I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе




Скачать 292.01 Kb.
НазваниеI. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер292.01 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kurchatov.vko.gov.kz/kz/files/economy_02.doc
  1   2   3
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының

негізгі бағыттары


Кіріспе

Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымындағы № 647 бекітілген қаулысымен Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту орта мерзімдік жоспарларды әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленіп, 2010 жылға дейін дамыту Стартегиялық жоспарында, Елбасының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстанның бағдарламалық құжаттарында қабылданған 50 айырықша бәсекеге қабілетті әлем елдерінің ішіне кіру Стратегиясында негізделеді: индустриалдық-инновациялық дамуы, шағын кәсіпкерлік, білім жүйесі, денсаулық сақтау, сумен қамту, тұрғын үй құрылысы, және халықты әлеуметтік қорғау.

Ортамерзімдік кезеңдегі қаралатын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты мен тапсырмалары 2006-2007 жылдардағы экономканы дамуытудың талдануына негізделіп, 2008 жылға өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағасы экономикалық өсуді қамтамасыз етумен және экономиканың әлеуметтік бағдарлануын нығайту басымдылықтарынан шығады.

I. 2005-2007 жылдарға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

1.1. Жалпы экономикалық жағдай

1.1.1. Қаржылық қызмет саласының дамуы

Қалада «КАЗКОММЕРЦБАНК» банктерін ұсынушылар және Қазақстанның Халық Банкісі, «БанкТұранӘлем», «ТемірБанк», сонымен қоса «Валют Транзит» және «Мұнай сақтандыру компаниясы» сақтандыру компаниясының филиалдары жұмыс істейді, банк қызметтерінің жеке түрлерін «Қазпошта» АҚ филиалы көрсетеді.

1.1.2. Инвестициялық сала

2006 жылы қала экономикасындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 3198,4 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың деңгейінен 14,6% -ға жоғары.

Қаражаттың (44,1%) басым бөлігі басқа да күрделі жұмыстар мен шығындарға жұмсалған.

2007 жылы қала экономикасына 3377,4 млн. теңге салынды бұл 2006 жылға қарағанда инфляция индексінің есебімен 22,8%-ға аз. 2007 жылы республикалық бюджеттен инвестицияның өсуі байқалып, олар негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның жалпы көлемінен 86,8%-ды құрады, бұл технопарк құрылысын салуға тікелей байланысты.


1.1.3. Коммуналдық мүлікті басқару

2007 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Курчатов қаласы аумағында 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 15 мемлекеттік мекеме және 3 қазыналық кәсіпорыны жұмыс істейді.

2007 жылы шағын бизне субъектілерімен 3 коммуналдық объектілері меншікке берілді, соның ішінде: 1- сенімді басқармаға бір жыл мерзімімен, 1- меншікке, 1- жалға берілді.

2008 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша шағын бизнес субъектілеріне 2 коммуналдық объектілері меншікке берілді, соның ішінде: 1- меншікке, 1- жалға берілді.

2007 жылы мүліктік жалға бос мемлекеттік қорын ұсынуда қалалық бюджет түсімі 2005 жылға 5,8 есе өсімімен 3710,4 мың теңгені құрады, 2008 жылы түсім көлемі 2007 жылға 107,0%-ға өсімімен 3970,0 мың теңгеге күтілуде.

Мемлекеттік коммуналдық меншік басқармасының тиімділігін арттыру мақсатында 2007 жылы Облыстық әкімдік қаулысымен коммуналдық меншікті басқару бойынша өкілеттілік облыстан қала деңгейіне берілді.


1.1.4. Кәсіпкерлікті және бәсекелестіктің дамуы

2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жүргізілген тауарлар өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 297,2 млн. теңгені, 2007 жылы – 285,6 млн. теңгені құрады. 2008 жылы яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жүргізілген тауарлар өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 2007 жылға 7,2%-ға өсімімен 306,1 млн. теңгені құрайтындығы күтілуде.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 51 шағын бизнес кәсіпорыны тіркеліп, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 32 (62,7%) құрайды.

2007 жылы барлық деңгейдегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен түсімдердің жалпы көлемі 54,7 млн. теңгені құрады және 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 14,3 %-ға артты, соның ішінде 16,3%-ға өсімімен жергілікті бюджетке 38,9 млн. теңге түсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жеке шаруа қожалық кәсіпкерлерінің қызметін қосқанда жүргізілген таурарлар өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 2007 жылға 12,6%-ға өсімімен 2008 жылы 321,5 млн. теңге сомасында бағалануда. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жеке кәсіпкерлерді есепке алумен бірге 6,4%-ға өсіп, 323-ті құрайды.


1.1.5. Өнеркәсіп


2006 жылы өнеркәсіптік өнімдер көлемі 291,3 млн. тенгені құрап, 2005 жылдың деңгейіне нақты көлем индексі 114,5 %-ды құрады.

2007 жылы өнеркәсіптік өнімдерді (жұмыс, қызмет көрсету) өндіру көлемі 579,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасып, 2006 жылға нақты көлем индексі - 177%-ды құрады.

Кен өнеркәсібі

2006 жылы кен өнеркәсібінде өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемі 15,3%-ды құрады. «Дегеленсемейтау» ЖШС қиыршықтас өндіру бойынша жұмыстардың тоқталылуы есебінен өнеркәсіптік өнімдер көлемінің төмендеуі байқалады.

2007 жылы 213,4 млн. теңгеге өнімдер өндірілді.

2008 жылы жалпы 393,8 млн. теңге сомасына өнімдерді өндіру күтілуде, күтілудегі нақты көлем индексі 184,5%.

Өнеркәсіптік өнімдер көлемінің артуы 2006 жылдың желтоқсан айында «Қараджал» жерінде табылған флюориттік кенді өндіру мен қайта өңдеу бойынша фабриканың іске енуі есебінен жетті.

Өңдеу өнеркәсібі

2006 жылы тауарлық өнімдер (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 93,5 млн. теңгені, 2005 жылға нақты көлем индексі – 107,8 %-ды құрады.

2007 жылы өнімдерді өндіру көлемі 155,7 млн. теңге деңгейінде қалыптасып, 2006 жылға НКИ 128,5%-ды құрады.

2008 жылы өңдейтін өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнімдер көлемі 183,4 млн. теңге сомасында күтіліп, күтілудегі нақты көлем индексі 117,8%-дан кем емес.

Өнеркәсіптік өндірістегі өңдейтін секторда өнімдерді өндіру көлемінің артуы химия өнеркәсібінде, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде, электрожабдықтау, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісінде өндірістердің артуы есебінен болды.

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу

2006 жылы 172,1 млн. теңге сомасына тауарлық өнімдер өндіріліп, 2005 жылға нақты көлем индексі 100,5%-ды құрады.

2007 жылы өнімдерді өндіру көлемі 210,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасып, 2006 жылға НКИ 94,2%-ды құрады.

2007 жылға 110,2%-ға өсімімен 2008 жылы 232,0 млн. теңге көлемінде өнімдерді өндіру күтілуде.

1.1.6. Құрылыс

2006 жылы орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 429,1 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 57,1%-ды құрайды. Мердігерлік жұмыстардың көлемінде негізгі үлесті жеке меншік кәсіпорындары алды.

Құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі 47,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2006 жылы орындалған мердігерлік жұмыстардың жалпы көлеміне 11,1 %-ды құрады.

2007 жылы құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстыру бойынша 16,2%-ға төмендеп және 387,5 млн. теңгені құрады, соның ішінде құрылыс-жинақтау жұмыстары 48,9 млн. теңге сомасына орындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,1 %-ға төмен. Мердігерлік жұмыстар көлемінде негізгі үлес жеке меншік кәсіпорындарымен орындалған.

1.1.7. Ауыл шаруашылық

2007 жылғы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 95 млн. теңге деңгейінде қалыптасты. Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 76,6%-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 63,1%, мал шаруашылығы бойынша – 118,3%.

2007 жылы ет өндіру 2006 жылдың деңгейімен салыстыру бойынша 56,3%-ға артып және 120,5 тоннаны құрады, сүт 568,6 тоннаға (111,9%), тауық жұмыртқасы 30 мың дана (93,8%) өндірілді.

Ірі қара мал басының саны өткен жылдың деңгейіне 1,7%-ға өсімімен 1,4 мың басты құрады, қой мен ешкі – 2,6 мың бас (өсімі – 46,2%), шошқа – 0,229 мың бас (өсімі – 2,2%).

2008 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі 2007 жылға 2,2%-ға өсімімен 97,1 млн. теңгені құрайтындығы күтілуде.


1.1.8. Көлік және коммуникация

Көлік кешені. 2006 жылы көліктің барлық түрлерімен 0,02861 млн.тонна жүк тасымалданып, жолаушыларды тасымалдау – 0,005 млн. адамды құрады.

2007 жылы көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2006 жылмен салыстыру бойынша 3,8%-ға төмендеп және 0,02752 млн. тонна жүкті құрады, 0,00560 млн. адам тасымалданды, бұл 2006 жылдың деңгейінен 7,7 %-ға жоғары.

2008 жылы көліктің барлық түрлерімен 0,028804 млн. тонна жүктерді, 2007 жылға 1,9%-ға және 0,5%-ға сәйкес өсімімен 0,00563 млн. жолаушыларды тасымалдау күтілуде.

Автомобиль жолдары. Қаланың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 172 километрді құрайды, соның ішінде жолдардың 100 пайызына қатты жабын төселген. Әр түрлі ақаулары бар жол бөліктерінің ұзындығы – 80 км-ден артық, 40 км-дей жолдарды шұғыл және күрделі жөндеуден өткізу қажет.

Телекоммуникациялар. Қала аумағында бір автоматты телефон станциясы (АТС) жұмыс істейді.

Байланыс және телекоммуникациялар саласында негізгі телефон нөмірлерінің саны 2 721 құрады, соның ішінде 2006 жылы орнатылғаны – 122.

2007 жылы 230 негізгі телефон нөмірлері орнатылды, бұл 2006 жылдың деңгейінен 1,9 есеге жоғары.

2008 жылы 220 негізгі телефон нөмірлерін орнату жоспарлануда.

«Қазақтелеком» АҚ жыл сайын халыққа көрсететін қызметтерінің тізімін көбейтуде, қазіргі таңда келесідей қызметтер көрсетіледі: жергілікті байланыс, қалаарлаық және халықаралық байланыс, (Интернет) мәліметтерін беру қызметтері, интеллектуальды байланыс қызметтері.


1.2 Тұрақты даму, адами ресурстарды дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын көтеру

1.1.9. Демогафия және көші-қон


2008 жылдың 1 қаңтарына қала халқының саны 10,6 мың адамды, соның ішінде қала тұрғындары -10,6 мың адамды құрады, бұл 2006 жылдың деңгейінен 3,9%-ға жоғары.

2007 жылы 156 адам туды 2006 жылмен салыстыру бойынша туылғандар саны 23 адамға немесе 17,3%-ға артты.

Қайтыс болғандар саны 85 адамды құрады, бұл 2006 жылдың деңгейінен 10,6%-ға төмен.

2007 жылы қалаға 403 адам келіп, 267 адам көшіп кетті, көші-қон өсуі 136 адамды құрады, 2006 жылға сәйкес 440 адам келіп, 299 адам кетті.

Негізгі үлес немесе келгендердің жалпы санынан 70%-дан астамы облыстық көші-қонға жатады.


1.2.2 Еңбек ресурсы

2006 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 6,3 мың адам деңгейінде қалыптасып, 2005 жылға 109,6% өсімді құрады. Экономикадағы барлық жұмыспен қамтылғандар 5,9 мың адамдар, бұл 2005 жылдың деңгейінен 11,5%-ға жоғары, олардан жалданбалы жұмысшылар 5,1 мың адамды құрап, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы олардың үлесі 2005 жылы 93%-дан 2006 жылы 94,6%-ға дейін артты.

2007 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 2006 жылдың деңгейінде қалып және 6,3 мың адамды құрады.

2007 жылы 281 жаңа жұмыс орыны құрылды. Жұмыспен қамту қызметінің жәрдемімен жаңадан құрылған және бос жұмыс орнындарына 283 адам жұмысқа орналасты.

2008 жылды бағалау бойынша яғни жұмысшылар саны 3,7 мың адам деңгейінде қалыптасып, 2007 жылға 1,5%-ға өсімімен күтілуде, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда 1,4 %-ға өсімімен 3,4 мың адам, шағын кәсіпорындарда 2,8%-ға өсімімен – 0,3 мың адам. Жұмыссыздар саны 5 адамға азайып және жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалыптасқан, бұл 2007 жылдың көрсеткішінен 0,3 пайыздық пунктінде төмен.


1.2.3. Гендерлік даму

Курчатов қаласында гендерлік саясат мәселелері бойынша отбасының жұмыстары және гендерлік саясат жөнінде комиссия шұғылданады. Олардың қызметтерінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: жыныс белгілері бойынша күштеуден босату, отбасындағы қызметтері мен құқықтарының тең болуын қалыптастыру, қызмет бойынша өзінің бизнесі мен жоғарылауын дамыту, әйелдердің экономикалық бағыныштылығын теңестіруге жағдай жасау, өктемдік ортадағы әйел мен ердің қатысуының бірдей болуына қол жеткізу.

Қазіргі уақытта Курчатов қаласында атқарушы огандар құрамында 34 әйел адамдар жұмыс істейді, олардың 3-еуі басқарушы орынында. Қалалық мәслихаттың депутаттық корпусында 3 әйел депутат ұсынылған.

Қалалық ауруханада 148 әйел адамдар еңбек етеді. Олардың 100-ден астамы – медициналық қызметкерлер. 19 әйел дәрігерлерден – 12-сі бірінші және екінші біліктілік санатында.

3514 әскери бөлімде қызмет істейтін қызметкердің 25-сі әйел адамдар, олардың 2-еуі офицерлер, 4-еуі прапорщиктер, 19-ы сержанттар.

Қала мектебінде 104 әйел мұғалімдер еңбек етеді, олардың 91-і жоғары санатта.

Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов қалалық көп салалы эксплутациялық кәсіпорыны» МКК кәсіпорынында 114 әйел адамдар еңбек етеді, яғни барлық жұмысшылар санынан 37%-ды құрайды. Бұл дегеніміз жоғары, орта және бастапқы кәсіби білімімен 72% қызметкерлер, 29% жұмысшылар.

Қалада 89 ұйымдар мен кәсіпорындар тіркелген, олардың он екісіне әйел адамдар жетекшілік етеді..

Орта және шағын бизнес аясында 51 кәсіпорын тіркелген, олардың 3 әйел адамдар басқарады.

1.2.4. Тұрғын үй саласы

Қаланың дамуы арқасында халықтың белсенділігі артып, қала болашағының қалыптасуына байланысты, тұрғын үй тапшылығы пайда болды.

Қазіргі уақытта 34 учаскеге арналған жеке құрылыстық жоспар-жүйе әзірленіп, қалалық бюджеттен инженерлік коммуникациялар құрылысына арналған қаражат бөлінді.

2006 жылы 984 кв.м. көлемдегі 4 жеке тұрғын үй іске қосылды. 2007 жылы жалпы алаңы 1365 кв.метр болатын 1 көп пәтерлі тұрғын үй салынды.

2007 жылы тұрғын үйлерді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 38,7-ды құрады.

2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Ядролық технологиялар паркі қызметкерлеріне арналған тұрғын қайта қалпына келтіріліп, 4,5 мың квадрат метр жалпы алаңы пайдалнуға берілді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 3,3 есеге жоғары.

Жеке меншік инвесторлар қаражаты есебінен 5 тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда, 1 тұрғын үй республикалық бюджет қаражаты есебінен (әскери бөлім қызметкерлеріне арналған), 1 тұрғын үй облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер қаражаты есебінен қалпына келтірілуде.



1.2.4. Білім

Қалада 7 білім беру мекемелері ұсынылған:

- 2 мемлекеттік жалпы білім беру мектебінде оқитындар контингенті -1324 адам;

  • «Журавушка» бала бақша контингенті – 311 бала;

  • «Заман» кәсіби мектебі Семей филиалы - 60 оқушы;

  • балалар мен жас-өспірімдер спорт мектебіне - 334 оқушы қатысады;

  • балалар музыкалық мектебінде -88 оқушы;

  • «Горизонт» балалар -жасөспірімдер клубы - 60 бала;

  • «Скала» балалар -жасөспірімдер клубына 58 бала барады.



2007 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 12,0 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұрынғы №1 КТМ ғимаратының канализацияларына, мектеп-гимназияны сумен жабдықтау жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. № 3 орта мектептің акті залына күрделі жөндеу жасалынды.

2008 жылға 97,0 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп, соның ішінде мемлекеттік тілде білім берумен орта мектеп ашу үшін ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге 72,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Жыл сайын жалпы міндетті оқу қорына бөлінген қаражат көлемі ұлғаюда: 2007 жылы 2,1 млн. теңге бөлініп, 2008 жылы – 2,7 млн. теңге, бұл 2007 жылмен салыстыру бойынша 28,6%-ға артық.

Қаладағы барлық білім беру мекемелері компьютерленген және Интернет жүйесіне қосылған. Курчатов қаласының мектептері үшін 1,7 млн. теңге сомасына интерактивті сабақты өткізуге арналған жабдықтар сатып алынды. ADSL технологиясы бойынша жоғары жиіліктегі Интернет жүйесі қосылған. 2008 жылдың мамыр айында 11,9 млн. теңге сомасына интерактивті жабдықтар толықтырылды. Облыстық бюджеттен пән кабинеттеріне жабдықтар сатып алуға жалпы құны 9,1 млн. теңге болатын қаражат бөлінді.

111 компьютерлер бар, бір компьютерге оқитындар саны – 12 адамды құрайды.

Жыл сайын бір оқушыға жылдық шығын сомасы өсуде 2007 жылы берілген көрсеткіш 71,3 мың теңгені құрап, яғни 2008 жылы бір оқушыға арналған шығын сомасы 72,4 мың теңгені құрайды, бұл 2007 жылға қарағанда 1,5 %-ға артық.

Жазғы демалыс кезеңінде ұйымдастырылған демалысқа 1152 адам (89) қамтылған: мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарындағы жұмыстар үшін 600 мың теңге бөлінген, оларға 120 бала барады; «Берег» демалу базасына 4 экспедиция ұйымдастырылған.

  1   2   3

Похожие:

I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе iconӘлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Республикасының 2016-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (кестелер)
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе icon1. Экономикалық дамудың 2010-2011 жылдардағы басымдықтары
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі...
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе iconАудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі бағыттары туралы баяндамасы
Аудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі...
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе icon2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе iconӨскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары Кіріспе icon1. павлодар облысының Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нышандары мен басты бағыт бағдарлары
Кіріспе павлодар облысының Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нышандары мен басты бағЫТ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница