Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің




НазваниеШығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің
страница1/4
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kurchatov.vko.gov.kz/kz/files/strategy_07.doc
  1   2   3   4


Курчатов қаласы әкімдігінің

2010 жылғы________ №____

қаулысымен бекітілген


Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің

2010 -2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Курчатов қаласы


2010 жыл


Мазмұны


1. Миссиясы және көрінісі………………………………………….……….…..….…................................ 3 бет

2. Ағымдағы жағдайларды талдау…………………………………….……….…................................. 4-12 бет

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер ………………………............................... 13-17 бет

4. Бөлімнің қызметтік мүмкіндіктері және мүмкін болатын тәуекелдері……................................... 18-22 бет

5. Нормативтік құқықтық актілер …………….…………………………………….................................... 22-23 бет

6. Бюджеттік бағдарламалар ……………………………………………………....................................... 23-24 бет

1. Миссиясы және көрінісі


Миссия: Курчатов қаласында шағын бизнесті дамытуды ынталандырып, кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға жағымды жағдай жасау. Курчатов қаласы экономикасының басым бағыттары бойынша кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамытуға жәрдем көрсету жолымен жоғары бәсекелестікке қабілетті, сапалы тауарлар шығарып, қызмет көрсетуде тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды тұрақты даму жетістігіне жеткізу.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешен саласының сапалы жаңа деңгейге жету және экономикалық өсуіне жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыру. Облыс азық – түліктік базарларын қол жетімді, қауіпсіз және сапалы азық- түлік өнімдерімен толтыруға жағдай жасау.


Көрінісі: Қаланың экономикалық өндірістік әлеуеттін тиімді жүзеге асыру, бәсекелестікті жоғарылату үшін қазіргі заман инфрақұрылымын, ел ішіндегі және сыртқы базардың жергілікті тауар өндірушілер және қызмет көрсетулердің әлемдік сапа стандарттарына және жоғары технологиялық өндірістерге енуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Қаланың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің және тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ететін АӨК басқа да салаларының жоғары бәсекелестіктері және орнықты дамыту.


2. Ағымдағы жағдайларды талдау


1. Индустриалық –инновациялық даму


Курчатов қаласы бойынша 2008 жылы өнеркәсіптік өндіріс саласында 7 кәсіпорын өз қызметтерін жүзеге асырды:


Атауы

Қызмет түрі

«ҮМЗ» Кен байыту фабрикасы АҚ

Химиялық өнеркәсіптік және өндірістік тыңайтқыш үшін минералдық шикі зат түсімі бойынша қызмет

«Үлбі Фтор Комплекс» ЖШС

Химиялық өнеркәсіптік және өндірістік тыңайтқыш үшін минералдық шикі зат түсімі бойынша қызмет

«Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» МКК



Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау

«ШҚ РЭК» АҚ Семейлік филиалының Курчатовтық бөлімшесі



Электрэнергия өндіру


КК Интерконнект


Баспа платтарын және техникалық резеңке өнімдер өндірісі

«Азот» ӨК


Газға ұқсас және сұйық оттек, ацетилен өндірісі

КИП «Луч» ЖШС


Салмақ өлшеуіш жүйесінде техникалық қызмет көрсету және өндіру




  1. Курчатов қаласы бойынша 2008 жылы өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің көлемі 885,6 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне жеке индекс көлемі 151, 8 пайыз деңгейінде қалыптасты.






Өнеркәсіптік өнімдер көлемінің негізгі өсімі кен өндіретін өнеркәсіп жұмыстарының көлемі өсу есебінен қамтамасыз етілген.

2004 жылы «Үлбі метталлургиялық зауыт» АҚ кен – байыту кешенін құру бойынша және Курчатов қаласының Қаражал кен орнында флюориттік кенді шығару және қайта өңдеу бойынша жұмыстарын бастады.

2006 жылдың желтоқсанында жылына 100 мың тонна флюориттік кен шығару және қайта өңдеу бойынша кешен іске қосылды және 86 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2008 жылы «Үлбі Фтор Комплекс» ЖШС филиалы жалпы сомасы 465, 9 млн. теңгеге өнеркәсіптік өнімдер өндірді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 2,2 есеге көп.

Курчатов қаласында 3 өнеркәсіптік өңдеу кәсіпорны қызмет көрсетеді, сонымен қатар: КИП «Луч» ЖШС, «Азот» ӨК, «КК Интерконнект» ЖШС филиалы. Олар 2008 жылы 170,1 млн. теңге сомаға өнеркәсіптік өнімдер өндірді, 2007 жылға 6,0 пайызға, 2006 жылы 42,0 пайыз, 2005 жылы 96,0 пайыз, 2004 жылы 2,6 есе өсімімен.

Өнеркәсіптік өнімдерді өндіруде, өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі (2006 жылы -41,1 пайызға, 2007 жылы 26,9 пайызға, 2008 жылы 19,9 пайызға) үлесінің төмендеуі қалада флюариттік кенді өндіру және өңдеу бойынша кен байыту фабрикасының ашылуы есебінен болды.

2007 жылы кен байыту фабрикасының өнеркәсіптік өндіріс өнімдерінің жалпы көлемінен 36,8 пайызды, 2008 жылы -54,5 пайыз құрады.

2008 жылдың желтоқсан айында «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамының базасында әр қайсысының өндірістік күші 500 мың шаршы метрлік өнеркәсіптікте пайдалануға технологиялық жүйе бойынша радиациялық- тігіндік көбіктік полиэтилен және жабындық гидроизоляциялық материалдар өндіру бойынша Радиациялық технологиялар кешені ашылды.

Радиациялық технологиялар кешені Технопарктің инновациялық инфрақұрылымының бірінші өндірістік нысаны болып табылады.

Кешенді құруға Республикалық бюджеттен 875,3 млн. теңге бөлінді, игерілгені 833,6 млн. теңге.

Осы технологиялық жүйені іске қосу нәтижесінде 20 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда, аталған өндірісте өнеркәсіптік өнімдерді өндіру жылына 145 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылы өнеркәсіптік өнімдерінің жалпы көлемін 1 миллиард теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық термоядролық материалдық реакторы Токамак (ҚТМ) құру және «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамының базасында технопарк құру бойнша жұмыстар жалғасуда.


Инновациялық жүйелерді қалыптастыру


Инновациялық даму жолдарын жүзеге асыруда біз әлемдік қоғамда елеулі орын алуға мүмкіндігіміз бар. Жоғарғы технологиялық өндірістерді дамыту, қалада кәсіпорындар өндіретін және инновациялық қызмет өңірдің алдағы уақытта негізгі экономикалық дамуына және өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға қызмет көрсетеді.

Инновациялық дамудың басты тапсырмасы инновациялық жүйелердің бастапқы элементтерін қалыптастыру және дамыту болып табылады: ғылыми әлеуетті, инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды, инновациялық кәсіпкерлікті.

Мемлекеттің белсенді қатысуымен инновациялық саланы дамыту үшін алғышарт және жағымды жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қоса ғылыми - технологиялық басымдылықтар анықталды. Өңірдің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында Курчатов қаласында арнайыланған салалық ядролық технологиялар технопаркі құрылып, қызмет көрсетеді.

Технопарктің тапсырмалары қазіргі заман инфрақұрылымын және ядролық технологияларды дамыту үшін тартымды инвестициялық ахуал, жоғарғы технологиялық зерттемелерді тарту және жоғарғы технологиялық ғылыми компаниялар құру болып табылады.Қалада жаңа жұмыс орындарын құру.

Ғылыми зертемелерді коммерциялау мақсатында инновациялық компаниялар құрылуда. «SAMYONG UNITECH Co.Ltd» (Оңтүстік Корея) компаниясымен бірлесіп «Kaz- Kor NuTech Company» ЖШС құрылды, олар Курчатов қаласында заманауи гидроизоляциялық материалдар өндірумен айналысатын болады. Қазіргі уақытта технологиялық сызықтың монтажы аяқталды және сынақ жүргізілді. Бірінші рет 100 кг «Кровлен» алынды. «Кровлен-3» жаңа гидроизоляциялық материалдарды құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жаңа материал «Кровлен-2» сондай физико- технологиялық мінездемедегі аса арзан құнымен айшықталатын болады. Радиациялық – синтезделген жапсарлас ксенонды қолданумен медициналық дәрі – дәрмектер және емдік минералды сулар өндіру үшін «Дэком-2 А» ОҚБ бірлесіп ( РФ Черноголовка қаласы) «Xsenon» ЖШС құрылды. «Демпург» концернімен (Украина) теміржол көліктерінің жылжымалы құрамы үшін радиациялық тігетін, біріктіріп тұратын жендер өндіру жобасы бойынша бірлескен кәсіпорынның құру бойынша жұмыстар аяқталу сатысында.

Қазақстан үшін жаңа өнімдер өндіру үшін (ЭЛВ -4 электрондық өнеркәсіптік жылдамдатқыш базасында көбіктік полиэтилен өндірісі) ресейлік компаниямен бірлесіп кәсіпорын құрылды. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ директорлар кеңесінің «Kazfoam” еншілес кәсіпорнымен бірліесіп осы өнімдердің түрін негізгі өндіруші Ресейде «Технопласт» ОҚБ ұйымдастыруға келісімі алынды. 2009 жылғы шілдеде көбіктік полиэтилен өндірісін бастау жоспарлануда.

«Ядролық технологиялар паркі» АҚ технопаркінде инновациялық компанияларды тұрақты дамытуға жәрдем көрсету үшін барынша жағымды жағдайлар жасалуда. Инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін «ТАБЫС венчурлық қоры» Тәуекелдік Инвестициялау Акционерлік Инвестициялық қоры» АҚ құрылды. Венчурлық қорға қарастыруға 37 жоба ұсынылды, оның ішінде 24 мақсатқа сәйкес келетіні анықталды, 9 жоба қайтадан сараптаудан өту сатысында тұр, 4 жоба бөлшектік сараптау сатысынан өтті, 2 жоба қаржыландыруға кепілденді.

Салық күшін төмендету және жоғарғы технологиялық өнімдердің экспорттарын ынталандыру үшін «Ядролық технологиялар паркі» АҚ арнайы экономикалық зона құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Курчатов қаласының тұрғындары және кәсіпорындары үшін Интернетке желісіз кіруді қамтамасыз ету үшін ақпараттық – телекоммуникациялық байланыс жүйелерін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Осы жобаның жалпы құны 586 млн. теңгені құрайды.

Жүргізілген іс – шаралардың кешені Қазақстан Республикасында өзінің маңыздылығы бойынша бірегей және ұлттық Технопарк ауқымын құруға мүмкіндік береді, сондай –ақ нарықта жоғары технологиялық зерттемелерін жылжытуды және олардың өнеркәсіптік өндіріске енуін қамтамасыз етеді.


Индустриалды – инновациялық саласындағы қиындықтар


- өнімдерді өңдеу секторы бәсекелестігінің төмендігі;

- негізгі қорлардың тозуының жоғарылауы және ескірген технологиялар пайдалануы;

- айналым қаражаттарының жетіспеуі және төмен пайыздық мөлшерлемемен ұзартылған несиелердің жетіспеуі;

- отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі;

- өңірлік зерттеулер бағдары нашар және нақты нарық талаптарын, жағдайларын әзірлеу, коммерциялық қолдануда тұрған ғылыми зерттемелердің үлесі төмен, дайын ғылыми зерттемелердің өндіріске ену тәртібінің жоқтығы;

- отандық зерттемелер нарығының шектелуі, ғалымдардың өздерінің ғылыми зерттемелерін коммерциялауға қызығушылығының нашарлығы;

- ЖСҚ келісу және бекітіп, еңгізу тәртібінің ұзақтығы:

- ішкі нарықтағы тауаралар мен қызмет көрсетулердің шектеулілігі

- Курчатов қаласы технопаркінің даму инфрақұрылымның дамуының артта қалуы ( Семей- Курчатов, Павлодар- Курчатов көлік жолдарының, қалалық жолдардың, қаланы көркейту сапасының нашарлығы, тұрғын аудандарда базарлардың, мәдени – тұрмыстық нысандардың жоқтығы және басқа да) .


3. Сауда дамыту

Ішкі сауда.


Курчатов қаласында бөлшек сауданың өсу әлеуетті бар, бұл бөлшек тауар айналымның өсуімен расталады. Сондай -ақ 2007 жылы қала бойынша бөлшек тауар айналымның көлемі 728,8 млн. теңгені құрап және 2006 жылдың деңгейінде қалған. 2008 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында бөлшек тауар айналымның көлемі 838,1 млн. теңгені құрап және өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда ( салыстыру бағасымен) 17 пайызға өсті. 2008 жылдың деңгейіне өсім қарқыны 100,7 пайызды 2009 жылы тауар айналым 1224,0 млн. теңгені құрады.

2008 жылы сауда кәсіпорындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға дейін өсті және барлығы -92, сонымен қатар 55-дүкенді құрады ( 2007 жылы барлығы сауда кәсіпорындары -88, дүкендер -52). Сауда да мәдениетті үлгідегі нысандардың өсуі дүңгіршектерді қысқарту есебінен болды.

2009 жылы 7 дүкен ашылды, сондай –ақ 2009 жылы сауда кәсіпорындардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 8,0 пайызға өсті.

2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Курчатов қаласында 1 әмбебап жабық базар қызмет көрсетеді және мұнда көлік құралдарының өнімдерді сату үшін алаң бар. Сауда үшін орын барлық ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге, шаруа қожалықтарына, жеке тұлғаларға ұсынылады. Базарда өз саяжай учаскелерінде өсірілген өнімдірін жүзеге асыру үшін зейнеткерлерге сауда орындары бөлінген. Базар иесімен жалға беру ақысын төмендету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалға беру мөлшерлемесі өнеркәсіптік тауарларды жүзеге асыруға 16,7 пайызға, азық- түліктік тауарларға 25 пайызға, «көліктен» сатуға 30 пайызға төмендетілді.

Ет өнімдерін жүзеге асыруда делдалдықты болдырмау мақсатында 3 шаруа қожалықтың басшыларымен өз шаруашылықтарында өсірілген ( сиыр, шошқа, қой) еттерін қала базарында әлеуметтік баға бойынша базар бағасынан 30 пайызға төмен сатуға меморандумдар жасалды.

«Курчатов қаласының 2008 -2009 жылдарға арналған шағын бизнес субъектілерін дамыту жөніндегі іс әрекеттер жоспарына» сәйкес жұмыс істеп тұрған базарды көркейту және қосымша сауда орындарын құру қарастырылуда.

Ішкі сауданы дамыту беталысы оң негативті көріністермен қоса қамтамасыз етілген.

Ішкі сауда көлеңкеленген айналым көлеміне айтарлықтай шоғырланған, оған мыналар енеді: сататын кәсіпкерлердің айқын емес салығы, тауарларды жүзеге асырушыларда сапа сертификаттарының жоқтығы және жүзеге асырылатын тауарлардың қолдан жасалған сертификаттарды кеңінен пайдалануы.


Ішкі сауда саласындағы қиындықтар:


- сауда қызметтерін реттеу саласында заңнамалық қамтамасыз ету нашар (заңнамамен белгіленген тауарларға сауда үстемесінің жоқтығы)

- сауда нысандарында көлеңкеленген сауда айналым деңгейінің жоғарылығы;

- азық - түлік саласында өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы;

- ішкі сауда инфрақұрылымының дамыту деңгейінің жеткіліксіздігі.


4. Кәсіпкерлікті дамыту


Кәсіпкерлікті дамыту динамикасы

Курчатов қаласында 2009 жылдың 1 қаңтарында 456 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, соның ішінде 55 кәсіпорын, 397 жеке кәсіпкерлер, 4 шаруа қожалығы.

Шағын бизнес кәсіпорындарының қалыптасқан құрылымдық саласы соңғы жылдары ауысқан жоқ. Олардың жалпы санынан -38,7 пайызынан көбі қызмет көрсету саласына мамандандырылған. Құрылыс саласында 19,4 пайыз, саудада 16,1 пайыз, өнеркәсіпте -6,5 пайызы қызмет көрсетеді.

Шағын бизнесті дамытуда жағымды динамика байқалады. Қалада 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2008 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктің тіркелген кәсіпорындарының саны 7,8 пайызға өсті.

2008 жылы шағын кәсіпорындарының тауараларды шығару, жұмыс және қызмет көрсетулері 358,7 млн. теңгені құрады және 2007 жылдан 25,6 пайызға өсті.

2008 жылдың 12 айына шағын кәсіпкерлік субъектілерден түскен салық түсімдерінің жалпы көлемі 67,8 млн. теңгені құрап, бұл 2007 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 123,8 пайызды құрады, сонымен қатар жергілікті бюджетке 51,5 млн. теңге түсті немесе 2007 жылдың деңгейінен 32,2 пайызға көп.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алулар бойынша қалада өткізілетін конкурстарға қатысуы қамтамасыз етілген, 2008 жылы осы санаттағы субъектілердің көлемі 113,8 млн. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың деңгейінен 28,6 пайызға жоғары.

Жұмыс істемейтін тұрғындарды кәсіпкерлік негіздеріне және шағын бизнеспен айналысуға мүмкіндік беретін кәсіптерге оқыту жүргізілуде. 2008 жылдың 12 айында 29 адам оқытылды, сонымен қатар: 16 адам құрылыс мамандығы бойынша, 9 адам ВС санаттары бойынша жүргізушіге, 4 адам электромонтер мамандығы бойынша.

Оқытуға 1269,3 мың теңге бюджет қаражаты шығындалды.

2008 жылы шағын бизнес саласында 38 жаңа жұмыс орындары құрылды.

  1   2   3   4

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі
Ы бөлімі мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылтын, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары...
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің icon2010 жылдың І жартысында кәсіпкерлік,ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің атқарған жұмыстары
Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген. Аудан бұл бағытта Шығыс Қазақстан облысы...
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан...
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconӨскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconПриозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ала бойынша ауыл шаруашылық өндірісімен (мал шаруашылығын дамытумен) 62 шаруашылық оның ішінде 59 жеке қосалқы шаруашылығы, 2 шаруа...
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconШығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының
Электр энергияны, газ және суды өндіруде және бөлуде өнеркәсіп түріндегі қызмет көрсетілді және өнім 190,8 млн теңгеге өндірілді,...
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің icon12 қаңтардағы 2011 жылдың
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы және пайымдауы
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconШығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Клох, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен 2012 жылғы 11 қазандағы №19-02-28/3018-квр...
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің iconМм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница