«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің




Скачать 341.94 Kb.
Название«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
страница1/4
Дата конвертации10.02.2016
Размер341.94 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://katon-karagay.vko.gov.kz/kz/files/strategy_10.doc
  1   2   3   4
Катонқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы «05» ақпандағы № 4597

Қаулысымен бекітілген


«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

2010 – 2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Үлкен Нарын ауылы

Мазмұны



1.

Миссиясы және пайымдауы

2.

Ағымдағы жағдайды талдау

3.

Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері

4.

Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер

5.

Нормативтік құқықтық актілер

Бюджеттік бағдарламалар

6.






1. Миссиясы және пайымдауы


Миссиясы: Экономиканың басым бағыттары, ауданның халқы мен ұйымдарының және басқа өңірлердің артып отырған қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті тауарлар шығару және қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті қолдау жолымен орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады.


Пайымдауы: Өңір экономикасының өндірістік әлеуетін тиімді іске асыру, жергілікті өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекет ішінде және әлемдік нарықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту.

2. Ағымдағы жағдайды талдау

1. Индустриялық-инновациялық дамыту


2009 жылға жасалған талдау көрсеткендей, аудан экономикасының барлық негізгі салалары бойынша тұрақты өсу байқалады.

Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 42,6 пайызға өсіп, 7 млрд. 839,4 млн. теңгені құрады. Ет, сүт, жүн, жұмыртқа, бал өндіру жоспары толығымен орындалды. Ауданда бүгінде 9 мал бордақылау алаңы 12 қолдан ұрықтандыру пункттері 6 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылып жұмыс істеуде. Олармен 288 тонна ет өндіріліп және өткізілген. 15,9 млн. теңгеге субсидия алынған.

Егіншілік саласында белгілі табыстарға қол жеткізілді. 2009 жылы ауданда 20,8 мың га алқаптың дәнді дақылдары орылып, 47,1 мың тонна астық қамбаға түсті, 14,7 мың тонна күнбағыс, 16,9 мың тонна картоп, 4,3 мың тонна көкөніс алынды. Биылғы жылғы қыстамаға - 213 мың тонна шөп, 4,4 тонна пішендеме, 8,6 мың тонна сүрлем, 10 мың тонна сабан даярланды. 2009 жылы егіс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға ұлғайтылды.

Өткен жылы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы мемлекеттік қорға 1808 тонна астық тапсырылды немесе тапсырма 120,5%-ға орындалды.

Шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытында, біраз жұмыстар атқарылып, 193 шағын шаруа қожалықтары 26 ауылша-руашылығы құрылымдарына біріктіріліп отыр. Өткен жылы ауданымызға жалпы құны 53,8 млн.теңгені құрайтын 26 жаңа техника бірлігі келіп түсті Егін шаруашылығы саласын қолдау мен дамыту үшін 108,4 млн.теңгенің субсидиясы бөлініп, ол толығымен игерілді. Ауылшаруашылығының дамуына жалпы инвестиция көлемі 272,1 млн. теңгені құрады.

2009 жылы өндіріс өнімдерін шығару көлемі 1 млрд. 746,2 млн. теңгені құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға өсті.

Өткен жылы аудан бойынша түрлі қаржы көздері есебінен негізгі капиталға 1 млрд. 134,5 млн.теңгенің инвестициясы тартылды, бұл 2008 жылдағыдан 8,4 пайызға артық.


Инновациялық жүйені дамыту.

Инновациялық жүйенің негізгі элементтерін дамыту және қалыптастыру инновациялық дамытудың негізгі міндеті болып табылады: ғылыми потенциал, инновациялық инфроқұрылым, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік.

Аудан экономикасын дамытуға қаржы институттары да өз үлестерін қосуда. Облыс әкімінің қолдауымен шаруа қожалықтарына және басқа да заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 74,7 млн. теңгенің несиелік ресурстары берілді.

2009 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - на кәсіпкерлердің 8 жобасы жіберілді, жобалардың жалпы сомасы 71,7 млн. теңге. Жобалардың екеуі банктермен қаржыландырылды. Олар ЖК Кемпербаев А. 2,5 млн. теңге, ЖК Сайбекова В.И. 1,150 млн. теңге. Облыстық бюджеттен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қаржыландыру жүргізілетіні туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырылды. Облыстық «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 38 адамға 14,6 млн. теңге қаражат бөлінді. «Катонқарағай» несие серіктестігінен шаруа қожалықтарына 2009 жылы 26 шаруа қожалығына 39,1 млн. теңге несие берілді. Ауданда кәсіпкерлерді қаржыландыру мақсатында «Мұзтау Несие» шағын несие мекемесі арқылы 2009 жылы 99 адамға 29 млн. 555 мың теңгеге несие берілді..

Инновациялық үрдісті басқарудың негізгі элементі өнеркәсіптерді басқару болуы қажет. Оның мақсаты –өнеркәсіптіктің ғылыми техникалық және өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын келесідегідей салалар бойынша анықтау болып табылады:

- шығарылатын өнімді дамыту;

- өнеркәсіпті одан әрі дамыту;

- өндірістен ескірген өнімді шығару.


Индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы проблемалар:


1) өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;

2) негізгі қорлардың тозуы және ескі технологияларды пайдалану;

3) айналым қаражатының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзақ мерзімді кредитке қол жеткізе алмау;

2. Сауданы дамыту

Ішкі сауда

Катонқарагай ауданы бөлшек сауда өсу әлеуетіне ие, мұны аудан бойынша бөлшек сауда айналымының өсімі растайды. . 2009 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 1024,5 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты бағада 101,5% жоғары болып табылады.

Катонқарагай ауданы сауда алаңдарына жетіспеушілік жоқ және 2009 жылы 1000 тұрғынға 258,2 шаршы метрді құрайды, 2008 жылмен салыстырғанда (244,5 шаршы метр) 103,7% құрады.

Катонқарағай ауданындағы сауда өнеркәсіптерінің саны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 6 (1,8%) объектіге көбейіп, жалпы 298 объектіні құрады, соның ішінде сауда базары – 2, дүкендер – 250, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – 25, дәріханалар – 21. Дүкендер саны киосктердің, павильондардың қысқаруынан жаңа сауда объектілердің ашылуынан көбейді.

2010 жылдың 1 қаңтарына Катонқарағай ауданында 2 сауда базары істеп тұр (Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында). Сауда базарлары қызметінің тиімділігін арттыру, мәдениетті сауда түрлерін құру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында базарларда абаттандыру, қосымша сауда орындарын құру жыл сайын қарастырылып отырылады.

Үлкен Нарын базарында «демалыс күні» жәрменкесі тұрақты жұмыс істеп тұрады. Онда шаруа қожалықтары, қайта өндеу кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар қатысады

Ішкі сауданы дамытудың жағымды жақтарымен қатар жағымсыз көріністері де бар. Ішкі саудада , ең алдымен, сауда базарларында көлеңкелі көлем айналымы шоғырланған. Яғни сатушы кәсіпкерлердің салық салуының ашық болмауы, қайтара сатып алушылырдаң белсенді қызметі, сатылытын тауарлардың бағасын көтерудің заңдылықты деректің болмауы.


Сауда саласындағы проблемалар:


1) сауда қызметін реттеу саласының нашар заңнамалық қамтамасыз етілуі (тауардың заңмен белгіленген сауда үстемесінің болмауы);

2) сауда базарларында көлеңкелі айналым деңгейінің жоғары болуы;

3) ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі (халықты жеміс-көкөніс өнімімен қамтамасыз ету үшін сауда-логистикалық терминалдың жоқ болуы).


3. Кәсіпкерлікті дамыту.

Кәсіпкерлікті дамытудың динамикасы

Ауданда 2213 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді немесе ол былтырғы жылмен салыстырғанда 101,8% құрады, соның ішінде 117 заңды тұлға былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 107,3%, 1477 шаруа қожалықтары былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 102,9%, патент бойынша істеушілер саны 204, яғни былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 99,5%, жалпы орнатылған тәртіп бойынша жұмыс істеушілер саны 17 кәсіпкерлер, яғни былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 85%, жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істеушілер саны 276 кәсіпкерлер, яғни былтырғы жыл кезеңімен салыстырғанда 98,5%. Шағын кәсіпкерлік саласында 4563 адам еңбек етіп, олардан аудан бюджетіне 61,4 млн. теңге салықтар түсті немесе 2008 жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға өсті. Ауданда 250 дүкен, 2 базар, 19 қызмет көрсету саласы, 21 дәріхана, 14 ЖМҚС, 25 кафе жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен 108 шағын цехтар айналысады, оның ішінде: 23 наубайхана, 27 май соғу, 19 диірмен, 2 гематоген және пантокрин өндіретін цех.

Кәсіпкерлік саласындағы негізгі проблемалар:

  1. Кәсіпкерлердің қызметінде әкімшілік кедергілердің болуы;

  2. өндірістік өнімдер шығаруда шағын кәсіпкерлік субъектілердің белсенділігінің төмендігі

  3. Кредиттік ресурстарға қол жетімділік шектелген.



4. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.

Инвестицияларды тарту


Катонқарағай ауданындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында шағын және орта бизнестің барлық бағыттары мен салаларында негативті тенденцияның дамуын болдырмауда, әртүрлі шаралар жүргізіліп отырылады. Дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау, бюджеттік емес инвестицияларды тарту, кәсіпорындарда жұмыс орындардың қысқаруын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы аудан бойынша түрлі қаржы көздері есебінен негізгі капиталға 1 млрд. 134,5 млн.теңгенің инвестициясы тартылды, бұл 2008 жылдағыдан 8,4 пайызға артық.

2008 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шағын және орта бизнестің 5 кәсіпорындары жұмыстарын бастады. 2009 – 2010 жылдарға ауданда 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, бұл 106 жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді.

Катонқарағай ауданы бойынша 2009 жылы Шығыс Қазақстан оюлысы координациялық кеңесіне 8 жоба қарастырылуға ұсынылды. 2 жобаның құжаттары «Даму» ФРП» АҚ ұсынылды. 2009 жылы қараша айында «Бизнес - Кеңесші» бағдарламасының аясында кәсіпкерлер үшін оқыту семинары өткізілді. Бұл семинарға 46 адам қатысып, сертификаттарға ие болды. Кәсіпорындар қызметін белсендіру, Қазақстандық көлемді ұлғайту бағдарламасын жүзеге асыру, өндірілетін өнімнің көлемін көтеру бойынша ауданның ірі кәсіпкерлерінің форумы өткізілді.

2009 жылдың басынан бастап кәсіпкерлік қызметтің 4 объектісі эксплуатацияға негізіліп, 40 жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан екінші деңгейлі банктердің филиалдары «Даму» бағдарламасы бойынша бинзестің дамуына 3,650 млн. теңге қаржыға 2 несие берілді.


Инвестициялар саласындағы негізгі проблемалар:


  1. өңір экономикасының шикізаттық емес секторының инвестициялық жеткіліксіз тартымды болуы;

  2. потенциалды нарықтағы инвестиция салымдары бойынша ақпараттың аздығы;

3) ивестициялық жобаларға қатысты қаржылық даму институттары және екінші деңгейдегі банктердің қатаң кепілдік саясаты.

5. Туризмді дамыту


Катонқарағай ауданы туристік зор әлеуетке ие. 2007 жылдың 28 қазанындағы аудандық мәслихаттың екінші сессисының шешімімен Катонқарағай ауданында туризмді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген. Ол сыртқы және ішкі туризмді дамыту, туризмнің негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шаралары, несиелеу және қаржыландырудың өзге түрлеріне жағдай туғызу, туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат туғызу сияқты міндеттер қояды. 2009 жылы сыртқы және ішкі туризм бойынша туристердің жалпы ағымын орташа есеппен алғанда 5000 адамға дейін қамту ойластырылуда. Туристердің есебін жүргізу бір жүйеге келтірілді.

Катонқарағай ауданында 9 пантомен емдеу орындары жұмыс істеуде. Катонқарағай ауылында 2007 жылы «Тұлпар» ш/қ (Қабанбаев А.А.) «Аққайың» қонақүй-сауықтыру кешені, минералды су шығаратын цех және қымызды шөлмектерге құю цехі жұмыс істейді.

ашылып, жұмыс істеуде. Бұл кешенде пантомен емдеу, фитоемдеу, relax-терапия, массаж сияқты емдік - сауықтыру процедуралары ұсынылады.

«Рахман қайнарлары» санаториінің бас жоспарының жобасын жасау жұмыстары жүргізілуде. «Бипек-Авто»ЖШС санаториді қалпына келтіру жұмысын жалғастыруда. Родонды бастаулар негізінде құрылған бұл жоғарғы таулы сауықтыру кешенінің дамуына қомақты инвестициялар салынуда. Оған 180,0 млн теңге қаражат жұмсалды.

Бағдарлама шегінде «Ақ-Бұлақ-Алтай» ЖШС (Тоқтаров Н.З.) Ақмарал ауылы маңында «Катонқарағай» сауықтыру-туристік кешенінің құрылысын аяқталып, 2009 жылдың маусым айында тапсырылды. 2009 жылы ауданда туризмді дамыту бағдарламасы негізінде Берель ауылында (Берель қазбалары) тарихи – мәдени ашық мұражайдың құрылысы басталды. Мұражай құрылысына республикалық бюджеттен 155 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Жеке кәсіпкер Исабаев Т. Катонқарағай ауылында бұрынғы банк ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп, пантомен емдеу орнын және қонақүй 2010 жылдың I тоқсанында ашу жоспарланған. Катонқарағай, Өрел, Жамбыл, Белқарағай ауылдарында қымызхана ашылып жұмыс істеуде. Берель ауылында (ЖК Амренов) қонақүй және қымызхана жұмыс істеуде.

Приморск ауылында Биткембаев Ж.К. жер телімі берілді. Онда демалу базасының құрылысы жүргізіледі. «Екі дос» ЖШС Жаментиков Т.К. Топкайың ауылы маңында «Нұрбұлақ» санаториінің құрылысын аяқтауда, 2010 жылдың II тоқсанында ашу жоспарланған. Санаториде мейрамахана, тенис алаңы, футбол алаңы сияқты қосымша қызметтер көрсетіледі. Катонқарағай ауылында «Байтурсервис» ЖШС санатории құрылысы жоспарланған. Осы жылы Үлкен-Нарын ауылындағы қонақүйі күрделі жөндеуден өтіп жұмыс істеуде. Туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Үлкен Нарын – Күршім» автожолының 38-41 км күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар Ақмарал ауылы маңында «Тихая» демалу базасына дейін жол салынды. «Екі Дос» ЖШС демалу базасына дейін асфальтталған жол салу және байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланып салынуда. Катонқарағай ауылында су жүйелерін жөндеу және туристік объектілерді су жүйелеріне қосу жоспарланған.

Туризмді дамытуға жағдай жасау – жедел байланыстың болуы. 2006 жылы ауданымызда K-mobile компаниясының ұялы байланыс қызметі қосылды. 2007 жылы Катонқарағай ауылында ұялы байланыс қызметі қосылды. Сонымен қатар «Рахман қайнарлары» санаториіде ұялы байланыс қызметіне қосылды. 2008 жылы K-cell компаниясы ауданымызда өзінің Activ ұялы байланыс қызметін ұсынды. Жоспарланған Чернова, Ақсу, Өрел ауылдарын Beeline және K-cell ұялы байланысына қосу жүзеге асты. Черновая, Үш-төбе, Язовая, Ақсу, Черемошка ауылдарын желісіз СДМА-450 БЛЛ станциясы арқылы радиотелефондармен қамтамасыз етіліп жұмыс істеуде.

Катонқарағай ауылында бұрынғы әуежай қалпына келтіріліп, қазіргі кезде Өскемен – Катонқарағай бағытында әуе қатынасы қайта жандандырылды. «SCAT» авиакомпаниясы АН-2 ұшағымен жұмасына екі рет Өскемен – Катонқарағай бағытында ұшады. Енді туристер ауданға облыс орталығынан 1,5 сағатта ұшақпен жете алады.


Туризм саласындағы проблемалар:


1) Облыс орталығынан және қаладан алшақтығы;

2) Туризм инфрақұрылымының нашар дамуы;

3) Қатаң қыс кезеңімен жене қыс жол жағдайымен байланысты


3. Стратегиялық бағыт

р/с



Міндеті

Шешім жолдары




Ауданның шағын кәсіпкерлігін динамикалық және жиынды дамуын қамтамасыз ету.

  1   2   3   4

Похожие:

«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы
Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы...
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Миссиясы: Зайсан ауданының тұрақты дамуына отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, отандық тұтынушыны сапасыз...
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconШортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62 бабына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі Қаулы етеді
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconКатонқарағай ауданының Акимат
Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының...
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconКатонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Мемлекеттік орган қызметі нәтижесінің көрсеткіштері, стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Күршім ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconӨскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconКатонқарағай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің 2011 жылдың 2 жартыжылдығында атқарған жұмысы
Катонқарағай ауданында кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту...
«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница