Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының




НазваниеҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
страница1/19
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/68/68/publish68-724674338..doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ҚРӘМ № 4138 28.03.2006ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2006 жылғы 25 ақпан № 61


Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы


өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 147 12.08.2006ж.

2.ҚҚА № 74 30.03.2007ж.

3.ҚҚА № 155 28.05.2007ж.

4.ҚҚА № 171 25.06.2007ж.

5.ҚҚА № 236 29.12.2008ж.

6.ҚҚА № 62 27.03.2009ж.

7.ҚҚА № 242 30.11.2009ж.

8.ҚҚА № 39 29.03.2010ж.

9.ҚҚА № 50 29.03.2010ж.


"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, орталық депозитарийге, брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға А. Дунаев



Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы
25 ақпан № 61 қаулысының
1-қосымшасы




Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі


Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі -Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабының 1-тармағына, 38-бабының 1-тармағына, 3- бабының 2-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес әзірленді, “Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен және номиналды ұстаушы қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу талаптары мен тәртібін (бұдан әрі – номиналды ұстаушы), сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және ресімдеу тәртібін белгілейді.



1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - клиент үшін және оның бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;

2) ислам бағалы қағаздары – ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;

3) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған пайларды қоспағандағы жеке шот;

4) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;

5) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция - номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгерту) және (немесе) номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы іс-әрекетінің жиынтығы;

6) операциялық күн - осы кезең ішінде номиналды ұстаушы қабылдау өткізеді, бұйрықтарды өңдейді, жеке шот және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;

7) «репо» операциясы - тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын («репо» операциясына қатысушылар), «репо» операциясының мәні бір шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзімі бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бір-біріне қарама-қарсы, бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы;

8) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

9) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты - қайталама бағалы қағаздар рыногында эмитент сатып алған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитентке ашылған, пайларды қоспағандағы жеке шоты.

2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін номиналды ұстаушының есебі жүйесінде клиентке жеке шот және орталық депозитарий есебі жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.

Орталық депозитарий есебі жүйесінде қосалқы шотты ашу үшін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге осы ереженің 4-тармағының талаптарына сәйкес, оны ашу үшін қажетті барлық деректемелерді көрсете отырып, клиент туралы мәлімет береді.

3. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі жұмыс уақытының сегіз сағатынан кем болмауы тиіс.

4. Номиналды ұстаушы жеке шотқа дербес нөмір береді. Клиенттің орталық депозитарийдегі жеке шотында және қосалқы шотында міндетті түрде мыналар туралы мәліметтер болады:

1) тіркелген тұлға (аты-жөні, (болса) әкесінің аты немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, экономика секторының белгілері (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген)), заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, почталық және заңды мекен-жайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға Ережелер жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес қосалқы шотты және/немесе тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);

2) осы жеке шотта/қосалқы шотта тіркелген бағалы қағаздардың саны, түрі және бірегейлендіру нөмірі;

3) ауыртпалығы бар бағалы қағаздардың саны туралы;

3-1) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар туралы;

4) оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы;

5) “репо” операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың саны;

6) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер мен номиналды ұстаушының есеп беру жүйесінде көрсетілген операциялар туралы:

мәміле/операция түрі;

оны тіркеу күні және уақыты;

мәмілені/операцияны жүргізу негіздемесі;

операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;

бағалы қағаздардың саны, түрі, бірегейлендіру нөмірі, оларға қатысты тіркелген мәміле;

операциялардың/мәмілелердің белгілі бір түрлері үшін қажетті басқа да мәліметтер;

5. Жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:

1) “негізгі” - мәмілелер жүргізуге шек қойылмаған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

2) “оқшаулау” - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

3) “репо” - “автоматты репо” секторында жасалған ”“репо” операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

4) “ауыртпалығы бар” - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде туындаған бағалы қағаздарды ұстаушысының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мәмілелерді жүзеге асыруға шектеулер қойылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

Номиналды ұстаушы жеке шотта бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосымша бөлімдер ашуы мүмкін.

6. Номиналды ұстаушының жеке шоты номиналды ұстаушыларға орталық депозитарий есебі жүйесінде немесе кастодиан есебі жүйесінде оларға шетелдік бағалы қағаздарға немесе номиналды ұстау қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты номиналды ұстау қызметін көрсету кезінде жеке шотты ашуға арналған бұйрықтың және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен немесе кастодианның ішкі құжаттарымен айқындалған құжаттар негізінде ашады.

7. Номиналды ұстаушы жеке тұлғаның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шотын ашуды жеке шотты ашу туралы бұйрықтың, адамның жеке басын куәландыратын куәліктің және номиналды ұстау туралы шарттың негізінде ашады.

8. Номиналды ұстаушы заңды тұлғаның номиналды ұстау есебі жүйесіндегі жеке шотын мынадай құжаттар негізінде ашады:

  1. жеке шотты ашу туралы бұйрық;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

  3. алынып тасталсын;

  4. номиналды ұстау туралы шарт;

5) жеке шоттар мен ақпараттық операциялар бойынша операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлғаның өкілдері қолдарының үлгілерін нотариатта куәландырған құжаттарда және заңды тұлғаның мөр бедерінда мыналар туралы мәліметтер бар:

номиналды ұстаушының атауы;

заңды тұлғаның атауы - құжаттарға қол қоюға құқық беретін номиналды ұстаушының клиенті;

номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, аты-жөні, бар болғанда әкесінің аты, оның тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері;

осы құжаттағы қолдардың үлгілері номиналды ұстаушының жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық опеарцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатындығын көрсету.

Номиналды ұстау жүйесінде заңды тұлғаға екі және одан да көп жеке шоттар ашқан жағдайда, осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында санамаланған құжаттар бірінші жеке шотты ашқан кезде ұсынылады.

8-1. Номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесінде пайлық инвестициялық қорда жеке шотты ашу номиналды ұстаушы мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

  1. инвестициялық портфелді басқарушыға жеке шотты ашуға шығарылған бұйрық;»

2) жеке шоттар бойынша және ақпараттық операциялар құжаттарын тіркеуге қол қою құқына ие инвестициялық портфелді басқарушы өкілдерінің ноториалды куәландырылған үлгілерден тұратын құжаттар мен оның:

номиналды ұстаушының атауы;

пайлық инвестициялық қордың атауы;

инвестициялық портфелді басқарушының атауы сияқты деректері бар мөрдің көшірмесі;

лауазымы, тегі, аты-жөні, бар болса – инвестициялық портфелі басқарушы өкілдің әкесінің аты, оның кім екенін куәландыратын құжатының деректері;

номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ашылған пайлық инвестициялық қордың есепшоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде осы құжаттағы қолдардың үлгілерінің болуы міндетті саналуыныңатап көрсетілуі;

3) номиналды ұстаушының ішкі құжатарында қарастырылған басқа да құжаттар.

9. Номиналды ұстаушы инвестициялық портфелді басқару қызметін (бұдан әрі- инвестициялық портфелді басқарушы) жүзеге асыратын ұйымның клиенттеріне мынадай құжаттардың негізінде жеке шот ашады:

1) инвестициялық портфелді басқарушыға инвестициялық портфелді басқару шартына сәйкес берілген немесе клиенттің сенімхатымен не оның клиентімен тәуелсіз берілген жеке шотты ашу бұйрығы;

2) осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

3) инвестициялық портфелді басқару шартының көшірмесі немесе клиенттің шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалған операцияларды жүзеге асыруға клиенттің сенімхаты;

4) жеке шоттар және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие инвестициялық портфелді басқару өкілдерінің қолдары үлгілерінің нотариатта куәландырған құжаттарда және оның мөр бедерінда мыналар туралы мәліметтер бар:

номиналды ұстаушының атауы;

құжаттарға қол қоюға құқық беретін номиналды ұстаушы клиентінің атауы (аты-жөні, бар болса әкесінің аты);

инвестициялық портфелді басқарушының атауы;

инвестициялық портфелді басқарушы өкілдерінің лауазымы, аты-жөні, бар болса әкесінің аты, оның тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері;

осы құжаттағы қолдардың үлгілері номиналды ұстаушының жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық опеарцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатындығын көрсетеді.

5) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген өзге құжаттарда.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметімен номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті қоса жүзеге асыратын ұйым осы ұйымда инвестициялық басқарудағы инвестициялық қордың бағалы қағаздар ұстаушысын қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару шарты жасалған клиенттің бағалы қағаздарын номиналды ұстауды жүзеге асырмайды.

10. Эмитенттің мәлімденген бағалы қағаздардың есебіне арналған жеке шоты эмитенттің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықтың және андеррайтинг келісімінің, сондай-ақ осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде бағалы қағаздарды орналастыру кезінде ашылады.

11. Номиналды ұстау есебі жүйесінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шоты жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықтың, сондай-ақ осы ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде эмитентке ашады.


12. Эмитенттің орналастырылмаған және сатып алынған бағалы қағаздары орталық депозитарийдің ережесінің жиынтығына қажетті эмитенттің барлық деректемелерін ашу арқылы орталық депозитарийде номиналды ұстаушы ашқан қосалқы шоттарда ескеріледі.


13. Жеке шотты ашу жөніндегі бұйрыққа заңды тұлғаның өкілі (жеке тұлғамен немесе оның өкілімен) қол қояды және онда мынадай мәліметтер бар:

1) заңды тұлғаның атауы ( жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса әкесінің аты);

  1. жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

  2. жеке тұлғаның туған жылы;

  3. заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлігінің берілген күні және нөмірі;

  4. заңды тұлғаның орналасқан жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері), почтаның мекен-жайы;

  5. оған бағалы қағаздарға қатысты таралатын салық жеңілдіктері туралы мәліметтер;

  6. банктің деректемелері;

8) орталық депозитариийге және/немесе номиналды ұстаушыға қажетті басқа мәліметтерді ереженің жиынтығына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес, тиісінше басқа мәліметтер.


14. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасауды және оларды сақтауды жүзеге асырады.

Номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесі номиналды ұстаушымен күн сайын жүзеге асырылады. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.

15. Резервтік көшірмелерді сейф операцияларын жүзеге асыратын ұйымның сыртқы тасымалдаушыларда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) сақтайды, номиналды ұстаушының аффилиирленбеген.

Резервтік көшірмелерді сақтау үшін сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйыммен шартты жасау (бұзу) сәтінен бастап он күнтізбелік күн ішінде номиналды ұстаушы шарт жасалған (бұзылған) ұйымның атауын, сондай-ақ жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып уәкілетті органға хабар береді.

Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.

15-1. Сейфтік операцияларды жүзгеге асыратын ұйымдармен жасалатын шартта уәкілетті органға сақтаулы тұрған резервтік көшімелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге мүмкіндік беретін шарттарды қарастыру қажет.


2-тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу талаптары және тәртібі


16. Номиналды ұстау есебі жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.

17. Номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияның мынадай түрлері жүзеге асырылады:

  1. мыналар жататын жеке шоттар бойынша операциялар:

жеке шоттың ашылуы;

бағалы қағаздар ұстаушысы туралы мәліметтердің өзгеруі;

акциялардың күшін жоюы;

бағалы қағаздарды ұстаушылардың шотынан/шотына бағалы қағаздардың есептен шығарылуы/есепке алынуы;

бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотында/қосалқы шотында жарғылық капиталдың мөлшері ұлғаймастан орналастырылған акциялар санының (акцияларды бөлшектеу) артуына байланысты акциялар санының артуы туралы жазбаларды енгізу;

қиындығы бар бағалы қағаздар және қиындықты алып тастау;

бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;

сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және сенімгерлік басқару туралы жазбаны алып тастау;

жеке шотты жабу;

2) мыналар жататын ақпараттық операциялар:

жеке шоттың үзінді көшірмесін беру;

өткізілген операциялар туралы есепті беру;

бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарий, эмитенттердің және уәкілетті органдардың сұратуы бойынша басқа есептерді дайындау және беру;

18. Номиналды ұстаушы ішкі құжатпен белгіленген тәртіппен:

1) клиенттердің жеке шоттарымен және ақпарат операцияларымен және оларды орындау (орындамау) бойынша операцияларды жүргізуге қабылданған бұйрықтар;

  1. жеке шоттар бойынша операциялар;

3) жеке шоттар және ақпараттық операциялар бойынша операцияларды тіркеуге құжаттарды қол қоюға сенімхаттар жөнінде сенімді және өзекті есеп беруді тіркеу журналдарын жүргізу арқылы жүзеге асырады.


19. Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операцияларды жүргізу барысында бағалы қағаздар бойынша құқықтарының өтуін тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарий есебі жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу күніне орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде клиенттің қосалқы шоты бойынша тиісінше бұйрықты жібереді. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операциялар номиналды ұстау жүйесінде операцияны жүргізу күнімен көрінеді. Номиналды ұстаушы клиентке оның бұйрығының орындалғандығы туралы есепті орталық депозитарийден операцияны жүргізу туралы растама алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

Түрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасындағы операцияларды жүргізу кезінде орталық депозитарийдегі олардың жеке шоттары бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтарын өткізуді тіркеу кейіннен номиналды ұстаушылардың есепке алу жүйесінде көрсетілу арқылы жүзеге асырылады. Номиналды ұстаушылар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі өздерінің клиенттерінің қосалқы шоттары бойынша мәмілелерді тіркеу туралы бұйрықтарды клиенттің номиналды ұстаушы жүйесіндегі сәйкесетін бұйрықтың тіркелу күніне жібереді.

Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операциялардың жүргізілгендігі туралы орталық депозитарийден растама алғаннан кейін бір сағат ішінде номиналды ұстаушы есебі жүйесінде осы операцияны көрсетеді.


Ұйымдаспаған рынокта тіркеушінің клиенті мен номиналды ұстаушының клиенті арасындағы операцияларды жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздар бойынша құқықтарының өтуін тіркеуді тіркеуші клиентінің жеке шоттары бойынша мәміле қатысушыларының қарсы бұйрықтары мен депонент бұйрығының негізінде іс-қимыл жасайтын орталық депозитариийдің негізінде жүзеге асырады.

Сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгертуді немесе тоқтатуды тіркеуді номиналды ұстаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелері бар орындау парағының негізінде жүзеге асырады және орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушымен тіркелген, сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгерту немесе тоқтату номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот бойынша операцияларды жүргізу күнінде орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі.

19-1. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде деректері жоқ болса, онда номиналды ұстаушы клиеттің өтінімі негізінде оған ондай өтінімді алған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аталған клиентке мүмкіндігі басым сатып алу құқын жүзеге асыратын өтінім беру туралы тапсырманы жібереді.

20. Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізерден бұрын бұйрықтардағы қолдарды заңды тұлға өкілдерінің қолдарының үлгілерін нотариатта куәландырылған құжатта көрсетілген қолдарына сәйкестігін немесе жеке тұлғаның не мәміле жасаушы тарап болып табылатын оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы көрсетілген қолдарға сәйкестігін салыстырады.

Бұйрықтағы қойылған қолдың үлгісінің заңды тұлға өкілдерінің қойған қолдарының үлгілерін нотариатпен куәландырылған құжаттағы немесе жеке тұлғаның не мәміле жасаушы тарап болып табылатын оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы көрсетілген қойған қолдарына сәйкес еместігі көзбен шолып өткенде байқалса, егер бұйрыққа номиналды ұстаушының жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаса, номиналды ұстаушы клиентке бұйрықта көрсетілген іс-әрекетті жасау ниетін растау туралы сұрату жібереді.


21. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда рәсімдейді:

1) бұйрықтардағы қолдардың үлгілерінің нотариатта куәландырылған үлгілерге сәйкес келмесе;

2) операцияны жасауға бұйрықты алған күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде қарсы бұйрықты ұсынбаса;

3) бұйрық деректемелерінің осы Ережелермен белгіленген деерктемелерге немесе жеке шоттың/қосалқы шоттың деректемелеріне сәйкес келмесе;

4) бағалы қағаздардың қажетті саны және/немесе клиенттің шоттарында/ (қосалқы шоттарында) ақшасы болмаса;

5) мәміле мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;

5-1) клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген уәкілетті органның келісімін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұсынбаса;

6) тиісінше мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздарды айналысқа жіберілуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім болса;

7) бұйрықта көрсетілген жеке шот немесе қосалқы шот, оқшауланса;

8) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздардың қиындыққа ұшыраса;

9) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен көзделген өзге жағдайларда.

22. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы тіркелген ұстаушы туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

Номиналды ұстаушы жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы қордың басқарушы компаниясының осы қор туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

Орталық депозитарий «International bank account number» (IBAN) банк шоттарының халықаралық стандарттарға көшуіне байланысты Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі депоненттердің жеке шоттарының аясында ашылған қосалқы шоттардың деректемелерінде қамтылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы депоненттің жеке шоты аясында ашылған барлық қосалқы шоттар бойынша депонент бұйрығының негізінде жүргізеді.

23. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан/шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операцияларын мына жағдайлардан:

1) орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін, ұйымдастырылған нарықта жасалған операциялардан;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелерді қамтитын орындау парағының негізінде тіркелетін сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтардың өзгеруі немесе тоқтатылуы бойынша операциялардан;

3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкілетті органның шотына есепке алу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) қаулысының 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркелетін операциялардан;

4) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциялары мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрықтың, мұрагерлік құқығы туралы куәлік түпнұсқасының немесе нотариат куәландырған көшірмесінің, мұрагер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың және номиналды ұстау жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде тіркелетін бағалы қағаздарды мұрагерлікке алу жағдайларынан;

5) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциялары бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын екінші деңгейдегі банк бұйрығының және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот бекіткен банктің қайта құрылымдау жоспарына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушының міндеттемелерді орындау нұсқаларының ішіндегі біреуін таңдағанын растайтын құжаттың негізінде тіркелетін ұстаушыларға тиесілі екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарды қайта құрылымдау аясында осы екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарға ауыстыру жағдайларынан;

6) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары негізінде жүргізеді.

Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар екенін растайтын құжатты сұратады.

23-1. Орталық депозитарий номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушының лицензиясын тоқтата тұрған не айырған жағдайда, номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды шығынға жазуды номиналды ұстаушының не бағалы қағаздарының есебі орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесіндегі қосалқы есепшотында жүзеге асырылатын клиенттің осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтыған бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

Номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрғаннан кейін жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізу заңсыз болып есептеледі және ақпараттық операцияларды және «репоны» жабу операцияларын, сондай-ақ осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген операцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген жауапкершілікке алып келеді.

Сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде «тікелей» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап, егер осы номиналды ұстаушының клиенті онымен жасалған шарт негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда ашылған өз қосалқы шотына өз қаржы құралдарын аударым жасауға бұйрық бермеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде жабылады.

«Автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған жағдайда мәміле жасау мерзімдерінен тәуелсіз жасалған шарт талаптарына сәйкес жабылады. Тараптардың келісімі бойынша «автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» мәмілесін мерзімінен бұрын бұзуға болады.

Кепіл заты болып табылатын қаржы құралдары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда онымен жасалған шарт негізінде ашылған клиенттің қосалқы шотына аударылады. Тараптардың келісімі бойынша кепіл заты болып табылатын қаржы құралдарымен мәмілені мерзімінен бұрын бұзуға болады.

23-2. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда номиналды ұстаушы клиенттердің номиналды ұстауға берілген активтердің қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында номиналды ұстаушының есеп жүргізу жүйесінде клиентпен номиналды ұстау жөнінде жасалған шарт аясында ашылған шоттардағы активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарды номиналды ұстаушыға ұсыну қажеттілігі туралы клиенттерді хабардар етеді.

Номиналды ұстаушы клиенттің активтерін есептен шығару жөніндегі бұйрығын алған жағдайда осы Ереженің 23-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны клиентке жіберген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде клиенттің активтерін есептен шығару туралы бұйрықты не клиенттің орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, номиналды ұстаушы:

1) орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесінде ашылған номиналды ұсатушының шотынан бағалы қағаздарды кейін оларды эмитенттің бағалы қағаздарын ұсатушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке алуы мақсатында бағалы қағаздарды есептен шығару жөнінде бұйрық жібереді;

2) клиенттің ақшасын, кейіннен оларды номиналды ұстаушының осы клиентіне тапсыру үшін, нотариус депозитіне береді;

3) осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағаны туралы клиентті хабардар етеді.

Орталық депозитарий номиналды ұстаушының шотынан клиенттердің активтерін есептен шығаруды номиналды ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.

23-3. Орталық депозитарий номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және

1) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне тізілімдер жүйесінде жеке шотты ашу;

2) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған жеке шотына оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі бұйрықтарды жібереді:

Тізілімдер жүйесіндегі жеке шотқа есепке алынған бағалы қағаздардың меншік иесі орталық депозитарийге өтініш жасаған жағдайда орталық депозитарий оған жеке шотының деректемелері мен осы жеке шотты ашқан тіркеуші туралы мәліметтерді ұсынады.

24. Ұйымдаспаған рынокта пайларды орналастыру бойынша орталық депозитарийдің есеп беру жүйесінде операцияны жасау тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.

Орталық депозитарий инвестициялық пай қорының пайларды орналастыру бойынша сауда-саттықты және орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәмілелерді тіркеуді жүргізу күнінде номиналды ұстаушыға орналастырылған пайлар санын көрсете отырып, орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде операцияның орындалғандығы туралы растама жібереді.

Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде операцияның орындалғандығы туралы растама алғаннан соң бір сағат ішінде осы инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге кастодианмен расталған, басқарушы компанияның бұйрығында көрсетілген санда пайлардың есептелгендігі туралы бұйрық жібереді.


25. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізуге бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:


1) бұйрықты тіркеу нөмірі, күні және уақыты;

2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;

3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;

4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

5) бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірі, түрі;

6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;

7) бағалы қағаздарға қатысты мәмілелер/операциялар түріне берілген нұсқау;

8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;

9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.

26. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды, егер мәміленің тарапы заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырады.

Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының пайлармен операцияны жүргізу туралы бұйрығына ақпараттық операцияларды қоспағанда, оған оның өкілі қол қойып, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ инвестициялық пай қоры активтерінің есеп беруін қамтамасыз ететін кастодианның бөлімше басшысы қол қояды.


27. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарға ауыртпалық түсіру жөніндегі операцияларды бағалы қағаздарының ауыртпалығы бар және олардың ауыртпалығы тіркелген тұлға пайдасына шешілетін ұстаушының қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздардың ауыртпалығы кезінде бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотында ауыртпалығы пайдасына шешілген тұлға туралы жазба жасалады, ал “негізгі” бөлімдегі бағалы қағаздар осы жеке шоттың “ауыртпалығы бар” бөлімінің есебіне алынады. Ауыртпалығы пайдасына шешілген тіркелген тұлғаның жеке шотына ауыртпалығы бар бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру коды, сондай-ақ бағалы қағаздарының ауыртпалығы бар ұстаушы туралы жазбалар енгізіледі.


Номиналды ұстаушы ауыртпалығы бар бағалы қағаздарды алып тастау операцияларын мәмілеге қатысқан тұлғалардан ауыртпалықты алып тастау туралы қарсы бұйрықтардың негізінде жүргізеді. “Ауыртпалығы бар” бөлімінен Бағалы қағаздардың қиындығын алып тастау бойынша операцияларды жүргізу кезінде бағалы қағаздар бағалы қағаздар ұстаушысының “негізгі” жеке шотына ауыстырылады. Тіркелген тұлғаның жеке шотындағы бағалы қағаздардың қиындығы туралы жазбаның күші жойылады.

Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі бағалы қағаздардың ауыртпалығы бойынша немесе ауыртпалықты алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.

28. Номиналды ұстау жүйесінде номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды оқшаулау және оқшаулауды алып тастау бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың сәйкес құжаттары негізінде жүргізеді немесе клиенттің бұйрығымен. Оқшаулау операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар “негізгі” бөлімнен жеке шоттың “оқшаулау” бөліміне ауыстырылады. Оқшаулау операцияларын алып тастау кезінде бағалы қағаздар “оқшаулау” бөлімінен “негізгі” бөлімге ауыстырылады.


29. Номиналды ұстаушы “репо” операцияларын мәмілені тіркеу жөніндегі қарсы бұйрықтар негізінде жүргізеді.

“Репо” операциялары мыналарға бөлінеді:

“репоны” ашу - “репо” операциясы қатысушыларының бірінен екіншісіне осы мәміленің ақша сомасын аударуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздарды және “репо” операциясына екінші қатысушының біріншісіне белгілі сандағы бағалы қағаздарды беру жөніндегі сатып алу-сату мәмілесі;

“репоны” жабу - “репоны” ашу жағдайындағы сияқты “репо” операциясы қатысушыларының екіншісінен біріншісіне осы мәміле сомасындағы ақшаны аударуды болжайтын және “репоны” ашу мәмілесіндегі сияқты сол шығарылған бағалы қағаздар санын “репо” операциясына қатысушысының біріншісінен екіншісіне сатып алу-сату мәмілесі.

Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында “репоны” ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге аударылады. Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында “репоны” жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге аударылады.

Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен есептен шығарылады. Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге аударылады.

Сатып алушы болып табылатын номиналды ұстаушының клиенті мен осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатып алушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге есепке алынады. Сатып алушы болып табылатын номиналды ұстаушының клиенті мен осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатып алушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен есептен шығарылады.

Бір номиналды ұстаушының клиентімен жасалған мәміле бойынша қор биржасының сауда алаңында автоматты тәсілмен “репо” операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы “репо” бөліміне ауыстырылады.

Бір номиналды ұстаушының клиентімен және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғамен жасалған мәміле бойынша қор биржасының сауда алаңында автоматты тәсілмен “репо” операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының “негізгі” жеке шотындағы бөлімнен есептен шығарылады немесе сатып алушының жеке шотындағы “репо” бөліміне есепке алынады.

Орталық депозитарийдің есеп жүйесінде “репо” операциясын жүргізу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен айқындалады.

30. Номиналды ұстаушы акцияларды жою операцияларын жеке шоттардың барлық бөлімдерінен акцияларды есептен шығару жолымен акцияларды жою туралы уәкілетті органнан хабарлама алған күні жүргізеді.

Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды жою операциясын орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде жеке шоттың барлық бөлімдерінен бағалы қағаздарды есептен шығару жолымен жүргізеді.

31. Орталық депозитарий уәкілетті органның эмитентіне берілген орналастырылған акция санының артуы есебінен мәлімденген акциялар санының артуын көрсететін мәлімденген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және орталық депозитарий есебінен үзінді жазбаны тіркеушіден алғаннан кейін бір сағат ішінде аталған құжаттардың көшірмесін куәлікте көрсетілген жеке шоттарында акция эмитентінің есебі жүзеге асырылатан номиналды ұстаушыға жібереді және осы номиналды ұстаушының жеке шоттары бойынша сәйкес операциялар жүргізеді.

Орталық депозитарийден жоғарыда аталған құжаттарды алған номиналды ұстаушы күннің соңына дейін номиналды ұстаушының есебі жүйесіне тиісінше өзгерістер енгізеді.

32. Бағалы қағаздар ұстаушының жеке шотын жабу бойынша операцияны:

1) жеке шотты жабу жөніндегі бұйрықтың негізінде;

2) егер осы клиентпен жасалған номиналды ұстау туралы шартта өзге мерзім белгіленбесе соңғы он екі айда осы жеке шотта бағалы қағаздар болмаған жағдайда;

3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда клиентке барлық активтер қайтарылған жағдайда номиналды ұстаушы жүргізеді.

Жеке шотты жапқан кезде клиентке номиналды ұстаушының ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісті хабарлама жіберіледі.

33. Номиналды ұстаушы ақпараттық операцияларды жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушының жазбаша өкімдері (бұйрықтары) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайлардағы мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

34. Жеке шоттың үзінді көшірмесі, орталық депозитарийдің үзінді көшірмесінің қоспағанда, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес құрастырылады және мынадай мәліметтер болады:

  1. жеке шот нөмірі;

  2. бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса әкесінің аты);

  3. заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат атауы және деректемелері);

  4. эмитенттің атауы және оның тұрған жері не инвестициялық пай қорының атауы, сондай-ақ осы қордың басқарушы компаниясы және оның орналасқан жері;

  5. бағалы қағаздардың түрлері және бірегейлендіру нөмірлері;

  6. облигацияларды (ислам бағалы қағаздарды) өтеу күні;

  7. ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланған және (немесе) репоға берілген, жеке шотта үзінді көшірмесі жасалған күндегі жағдай бойынша тіркелгендері көрсетілген бағалы қағаздардың белгілі түрінің жалпы саны;

  8. номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;

  9. жеке шоттың үзінді көшірмесімен қалыптасқан жағдайы бойынша уақыты, күні.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында,...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
Қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі №105 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница