Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы




НазваниеНоминалды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
страница4/11
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish292779_8999.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қаулысымен 23-3-тармақпен толықтырылды

23-3. Орталық депозитарий номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және

1) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне тізілімдер жүйесінде жеке шотты ашу;

2) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған жеке шотына оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі бұйрықтарды жібереді.

Тізілімдер жүйесіндегі жеке шотқа есепке алынған бағалы қағаздардың меншік иесі орталық депозитарийге өтініш жасаған жағдайда орталық депозитарий оған жеке шотының деректемелері мен осы жеке шотты ашқан тіркеуші туралы мәліметтерді ұсынады.

24. Ұйымдаспаған рынокта пайларды орналастыру бойынша орталық депозитарийдің есеп беру жүйесінде операцияны жасау тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.

Орталық депозитарий инвестициялық пай қорының пайларды орналастыру бойынша сауда-саттықты және орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәмілелерді тіркеуді жүргізу күнінде номиналды ұстаушыға орналастырылған пайлар санын көрсете отырып, орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде операцияның орындалғандығы туралы растама жібереді.

Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде операцияның орындалғандығы туралы растама алғаннан соң бір сағат ішінде осы инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге кастодианмен расталған, басқарушы компанияның бұйрығында көрсетілген санда пайлардың есептелгендігі туралы бұйрық жібереді.

25. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізуге бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 236 Қаулысымен 1) тармақша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1) бұйрықты тіркеу нөмірі, күні және уақыты;

2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;

3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;

4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

5) бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірі, түрі;

6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;

7) бағалы қағаздарға қатысты мәмілелер/операциялар түріне берілген нұсқау;

8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;

9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.

26. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды, егер мәміленің тарапы заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырады.

Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының пайлармен операцияны жүргізу туралы бұйрығына ақпараттық операцияларды қоспағанда, оған оның өкілі қол қойып, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ инвестициялық пай қоры активтерінің есеп беруін қамтамасыз ететін кастодианның бөлімше басшысы қол қояды.

27. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарға ауыртпалық түсіру жөніндегі операцияларды бағалы қағаздарының ауыртпалығы бар және олардың ауыртпалығы тіркелген тұлға пайдасына шешілетін ұстаушының қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздардың ауыртпалығы кезінде бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотында ауыртпалығы пайдасына шешілген тұлға туралы жазба жасалады, ал «негізгі» бөлімдегі бағалы қағаздар осы жеке шоттың «ауыртпалығы бар» бөлімінің есебіне алынады. Ауыртпалығы пайдасына шешілген тіркелген тұлғаның жеке шотына ауыртпалығы бар бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру коды, сондай-ақ бағалы қағаздарының ауыртпалығы бар ұстаушы туралы жазбалар енгізіледі.

Номиналды ұстаушы ауыртпалығы бар бағалы қағаздарды алып тастау операцияларын мәмілеге қатысқан тұлғалардан ауыртпалықты алып тастау туралы қарсы бұйрықтардың негізінде жүргізеді. «Ауыртпалығы бар» бөлімінен Бағалы қағаздардың қиындығын алып тастау бойынша операцияларды жүргізу кезінде бағалы қағаздар бағалы қағаздар ұстаушысының «негізгі» жеке шотына ауыстырылады. Тіркелген тұлғаның жеке шотындағы бағалы қағаздардың қиындығы туралы жазбаның күші жойылады.

Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі бағалы қағаздардың ауыртпалығы бойынша немесе ауыртпалықты алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06. № 171 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

28. Номиналды ұстау жүйесінде номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды оқшаулау және оқшаулауды алып тастау бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың сәйкес құжаттары негізінде жүргізеді немесе клиенттің бұйрығымен. Оқшаулау операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар «негізгі» бөлімнен жеке шоттың «оқшаулау» бөліміне ауыстырылады. Оқшаулау операцияларын алып тастау кезінде бағалы қағаздар «оқшаулау» бөлімінен «негізгі» бөлімге ауыстырылады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 28-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

28-1. Банктер туралы заңының 47-1-бабының 3-тармағында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 42-7-бабының 3-тармағында және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларының сенімгерлік басқаруы ұйымдастырылған жағдайда номиналды ұстаушы қаржы ұйымының акцияларының сенімгерлік басқаруын ұйымдастыру туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органының шешімі және бағалы қағаздардың осы ұстаушысының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу туралы сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу бойынша операция жүргізеді.

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары өткізілген жағдайда номиналды ұстаушы сенімгерлік басқарушының бұйрығы және Банктер туралы заңының 17-1-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 36-1-бабында және Сақтандыру қызметі туралы заңының 26-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде осы акциялардың меншікті иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан осы акцияларды шығынға жазу және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (шоттарына) есепке жазу бойынша операциялар жүргізеді.

Номиналды ұстаушы сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншікті иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою бойынша операцияны сенімгерлік басқарушының бағалы қағаздардың осы ұстаушысының жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.

Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жүргізілген бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына (жеке шотынан) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (жою) бойынша операциялар номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде осы операция жүргізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.

29. Номиналды ұстаушы «репо» операцияларын мәмілені тіркеу жөніндегі қарсы бұйрықтар негізінде жүргізеді.

«Репо» операциялары мыналарға бөлінеді:

«репоны» ашу - «репо» операциясы қатысушыларының бірінен екіншісіне осы мәміленің ақша сомасын аударуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздарды және «репо» операциясына екінші қатысушының біріншісіне белгілі сандағы бағалы қағаздарды беру жөніндегі сатып алу-сату мәмілесі;

«репоны» жабу - «репоны» ашу жағдайындағы сияқты «репо» операциясы қатысушыларының екіншісінен біріншісіне осы мәміле сомасындағы ақшаны аударуды болжайтын және «репоны» ашу мәмілесіндегі сияқты сол шығарылған бағалы қағаздар санын «репо» операциясына қатысушысының біріншісінен екіншісіне сатып алу-сату мәмілесі.

Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында «репоны» ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімге аударылады. Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында «репоны» жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімге аударылады.

Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы «репоны» ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімнен есептен шығарылады. Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы «репоны» жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімге аударылады.

Сатып алушы болып табылатын номиналды ұстаушының клиенті мен осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы «репоны» ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатып алушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімге есепке алынады. Сатып алушы болып табылатын номиналды ұстаушының клиенті мен осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы «репоны» жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатып алушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімнен есептен шығарылады.

Бір номиналды ұстаушының клиентімен жасалған мәміле бойынша қор биржасының сауда алаңында автоматты тәсілмен «репо» операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы «негізгі» бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы «репо» бөліміне ауыстырылады.

Бір номиналды ұстаушының клиентімен және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғамен жасалған мәміле бойынша қор биржасының сауда алаңында автоматты тәсілмен «репо» операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының «негізгі» жеке шотындағы бөлімнен есептен шығарылады немесе сатып алушының жеке шотындағы «репо» бөліміне есепке алынады.

Орталық депозитарийдің есеп жүйесінде «репо» операциясын жүргізу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен айқындалады.

30. Номиналды ұстаушы акцияларды жою операцияларын жеке шоттардың барлық бөлімдерінен акцияларды есептен шығару жолымен акцияларды жою туралы уәкілетті органнан хабарлама алған күні жүргізеді.

Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды жою операциясын орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде жеке шоттың барлық бөлімдерінен бағалы қағаздарды есептен шығару жолымен жүргізеді.

31. Орталық депозитарий уәкілетті органның эмитентіне берілген орналастырылған акция санының артуы есебінен мәлімденген акциялар санының артуын көрсететін мәлімденген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және орталық депозитарий есебінен үзінді жазбаны тіркеушіден алғаннан кейін бір сағат ішінде аталған құжаттардың көшірмесін куәлікте көрсетілген жеке шоттарында акция эмитентінің есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушыға жібереді және осы номиналды ұстаушының жеке шоттары бойынша сәйкес операциялар жүргізеді.

Орталық депозитарийден жоғарыда аталған құжаттарды алған номиналды ұстаушы күннің соңына дейін номиналды ұстаушының есебі жүйесіне тиісінше өзгерістер енгізеді.

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 236 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 242 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32. Бағалы қағаздар ұстаушының жеке шотын жабу бойынша операцияны:

1) жеке шотты жабу жөніндегі бұйрықтың негізінде;

2) егер осы клиентпен жасалған номиналды ұстау туралы шартта өзге мерзім белгіленбесе соңғы он екі айда осы жеке шотта бағалы қағаздар болмаған жағдайда;

3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда клиентке барлық активтер қайтарылған жағдайда номиналды ұстаушы жүргізеді.

Жеке шотты жапқан кезде клиентке номиналды ұстаушының ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісті хабарлама жіберіледі.

33. Номиналды ұстаушы ақпараттық операцияларды жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушының жазбаша өкімдері (бұйрықтары) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайлардағы мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconНоминалды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бұл
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы негізінде, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Осы курсты менгерген кезде, студенттер бағалы қағаздарға сай ерекшеліктерімен, бағалы қағаздарды шығару және орнату тәртібін, бағалы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница