Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің




НазваниеШортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің
страница1/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://short.akmol.kz/plan/256.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Шортанды ауданы әкімдігінің

2010 жылғы «31 » желтоқсандағы

№ А-2/362 қаулысымен

бекітілген


Шортанды ауданының

экономика және қаржы бөлімінің

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


1. Міндеті және пайымдау

Міндеті – аудан деңгейінде экономикалық бюджеттік жоспарлауды, тұрақты экономикалық өсу және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға жетуге мүмкіндік беретінмемлекеттік қаржы мен коммуналдық активтерді тиімді басқаруды жүзеге асыру; аудандық бюджетті орындауда операциялардың дұрыс есепке алынуы мен сенімді бақылануының айқындығын және уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Пайымдау – стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты салааралық және аймақтық үйлестіру негізінде ауданның бірқалыпты экономикалық дамуы, мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді қызмет жүйесі.


2. Ағымдағы жағдайды талдау және сәйкес сала қызметтерінің даму тенденциясы

1-Стратегиялық бағыт. Аудан экономикасын бәсекеге

қабілеттілігін арттыру

1.1 Экономика дамуының негізгі көрсеткіштері

2010 жылы өндіріс өнімінің және қызмет көрсетудің нақты көлемі аудан бойынша 13,7 млрд.теңгені құрады, 2009 жылдың деңгейінен 29,2%-ға төмен. 2010 жылы өндіріс көлемінің төмендеуі экономиканың аграрлық секторында өндіріс көлемінің төмендеуінен болды.Ауыл шаруашылық жылы аудан үшін ауыр болды, өте қатаң қуаңшылықтың болуына байланысты бидай мен май өнімдерінен жоспарланған өнім алынбады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі аудан бойынша өндірілген өнім және қызмет көлемінің 30%-ын құрайды, өнеркәсіп өнімінің үлесі 58%. Бұл дәстүрлі аграрлы Шортанды ауданының индустриалды-аграрлы ауданға айналуын дәлелдейді.

2010 жылы аудан бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісі 2009 жылмен салыстырғанда 1136 миллион теңгеге артты немесе17,2%.

Экономиканы тұрақтандыруға және сауықтыруға инвестиция тарту

қажет. 2010 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 1621,4 млн.теңгені

құрады немесе 2009 жыл деңгейіне 88,6%. Инвестицияның ауыл шаруашылығындағы, өнеркәсіп, көлік және саудадағы көлемі өте аз.Негізгі капиталға тартылған инвестицияның негізгі көлемі бюджеттік қаражаттардан тұрады. Ауданның аграрлық секторына инвестиция жеткілікті тартылмайды. Аудан астана маңындағы аймақ болғандықтан ауыл шаруашылық өнімдерінің (астық, ет, сүт, картоп, көкөніс) ұлғаюына байланысты инвестиция тарту қажет. Келешекте әрбір елді мекенде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және олардың сапасын жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Елді мекендерде әлеуметтік сала мамандарының тапшылығы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт беретін қызметтердің сапасына кері әсерін тигізеді. Бұл мәселені шешу үшін селолық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға шақыру үшін бірқатар әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл бағытта кадрмен қамтамасыз етуді және бұл мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді қолдануды үйлестіру қамтамасыз етілетін болады.

2009 жылы Шортанды ауданында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын қолдау бағдарламасы Шортанды ауданының село халқына сапалы қызмет көрсету және әлеуетті өсіру үшін жүзеге асырылды. 2009 жылы сұранысқа сәйкес ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала денсаулық сақтау және білім беру мамандарына көтерме жәрдемақы 31 адамға төленді, оның ішінде денсаулық сақтау мамандары – 14 адам, білім беру мамандары – 17 адам.

2010 жылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 10 адам-білім беру саласының мамандарына және 10 адам-денсаулық сақтау саласы мамандарына көтерме жәрдемақы төленіп, 3 маман тұрғын үй сатып алуға несие алды.

1.2)Негізгі мәселелерді талдау

Шағын бизнестің потенциалы толық жүзеге асырылмаған. Несиелендіру жолымен жұмыс істейтін салаларды нығайту және жаңаларын кеңейту қажет. Көп кәсіпорындар сауда саласында – 52,2%, ауыл шаруашылығында – 11,5%, көлік және байланыста – 12,7%, өнеркәсіпте – 4,6%, құрылыста – 2,8% және басқаларында 16,2% маманданады.

Кәсіпкерлікті дамытуды белсендендіру мақсатында кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды кеңейту шараларын жүзеге асыруды жалғастыру қажет, әкімшілік тосқауылдарды төмендету және бизнес ортаны дамыту жағдайларын жақсарту.

Экономикадағы жағдай әрі қарай жақсы дамуы үшін жаңа көзқарас іздеуді талап етеді. Ұзақмерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарлы экономикалық жүйенің қалыптасуы негіз болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке жету үшін аймақтарда бәсекелестерге қарағанда тауарлар және қызметтерді сапалы өндіру, табиғи-географиялық ресурстарды тиімді пайдалану жолымен тұрақты экономикалық өсімге жету қажет.

Азық-түлік тауарларына сұраныс ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге мүмкіндік береді, ол бәсекеге қабілеттілікті арттырудың алғышартын жасайды.

Ауданның ірі кәсіпорындарының бірі Жолымбет кеніші экспортқа бағдарлы өнім шығарады, сондықтан келешекте ішкі нарықпен тығыз байланысты, бүгінгі дағдарыс құбылыстарының олардың қызметіне де әсерін тигізетінін ескеру қажет.

Аймақтың негізгі бағыттарының бірі халықаралық сапа стандартын ендіру болып табылады. Халықаралық сапа стандартын ендіру біздің кәсіпорындардың беделін арттырады, экономикалық көрсеткіштерді жақсартады. Пайданың өсуі біздің аймақтың кәсіпорындарының еңбек өдірісін жоғарылату өнімдер (қызметтер) тек қана облыс деңгейінде ғана емес республика деңгейінде бәсекеге түсуге жәнеде келешекте әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

1.3) Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Аймақтың дамуына және инвестициялар көлемінің ұлғаюына кері әсерін тигізетін келесі факторлар:

Ішкі:инвестициялық тартылымның төмендігі, оның ішінде қайта өңдеу секторында.

Сыртқы:

-өндірістің бәсекелестік өнімдерін шығаруға мүмкіндік бермейтін төмен жарақтандырылғандығы;

-жаңа технологияларды енгізуге, жоғары тауарлы өндіріс жүргізуге мүмкіндікті шектейтін ауыл шаруашылық кәсіпорындарының интеграциясы мен концентрациясының төмен деңгейі;

-инфрақұрылымдық шектеулер – инвестиция тартуға кедергі келтіретін су, энергиямен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымдарының төмен деңгейі.

Осы бағытта аймақта инвестициялық климатты жақсарту бойынша жұмыстарды жандандыру қажет.

Ауданның тұрақты дамуы үшін жағдайларды жасау.

Аймақ халқының көпшілігі селолық жерлерде тұратындықтан селолық елді мекендерді әрі қарай дамыту мен село халқының жақсы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Селолық елді мекендердегі негізгі проблемалық мәселе коммуналдық, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның тозуы 60%-дан жоғары, село халқының қалаға кетуі, сонымен қатар, білім беру мен медицина қызметтерінің сапасы болып табылады. Өте күрделі мәселе-сапалы таза сумен қамтамасыз ету мен жергілікті автокөлік жолдарының сапасы болып табылады.

Ауданның 29 селолық елді мекендерінің (бұдан әрі - СЕМ) 7 СЕМ немесе 24% жоғары потенциалды дамуда, 20 СЕМ немесе 76% орта потенциалмен.Болашақта әрбір елді мекенде мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен олардың сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Селолық елді мекендерде әлеуметтік сала мамандарының тапшылығы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт беретін қызметтердің сапасына кері әсерін тигізеді. (Бүгінгі күнде медицина кадрларының тапшылығы-11 адам, педпгогикалық кадрлер-6 адам). Бұл мәселені шешу үшін селолық елді мекендерге жұмысқа және тұру үшін тартылған әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау қарастырылған.

Бұл бағытта кадрмен қамтамасыз ету үйлестіріліп, бұл мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттардың тиімді пайдануы қамтамасыз етіледі.

Тұтастай алғанда, аумақтық даму мәселелері Шортанды ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасында көрсетілген. Аталған бағдарлама аймақ экономикасының барлық секторын жедел дамытуға және олардың бәсекелестігін арттыруға бағытталған.

Бұл үшін аймақтың жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бес бағыт анықталған:

Бірінші – туризм саласында және агроөндірістік пен индустриалды кешендерде жоғары өндірістік технологияларды енгізу негізінде аймақ экономикасын жедел дамыту.

Екінші – халықтың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру, адам потенциалы мен әлеуметтік саланы дамыту.

Үшінші – инфрақұрылымдық кешенді модернизациялау.

Төртінші – әкімшілік-аумақтық білім берудің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру.

Бесінші – мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Осы мәселелерді шешу үшін экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бірінші стратегиялық бағыты аудан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып анықталды.


2-Стратегиялық бағыт. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу

Әлемдік нарықтағы қолайсыз жағдайларға байланысты стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды қосқандағы тиімді мемлекеттік басқару мәселесі жоғары тұр.

2010 жылға дейін қолданыста болған мемлекеттік басқару стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін объективті анықтауға мүмкіндік бермеді.

Көптеген аймақтық бағдарламаларда жергілікті деңгейде мақсаттар мен күтілетін нәтижелер нақты критерийлерсіз, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелілігінің индикаторынсыз, олардың тиімділігін бағалаудың нақты механизмінсіз құралған және қаржылық ресурстармен байланыстырылмаған. Бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі күш нақты нәтижеге жетуге емес, бюджеттік қаражаттарды игеруге бағытталған.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі мұндай жағдай тұтас мемлекеттік басқару жүйесі мен экономиканы дамытуға кедергі келтіреді.

Сондықтан Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының басты Стратегиялық бағыттарының бірі болып корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспоранттылық және қоғамға есеп беру принциптарына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру болып табылады. Негізгі элементтері Стратегиялық жоспар-2020 жүзеге асырудың бірінші жылдарында енгізіледі.

Экономика және қаржы бөлімінің екінші стратегиялық бағыты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру – жергілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізу болып табылады.

Екінші стратегиялық бағытты жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы 931 Жарлығына сәйкес әзірлеу, жүзеге асыру, мониторинг жүргізу, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бағалау мен бақылаудың негізгі жолдарын анықтайтын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әрі қарай жұмыс істеуі бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар қызметінің ел, сала аймақ дамуының параметрлеріне, мемлекеттік орган қызметі жүйесін бағалауға, мемлекеттік органдардың алдына қойған мақсаттар мен міндеттеріне жету проблемаларын анықтауға және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолдануға әсер ету деңгейін анықтау мақсатында әрбір мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жүргізіледі.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы: Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі кемшілігі – орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдармен арақатынастарындағы нақты реттелген тәртіптің болмауы, орталық мемлекеттік органдарға ұсынылатын белгіленген көптеген есептілік нысандарына қарамастан, мәліметтерге жоспардан тыс сұраныстар.

Сұраныс-жауап принципімен жұмыс істеу тез арада тапсырмаларды сапасыз және уақытында орындамауға, жұмысты тұтастай алғанда жоспарлаудың мүмкін болмауына, құжат айналыстарының артуына алып келеді.

Орталық мемлекеттік органдар тапсырмаларының барысын нақты реттеу жұмысты жүйелендіруге, құжат айналысын төмендетуге алып келер еді.

Ішкі: Жалпы облыс бойынша және ауданда мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде заманауи ақпараттық технологияларды енгізу деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігі толық дәрежеде қамтамасыз етілмейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел кері байланысы жоқ, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен тиімділігі жетіспейді. Осыған байланысты, мемлекеттік басқару мен жоспарлау саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша шаралар жүргізілетін болады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізуге байланысты экономика және қаржы бөлімінің әрбір қызметкеріне олардың кәсіптік сапалары мен өз беттерінше шешім қабылдай білулеріне деген талаптар күшейеді.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтерінің тиімділігін арттыру мақсатында бөлімде тоқсан сайын жұмыс көлемі мен сапасын, жауапкершілік дәрежесін , шеберлігін арттыруларын, ар-ұят Кодексін сақтауларын есепке ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтерін бағалау жүргізілетін болады.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша бөлім міндеттері көбейеді, сәйкесінше әрбір қызметкерге қосымша міндеттер жүктеледі.

Міндеттердің көп болу нәтижесі – міндеттердің сапасыздығы, уақытында орындалмауы, кадрлардың жиі ауысуы.


3-Стратегиялық бағыт. Аудан бюджетін атқару бойынша есептілік ұсынудың сапасын және уақытылығын арттыру

3.1. Қызметтің реттелген саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері

Қаржы бөлімінің негізгі қызметтерінің бірі болып бюджеттің толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың әкмшілерінің бюджеттің орындалуы бойынша қызметтерін үйлестіру, осыған байланысты қаржы бөлімімен ай сайын аудан бюдетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы бойынша аудан бюджетінің орындалмау себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді, аудан бюджеті түсімдерінің орындалуы мен жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатпен және тиімді пайдалануының мониторингі жүзеге асырылады, сонымен қатар, бюджеттік Кодекс, сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және оларға ведомсволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен бюджет қаражатының қолданылуына талдау жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақытында орындалмуы туралы ақпарат – ескерту жіберіледі, және де бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға игерілмеген қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныс беріледі.

Бюджеттің орындалуының қорытындысы бойынша тоқсан сайын және жылға аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының және Шортанды ауданы бойынша қазынашылық басқармасы мен салық басқармасының басшыларының қатысуымен аудан бюджетінің орындалу мәселесі бойынша нәтижесінде бюджеттің толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдау туралы әкімдіктің мәжілісі өткізіледі.

Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік басқару саласындағы маңызды бөлімше ретінде бюджеттің тиімді орындалуы және облыстық мемлекеттік активтерді сапалы басқаруға ықпал етеді.

Экономика және қаржы бөлімі бюджет атқарылуы бойынша жоғарғы атқарушы органдарға, ауданның жергілікті атқарушы органдарына және өзге де ведомстволарға бюджеттік және қаржылық есептілік құру мен ұсыну арқылы бюджет орындау барысын ұйымдастыруда өз міндеттерін жүзеге асырады.

Есептілікті сапалы және уақытында ұсыну бюджет атқарылуының тиімділігіне, мемлекеттік органдар мен бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспарларында белгіленген мақсаттарына жетуіне тікелей әсерін тигізеді.

2009 жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 100,8% орындалды, жоспардағы 2282994,7 мың теңгенің орнына нақты 2300342,6 мың теңге кіріс кірді. Жоспардан тыс 17347,9 мың теңге түсті.

Аудандық бюджетке жоспардағы 483819 мың теңгенің орнына 501295,1 мың теңге салықтар мен төлемдер түсті, немесе жоспар 103,6% пайызға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 17476,1 мың теңгеге асыра орындалған.

Бюджет кірісін құрайтын салықтық емес түсімдер – коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беруден түскен түсімдер, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөліктері, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан түскен түсімдер және қаржылық активтерді сатудан түскен түсімдер – қаржы бөлімімен бақыланады.

2009 жылы аудан бюджетінің аталған түсімдерінің жалпы сомасы 914,6 мың теңгені құрады немесе 431,4% (жоспар бойынша 212 мың теңге), оның ішінде:

* мемлекеттік коммуналдық меншіктің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер -47 мың теңге (жоспар 0 мың теңге);

* коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беруден түскен түсімдер – 867,6 мың теңге немесе жоспарға 409,2% (жоспар 212 мың теңге).

2009 жылға аудан бюджетінің шығындары 99,6% орындалған, жоспар бойынша 2360249,4 мың.теңге, 9099 мың теңге игерілмеген.

Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер жоспар бойынша 1033966,7 мың теңге, 1025444,1 мың теңге игерілген немесе 99,2% , игерілмеген 8522,6 мың теңге – үнемдеу.

Облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер жоспар бойынша 143064 мың теңге, 142911,7 мың теңге сомасында игерілген немесе 99,9%, игерілмеген 152,3 мың теңге - үнемдеу.

3.2 Негізгі мәселелерді талдау

Бюджетті атқару барысында және бюджеттік есептілікті жүргізу кезінде экономика және қаржы бөлімі келесі проблемалармен жолығады:

-түсімдер бойынша жоспардың орындалмау мүмкіндігіне және сәйкесінше бақылау шоттарында қолма-қол ақшаның болмауына байланысты бюджеттің орындалу барысында жоспарланған тура және соңғы нәтижелерге жетпеу;

-кредиторлық және дебиторлық берешектің жіберілуі;

- бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік және бухгалтерлік есепті жүргізу, қалыптастыру, сонымен қатар, белгіленген есептілікті уақытында ұсыну барысында төмен атқарушылық тәртібі, бұдан шығатыны бөлімнің жоғары тұрған органдарға құрылып, ұсынылатын және аудан бойвнша есептілік мәліметтерінің сапасыздығы мен уақытында ұсынылмауы.

3.3 Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторларға бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық тәртіпті және бюджеттік заңнаманы сақтамауын жатқызуға болады.

Ішкі факторларға кадрлардың жиі ауысуының артуы, қызметкерлер біліктілігінің төмен деңгейі, локальдық жүйе элементтерінің қатардан шығуы, бағдарламалық өнімдер жұмыстарындағы бұзылулар, кіріс және дайындау ақпараттары көлемінің артуына байланыстыақпараттық жүйе жұмыстарының тұрақсыздығын жатқызуға болады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің iconШортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62 бабына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі Қаулы етеді
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің iconШортанды ауданының Петровка селолық округі әкімінің аппараты
Міндеті «Шортанды ауданының Петровка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі -мемлекеттік ұйым селолық округ әкімінің...
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің icon2014 жылға арналған Шортанды окж кызметі туралы есепотч ё т о работе Шортандинской цбс за 2014 г. Шортанды кенті
Шортанды окж-сі келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді: патриоттық сезімдерін даму, кітап оқуына, өлкетануға, құқықтық тәрбиеленуіне,...
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
...
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің iconҚарағанды облысы бойынша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің
Ақтоғай ауданының әкімдігі Ақтоғай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Шашубай кентіндегі "Мектеп-балабақша кешені"...
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің iconБӨрлі ауданының білім беру бөЛІМІ білім беру бөлімінің
Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің 2012 жылғы жұмысына талдау және 2013 жылға міндеттері
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің iconМәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы
Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,...
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің icon459 2254 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
«Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Б.Қонақаеваның
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің icon«Қаржы және банк iсi кафедрасы» дипломдық ЖҰмыс тақырыбы
«Қаржы және несие» мамандығы «Банк ісі» мамандануының 4-ші курс күндізгі оқу бөлімінің студенті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница