Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях




НазваниеПолитическая реальность в разнообразных ее проявлениях
страница9/27
Дата конвертации10.02.2016
Размер5.32 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/407_irenov_g.n._suleymenova_z.k._ashenova_s.v._gappa
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Литература:

  1. Шабаев Ю.П., Садохин А.ІІ. Этнополитология. - M., 2005. - С.7, 308-317.

  2. Казахстанская политическая энциклопедия под ред. проф. Г.Г.Мустафина. - Алматы, 1998. - 447с.

  3. Гумилев Л.Н. Из истории Евразии. - Алматы: Атамура, 2004. – С. 123-170.

  4. Гумилев JI.Н. Иванов К.ІІ. Этнические процессы: два подхода к изучению // Социологические исследования. – 1992. - №1. – С.51.

  5. Этногенез и биосфера // ІІрирода. 1970. - № l. - C 6-55.

  6. Там же. - С.288.

  7. Социологический энциклопедический словарь. – М., 1998. - 620 с.

  8. Barth Bergen: Osto, 1969. – P.15-16.

  9. Андерсон Б. Воображаемые сообщества. – М., 2001.-263 с.

  10. Хобсбаум Э. Нации и национализм после 1917 года.- СПб., 1998.-310 с.

  11. Тишков В.А. Очерки теории этноса и политики этничности в России. – М., 1997. - 340 с.

  12. Козлов В.И. Этнос. Нация. Национализм. – М., 1999. – 316 с.

  13. Губогло М.А. Три линии национальной политики в посткоммунистической России // Этнографическое образование. - 1995 - № 5. – С. 113.

  14. Кисс.Э. Национализм реальный и идеальный. Этническая политика и политические процессы // Этничность и власть в политических государствах. – М., 1994. - С. 165.

  15. Козлов В.И. Этнос. Нация. Национализм. – М., 1999. – С. 111-131.

  16. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса – М., 1983. – С. 228.

  17. Шабаев Ю.П., Садохин А.ІІ. Этнополитология. - M., 2005. – 319 с.

  18. Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 1999. – С. 247.

Саяси қатысу мәселесін зерттеудің теориялық негіздері


Нұрымбетова Г.Р.


Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі өздерін демократиялық мемлекет деп жариялағанына қарамастан, оның негізін құраушы басты мәселе саяси қатысу мәселесінде зерттеушілер арасында ортақ пікір әлі қалыптаспаған. Ал саяси қатысу дегеніміз не? Саяси қатысудың демократиялық жаңарту үрдісінде алатын орны қандай? - деген көптеген сұрақтар туындайды. Сонымен бірге, отандық зерттеушілермен саяси қатысудың әртүрлі аспектілері зерттелгенмен, жеке зерттеу объектісі болмауына байланысты тосын, ғылыми айналымға ене қоймаған түсінік, сондықтан бұл мәселенің қойылымы қандай деңгейде деген мәселені анықтағанды жөн көрдік.

Саяси қатысу - демократияны дамытудың бірден бір алғышарты. Азаматтардың саяси өмірге еркін қатыса алу құқы демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі. Саяси қатысу - азаматтардың саяси жүйенің қызмет жасауына, саяси институттарды қалыптастыру мен саяси шешімдерді қабылдауға ықпал етуі жолындағы қызметі. Сондықтан саясаттанушылар арасында саяси қатысу мәселесіне деген қызығушылық өте жоғары.

Сонда саяси қатысу мәні неде? Біздің ойымызша, кем дегенде үш себепті көрсетуімізге болады:

  1. Демократиялық құндылықтарға қолдау көрсету мен оны таратудағы саяси қатысудың ролі. Бұл дәлел кезінде А. Токвильмен негізделген [1]. А. Токвиль пікірінше, адамдардың саяси немесе саяси емес мақсаттардағы еркін біріккен қызметі демократиялық бағыттың пайда болуына және әлеуметтік сенімнің, өзара қарым-қатынас ережелерін, ортақ игілік тұжырымын қалыптастыруға және өзімшілдікті жоюға жағдай жасайды. Сонымен бірге, азаматтардың кеңінен еркін қатысуына сай ассоциациялардың болуы, өз кезегінде мемлекеттік араласуды шектейтін және еркіндікті қорғайтын, азаматтық қоғамның негізі болып табылады.

  2. Саяси қатысудың жеке тұлға потенциалын дамытудағы мәні. Кезінде Ж.Ж. Руссо азаматтар қоғамның саяси өміріне қатысуы арқылы өзін-өзі жетілдіруге, өз қабілеттерін арттыруға мүмкіндік алатындығын көрсетті [2].

  3. Қоғамдық өмірдегі азаматтар мүддесін қорғау теңдігі. Саяси қатысу көмегімен азаматтар қоғамды өзінің мүддесімен, мұқтаждықтарымен таныстыру мүмкіндігін алады.

Жалпы батыс зерттеушілерінің арасында саяси мәселесі өте танымал тақырыптардың бірі деп айтуға болады. ХХ ғ. 50-60 жылдарында бұл мәселеге көңіл бөлмеген батыс зерттеушілері кемде-кем. Сонымен қатар, саяси қатысу мәселесін зерттеу төңірегінде нақты мектептердің қалыптасты.

Соның нәтижесінде бүгінгі күні саясатқа қатысу туралы сан-алуан пікірлер қалыптасып отыр. Дамыған демократия елдері зерттеушілерінің пікірінше саяси қатысу - қатардағы азаматтардың талап-тілектерін, мүдделерін жүзеге асыратын тәсілдер.

Саясатқа қатысудың ең кең тараған анықтамасы американдық саясаттанушы Дж. Нагель еншісінде. Оның пікірінше, саясатқа қатысу - бұл кез-келген саяси жүйенің қатардағы мүшелерінің, оның қызметінің нәтижесіне ықпал етуі немесе ықпал етуге тырысатын іс-әрекеттері [3]. Бұл анықтамада саяси қатысу білім, наным сияқты пассивті құрамдас бөліктері негізінде емес, керісінше белсенді қызмет аспектісі, саяси үрдіске қатысу ретінде қарастырылған. Нақты нәтиже беретін жеке тұлғаның белсенді қатысуы айтылады. Сонымен, саяси қатысу - тек бақылап, бағдарлауды емес белсенді іс-әрекетті білдіреді.

Ал Х. Макклоски пікірі бұл пікірге қарама-қарсы деуге болады. Себебі, ол саясатқа қатысуды азаматтардың саяси өмірге араласу сезімін шектейді [4]. Яғни, Дж. Нагель саяси қатысуды белсенді қызмет ретінде бағаласа, Х. Макклоски психологиялық тартылумен шектейтінін байқау қиын емес. Бірақ саяси қатысуды саяси өмір үрдістеріне қарапайым психологиялық тартылумен шектеу дұрыс емес. Себебі, көптеген адамдар саясатқа қызығушылық танытқанмен, бірақ олардың барлығы бірдей саяси үрдіске ықпал ететін іс-әрекеттерге бармауы, талпынбауы мүмкін. Олар саяси өмірдегі оқиғаларды бақылайды, ол жайында белгілі бір пікір қалыптастырады. Бұл қызығушылық саяси қатысуды білдірмейді, оның тек алғы шарты психологиялық жағдайы (фоны) болып табылады. Социологиялық зерттеулер нәтижесі де осы жағдайды дәлелдейді.

Социологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ Қазақстан азаматтарының саяси өмірге деген қызығушылығының өсіп отырғанын көреміз. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі - 71% саяси өмірге қызығушылық танытады.

Бұдан біз қандай қорытынды жасауымызға болады? Саясатқа, саяси оқиғалар туралы ақпаратты назарда ұстау, яғни қызығушылық таныту белсенді саяси іс-әрекетті туындатпайды. Саясатқа жеке тұлғаның эмоциялық деңгейде тартылуы, сезінуі жеткіліксіз, ол шынайы саяси қатысу құрылымына қосылуы керек.

Саяси белсенді қатысушылар қатарына белгілі бір саяси мәселе бойынша белсенділігі қызмет міндеттерімен байланысты емес адамдарды жатқызамыз. Ал нәтиже мәселесіне келетін болсақ Дж. Нагель индивидтердің өз өкілдерін сайлау арқылы немесе басқадай жолдармен (референдум, қысым көрсету) саяси шешімдерді қабылдау үрдісіне қатысуын айтқан. Сонымен қатар, саяси қатысу шешімдерді қабылдау үрдісіне тікелей ықпал етпесе де, бағдарламаны жүзеге асыру барысы мен сипатына ықпал етуден де көрінеді.

Анықтамадағы ``ықпал ету`` мәселесі де өте маңызды, Дж. Нагель пікірінше, ықпал - жоспарлы түрде нақты нәтижелерге қол жеткізуді білдіреді. Саяси қатысу анықтамасына бағытталған сипаттағы іс-әрекеттер кіреді. Бұл жағдайда индивидтер саяси үрдіске ықпал ететін іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Сонымен бірге, саяси қатысуды индивидтердің саяси мінез-құлқының жеке құрылымы ретінде емес, саяси институттар құрылымының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру керек.

Саяси қатысу құрылымындағы әлеуметтік және саяси іс-әрекет сипаты мен мазмұнына да көңіл бөлу керек. Дж. Нагель анықтамасы бойынша, саяси қатысу инструменттік сипаттағы әлеуметтік іс-әрекет. Осы жерде С.Верба мен Н.Ни анықтамасын ескеру қажет. Олардың пікірінше «Қатысу - бұл бірінші кезекте құрал ретіндегі белсенділік, себебі оның көмегімен азаматтар үкіметке өздеріне қажет деген шешімдерді қабылдатуға тырысады» [5]. Әлеуметтік іс-әрекет құралы дегеніміз мақсатқа жету жолында тиімді технологияларды құру қабілеттілігі. Әрине, С. Верба мен Н.Ни саяси мінез-құлықтың барлық актілерін бірдей құралдық түсінікпен байланыстырмайды. Бірақ, саяси қатысудың демократиялық моделі дәл осы түсінікпен байланысты. Әлеуметтік іс-әрекеттің демократиялық стилінің мәні кең. Ол тек қатысу шеңберіне ғана байланысты емес, жалпы қоғамдағы әлеуметтік белсенділіктің барлық құрылымдарына байланысты айтылуы керек. Сонда ғана тұрақтылығы мен тиімділігін сақтай отырып, демократиялық саясат жүйесіне құралдық түсінігі сай келеді.

С. Верба мен Н.Ни құралдық түсінікті құндылық ретінде ендіре отырып, олар саяси қатысудың басқа модельдерін дамытуға және оның әлеуметтік мәдени контекстін бағалауға мүмкіндік береді. Саяси қатысуға деген мұндай көзқарас демократиялық дәстүр мен дамыған демократиялық институттары әлі қалыптасып үлгермеген мемлекеттердегі әлеуметтік-саяси белсенділікті зерттеуде өте маңызды әрі бағалы. Қазақстандық тәжірибе де осы жағдайға сай, сондықтан бұл пікір біздің зерттеуіміз үшін де тиімді.

Себебі, саяси қатысуды құралдық принцип негізінде зерттеу демократияландырудың құндылыққа негізделген жобаларын құрауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде біріншіден, демократияға бағытталған топтар мен партиялардың әлеуметтік-саяси белсенділік технологияларын қалыптастыруға көмектеседі. Екіншіден, демократиялық сипаттағы саяси мәдениетті қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Ф. Пивек пен Р. Кловард еңбектерінде саяси қатысуға институтционалдық көзқарас негізделген. Саяси қатысу мәселесі партиялық саясат, сайлау ережелері, әлеуметтік таптар арасындағы қатынас, саяси институттар қызметі ерекшеліктері үлгісі арқылы қарастырылады [6]. Азаматтардың саяси позициясының қалыптасуында саяси әлеуметтендіру процесінің басымдығын негіздейді.

Осы мектептің келесі өкілдері Б. Повелл мен Р. Джекмен әр түрлі статистикалық талдаулар негізіне сүйене отырып 15 елде тұрғындардың саяси белсенділігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізген. Олар өз зерттеулерінің нәтижесінде мынадай қорытындыға келеді: саяси белсенділіктің қоздырушысы жеке тұлғалық деңгейдегі жас немесе білім сияқты белгілер емес, саяси институттар болып табылады. Институционалдық ұстаным өкілдерінің негізгі қағидасы – «сайлаушы өкіметті сайлауға тікелей ықпал еткен сайын, оның сайлауға қатысу мүмкіндігі де арта түседі» [7]. Осыдан келіп сайлау жүйесін жетілдіру талабы туындайды.

Зерттеуші Росс саяси қатысуды былай анықтайды: «қоғам мүшелерінің бір бөлігінің қоғамдағы құндылықтарды бөлу үшін билікке тікелей немесе жанама қатысуы» [8]. Ол саясатқа тартуды әр түрлі деңгейлерге бөліп қарастырады. Мысалы, ең көп тараған түрі шешім қабылдау барлық ересектер үшін ашық жағдайда, саясатқа қатысу шартты түрде кең болады. Ал, ең төменгі түрі - шешімнің басым көпшілігі лидерлермен қабылданып, ал бұл үрдіске қарапайым адамдардың қатысуы шектеулі немесе тіптен жоқтың қасы болатын жағдай.

Сонымен, Росстың негізгі қағидасы – «саяси қатысуды қоғамдағы психо-мәдени күштер нәтижесі ретінде қарастыру, әрі ерте алынған біліммен кеш өмірлік бағыт-бағдар тәжірибесімен байланыстыру».

Росс зерттеулерінің нәтижесі саяси тартылу саяси ұйымдардың тікелей функциясы болып табылатындығын көрсетеді. Росс қорытындылары институтционалдық ұстаным өкілдерінің позициясын күшейтеді.

Саяси қатысу мәселесін зерттеуде М. Вебер ілімін айналып өту мүмкін емес. М. Вебер әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік факті мен әлеуметтік құрылым сияқты үш алғы шартқа сүйене отырып, әлеуметтік құбылысты талдауда іс-әрекет етуші адамдардың мақсаттары мен қабылдау себептерін іздеуді ұсынады. М. Вебер бойынша, капитализм тұсында жеке өмірді институттар мақсаттар мен құндылықтар анықтайды. Ал капиталистік қоғамды ерекшелендіретін жеке меншік пен қоғамдық бюрократия [9]. Бюрократия өскен сайын, М. Веберге сәйкес, жеке тұлғалар өз іс-әрекеттерінде ережелерді басшылыққа алады. Басқарудың бюрократиялануы толығымен аяқталған уақытта, күйреуге берілмейтін биліктік қатынас түрі қалыптасады. Бюрократияның дамуы ``темір тор`` - бюрократиялық қоғамға алып келеді. Бұл қоғам жеке адамның таңдау жасауы мен мүмкіндіктеріне қатаң бақылау мен шектеу қояды. Сондықтан, қоғам дамуын өзгертудің тек бір ғана жолы бар. Ол харизма тұжырымы. Харизматикалық саяси қозғалыс жетекшілері ерекше жеке тұлғалар ретінде қабылданады. Егер олар өздерінің ізбасарларына қалыптасып қалған ережені бұзыңдар десе, онда олар (адамдар) бағынуға тиіс. Харизматикалық қозғалыстар кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін. Капиталистік қоғамдағы революциялардың жалғыз көзі, М.Вебер бойынша, харизманың ерекше күші.

Әлеуметтік іс-әрекет пен саяси құрылым түрлері М. Вебер көрсетуінше жеке және топтық деңгейдегі талдау ара қатынасын белгілейді. Нақты саяси құрылымдағы адамдар іс-әрекетте бірдей бағытты ұстанады, әрі әлеуметтік іс-әрекет бағытын қалыптастырады. Ол іс-әрекет құралдары мен нәтижелерін, мінез-құлық түрлерін жіктейді: ұтымды және ұтымсыз. Сонымен қатар, келесі іс-әрекет бағыттарын көрсетеді: дәстүрлі, эмоциялық, инструменттік-құнды-ұтымды, бағытталған.

Дәстүрлі бағыт ата-аналары мен қауымның өмірлік үлгісін ой елегінен өткізбей қабылдайтын адамдар үшін тән. Ал, эмоциялық бағыттағылар іс-әрекетке ойланбай барады. Соңғы екі бағыт іс-әрекет себептерін ұтымды, әрі саналы түсінуді білдіреді. Мақсатты ұтымды бағыт өз мақсаттарына эмоциялық іс-әрекет арқылы, бірақ оларға қол жеткізу мақсаттары мен құралдарын тиянақты ойланатын адамдарға тән. Инструменттік-құнды тиянақты түрге өз өмірлерінің мақсатын, сонымен қатар оларға жету жолдары мен тәсілін тиянақты ойлап істейтін адамдар жатады. М. Вебер пікірінше, барлық адамдарға қандай уақытта, қандай жерде болмасын осы төрт бағыт түрлері тән. Әр адам осы бағыттардың бірімен сипатталады.

Біздің пікірімізше, жеке адамның саяси бағытын, оның әлеуметтік іс-әрекет бағытының ауқымында қарастыру жеке тұлғаның саяси таңдауының себептерінің байланыстылығын зерттеуде де конструктивті.

Ал польша саясаттану мектебінің ең танымал өкілі Ежи Вятр саяси қатысуды адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады [10].

Жеке тұлғаның саясатқа деген қызығушылығын, оның қатысу деңгейін ол адамдағы ақпараттың молдығымен байланыстырады. Осы негізде жеке тұлғаның психологиялық түрлерін жіктеуді ұсынады. Е. Вятр билікке қол жеткізу мақсатын автономиялық (билік билік үшін) және инструменттік (билік құрал ретінде) деп бөледі. Жеке тұлғаның саяси күреске қатысуының себептері әртүрлі болуы мүмкін: билікті басқа адамдарға үстемдік ету құралы немесе қоғамға қызмет ету жолы ретінде қарастыру. Саяси қатысудың әртүрлі себептерін зерттей отырып Е. Вятр азаматтардың саяси қатысу формаларын сипаттайтын төрт топтың белгілерін ұсынады: барлық жерде саясаттан басқа салаларда да белсенді адамдар; саясатта белсенді, бірақ басқа салаларда белсенді емес адамдар; басқа салаларда белсенді, бірақ саясатта белсенді емес адамдар; барлық салаларда белсенді емес адамдар.

Біз саяси қатысу мәселесіндегі маркстік тұжырымға да тоқталғанды жөн көрдік. Себебі, біз ұзақ уақыт дәл осы тұжырымға негізделген саясат үстемдік еткен қоғамда өмір сүрдік. Сонымен бірге, бұл саясат салдары әлі күнге дейін сақталып отыр.

Марксистік тұжырым саяси қатысуды белгілі бір топ мүддесі тұрғысынан қарастырады. Маркс бойынша, егер адамдар өз-өздерімен, өз бетінше өмір сүреді десек, онда саясатты зерттеудің қажеті де жоқ. Адамдар жаратылысынан әлеуметті болғандықтан, индивидтерді біріктіретін әлеуметтік байланыстар. Маркс қоғамның ең басты құрылымы деп - экономикалық құрылымды есептейді [11].

Материалдық өмірді өндіру тәсілі өмірдегі әлеуметтік, саяси және интеллектуалдық үрдістерге себепші болып табылады. Экономикалық құрылымның өзгеруі қоғамның бір түрінің екінші түріне өтуін анықтайтын революцияға алып келеді.

Маркс ұсынған әлеуметтік даму үрдісінің түрі қоғам құрылымының таптық мәніне негізделеді. Бұл модель бойынша, адамдардың мақсаттары мен мінез-құлқы, олардың қоғам құрылымындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларына байланысты. Әсіресе, олардың өндіріс құралдарына қатынасына байланысты [11] Таптық тұжырым - маркстік ілім мәні. Маркс пікірінше, азаматтардың саяси қатысу түрлерін революциялық өзгерістердің қозғаушы күші революциялық сана мен пролетариаттың ұйымдасқан іс-әрекеті анықтайды.

Дәл осы марксистік тұжырым кеңес дәуірінде үстемдік етті. Кеңестік зерттеушілер А. Ковлер, В. Смирнов саяси қатысуды былай анықтаған: «қатысу тек саяси ғана емес, кез келген басқарылатын (немесе өзін-өзі басқаратын) қауымдарға тән қасиет. Жеке тұлға, топ, тап саяси сипаттағы саяси-биліктік қатынасқа, шешімдер қабылдау мен басқару үрдісіне тартылған жағдайда ғана қатысуды саяси деп анықтауға болады. Ал бұл тек әлеуметтік-саяси қауымда ғана мүмкін» [2]. Саясатқа қатысу тұжырымын қалыптастыруда ресейлік зерттеушілердің де өзіндік үлесі бар. Келесі авторлар пікірінше, «саяси қатысу индивидтердің (азаматтар тобының) биліктік маңызы бар мүдделерін табу мен білдіру механизмдеріне ену үрдісін білдіреді» [3]. Сонымен бірге ресейлік зерттеушілер арасында ең кең тараған анықтамалардың қатарында: «Саяси қатысу - қоғам мүшелерінің басшыларын сайлауға және тікелей немесе тікелей емес қоғамдық саясатты қалыптастыруына көмектесетін еркін іс-әрекеттері» [4] - деп есептеу тән.

Д. Гончаров пен И. Гоптарева саясатқа қатысу институтын күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастыруды ұсынады. Бұл авторлар пікірі, С. Верба мен Н.Ни тұжырымдарына сәйкес. Қатысу бұл - азаматтардың өкіметті өздеріне қажетті іс-әрекеттерге баруға көмектесетін инструменталдық белсенділігі [5]. Сонымен, саясатқа қатысу бір жағынан саяси шешімдерді қабылдау үрдісіне ықпал ету болса, екінші жағынан мемлекеттік басқару органдары қабылдаған бағдарламаларды жүзеге асыру барысы мен сипатына әсер ету болып табылады.

«Саяси қатысуды» зерттеу негіздеріне қысқаша шолу жасай отырып, келесі мәселелерді анықтадық: 1) инструменталдық қатысу, ол индивидтердің саналы әлеуметтік-саяси іс-әрекеттеріне негізделеді. Демократиялық құндылықтар мен институттар көмегімен тиімді жүзеге асырылады. 2) саяси қатысу - нақты қауымдағы саяси өмір барысына ықпал ету үшін индивидтерден үлкен күштерді талап ететін белсенді мінез-құлық.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Похожие:

Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconПрограмма дисциплины политическая география в современном мире для направления 030200. 68 «Политология»
Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. Учебник / Под ред. С. Б. Лаврова и Н. В. Каледина. М.:...
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях icon«Политическая история Казахстана»
Рабочая учебная программа по дисциплине «Политическая история Казахстана» для студентов специальности 050502 «Политология»
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconПолитическая социология Учебное пособие
Пособие написано на основе министерского стандарта «Политическая социология», предназначено для студентов, аспирантов, преподавателей,...
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconсовременная политическая карта мира и раздел: география населения мира Составил: Николай Ломтев
Современная политическая карта мира учебник 10 класса Максаковский 30 тестов
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconРеферат. Маргарет тэтчер
Ее ставили в пример, на нее равнялись – такова была политическая конъюнктура. Сейчас можно смело сказать, что Маргарет Тэтчер – уже...
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconМетодические указания к курсу «Политическая эпистемология»
Методические указания к учебному курсу «Политическая эпистемология» для студентов первого курса отделения политологии факультета...
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconРабочая учебная программа (приложение 1) Тематический план лекций (приложение 2)
Основной целью преподавания неврологии у студентов факультета медицинской психологии является формирование представления о синдромокомплексах...
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconЭкзаменационные вопросы по истории отечества (История России в контексте мирового развития)
Россия в системе мировых цивилизаций. Российская цивилизация: миф или реальность? Птк: т. 1
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconПрограмма дисциплины «Политическая и экономическая история» для направления 031900. 62 «Международные отношения»
Программа предназначена для преподавателей, ведущих данную дисциплину, учебных ассистентов и студентов направления 0031900. 62 «Международные...
Политическая реальность в разнообразных ее проявлениях iconНовости на сегодня
Очередной победитель конкурса лучшая статья месяца на сайте Экоис. Победителем в мае стал С. Эгембердиев со статьей «Баткенский цветок...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница