Қызылорда облысы әкімдігінің




НазваниеҚызылорда облысы әкімдігінің
страница1/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/documents/vnutpolitika/1_strategiyalyk_zhospar.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қызылорда облысы әкімдігінің

2011 жылғы «___»___________ № _____

қаулысына қосымша


Қызылорда облысы әкімдігінің

2010 жылғы «30» желтоқсандағы № 998 қаулысымен

бекітілген


«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Мазмұны



1.

Миссиясы және пайымы




2.

Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері




3.

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері




4.

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту




5.

Ведомствоаралық іс-әрекет




6.

Тәуекелдерді басқару




7.

Бюджеттік бағдарламалар






1-бөлім. Миссиясы және пайымы

Миссиясы: Ұлт алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай негізде түсінуде облыс тұрғындарын шоғырландыруға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру.


Пайымы: облыстағы қоғамдық-саяси тұрақтылық, төзімді этносаралық және конфессияаралық қатынастар, бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік, дамыған үкіметтік емес сектор, жастардың әлеуметтік құқығы мен мемлекеттік кепілдіктерінің толықтығы.


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері

Ұлттық сәйкестілікті қалыптастыру, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттік саясатты тиімді ақпараттық қолдау, мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру міндеті - Қызылорда облысының атқарушы органдар жүйесінде облыстық ішкі саясат басқармасының аймақтағы идеологиялық мекеме ретіндегі құқықтық жағдайын айқындайды.


1. 1-стратегиялық бағыт. Отандық ақпараттық кеңістіктің орнықты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

1.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 68 бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі - БАҚ) жұмыс жасайды, оның ішінде 64-і баспа, 4-уі электронды БАҚ. Олардың құрылымдық бағыттары мынадай: аймақтағы БАҚ-ының 93 %-ын газеттер (54) мен журналдар (10), 7 % электронды БАҚ (2 телеарна, 2 радиокомпания) құрайды. Баспа басылымдарының бағыттарына жасалған сараптама олардың 27,7 % -қоғамдық-саяси, 23,1 % - ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 12,3 %-ы жарнамалық, ақпараттық-жарнамалық, 9,2 %-ы ғылыми және 27,7 -басқа тақырыптық бағыттарды құрайтынын көрсетті. Облыстың ақпараттық нарығында тәуелсіз БАҚ жоғары көрсеткішті қамтуда, яғни 87 %.

Аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының 25 %-ы республика аумағына таралады, 48,5 %-ы облыс аумағына, 26,5%-ы жекелеген қала, аудан төңірегін қамтиды. Бұған қоса, баспа басылымдарының 54,4%-ы мемлекеттік тілде, 13,2 %-ы орыс тілінде, 32,4 %-ы екі тілде басылып шығарылады.

Облыс тұрғындарының телерадио хабарларымен, соның ішінде теле және радио арналармен қамтылу деңгейі былайша көрініс табады: «Қазақстан» РТРК – 92,1 %, «Хабар» Агенттігі – 89,1 %, «Евразия» телеарнасы – 80,4 %, «Қазақ радиосы» - 58 %, «Ел арна» телеарнасы – 46,1 %, «КТК» телеарнасы – 34 %, «Астана» телеарнасы – 34 %, «Қоғам ТВ» телеарнасы – 32 %, «Сета» радиостансасы – 30 %, «Премьер ҒМ» радиостансасы – 30 %.

Қызылорда облысы - аймақ тұрғындарын 14 сағаттық телевизиялық хабарлармен қамтып отырған үшінші өңір (Маңғыстау және Ақмоладан кейінгі). Облыстың 6 аудан орталығы мен 15 елді мекенінде облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының дербес, техникалық тұрғыдан бөлек телевизиялық тарату жүйесін құру барысында облыс орталығы мен шалғай елді мекендерде тұратын халықтың 85 %-ы 2010 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық телеарна хабарларын 14 сағат көлемінде көруге мүмкіндік алды.

Облыс орталығында кабельдік және эфирлік-кабельдік телевизияның 3 операторы жұмыс жасайды. Бұл операторлар отандық және шетелдік электронды БАҚ-ның хабар тарату қызметін жүзеге асырады. Ішкі ақпараттық нарықта 400 шетел БАҚ таратылады.


2009 жылғы қараша айынан бастап Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталы (www.e-kyzylorda.kz) жұмыс жасайды.

2010 жылдың 13 желтоқсанынан облыста сандық телерадио хабар тарату жобасының бірінші кезеңін енгізу басталды. Басты мақсаты – ауылдық елді мекендерді 100 % және облыс тұрғындары арасында ұлттық спутниктік телерадио хабарды 25 %-ға енгізу мүмкіндігін жасау.

Бүгінгі күнге дейін спутниктік антеннаны қолданушылар «Экспресс», «Ямал» спутниктік ресурстары арқылы тек қана шетелдік және ресейлік телеарналарды көретін. Қазақстандық сандық спутниктік хабарды тарату құрамында 25 қазақстандық және облыстық рейтингілік телевизиялық бағдарламалар пакетін тегін таратуды қамтамасыз етті.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі және Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы цифрлық спутниктік телеарнаны енгізу саласы бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш меморандум аясында Қазақстан Республикасы ұлттық спутниктікжелілерінде телерадио хабар тарату қызметіне тұрғындардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша тараптардың мүмкіндіктері белгіленді.

Сондай-ақ, спутниктік қабылдағыш антеннаны пайдаланушыларды анықтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, олардың саны облыс бойынша 2010 жылы 36277 адамды құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып, спутниктік қабылдағыш антеннаны пайдаланушылар саны көбейіп келеді.

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап аймақ тұрғындары арасында Қазақстан Республикасының сандық спутниктік теледидарға енетіндігі туралы және де шетелдік спутниктік жүйеге қосылғандарды отандық телерадиотатылу жүйесіне қосылуға ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың желтоқсан айында облыстағы 235 жеке және заңды тұлғаларға барлығы ұлттық спутниктік теле-радио арналарға қосылды.

Мұнымен қоса, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына қабылдау құралдарын тегін ауыстырып беруді ұйымдастыруға қаржы қарастыру мәселесі талқылануда.


1.2) негізгі проблемаларды талдау

1) Тәуелсіз және аудандық БАҚ-ның бәсекеге қабілеттілігі деңгейінің төмендігі;

2) Жергілікті баспа басылымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

3) Орыс тілді журналистердің кәсіби деңгейі мен біліктілігінің төмендігі;

4) Баспаханалық қызмет көрсетумен айналысатын жергілікті өнім берушілердің баспаханалық сапасының төмендігі;

5) Сандық телерадио хабарларын таратудың болмауы.


1.3) сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

отандық баспа БАҚ-ын халық арасында барынша тиімді тарату мақсатында пошта қызметтерінің тарифін төмендету мүмкіндігі;

мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметін арттыру.


Ішкі факторлар:

мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемін ұлғайту;

ақпараттық технологияларды кеңейту (интернет және теле-радиохабарларын сандық үлгіде тарату);

«Сыр медиа» медиа-холдингінің қызметін кеңейту, баспахана, интернет-газет ашу.


2. 2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту, ұлт бірлігін және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

2.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қоғамдық-саяси сала бойынша инфрақұрылым жағдайы. Ел тәуелсіздігінің 20 жылында өңірде әлеуметтік мәселелермен айналысатын қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, үкіметтік емес және коммерциялық емес сектор қалыптасты.

Қазіргі уақытта облыста 690 үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі ҮЕҰ) тіркелген, оның ішінде: 457 қоғамдық бірлестіктер,
123 қоғамдық қорлар, 34 заңды тұлғалар мен 76 үкіметтік емес мекемелер тіркелген.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында 9 саяси партия филиалдары мен 1983 кәсіподақ ұйымдары бар.

Үкіметтік емес сектордың дамуын зерделеу ҮЕҰ-дың әр түрлі бағытта тұрақты топтары қалыптасып үлгергендігін көрсетіп отыр, атап айтқанда: қоғамдық қорлар-17%, спорттық бағытта - 18%, білім беру - 6%, денсаулық сақтау - 5%, жастар бірлестіктері - 12%, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін қорғау - 20%, басқа бағыттарда - 28%.

Қызылорда облысындағы басты кәсіподақ ұйымдары - білім беру, денсаулық сақтау саласы, мұнай компанияларының кәсіподақ ұйымдары болып табылады. Облыстағы кәсіподақ қозғалысын үйестіруші орган - Облыстық кәсіподақ кеңесі.

Қазіргі уақытта «үшінші секторда» тұрақты түрде 200 адам, уақытша негізде (кеңесшілер, сарапшылар) - 400 адам, сонымен бірге 1000-ға жуық еріктілер жұмыс жасайды.

Мемлекет пен «үшінші сектор» арасындағы өзара байланыс институты ретінде «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес, облыстық кәсіподақтар кеңесін атауға болады.

Аймақтағы үкіметтік емес сектор нақты қоғамдық күш пен маңызды ресурсқа айналған. Әкімдік тарапынан ҮЕҰ-ға нақты қолдау көрсетілу жолға қойылған.

Жалпы 2006 жылдан бері жүзеге асырылған әлеуметтік-маңызды жобалар саны екі есеге артып отыр: 2009 жылы 9 ҮЕҰ 9 әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асырса, 2010 жылы 7 ҮЕҰ азаматтық қоғамды қолдауға, отбасылық-демографиялық саясатты дамытуға, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған 7 әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асырды.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік жұмыс жасауда. Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс тұрғындарының саны 651,5 мың адамды құрап отыр. Оның ішінде қазақтардың үлес салмағы - 96,7 % болса, орыс халқының үлес салмағы - 2 % (12461 адам).


Өңірде бұдан өзге кәрістер, татарлар мен түріктер, өзбектер мен шешендер, әзірбайжандар мен башқұрлар, немістер және басқа да ұлт өкілдері тұрады.

Этносаралық және конфессияаралық жағдай. Облыс көлемінде 169 діни бірлестік тіркелген, оның ішінде 20-сы заңды тұлға, 140-сі филиал ретінде тіркелген.

Діни бірлестіктердің қызметін бақылауды күшейту мақсатында облыста діни сенім бостандығын қамтамасыз ету және мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген.

2009 жылы жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 69 пайызы діни бірлестіктер жұмысына сенім білдірсе, 15 пайызы сенімсіздік танытқан, ал 3 пайызы олардың қызметінен сақтанатындығын айтқан. Ал 2010 жылдың І жартыжылдығына жүргізілген сауалнама барысында респонденттердің 81 пайызы өңірдегі діни ахуалды «тұрақты» деп бағалаған.

Облыста мұсылман, христиан және басқа да діни сенім идеяларын қоғамға енгізу ағымдары байқалады. Тұрғындар арасында діни экстремизм идеяларының алдын-алу бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде арнайы жоба жүзеге асырылуда.

2010 жылдың ІІ тоқсанында облыс тұрғындарының әлеуметтік-саяси көңіл-күйін болжамдауға арналған әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында тұрғындар аймақтың қоғамдық-саяси ахуалына зардабын тигізетін факторлар қатарында этносаралық және конфессияаралық қатынастарды көрсетпеген. Басқарма тарапынан 2008 жылғы маусым айында ішкі саясат мәселелері бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген жиналыста белгіленген идеологиялық басымдықтар жүзеге асырылуда. Облыс тұрғындары ұлт бірлігі мен ұлттың тұрақты даму идеологемаларын оң қабылдайды.

Табыстар мен жетістіктер. Елде орын алып жатқан қоғамдық-саяси үдерістердің даму жағдайын, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды терең зерттеу мақсатында басқарма тарапынан жағдайды жүйелі талдау тетіктері жолға қойылған.

Ел дамуының негізгі басым бағыттарын, стратегиялық бағдарламаларды кеңінен түсіндіруге және тұрғындардың діни сауатын арттыруға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ақпараттық-насихаттық шараларды тұрақты және жүйелі түрде ұйымдастыру нәтижесінде соңғы үш жыл көлемінде тұрғындардың мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша ақпараттандырылу деңгейі 65-70%-ды құрап келеді.

Азаматтық қоғамды дамыту және мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында «сұхбат алаңдарының» жұмысын ұйымдастыру тетігі енгізілді. Оның ішінде облыстық Азаматтық форумды ұйымдастыру дәстүрге айналды.

2006 жылдан бері жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды жобалардың қатары 2 есе көбейді: 2009 жылы ҮЕҰ тарапынан азаматтық қоғамды дамыту, отбасылық-демографиялық саясат пен этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту бойынша 9 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды.

Қаржыландырылуы. 2006 жылы – 12 739 мың теңге, 2007 жылы – 13 350 мың теңге, 2008 жылы – 23 050 мың теңге, 2009 жылы –
29 437 мың теңге, 2010 жылы – 21 961 мың теңге.


2.2) негізгі проблемаларды талдау

1) ҮЕҰ-мен бірігіп шешетін мәселелер тек бюджет көздерінен бөлінетін қаражаттар негізінде ғана шешіледі, ал облыста қалыптасқан жағдай түрлі мұнай өңдеу, тау-кен өнеркәсібі және басқа да кәсіпкерлік субъектілері тарапынан қаржы ресурстарын тартуды қажет етеді.

2) Жергілікті жерлерде, әсіресе ауылдық жерлерде азаматтық сектордың әр деңгейде дамуы. Зерттеу нәтижелері үкіметтік емес сектордың белсенді әрекеттері тек облыс орталығында байқалатындығын көрсетіп отыр.

2.3) сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау

Қазіргі жағдайда дінаралық келісімді сақтап-нығайту жалған діндердің енуі мен таралуы мәселесімен күрделенеді, осы орайда бірінші кезекте тұрғындардың діни сауатын ашу және діни сенім бостандығы саласындағы заңдылықтардың қатаң сақталуын талап етеді.

Демократиялық мемлекеттің басты құндылығы билік пен азаматтық қоғам арасындағы тең дәрежелі әріптестік екенін ескере отырып, мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы байланыс тетіктерін одан әрі дамыту, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттің стратегиялық даму басымдықтарының іске асуына жұмылдыру қажет.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қызылорда облысы әкімдігінің iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
Қызылорда облысы әкімдігінің iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
Қызылорда облысы әкімдігінің iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Стратегиялық бағыт Облыстың энергетика, коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді газдандыру салаларының динамикалық дамуы
Қызылорда облысы әкімдігінің iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» стандарты негізінде...
Қызылорда облысы әкімдігінің iconҚызылорда қаласы әкімдігінің
«Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №264 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді
«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы»...
Қызылорда облысы әкімдігінің icon«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту 19 бет
Қызылорда облысы әкімдігінің iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы Ереже
Осы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынандағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі...
Қызылорда облысы әкімдігінің iconҚызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы Іс-қимыл жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
Қызылорда облысы әкімдігінің iconТемір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы №38 шешімі Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница