Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру




Скачать 272.6 Kb.
НазваниеТұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру
Дата конвертации10.02.2016
Размер272.6 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/регламенты1/УЗО/каз/УЗО каз1.doc


Облыс әкімдігінің

2012 жылғы ______________

№_____________қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


         «Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн
         актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ұғымдар


1. Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн
         актілерді ресімдеу және беру» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тұтынушы - жеке немесе заңды тұлға;

2) уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, облыстық, ауданнық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;

3) мүдделі орган – «АқтөбежерҒӨО» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.


2. Жалпы ережелер


2. Мемлекеттiк қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу
және беру.

3. Мемлекеттiк қызметтi жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актi дайындайтын, осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетiлген тиiстi мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi – мамандандырылған кәсiпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша баламалы негiзде тiзбесi осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.

      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
     5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 23-бабы, 43-бабының 9-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнің 70-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының 3-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiн немесе жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына, немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебi жазбаша көрсетiлген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.

7 . Мемлекеттiк қызметтің тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу бөлігі мамандандырылған «Ақтөбежер ҒӨО» ЕМК және облыс аудандардағы филиалдарында көрсетіледі.

8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде көрсетiледi, уәкiлеттi органға немесе Орталыққа жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiні дайындағаны үшiн қызмет ақысын төлегенi туралы құжатты (түбiртектi) бередi.

Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорынның кассасында жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын бередi.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары

9. Осы регламент уәкiлеттi органның және Орталықтың арнайы ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады, жергілікті органның интернет-ресурсінде, электрондық Үкіметінің порталында: http://www.e.gov.kz, Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсінде: http://www.mci.gov.kz және ақпараттық ресми деректілерде орнатылған.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету
мерзiмi – 10 жұмыс күнi, жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде 4 жұмыс күнi;

      2) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;

      3) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жайлы жағдай жасау үшін күту залындағы арнайы жабдықталған ақпараттық электронды табло бағанымен талондар берудің автоматтандырылған жүйесі арқылы тіркелуі мүмкін.

      11. Мемлекеттiк қызмет мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
      2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;

      3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.

4) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беру шарты орындалмаған жағдайда, яғни уәкілетті өкілдің жеке өзіне құжатты, өкілетті өкілді куәландыратын қолхатты және уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбаған жағдайда.

Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеу және есепке алу кiтабына енгiзiледi. Тұтынушыға жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi ресiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн тұтынушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып 4-қосымшасына сәйкес жазбаша хабарлама жолданады

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет қорытындысын берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезендері:

Бірінші әдіс ((№ 5 қосымша)

1) тұтынушы уәкілетті органға өтініш береді;

2) Уәкілетті органның жауапты қызметкері құжаттарды қабылдап

алып, тіркеу журналында тіркегеннен кейін құжаттар топтамын қабылдағанын растайтын қағаз береді;

3) дайындап, «Ақтөбежер ҒӨО» ЕМК сұраныс жасайды;

4) «Ақтөбежер ҒӨО» ЕМК жауапты қызметкері құжаттарды қабылдап

алып, тіркеу журналында тіркеп, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдейді және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе кері қайтаруға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды.

5) уәкілетті органның басшысы тұрақты жер пайдалану құқығына актiлерiне қол қойғаннан кейін, жауапты қызметкерге жолдайды;

6) уәкілетті органның жауапты қызметкері қабылдап алып, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi тіркейді және өтініш иесіне (тұтынушыға) береді.

Екінші әдіс (№ 6 қосымша)

1) Тұтынушы Орталыққа өтініш береді;

2) Орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуден өткізеді, құжаттарды

қабылдайды, құжаттар топтамын қабылдағанын растайтын қағаз береді, Сканерлі штрихкодтың көмегімен белгілейді;

3) дайындап, «Ақтөбежер ҒӨО» ЕМК сұраныс жасайды;

4) «Ақтөбежер ҒӨО» ЕМК жауапты қызметкері құжаттарды қабылдап

алып, тіркеу журналында тіркеп, орталықтың ақпарат жүйесіне белгілейді, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдейді және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе кері қайтаруға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды;

5) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді

түрде қайтаруға қол қояды және жауапты уәкілетті орган қызметкеріне жолдайды;

6) Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын

Орталыққа жолдайды және Орталық ақпараттық жүйесінде белгілейді.

Орталық уәкілетті органнан мемлекеттік қызметінің дайын қорытындысың қабылданған кезінде, түскен құжаттары Сканерлі штрихкодтың көмегімен белгілейді;

7) тұтынушыға Орталық жолдама береді немесе дәлелді түрде

қайтарады.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі

іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


13. Уәкiлеттi орган және/немесе Орталық тұтынушыға осы регламенттің 14-тармағында көрсетiлген 7 қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:

      1) сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;

     2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;

     3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

     4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.

14. Тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi немесе жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру үшiн уәкiлеттi органға немесе Орталыққа мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) мемлекет жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;

      жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
     уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;

      салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;

     заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);

өкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не тұтынушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;

      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы регламентінің 8-қосымшасына сәйкес жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;

      жергiлiктi атқарушы органның тұрақты жер пайдалану құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;

      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);
      тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не тұтынушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;

      3) жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;

жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);

өкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не тұтынушының атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң жер учаскесiне тұрақты пайдалану құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.

      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады.

15. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: уәкілетті орган қызмет тұтынушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.

16. Әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 6 қосымшасында көрсетілген.


5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

17. Рұқсат беруші құжаттарды беру мерзімін бұзғандығы үшін рұқсат беруші құжаттарды беруші тұлғаларға, сондай-ақ басшыларына тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Рұқсат беруші құжаттарды беру бойынша іс әрекеттің реттілігін және мерзімінің сақталуын бақылауды жер учаскелерін табыстау мен алып қоюға ұсыныстар дайындау бөлімінің жетекші маманы жүргізеді №341 каб., тел 8(7132) 56-79-90.

28. Рұқсат беруші құжаттарды беруші жауапты тұлға:

рұқсат беруші құжаттарды қарап беруге, қабылдау тәртібіне және мерзімін сақтауға;

мүдделі мемлекеттік органдар және мекемелермен өз уақтында келісуге;

рұқсат беруші құжаттардың дұрыс ресімделуіне жеке жауапкершілік алады.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актiлердi ресiмдеу және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша    

Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi уәкiлеттi органдардың тiзбесi


Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты адам

Байланыс  телефоны

Жұмысуақыты графигі

1

2

3

4

5

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 40 zem_otnosh@mail.kz

Басқарма бастығы

8-7132

56-03-55

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда күн сайын 9-00 бастап 18-00 дейін,түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесi, 2 zem.komytet@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-2

21-25-56

«Әйтеке би ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10 Zemotdel_Aitek@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-39

2-15-72

«Алға ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Алға ауданы, Алға қаласы, 5-шi шағын аудан, 4 Alga-zem@ mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-37

3-10-37

«Байғанин ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Байғанин ауданы, Қарауылкелдi ауылы, Д. Қонаев көшесi, 36 Baiganin_zemotno@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-45

2-25-57

«Ырғыз ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбiлхайыр хан көшесi, 28 irgizzem@kz

Бөлiм бастығы

8-713-43

2-10-61

«Қарғалы ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесi, 32, Kargalazem@kz

Бөлiм бастығы

8-713-42

2-27-66

«Қобда ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қобда ауданы, Желтоқсан көшесi, 26 hobdazem@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-41

2-16-34

«Мәртөк ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мәртөк ауданы, Мәртөк кентi, Сейфуллин көшесi, 38 Martukzher@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-31

2-11-10

«Мұғалжар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Гагарин көшесi, 6 Mur.zemotdel@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-33

36-5-29




«Темiр ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан көшесi, 5 Zem_otnoh@mail.kz

Бөлiм бастығы

8-713-46

2-21-22

«Ойыл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69 Zem_komytet@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-32

2-18-80

«Хромтау ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Спорт көшесi, 2 Khromtau zem@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-36

2-51-47

«Шалқар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесi, 63, Zhalkar-gkb@mail.ru

Бөлiм бастығы

8-713-35

2-13-29



«Тұрақты жер пайдалану
құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша 

Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер дайындау жөнiндегi мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың және «АқтөбежерҒӨО» ЕМК жер-кадастр филиалдарының тiзбесi


Мамандандырылған

кәсіпорындардың

атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы

Сәйкестендіру құжаттарын дайындайтын жауапты адам

Байланыс  телефоны

Жұмысуақыты графигі

1

2

3

4

5

АқтөбежерҒӨО

030000 Ақтөбе қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесi, 5 akt_02@aisgzk.kz

Директордың орынбасары

8-7132

54-06-94

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда күн сайын 9-00 бастап 18-00 дейін,түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

Әйтеке би ауданы

Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 11 02024@aisgzk.kz

Директордың м.а.

8-713-39

2-17-58

Алға ауданы

Алға қаласы, 5-шi шағын аудан, 4 02022@aisgzk.kz

Директордың м.а.

8-713-37

4-1913

Байғанин ауданы

Қарауылкелдi ауылы, Д. Қонаев көшесi, 36 02023@aisgzk.kz

Директордың м.а.

8-713-45

23-1-56

Ырғыз ауданы

Ырғыз ауылы, Әбiлхайыр хан көшесi, 28 02025@aisgzk.kz

Директордың м.а.

8-713-43

21-8-35

Қарғалы ауданы

Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесi, 32 02028@aisgzk.kz

Директор.

8-713-42

23-2-66

Қобда ауданы

Қобда ауылы, Желтоқсан көшесi, 26 02033@aisgzk.kz

Директор

8-713-41

22-0-34

Мәртөк ауданы

Мәртөк кентi, Сейфуллин көшесi, 38 , 02029@aisgzk.kz

Директор

8-713-31

2-16-03

Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қаласы, Гагарин көшесi, 6 02027@aisgzk.kz



Директор

8-713-33

3-72-23

Темiр ауданы

Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан көшесi,5 02031@aisgzk.kz

Директор

8-713-46

2-33-15

Ойыл ауданы

Ойыл ауылы, Көкжар көшесi,69 02032@aisgzk.kz

Директордың м.а.

8-713-32

2-12-22

Хромтау ауданы

Хромтау қаласы, Әйтеке би көшесi, 63 02034@aisgzk.kz

Директор

8-713-35

25-9-92

Шалқар ауданы

Шалқар қаласы, Спорт көшесi,2 02035@aisgzk.kz

Директор

8-713-36

23-4-07



«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актiлердi ресiмдеу  және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
3-қосымша    

Ақтөбе облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі

Р/с №

Орталықтардың атауы

Орталықтардың орналасқан жерi, мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1

Ақтөбе қаласы

030019, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-шi үй

8-7132

56-24-53,

55-15-55

Күнделікті сағат 9.00 ден 20.00 дейін үзіліссіз, филиалдарда және орталық өкілеттерінде күнделікті, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9-00 бастап 18-00 дейін,түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Әйтеке би ауданы

030100, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10

8-71339

22-3-74,

22-3-73

3

Алға ауданы

030200, Алға қаласы, Айымбаев көшесі, 20

8-71337

42-0-79

4

Байғанин ауданы

030300, Қарауылкелдi ауылы, Барақ батыр көшесі, 41-А

8-71345

21-1-81,

23-3-68

5

Ырғыз ауданы

030400, Ырғыз ауылы, Жангельдин көшесі, 7

8-71343

21-8-92,

21-8-28

6

Қарғалы ауданы

030500, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесi, 27-А

8-71342

23-4-62,

23-4-64

7

Қобда ауданы

031000, Қобда уаылы, Желтоқсан көшесi, 26

8-71341

22-1-47,

22-1-38

8

Мәртөк ауданы

030600, Мәртөк кентi, Байтұрсынов көшесі,1- Б

8-71331

22-1-14,

24-4-13

9

Мұғалжар ауданы

030700, Қандыағаш қаласы, Жасатр шағын ауданы, 47

8-71333

30-2-19,

30-2-18

10

Темiр ауданы

030800, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi,15а

8-71346

23-5-83,

23-5-84

11

Ойыл ауданы

030900, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69

8-71332

21-1-82,

21-1-81

12

Хромтау ауданы

031100, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12

8-71336

26-6-34,

26-6-33

13

Шалқар ауданы

031200, Шалқар қаласы, Әйтекеби көшесі, 63

8-71335

23-6-11,

23-6-10



«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актiлердi ресiмдеу  және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
4-қосымша  

_____________________________

_____________________________

(Кімге жіберіледі)


Хабарландыру


Жер пайдалану құқығын ресімдеу тоқтатылғандығы туралы мәлім етіп білдіреміз.

Негізі:_____________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

(Кері қайтару себептерін көрсету)


Сізге кеңес алу үшін уәкілетті органға хабарласуыңыз қажет.


Уәкілетті органның басшысы _______________________

(қолы)


«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актiлердi ресiмдеу  және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
5-қосымша 

Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы (бірінші әдіс)


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі







ҚФБ 1.

Уәкілетті органның жауапты қызметкері

ҚФБ 2.

«Ақтөбежер ҒӨО»ЕМК

жауапты қызметкері

ҚФБ 3

Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ 1.

Уәкілетті органның жауапты қызметкері




О-1

құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды алғандығын растайды.







О-2

АқтөбежерҒӨО»ЕМК мамандандырылған кәсіпорынға сұраныс дайындайды және жолдайды.

Орындау мерзімі 2 күн







О-3

құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді, жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер рәсімдейді, және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе кері қайтаруға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды.


Орындау мерзімі 6 күн







О-4

жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығының актiсіне қол қояды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе кері қайтарылғандығы туралы шешімге қол қояды.

Орындау мерзімі 1 күн







О-5

жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер қабылдайды, тіркейді және өтініш берушіге (тұтынушыға) береді немесе дәлелді түрде қайтарады.


Орындау мерзімі 1 күн





«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актiлердi ресiмдеу  және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
6-қосымша 

Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы (екінші әдіс)


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

ҚФБ 1.

Орталық инспекторы

ҚФБ 2.

«Ақтөбежер ҒӨО»ЕМК

жауапты қызметкері

ҚФБ 3

Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ 4.

Уәкілетті органның жауапты қызметкері

ҚФБ 1.

Орталық инспекторы




О-1

құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды алғандығын растайды, сканерлі штрихкодты көмегімен белгілейді





О-2

АқтөбежерҒӨО»ЕМК сұраныс дайындайды және жолдайды.

Орындау мерзімі

1 күн







О-3

құжаттарды қабылдайды ақпараттық жүйесі Орталығында белгілейді , жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер рәсімдейді, және уәкілетті органға жолдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе кері қайтаруға негіз болса, уәкілетті органға хабарлайды.


Орындау мерзімі

6 күн







О-4

жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығының актiсіне қол қояды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы немесе кері қайтарылғандығы туралы шешімге қол қояды.

Орындау мерзімі 1 күн







О-5

жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер қабылдайды, тіркейді және өтініш берушіге (тұтынушыға) береді, ақпараттық жүйесі Орталығында белгілеп Халыққа қызмет көрсету орталығына жолдайды,

немесе дәлелді түрде қайтарады


Орындау мерзімі 1 күн








О-6

Тұтынушыға жолдама береді немесе дәлелді түрде қайтарады

Орындау мерзімі 1 күн






«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актiлердi ресiмдеу  және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
7-қосымша 

Мемлекеттік қызметті тұтынушыға 

_______________________________

_______________________________

(Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.Ә.Ж.)


__________ құжаттарды қабылдағандығы туралы


Қолхат


Мен тараптан_____________________________________________________

(Уәкілетті органның жауапты қызметкерінің Т.Ә.Ж.)


__________________________________________________________________________________________

(сұралған мемлекеттік қызметтің түрі)


___________________________________________________________мемлекеттік қызмет көрсету


үшін 20__ жылғы « ___»___________ №__________өтініш қабылданды.


Өтінішке келесі құжаттар қосылды:

1.______________________________________

2.______________________________________

3. ______________________________________


Мемлекеттік қызмет 2011 жылғы «____»____________ уәкілетті органның №______ кабинетте көрсетіледі


Сұранысты қабылдаған күн_________________________


Қолы __________________


«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актiлердi ресiмдеу  және беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
8-қосымша    

______________________________________
(уәкiлеттi органның атауы)
Жер қатынастары бойынша уәкiлеттi

органның бастығы
______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
______________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
______________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
______________________________________
басын куәландыратын құжаттардың
______________________________________
деректемелерi, байланыс телефоны,
______________________________________
мекенжайы)

Тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру туралы

өтiнiш

___________________________________________________________берiлген,
                  (жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты)
__________________________________________________________________
            (жер учаскесiнiң (орналасқан жерi) мекенжайы)
__________________________________________________ бойынша орналасқан жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына акт (актiнiң телнұсқасын) беруiңiздi сұраймын.

Күнi __________ Өтiнiш берушi____________________________________
                              (жеке немесе заңды тұлғаның не

___________________________________________________________
       уәкiлеттi тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты,
_______________________________________________________________
                               қолы)


Похожие:

Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру iconТұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілер ресімдеу және беру
Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру iconТұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру iconУақытша өтеулі (ұзақ мерзiмді, қысқа мерзiмді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер ресімдеу және беру
Осы «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзiмді, қысқа мерзiмді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер ресімдеу және беру» регламентінде (бұдан...
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру icon«Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру icon2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы Жер жағдайы мен ресурстарын пайдалану
Пайымдауы-Ауданның кәзіргі жер ресурстарына байланысты, жер қорының жағдайын көрсететін жердің сапалық және сандық жағдайын көтеру...
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру iconЖер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33 тармақшасына...
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 13 -тарамақшасына...
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9 тармақшасына...
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен жер қойнауына мемлекеттік геологиялық
Сипаттама және тиісті техникалық және сатып алатын жұмыстардың сапалық мінездемелер
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница