеш пісетін сорттардан өнімділігімен кейін тұрады. 7-кестенің мәліметтері бойынша, Волга бойының құрғақшылығы болған жылдары/мамыр-маусым айлары/ - ерте пісетін сорттар құрғақшылыққа ілікпейді, ал кештеу пісетіндер өсу мерзімін топырақтық және ауалық қүрғақшылықта аяқтайды, соған қарамай, кештеу пісетін сорттар өнімділігімен әлдеқайда тез пісетін сорттардан басым түседі.

Сонымен, жауын-шашынның болу ерекшеліктерін ескере отырып және бидайдың үлгілерін суармалы жерде зерттеудің көрсеткіштерін ойға алып, болжамдауға болады, ерте пісетін сорттардың өнімділігі төмендеуі топырақтағы ылғалдың азаю нәтижесінде емес, өйткені Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр кеш болады. Шамасы, бұл аймақта тез пісетін сорттардың өніміне шешуші әсер ететін басқа факторлар бар.

Солтүстік Қазақстанның аймағындағы тез пісетін сорттарының төмен өнімділік себептерін байқағанда, біз жаздық бидайдың әр түрлі сорттарының өнімін топырақ бетіндегі жоғары температуралармен байланыстыруды ойладық, өйткені өсімдіктерге көп әсер ететін факторлардың біреуі болып есептеледі.

Коллекциялық материалды зерттегенде біз келесі жағдайға көңіл бөлдік. Жаздық жұмсақ бидайдың барлық сорттары көктеу кезеңінде өте жақсы бағаланған. 1-2,5 жұмадан кейін олардың арасында көп айырмашылықтар байқалды. Жерорта теңізінің, Солтүстік, Оңтүстік Америка елдерінің көптеген сорттары өсуін бәсеңдетіп, түптелуі тіпте нашарлап, сорттардың өсімдіктерінің жапырақтары сарғайып, бара-бара солып қалады.

Волга бойының, Орал, Сібір,Солтүстік Қазақстан, Қиыр Шығыс, Алтай, Солтүстік және Батыс Еуропа сорттары жақсы түптеліп, жапырақтары көкпеңбек болып, жоғарғы сорттарға қарағанда өте жақсы болып көрінеді. Ондай көрсеткіштер суармалы және суарусыз жерлерде байқалды.

В.Е.Писаревтің айтуы бойынша /1922/, бидай өсімдіктерінің сорттық ерекшеліктері өсе бастағанда байқалады. Топырақ пен ауаның жоғары температуралары жас өсімдіктердің транспирациясын күшейтеді, ол жас ушаның тургорын сақтауға керек. Егер топырақ дымқыл болып, ал өсімдіктер солығаннан өлсе,онда олар суды жапырақтарға жеткізуге үлгере алмайды, сондықтан олар ауырады, не өледі.

Біз жүргізген зерттеулерде Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың көгеруі 29-30 мамырда басталды, сондықтан ең қиын мерзім ретінде 1 маусым алынды. Ал ең жоғарғы және ең төменгі температуралар, топырақ бетіндегі, дұрыс алынып отырды, өйткені өзгерістерді сонда ғана байқаймыз. Зерттеу жолдарында өсімдіктердің өсіп-дамуының бастапқы кезеңінде суық болмаған жылдарды алдық, ол уақыттар бидайдың дамуына кері әсер етеді. Зерттеулер өткізген жылдары өсімдіктердің өсу мерзімінің бастапқы кезеңінде топырақ бетіндегі ең жоғарғы температуралар +12°с-дан +60°с дейін болды. Біз жүргізген эксперименттерде ең жоғарғы температураға көңіл бөлген жоқпыз, ал ол көрсеткіштер бірнеше күн жер бетінде болғанда ғана ескердік. Жүргізген зерттеулердің арқасында мынаны байқадық, топырақ бетінде жоғарғы температуралар болған күндер көп болса, онда сорттардың өнімділігі төмен. Бұл ретте мынаны болжамдауға болады, топырақ бетіндегі жоғарғы температуралар өсімдіктердің өсуінің басында жаздық жұмсақ бидайдың сорттарының өсу және дамуына мәнді әсер етеді. Топырақтың қатты ысуымен оның маңайындағы ауа да ысиды, сондықтан топырақ бетінде өзіндік микроклимат орнайды, ол бидайдың жас өсімдіктерінің өсуіне өте жайсыз. Ал өсімдіктер өздерін сақтап қалу үшін суды көп буландыру керек. Сірә, осы жерде жаздық жұмсақ бидайдың ерте және кеш пісетін сорттарының сорттық ерекшеліктері байқалады. Солтүстік Қазақстанның көктемгі жағдайсыз жайларына икемделген, жаздық жұмсақ бидайдың сорттары жоғары өміршең болып және тамыр жүйесі жақсы даму керек. Солтүстік Қазақстанның климаты құбылмалы болғандықтан жаздық бидай төмен өміршеңдік көрсетеді. Бірақ жаздық бидайдың піскіштігі әр түрлі сорттарда әр түрлі. Көпжылдық зерттеулер мынаны көрсетті, өсу мерзімі ұзақ сорттардың өміршеңдігі, қысқа сорттармен салыстырғанда, зор. Мысалы, жаздық жұмсақ бидайдың ерте пісетін Эритроспермум 841 сортының 5 жылдық, орта есеппен, егін оруға өсімдіктер сақталуы 59,8%, ал орташа және кеш пісетін сорттарда 71,3 - 79,9% болды.

Коллекциялық материалды зерттеу нәтижесінде мынаны анықтадық, жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарының егін оруға сақталған саны кеш пісетіндерден әлдеқайда аз. Бұл көрсеткішпен тез пісетін және кеш пісетін сорттар арасында айқын ерекшеліктер бар. Волга бойының, Орал, Сібір, Солтүстік Қазақстан, Қиыр Шығыс, Алтай, Солтүстік және Батыс Еуропаның үлгілерінің егін оруға өсімдіктері едәуір көп, өйткені негізінде орташа және кеш пісетін сорттармен көрсетілген. Ал Орталық және Оңтүстік Африканың, Оңтүстік Американың сорттары негізінде тез және ерте пісетін болғандықтан олардың өсімдіктерінің сақталған саны аз.

Қазақстанның солтүстігінде белгілі заңдылықты байқауға болады, бір мөлшерлі жерде өнім түптенуі жоғары болса, онда жаздық бидайдың сорттарының өнімділігі жоғары. Бірақ бұл заңдылық толығынан орындалуға сорттың көп белгілері әсер етеді-масақтың дәнділігі, 1000 дәннің массасы, дәндердің толықтығы және т.б. Сонымен қатар жаздық жұмсақ бидайдың піскіштігі әр түрлі сорттарының өнімділігін талдау мынаны көрсетті, Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың сорттарының өнімділігі көбінесе бір мөлшерлі жердегі өнімді сабақтардың санына байланысты.

Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі піскіш сорттарының тамыр жүйесінің даму ерекшеліктері

Белгілі жаздық жұмсақ бидайдың тамыр жүйесі ұрықтық, колеоптильдік және түптену тамыршаларынан құралатыны. Бұл себепте айта кету керек, әр тамырлардың түрлеріне тән ерекшеліктері бар, олар өсе бастауы, дамуы және қоршаған ортаға қойылатын талаптары /И.В.Красовская, 1926, 1935, 1947/.

О.Г.Грамматикатидің /1961/ дәлелдеуінше, құрғақшылық жағдайларда өнімнің негізгі бөлігі ұрықтық тамырлардың дамуымен байланысты.


7 кесте

Жаздық бидайдың пісу мезгілі әртүрлі сорттарының ауа райы өзгеруіне байланысты өнімділігі / ц/ га/ Шортанды, Қазақ, АШҒЗИ, алғы дақыл-сүрі жер/


Стандарттан ауытқу

-8,8

-3,1

+0,0

+0,5

+1,5

+1,5

+2,3

+2,8

+3,0




Орташа 6 жылда

9,7

15,4

18,6

19,0

20,0

20,0

20,8

21,3

21,5




Мамыр-маусым-дымқыл, шілде-тамыз құрғақ-шылық

20,8

27,0

31,2

35,8

37,0

37,6

38,0

39,8

38,8

2,1

Маусымның құрғақшылығы

6,0

8,0

11,9

11,0

15,1

13,2

15,5

14,4

15,2

1,6

Тамыздың құрғақшылығы

7,3

15,9

18,7

19,2

18,4

18,0

17,9

20,2

19,6

1,8

Мамыр-маусымның күшті құрғақшылығы

1,7

7,2

9,3

9,7

10,0

10,3

11,5

11,3

11,3

1,3

Шілденің құрғақшылығы

10,5

15,7

19,2

16,7

18,6

17,9

20,6

20,1

20,1

0,5

Тамыздың құрғақшылығы

11,6

18,4

20,5

21,8

20,6

20,1

21,4

22,0

23,9

1,0

Сорттың типі

Ерте

Орташа ерте

Орташа

Орташа

Орташа

Орташа кеш

Орташа кеш

Орташа кеш

Орташа кеш




Сорттар

Эритроспермум 841

Альбидум 24

Саратовская 29-ст

Шортандинская 25

Уральская 52

Акмолинка 1

Целиноградка

Сибирячка 4

Пиротрикс 28

НСР 0,95



Құрғақшылық жылдары, топырақтың үстіңгі қабаттары кеуіп қалғандықтан түптену тамырлары толық дамымай немесе құрастырылмауы мүмкін, сол себептен жаздық бидайдың өсімдіктерінің өсіп және өнім беруі ұрықтық тамырларымен байланысты / Л.Н.Балашов, 1930. А.С.Кружилин, 1936. Ф.Д,Сказкин, 1939. П.К.Иванов, 1948. А.П.Шехурдин, І961.И.Г.Цыганков, 1967/.

Сонымен , көп зерттеушілердің ойынша өнімді құрастырғанда ұрықтық тамырлардың маңызы зор, әсіресе жауын-шашын болмаған жылдары. Бірақ бидайдың әр түрлі сорттарының жоғары өнім беру үшін ұрықтық тамырлардың дамуымен қатар түптену тамырларының жақсы дамығаны керек / И.В.Красовская, 1933 т.б./.

Жаздық жұмсақ бидайдың ұрықтық тамырлары ерте көктемде дамуын бастайды, топырақтың ылғалдылығы жоғары уақытында. Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі сорттары мен түрлерінің тамырлары дамуында көп өзгешілік байқалады, өйткені тамыр жүйесінің дамуы, ұзындығы және топыраққа тереңдеуі сорттық ерекшеліктеріне байланысты/ А.П.Шехурдин, 1961 т.б./.

И.О.Байтулин /1976/ ескерткен, сорттық ерекшелік ретінде жаздық бидайдың тамыр жүйесінің күшті дамуы үш жапырақ мерзімінде айқын байқалады.

Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағының жағдайында жаздық жұмсақ бидайдың өсімдіктері ерте даму кезінде өте қолайсыз жағдайларға түседі, ауаның төмен қатынастық дымқылдығына, топырақ бетінің жоғарғы температураларына, аңызақ желге және т.б., осының бәрі егісті сиретеді. В.Е.Писаревтің ойынша, осындай экстремальдік жағдайларда
өсімдіктердің өсіп келе жатқанында тамыр жүйесі
ұзын және жақсы дамыған түрлер жоғары өнімді
және өміршіл болады, тамыр жүйесі нашар
дамығандармен салыстырғанда.

Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесін салыстырып зерттегенде, Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайында, біздің байқағанымыз, кешірек пісетін жоғары өнімді жаздық жұмсақ бидайдың сорттары тез пісетін өнімі төмендеу сорттарға қарағанда, өсіп-дамуының бастапқы кезеңінде жылдамырақ және күштірек тамыр жүйесін құрастырады. Ол айырмашылықтар әрі қарай өсіп - дамыған сайын тіпті көбейе береді/8-9 кестелер/.

8 кестедегі келтірілген эксперименттік көрсеткіштер айқындағанындай, үш жапырақ мерзімінде кеш пісетін Пиротрикс 28 сорты, тез пісетін К-47455 күрделі қысқа сабақты буданмен / Мексика/ және орташа пісетін Саратовская 29 сортымен салыстырғанда, өте терең кеткен басты ұрықтық тамырмен және бір өсімдікке келетін тамырлардың ұзындығымен көзге түседі.

Тамыр жүйесінің дамуының әжептәуір екендігі, жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарында Солтүстік Қазақстанның масақтану мерзімінде тамырларын өлшеп есептегенде, ең көп масса кеш пісетін Пиротрикс 28 сортына келгені, бұл көрсеткішті пайыздап көрсетсек, ол Саратовская 46 сортынан 51,1 % , ал күрделі қысқа сабақты буданнан К-47455 /Мексика/ 61,7 % көп.

8 кесте

Жаздық жұмсақ бидайдың әртүрлі пісетін сорттарының бастапқы өсу мерзіміндегі тамыр жүйесінің жалпы дамуы (Шортанды, Қазақ АШҒЗИ)



Сорттар

Шығу тегі

Піскіштік тұрі

Бір өсімдіктің тамырларының ұзыңдығы

Бір өсімдіктің тамырларының топыраққа тереңдеуі, см

Ұрықтық тамырдың топыраққа ең терең кетуі, см

Ұрықтық тамырларының саны, см

Бір жапырақ кезеңі

К-47455 буданы

Мексика

тез пісетін

35,0

10,2

13,2

3,6

Саратов ская 29

Саратов облысы

орташа пісетін

38,0

11,5

14,5

3.4

Пиротр икс 28

Қазақ АШҒЗИ

орташа кеш

48,2

10,8

15,3

4,5







пісетін













Бкі жапырактар кезеці

К-47455 буданы

Мексика

тез пісетін

69,1

20,4

28,8

3,4

Саратов ская 29

Саратов облысы

орташа пісетін

71,9

15,7

29,8

4,6

Пиротр икс28

Қазақ АШҒЗИ

орташа кеш

80,4

17,7

36,4

4,5







пісетш













Үш жапырақтар кезеңі

К-47455 буданы

Мексика

тез пісетін

98,6

30,2

39,6

3,3

Саратов ская 29

Саратов облысы

орташа пісетін

98,0

22,2

33,4

4,4

Пиротр икс28

Қазақ АШҒЗИ

орташа кеш

121,6

27,4

47,0

4,4







пісетш















Солтүстік Қазақстанның аймағының жағдай жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесінің сортты ерекшеліктері дамуының жылдамдығы мен күштілігінде ғана емес, ол морфологиялық құрылысына да байланысты. Жаздық жұмсақ бидайдың Пиортрикс 28 сорты орташа кеш пісетін топқа жатқандықтан күшті және тарамдалған ұрықтық және түптену тамырларын дамытады. Тез және ерте пісетін сорттар бұл жағдайлардан әлдеқайда қалып қояды

9- кесте

Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының 0-60 см топырақ кесіндісіндегі тамырлардың құрғақ массасы

/Шортанды ,Қазақ АШҒЗИ, суармалы жер/



Сортгар

Піскіштік типі

Топьрақ кесін-дісіңцегі бір өсіццік тамырының құргақ массасы

Бір өсімдік тамырының құрғақ массасының сортқа қаты-настығы (%)

Пиротрикс 28

Орташа кеш пісетін

311,1

100

Саратовская 46

Ерте пісетін

151,5

48,9

Күрдепі қысқа сабақты будан К-47455

Тез піоетін

119,2

38,3

Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайларына жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін сортының болжамдалған үлгісі


Жергілікті климаттың бір ерекшелігі - көктемнің қуаңшылығы жаздың бірінші жартысының ыстықтығы және екінші жартысының жаңбырлығы өсу мерзімінің қысқалығымен қосыла отырып тез пісетін сорттарды өсіруге және селекциялауға ерекше қиындықтар туғызады. Осы себептер бұл аймақтың жағдайына тез пісетін сорттың үлгісін ойластырғанда бірнеше сұрақтар туғызады.

  1. Бұл аймақтағы кеш пісетін сорттардың
    өнімінен қалыспайтын немесе асып түсетін жаздық
    жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарын құрастыру
    мүмкін бе?

  2. Егістік шаруашылығындағы өндірістік
    жұмыстарының қарбаластығын азайтсақ, онда ол
    сорттың өнімі қандай болу керек?

3. Тез пісетін топтағылардың ішінде жаздық
жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарын
селекциялағанда нысана ретінде ұстайтын өсу
мерзімінің оптимумы бар ма?

4. Тез пісетін сорттардың өніміне, дамуына және
өсуіне аймақтың агрометеорологиялық жағдайлары
қалай әсер етеді?

  1. Жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін
    сорттарын құрастырғанда селекциялық жұмыстармен
    өнімділіктің қандай элементтерін күшейту керек?

  2. Бұл аймақта тез пісетін сортты қандай
    мерзімде егу керек және т.б?

Жаздық бидайдың тез пісетін сортының теориялық үлгісін құрғанда біз қазіргі уақытта бидайға жақын, осы аймақта, тез пісетін және жоғары өнімді түрлер барлығын байқадық.Солтүстік Қазақстанның аймағында өндірілетін астық дақылдарының көптеген түрлерін талдай отырып біз жаздық арпа дақылына тоқтадық. Жергілікті климаттың жағдайында бұл дақылдың тез пісетіні және жоғары өнімділігі - ең басты қасиеті. Алты жыл ішінде салыстырмалы егістіктерде жаздық жұмсақ бидай сорты Саратовская 29 20,4 ц/га өнім берсе,арпаның сорттарының өнімділігі, бір алғы дақылда,21,5-22,8ц/га болды /10-кесте/

10 кесте

1   2   3   4   5   6

Похожие:

Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған icon«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен
Силлабус оқу бағдарламаға сәйкес құрастырылған. Кафедра мәжілісінде бекітілген. 26. 08. 2010ж
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған icon“Программаны әзірлеудің құрал-саймандары” пәнін оқытудың
«Есептеу техникасы және программалық камтамасыз ету» мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған «Компьютерлік жүйелердің интерфейстері»...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconРадиотехника және байланыс факультеті
Курс бағдарламасын Қр мжсб және мамандықтың квалификациялық сипатының мазмұнына, типтік бағдарламаға сәйкес Компьютерлік технологиялар...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconРадиотехника және байланыс факультеті
Курс бағдарламасын Қр мжсб және мамандықтың квалификациялық сипатының мазмұнына, типтік бағдарламаға сәйкес Компьютерлік технологиялар...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconЖоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
«Қаржы», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В051100 «Маркетинг» бакалавр мамандықтары студенттеріне оқылатын «Бухгалтерлік...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconДиссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді
Физиологиялық және биохимиялық әдістерді күнбағыс селекциясы және тұқым өндірісінде пайдалану
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шешендік өнер» пәнінен 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница