Скачать 0.66 Mb.
|
Катон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары Мазмұны 1. Миссиясы мен көрінісі 2. Ағымды жағдайға талдау 3. Мемлекттік орган қызметінің мақсаты мен міндеті және стратегиялық бағыттары 4. Білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ахуалы және мүмкін болар қауіп-қатерлер 5. Нормативтік-құқықтық актілер 6. Бюджеттік бағдарламалар 1. Миссия мен көрінісі Миссиясы-білім жүйесінің өсу жолдарын қамтамасыз ету,сапалы білім алуға жағдай жасауға ықпал жасау және білім алуға қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасау Көрінісі- жоғары білімді, бәсекеге қабілетті,ақылы мен ой-өрісі жетілген парасатты ұлт 2. Ағымды жағдайға талдау 2008 жылдың 1 қазанында Катон-Қарағай ауданында 59 білім беру ұйымы, оның 54-і жалпы білім беретін мектеп,төрт мектепке дейінгі мекеме,бір саз мектебі болды. 2009 жылдың 1 қазанында 60 білім беру мекемесі, оның 54-і жалпы білім беретін мектеп, бесеуі мектепке дейінгі ұйымдар және бір саз мектебі жұмыс істеді. Қосымша білім беру Қазіргі таңда ауданда 140 оқушы қамтылған бір саз мектебі жұмыс істейді. 2011 жылы Ново-Хайрузов ауылында бұрынғы мектеп ғимаратында балалар спорт мектебін ашу көзделуде,сонымен бірге Катон-Қарағай ауылында 50 орынға арналған саз мектебі ашылмақ. 2.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру 2009-2010 оқу жылында ауданда 5 бала бақша-228 бала қамтылған, 670 бала қамтыған 23 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі біліммен қамту 68 пайызды құрайды -1383 бала.1952 бала 1-ден 6 жасқа дейінгі аралықты қамтиды 2008 жылмен салыстырғанда бала бақша саны 1 бірлікке-80 орындық,шағын орталық -3 бірлікке-94 орындық,күнұзақ жұмыс істейтін шағын орталық саны 45-ке өсіп 182 бірлікті құрады.Ауданда бала бақшаларға балаларды тарту 15 пайызды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда 0-ден 7 жасқа дейінгі балалар саны 163-ке кеміп 2009 жылы 2945 баланы құрады.Бала бақшаға деген сұранысты жою мақсатында 2015 жылға қомақты шаралар белгіленді. Облыстық бюджет есебінен 2013 жылы Үлкен-Нарын ауылында 140 орынға арналған 1 бала бақшаның құрылысы басталмақ. Жалпы аудан бойынша 2009-2015 жылдары облыстық бюджет есебінен 140 орынға арналған бір бала бақша,жергілікті бюджет есебінен 175 орынға арналған үш бала бақшаны босату және қайтарып алу көзделіп отыр. Сонымен қатар 354 орындық 32 шағын орталық ашылмақшы. 2.2 Жалпы орта білім беру Жалпы орта білім беретін мектептер жүйесінің динамикасы және контингенті
Мектептер желісі мен оқушылар контингентінің динамикасы Соңғы жылдарда ( 1994-2000) ауылдық жерлерден әсіресе 17 мен 40 жастағы тұрғындардың жаппай көшуіне байланысты шағын комплектілі мектептердің өсуі байқалды. Қазіргі кезде шағын мектептер саны-51 (94,4 пайыз) Шағын комплектілі мектептер саны ![]() Оқушыларды тасымалдауға үлкен көңіл бөлінген. Үш елді мекенде 480 оқушыны тасымалдау үшін 2 автобус пен 1 шағын автобус ұйымдастырыл ған. 2010 жылы қосымша тағы 2 шағын автобус 76 оқушыны тасымалдамақ. Қазақстан Республикасында білім сапасының ұлттық жүйесінің енгізілуіне байланысты аудан мектептерінің оқушылары ұлттық бірыңғай тестіні ( әрі қарай ҰБТ ) ойдағыдай тапсыруда. ҰБТ қорытындысы бойынша 2009 жылғы түлектердің білім сапасы 2008 жылға қарағанда әлдеқайда жоғары. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа бал 87,38 болып отыр. 2008-2009 оқу жылында 4 сыныптардан-449 оқушы, 9 сыныптардан-601 оқушы Мемлекеттік аралық бақылауға ( әрі қарай МАБ) қатысты. МАБ бойынша 9 сыныптарда орташа бал 64,56, 4- сыныптарда 17,21 бал болды. Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай туғызу мақсатында мектептердің материалдық базасын жақсартуға үлкен көңіл бөлінуде. 2008 жылы Жаңаүлгіде 80 орындық мектеп пайдаланылуға берілді. 2010 жылы Өрел ауылында жаңа мектеп балаларға есігін айқара ашпақ. Катон-Қарағай білім беру мекемелерінің материалдытехникалық базасын нығайту мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің аймақтық бағдарламасына сай 2005-07 жылдары жергілікті бюджет есебінен 17 нысан, 2008 жылы 5 нысан жөнделді. 2009 жылы 8 нысанға- 42451 мың теңгеге күрделе жөндеу жүргізілді, оның ішінде Жол картасы бағдарламасына сай республикалық бюджеттен 1657 мың теңгеге Малонарым орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Мектептерді компьютерлендіру аяқталды. 7 оқушыға 1 компьютерден келетін дәрежеге жеттік. Жалпы саны 874 компьютер болатын 65 компьютер класы,20 мультимедиалық кабинет бар, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 114 компьютерге артық. Интернет желісіне 52 мектеп қосылған, оның ішінде 33 мектеп байланыста, 3 мектеп. Мектеп тарифтік жоаспарына АД технологиясын қолдану арқылы, 15 мектеп Интернетке шығу үшін спутниктік құралды пайдаланып отыр. Жалпы аудан бойынша 37 мектепте интерактивті тақта бар, 52 мектепте телефон байланысы орнатылған. Аудандық білім беру бөлімінде балалардың құқығын қорғау маманы жұмыс істейді.Қазастан Республикасының Қазастан Республикасындағы бала құқы туралы Заңына сәйкес ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалар өздерінің мүліктік құқығын зейнетақы мен түрлі төлемдер алумен сақтайды. 2009 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша 66 баланың 3–і мүгедектігіне байланысты зейнетақы алса, 58,5 бала асыраушысынан айырылуына байланысты қамқорлыққа алынған.. Отбасында ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың басқа да тиімді формалары қарастырылуда. Соның бірі-туған-туысқандарының осы балаларды асырап алуы.2008 жылы 15 балаға құжат дайындалса, 2009 жылы 9 баланы туыстары асырап алды. Осындай форманың тиімділігі сол,олардың арасында тек туысқандық қарым-қатынас орнап қана қоймай,заңдылық жағы да қатаң сақталады. Жетімдер үйінен бала асырап алу негізінен денсаулық сақтау мекемелерінде жиі байқалып отыр.2008 жылы 7 бала,2009 жылы 6 бала асырап алынды.. Ауданда мүмкіндігі шектеулі балалар 2009 жылы 258 болса, оның 16-ы мектеп жасына дейінгі, ал 158-і мектеп жасындағы балалар. 2009 жылы Барлық дәрежедегі мүгедек балалар саны 138 болды. 2009-2010 жылдары мұндай дәрежедегі балалардың кемуі 25-ті құрап отыр. 2008-2009 оқу жылы 90 бала коррекциялық кабинетте оқыса,2009-2010 жылдары осындай көмек 70 балаға көрсетіледі. Медициналық көрсеткіштері бойынша 36 бала оқымайды. 2007-2009 жылдар ішінде анықталып есепке алынған балалардың салыстырмалы кестесі.
Жаз айларында ауданда Лотошное балалар сауықтыру лагері, тамақтанатын 35 мектеп жанындағы, тамақтанбайтын 16 мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеді. 2009 жылы жаз кезінде оқушылардың 25℅ (2008-20℅) сауықтырылды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге бетбұрыс жасалуда. Аудандық білім беру бөлімінң 12 жылдық білім берудің жоспары жасалынды. Бағдарлы оқытуға көшу барысында туындаған ұйымдастыру және қаржылық қиыншылықтар қойылған мақсаттарды толыққанды жүзеге асыруға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан мектептердің басым көпішілігі монопрофильді. Барлық мектептерде материалдық базаны және педагогикалық кадрларды ескере отырып бағыттар таңдап алынды. Аудандағы орта мектептердің 10-сыныптарында жаратылыстану-математикалық бағытты 24 мектеп, қоғамдық гуманитарлық бағытты 4 мектеп, 11-сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытты 23 мектеп, қоғамдық-гуманитарлық бағытты 4 мектеп таңдап алды.Даярлығы жоғары педагогикалық ұжымдар оқушылардың құзырлығын дамыту үшін ізденіс жұмыстарын жүргізуде. 12 жылдық білім беру міндетті түрде бастауыш сыныптарда информатика, ағылшын тілі пәнінің негіздерімен таныстыруды көздейді. Сондықтан Юбилейное, Чернова орта мектептерінде бастауыш сыныптарда информатика, Қ.Дамитов атындағы, Чернова, Е.Рыков атындағы, Новополяковка, Топқайың орта мектептерінде ағылшын тілі пәндері жүргізілуде. Қазіргі таңда сапалы білім дегеніміз- тек қана оқыту және тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырудың негіздерін қалап, қазіргі заманда еңбекке даяр болу. Қазір 930 мұғалімнің 39,5℅-ы бірінші және екінші санатты. 33 мұғалім зейнеткер. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімі 16 жас маманмен келісімшарт жасады. 2007 жылы облыс әкімінің әлеуметтік қорғалмаған бұқара топтарынан шыққан педагогикалық және медициналық мамандықты таңдаған мектеп түлектеріне жыл сайын оқу грантын беру туралы қаулысы қабылданды. 2007 жылы аз қамтылған жанұялардың 14 баласына Семейдегі медициналық, С.Аманжолов атындағы мемлекеттік педагогикалық университетте оқуға мүмкіндік берілді.Олардың оқуына облыстық бюджеттен 3 млн 216 мың теңге бөлінді.2008 жылы 10 грантқа 3 млн 996 мың теңге бөлінді. Оқу орнын аяқтағаннан кейін ауылда жұмыс істегісі келетін жас педагогтарға дәрігерлерге материалдық көмек беру жұмысы жалғастырылады. 2008 жылы бұндай көмек тағы да 7 маманға 840 мың теңге көрсетілді. Дегенмен де білім жүйесін дамуыгн тежейтін мәселелер де бар. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу барысында мектеке баратын 6 жасар балаларға ойын, демалыс бөлмесін жабыдқтап, ыстық тамақпен қамтамасыз ету қажет. Егер 2007-2008 жылы ауданда тамақпен 1173 оқушы ( 22,8℅) ( облыс бойынша 33,7℅), буфет түрінде-3961 оқушы (77,2℅) (облыс бойынша 36,7℅) 2008-2009 жылдың 1 қарашасы бойынша оқушылардың 79,2℅ ыстық тамақпен қамтылған, яғни өткен жылмен салыстырғанда 56,4℅-ке жоғары. 2008-2009 жылы ыстық тамақпен 43,4℅ (5307 оқушының 2305-і), соның ішінде 48,7℅ (267 оқушы) қамтылған. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптарындағы 1886 оқушы толық (100%) тегін тамақтандырылуда, осы шараларды ұйымдастыру үшін бюджеттен 22 млн.973 мың теңге, ал 2010 жылы 20 млн 717 мың теңге қаражат бөлінді. Егер 2009 жылы тамақпен оқушылардлың 93% қамтылса, 2010 жылы толық 100% қамтылды. Сонымен қатар кейбір мәселелерді шешу қажет.Олар- мектептерді санитарлық-гигеналықталапқа сай ауыз сумен қамту, оқушылардың жекебас гигенасын сақтау және ыстық тамақпен қамту үшін жағдай жасау керек. Сонымен қатар мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасы нашар, жоба бойынша 29 мектептегі асхананың тек 17-і ғана тоңазыту және технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқушыларды тамақтандыру мәселесі маңызды болып қала бермек, оны шешу жергілікті атқарушы ұйымдардың бірлесе қатысуымен Мектептегі тамақтандыру» бағдарламасын жүзеге асыруға болады.
|
![]() | «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған | ![]() | «Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған |
![]() | «Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі | ![]() | Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Аудандық білім бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті мен нысаналы индикаторлары |
![]() | «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері | ![]() | «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері |
![]() | «Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы... | ![]() | Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі |
![]() | «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері | ![]() | «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері |