Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру




Скачать 468.53 Kb.
НазваниеЖелдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
страница1/4
С С Маусымбаев
Дата конвертации10.02.2016
Размер468.53 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.ksu.kz/files/AutoReferats/Zheldybaeva_B_S.doc
  1   2   3   4
ӘОЖ [37.01:371.3]:37.013 Қолжазба құқығында




ЖЕЛДЫБАЕВА БАЛГЫН СЕМБАЙҚЫЗЫ


Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы
арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру



13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010


Жұмыс Семей мемлекеттік педагогикалық институтында орындалған


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.С.Маусымбаев


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ж.Ж.Наурызбай


педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Б.Ж.Жиентаева


Жетекші ұйым: Еуразия гуманитарлық институты


Диссертация 20____ жылы « » сағат Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы).


Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 20 жылы « » таратылды.





Біріккен диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Н.Ә.Мыңжанов

Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасыр басындағы инновациялық құбылыстар қатарына білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруін жатқызуға болады. Бұл істе білім беру жүйесінің негізгі өзегін өзгертуді көздейтін жаңа білім кеңістігіне өту қажеттілігі жатыр.

Бүгінгі Қазақстан мектептерінде жаңа ғасырдың білім кеңістігіндегі жаңашылдық жағдайға сәйкес өзгерістер легі іске асырылып жатқаны белгілі. Қазақтың этнопедагогикалық бай материалдары жаңа ғасырдағы инновациялық Қазақстан мектебінде ұлттық мәдениетті сақтаудың және оны дамытудың басты факторы екендігін логикалық тұрғыдан негіздей отырып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіру мәселесін қарастыру қажет. Өйткені унитарлық ұлттық мемлекет мектебі ертеңгі қазақ елінің туы мен тұтқасын берік ұстай алар тума тұлғаларды өсіретін, ұлттық ұстанымды қуаттайтын орта болуы тиіс. Мұндай абыройлы мәрелік мәртебеге тез әрі баянды түрде жету үшін халқымыздың этнопедагогикалық және этномәдениеттік мол мұрасын жалпы білім беретін мектептерде әрбір пәнді оқытуда, әсіресе жаратылыстану пәндерін оқытуда пәрменді түрде ең тиімді жолмен пайдалана білу басты талаптардың бірі болып табылады.

Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын ғұлама Әл-Фарабиден бастап түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары Ж.Баласағұни, М.Қашқари еңбектерінде дүниенің ғылыми бейнесін жаратылыстану мазмұны арқылы қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынасы, дүниетанымы, ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов және т.б. ойшылдардың еңбектеріне арқау болған.

Педагогика ғылымында халық педагогикасы мәселесіне қазақстандық көрнекті ғалымдар С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, Е.Ө.Жұматаева, К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.Ғаббасов, Р.Дүйсембінова, Қ.Бөлеев, Б.Ж.Жиентаева және т.б., ТМД елдерінің белгілі ғалымдары Г.Н.Волков, А.Э.Измайлов, Г.С.Виноградов, Я.Н.Ханбиков, Ю.А.Рудь, К.Пирлиев, Е.Л.Христова, И.А.Шоров, А.Ш.Гашимов, В.Ф.Афанасьев, В.Х.Арутюнян және т.б. өз зерттеулерінде әртүрлі аспектіде ашып көрсеткен.

Жаратылыстану пәндерінің мазмұнын анықтау және оны оқытудың әдістемелік жүйесінің проблемаларына қазақстандық ғалымдар Қ.М.Арынғазиннің, С.Т.Каргиннің, К.М.Кертаеваның, М.Ә.Құдайқұловтың, С.С.Маусымбаевтың, О.С.Сәлімбаевтың, У.Қ.Тоқбергенованың және т.б. еңбектері арналған.

Сонымен бірге оқушылардың танымдық іс-әрекеті, шығармашылығы, қызығушылығы, ізденімпаздығы, белсенділігі мәселесіне қазақстандық ғалымдар А.Х.Аренова, А.Е.Әбілқасымова, Ә.С.Әмірова, Н.А.Дарханов, Д.Ж.Кішібаева, Т.И.Қоқымбаева, Р.С.Омарова, Е.Ж.Рысбаев, ресей ғалымдары Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, И.Ломпшер, Н.Ф.Талызина, Т.И.Шамова, М.Шадрина, Г.И.Щукина және т.б. елеулі үлестерін қосқан.

Біздің зерттеу проблемамызға жақын 1-6 сыныптарда математиканы оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі (Г.Н.Жолтаева), 5-9 сыныптар негізінде математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерін ұтымды пайдалану (Ә.С.Сәрсекеев), физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту (Г.Б.Әлімбекова), химия пәнін оқытуда халық педагогикасының элементтерін пайдалану (Ғ.Әбдіқадырова), қазақ этнопедагогикасы арқылы оқушылар дүниетанымын қалыптастыру (С.Қасенов) мәселелері қарастырылған еңбектерді атап өтуге болады.

Алайда жоғарыда аталған зерттеулерді талдау негізінде қазақ этнопедагогикасы, халық педагогикасы жөнінде ғылыми жұмыстар жеткілікті екендігі анықталды, бірақ жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде қазақ халық педагогикасы ауқымындағы материалдарды оңтайлы қолдану арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін пәрменді ұйымдастыру білім сапасын арттыру кепілі екендігі арнайы қарастырылмағандығы байқалды.

Бүгінгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының мазмұнынан және жаратылыстану пәндері бойынша қолданылып жүрген оқулықтардан этноматериалдарды тым аз мөлшерде кездестіруге болады. Ал мұндай этноматериалдар бүгінгі орта білім беру мазмұнында тұрлаулы түрде кеңінен көрініс таппаса, әрі олар оқушылардың санасына сіңіріле насихатталмаса, онда ұлттық мәдениеттің құлдырауы мен рухани жұтаңдану орын алары сөзсіз.

Жаратылыстану пәндері қазіргі замандық оқыту жүйесінің іргелі пәндері болуымен қатар, мектептегі өтілетін сағатқа шақталған жүктемесі бойынша ең көлемді әрі ұзақ өтілетін пәндер қатарына жатады. Оның үстіне осы аталмыш пәндер ғылым мен техниканың алдыңғы шегінің әліппесі және адамзат тарихындағы ең көне пәндер болып табылады, демек, оның ұғымдық атаулары, ережелері мен есептері халықтық ортада қалыптасқаны анық.

Бүгінгі өркениетті өмірде болып жатқан жағымды өзгерістер жалпы орта білім беруде өз еліміздің ұлттық халық педагогикасының мол мұрасын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне батыл енгізуді талап етеді. Бәсекеге қабілеттілікке негізделген, тіршіліктегі әрекеттердің құбылмалы нысандарына, өмір сүру тәсілдеріне бейімделген, өзін-өзі еркіндікте танитын тұлға ұлттық құндылықтар жүйесінің тірегі болып табылады.

Қазіргі уақытта жаратылыстану пәндері мұғалімінің мақсаты оқушыларға жаратылыстану ғылымының негіздерін жалаң оқыту емес, олардың өмірге өзіндік көзқарасын тәрбиелеу, қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой-пікірлермен, жазушы шығармаларымен, халықтық этноматериалдармен жаратылыстану ғылымын оқушы санасында байланыстыра білу болып табылады. Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін жаратылыстану пәндерін оқытуда‚ соның ішінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда ғасырлар сынынан өткен тәлім-тәрбиелік және танымдық мүмкіндіктері мол қазақ халық педагогикасы материалдарын пайдалану қажет.

Сонымен ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, теориялық зерттеулерді талдау мен мектептерде жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісіндегі тәжірибелерді саралау нәтижелері жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың қажеттілігі мен оның жүзеге асырылмауы арасында; жаратылыстану пәндерінің мазмұндарын халық педагогикасымен байланыстыру мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен мектепте оларға деген сұраныстың аз болуы арасында; оларды мектеп тәжірибесінде бірізді жүйемен пайдалануды ұйымдастыру қажеттілігі мен оны жүзеге асыратындай әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтардың бар екендігін анықтады. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты жаратылыстану пәндерінен жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартында оқушылардың танымдық іс-әрекетіне қойылған талаптарына сай халық педагогикасын оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз етудің мазмұнын қарастыру біздің зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру» деп таңдап алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: халық педагогикасы арқылы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қалыптасуын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: халық педагогикасы арқылы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мазмұны.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жалпы орта білім беретін мектептерде жаратылыстану пәндерін оқытуда халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе, онда осы пәндерді оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру кезеңдері толық жүзеге асады, өйткені халық педагогикасы оқушыларға танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға негіз болады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейін айқындау;

  2. жаратылыстану пәндерін оқыту барысында халық педагогикасын пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтау;

  3. жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеті қалыптасуының компоненттерін, өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

4) жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың моделін жасау;

5) жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін халық педагогикасы арқылы қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперименттік тексерістен өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуда оқу мазмұндарын халық педагогикасымен сабақтастыру жаһандану заманында өркениетті қоғам талабына сай ұлттық тұлғаны қалыптастыру шарты болады.

Зерттеудің әдіснамалы және теориялық негіздеріне ғылыми таным теориясы, диалектика заңдары, жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуында адам, қоғам, табиғат туралы жалпы заңдылықтары, халық педагогикасының оқу-тәрбие жұмысындағы орны, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары туралы ілімдері, қазіргі білім беру проблемалары, тұлғаның шығармашылық әлеуеті, өмірлік іс-әрекетінде жүзеге асыру теориясы, халықтық тағылымымыздың мәнін айқындайтын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар енеді.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерін, бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу құралдарын талдау; озат ұстаздардың, әріптестердің мастер-класс нысанындағы дәрістеріне қатысу, пікір алмасу, танымдық іс-әрекетін бақылау; модельдеу; сауалнама; тестілік әдістер; педагогикалық эксперимент; математикалық есептеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша педагогтардың, психологтар мен философтардың еңбектері, ресми құжаттар мен материалдар (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы», заңдар, қаулылар, т.б.), бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, тұжырымдамалар, мерзімдік ғылыми-әдістемелік ақпараттар, озат ұстаздардың және автордың жеке педагогикалық іс-тәжірибелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1) оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;

2) жаратылыстану пәндерінің білім мазмұнына сәйкес халық педагогикасын пайдаланудың мүмкіндіктері ашып көрсетілді;

3) жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеті қалыптасуының компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;

4) жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың моделі жасалды;

5) оқушылардың танымдық іс-әрекетін халық педагогикасы арқылы қалыптастырудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік - эксперименттік сынақтан өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңызы:

- жаратылыстану пәндерінің оқу бағдарламасының мазмұнына талдау жүргізудің нәтижесінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіретін әдіс-тәсілдері құрастырылды және практикалық маңыздылығы айқындалып, қолданыс деңгейіне жеткізілді;

  • жұмыстың өзектілігіне байланысты «Жаратылыстану пәндерін оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерін қолдану» атты оқу-әдістемелік құрал, мектеп мұғалімдеріне және колледж оқытушыларына арналған семинардың бағдарламасы дайындалды;

  • зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде және колледждерде жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, оқу-әдістемелік шеберліктерін жетілдіруді ғылыми тұрғыдан негіздеуде және оқу-тәрбиелік сапаларын кеңейту мақсатында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалы және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, тәжірибелік - эксперимент жұмысының мақсатқа сәйкестілігімен, зерттеу нәтижелерінің үйлесімділігімен, жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде халық педагогикасын қолдану тиімділігі дәлелденіп, ендірілуімен қамтамасыз етілген.

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназия, Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп; Абай ауданы Қарауыл селосындағы Абай атындағы көпсалалы кешенді мектеп-лицейі; Аякөз қаласы К.Бозтаев атындағы орта мектебі; Аякөз ауданы Айғыз орта мектебі қамтылды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру эксперимент барысында жүзеге асты. Диссертациялық зерттеудің нәтижелері халықаралық және республикалық (Семей-2002, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2010, Алматы-2007, Омск-2010) ғылыми-практикалық конференцияларда, дарынды балалармен жұмыс жүргізу саласында инновациялық психология - педагогикалық облыстық (Өскемен-2005) жобалар фестивалінде, мерзімді ғылыми-әдістемелік басылымдарда, сонымен бірге ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен басылымдарда және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жыл сайынғы өтетін конференцияларында, ғылыми-әдістемелік семинарларында, мектептердің әдістемелік кеңестерінде баяндалды.

Зерттеу материалдары бойынша 26 еңбек жарияланды. Оның біреуі – жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейіне жасалынған талдау жаратылыстану пәндерін оқытумен байланысты «танымдық іс-әрекет», «танымдық қызығушылық», «танымдық қабілет» ұғымдарының мәнін нақтылау арқылы оның теориялық негіздемесін айқындап берді;

  2. жаратылыстану пәндерінің білім мазмұнына сәйкес бойынша халық педагогикасын пайдаланудың мүмкіндіктері нақты тақырыптар мен оқу материалдары бойынша анықталды;

3) жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың моделінің мазмұнын қажеттіліктері, мақсат, әдістемелік кешен, іс-шаралар, танымдық іс-әрекет түрлері мен нәтиже құрайды, бұл модель мотивациялық, мазмұндық - танымдық, рефлексиялық–іс-әрекеттік компоненттерінің бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер, көрсеткіштер, деңгейлермен сипатталды;

4) жалпы орта білім беретін мектептерде жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетін халық педагогикасы арқылы қалыптастыру бойынша эксперимент нәтижелері зерттеудің тиімділігін дәлелдеді.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2002-2004 ж.ж.) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге және ғылыми еңбектерге талдау жасалынды; жалпы орта білім беретін мектептерде жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру теориялық тұрғыда қарастырылып, материалдар жүйеге келтірілді. Бұл кезеңде зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы анықталды. Білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжаттар сараланып негізге алынды.

Екінші кезеңде (2004-2006 ж.ж.) зерттеу тақырыбы бойынша жиналған әдістемелік әдебиеттер, этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылып, қолданудың оңтайлы әдіс-тәсілдері айқындалды. Халық шығармаларын зерделей келе оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда пән мүмкіншілігін, яғни мазмұндық компоненттерді әмбебап құрал ретінде қолданысқа алдық. Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың моделі жасалды. Мектептерде тәжірибелік - эксперимент жұмыстары жүргізілді, зерттеуге көңіл бөлінді.

Үшінші кезеңде (2006-2009 ж.ж.) тәжірибелік - эксперимент жұмысы одан әрі жалғастырылып, зерттеу нәтижелері жинақталынып, ғылыми жүйеге келтірілді. Оқу-әдістемелік құрал әзірленіп, ғылыми-әдістемелік қорытындылар жасалынды. Барлық кезеңдерде жинақталған материалдар мен тәжірибелік - эксперимент жұмысы, іздену нәтижелері сарапталып, диссертация түрінде дайындалды.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдістері, міндеттері, теориялық және әдіснамалық негіздері, практикалық маңызы, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, базасы, кезеңдері, дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар беріледі.

«Жаратылыстану пәндерін оқытуда халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы жаратылыстану пәндерін оқыту барысында халық педагогикасын пайдаланудың мүмкіндіктері, осы пәндерді оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың моделі негізделіп ұсынылды.

«Халық педагогикасы арқылы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші тарауда жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған халық педагогикасы материалдарын қолдану мазмұны, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде халық педагогикасы негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру формалары, әдіс-тәсілдері, құралдары, халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін анықтау бағытындағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелері талданды.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.

Қосымшаларда мектептерде жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру бойынша тест сұрақтары, сауалнама, зерттеудің практикалық материалдары ұсынылды.

  1   2   3   4

Похожие:

Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconЖунисова асия талгатовна «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconОқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін...
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconРеферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
ОҚУ Үдерісінде болашақ МҰҒалімдердің педагогикалық МӘдениетін қалыптастыру (жаратылыстану пәндері негізінде)
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconШаушекова Баян Кырыкбаевна Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы қҰралдары арқылы оқушылардың экологиялық МӘдениетін қалыптастыру
Диссертация 2007 жылы «30» қарашада сағат 10. 00 Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогика ғылымдарының...
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconБолашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconҚосымшалар. Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
Ориясы, оқушы тұлғасын жан жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы...
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру icon1 Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін біріктіру шартары
Оқушылардың сабақтан тыс уақыттары ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту – пәндік үйірмелер бірлестіктер қызығуы бойынша...
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconИнформатиканы оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру
Оқыту технологиясы оқу үдерісіне қажетті әдіс-тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді педагогикалық іс әрекеттердің жүйелі кешені...
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру icon«Жаратылыстану ғылыми пәндер негіздері» пәні бойынша 5B012000 «Кәсіптік оқыту»
Студенттерді казіргі жаратылыстану негіздеімен таныстыру,орта мектеп мұғалімін дайындау жүйесіндегі оның ролі туралы көзқарас қалыптастыру,студенттерге...
Желдыбаева балгын сембайқызы жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру iconОқушылардың сөйлеу мәдениетін жаңа технология элементтерін енгізу арқылы арқылы қалыптастыру

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница