Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы




НазваниеНоминалды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
страница3/11
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish292779_8999.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№ 147 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды

19-1. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде деректері жоқ болса, онда номиналды ұстаушы клиенттің өтінімі негізінде оған ондай өтінімді алған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аталған клиентке мүмкіндігі басым сатып алу құқын жүзеге асыратын өтінім беру туралы тапсырманы жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

19-2. Мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша және номиналды ұстау есебі жүйесінде (орталық депозитарийдің есебі жүйесінде) сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операцияларды жүргізген кезде номиналды ұстаушы (орталық депозитарий) тіркеушіге жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 19-3-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

19-3. Эмитент осы операцияны жүргізуді көздейтін, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған сауда-саттықты жүргізу әдістемесі арқылы ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында эмитент орналастырылған облигацияларды сатып алған кезде орталық депозитарийде номиналды ұстаушысының жеке шотының шеңберінде ашылған эмитенттің қосалқы шоты көрсетіледі.

Орталық депозитарий сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрығы негізінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орналастырылған облигацияларды сатып алу шеңберінде жасалған мәмілелерді тіркеу бойынша операцияларды жүргізеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 236 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

20. Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізерден бұрын бұйрықтардағы қолдарды заңды тұлға өкілдерінің қолдарының үлгілерін нотариатта куәландырылған құжатта көрсетілген қолдарына сәйкестігін немесе жеке тұлғаның не мәміле жасаушы тарап болып табылатын оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы көрсетілген қолдарға сәйкестігін салыстырады.

Бұйрықтағы қойылған қолдың үлгісінің заңды тұлға өкілдерінің қойған қолдарының үлгілерін нотариатпен куәландырылған құжаттағы немесе жеке тұлғаның не мәміле жасаушы тарап болып табылатын оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы көрсетілген қойған қолдарына сәйкес еместігі көзбен шолып өткенде байқалса, егер бұйрыққа номиналды ұстаушының жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаса, номиналды ұстаушы клиентке бұйрықта көрсетілген іс-әрекетті жасау ниетін растау туралы сұрату жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда рәсімдейді:

1) бұйрықтардағы қолдардың үлгілерінің нотариатта куәландырылған үлгілерге сәйкес келмесе;

2) операцияны жасауға бұйрықты алған күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде қарсы бұйрықты ұсынбаса;

3) бұйрық деректемелерінің Ережелермен белгіленген деректемелерге немесе жеке шоттың (қосалқы шоттың) деректемелеріне сәйкес келмесе;

4) бағалы қағаздардың қажетті саны және (немесе) клиенттің шоттарында (қосалқы шоттарында) ақшасы болмаса;

5) мәміле мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;

6) клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұсынбаса;

7) тиісінше мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздарды айналысқа жіберілуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім болса;

8) бұйрықта көрсетілген жеке шот немесе қосалқы шот, оқшауланса;

9) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздардың қиындыққа ұшыраса;

10) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен көзделген өзге жағдайларда.

22. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы тіркелген ұстаушы туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

Номиналды ұстаушы жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы қордың басқарушы компаниясының осы қор туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 39 Қаулысымен тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды (2010 жылғы 7 маусымға дейін қолданылды)

Орталық депозитарий «International bank account number» (IBAN) банк шоттарының халықаралық стандарттарға көшуіне байланысты Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі депоненттердің жеке шоттарының аясында ашылған қосалқы шоттардың деректемелерінде қамтылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы депоненттің жеке шоты аясында ашылған барлық қосалқы шоттар бойынша депонент бұйрығының негізінде жүргізеді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылады (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.12.08. № 147 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 39 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ жаңа редакцияда

23. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан (шотынан) (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізеді, мына жағдайларды қоспағанда:

1) орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін, ұйымдастырылған нарықта жасалған операциялар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелерді қамтитын орындау парағының негізінде тіркелетін сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтардың өзгеруі немесе тоқтатылуы бойынша операциялар;

3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінің 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде тіркелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотына есепке жазу бойынша операциялар;

4) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шотынан) (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциялары мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрықтың, мұрагерлік құқығы туралы куәлік түпнұсқасының немесе нотариат куәландырған көшірмесінің, мұрагер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың және номиналды ұстау жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде тіркелетін бағалы қағаздарды мұрагерлікке алу;

5) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақша міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау, тиісті жазбаларды енгізу бойынша операциялары эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылатын немесе орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде көрсетілетін эмитенттің орналастырған акцияларының бір түрінен осы эмитенттің акцияларының басқа түріне айырбастау жағдайлары.

Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты (келісімі) талап етілген жағдайда, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар екенін растайтын құжатты сұратады. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның талап етілетін рұқсаты (келісімі) болмаған кезде номиналды ұстаушы мәмілені тіркеуден бас тартады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.03. № 74 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06. № 171 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 236 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-1-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 23-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23-1. Орталық депозитарий номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушының лицензиясын тоқтата тұрған, айырған немесе оны ерікті қайтарған кезде номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды шығынға жазуды номиналды ұстаушының не бағалы қағаздарының есебі орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесіндегі қосалқы шотында жүзеге асырылатын клиенттің Ереженің 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтыған бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

Номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрғаннан немесе айырылғаннан кейін жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізу заңсыз болып есептеледі және ақпараттық операцияларды және «репоны» жабу операцияларын, сондай-ақ осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген операцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген жауапкершілікке алып келеді.

Сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде «тікелей» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап, егер осы номиналды ұстаушының клиенті онымен жасалған шарт негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда ашылған өз қосалқы шотына өз қаржы құралдарын аударым жасауға бұйрық бермеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде жабылады.

«Автоматы» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған жағдайда мәміле жасау мерзімдеріне қарамастан, жасалған шарт талаптарына сәйкес жабылады. Тараптардың келісімі бойынша «автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» мәмілесін мерзімінен бұрын бұзуға болады.

Кепіл мәні болып табылатын қаржы құралдары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда онымен жасалған шарт негізінде ашылған клиенттің қосалқы шотына аударылады. Тараптардың келісімі бойынша кепіл мәні болып табылатын қаржы құралдарымен мәмілені мерзімінен бұрын бұзуға болады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 242 Қаулысымен 23-2-тармақпен толықтырылды

23-2. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда номиналды ұстаушы клиенттердің номиналды ұстауға берілген активтердің қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында номиналды ұстаушының есеп жүргізу жүйесінде клиентпен номиналды ұстау жөнінде жасалған шарт аясында ашылған шоттардағы активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарды номиналды ұстаушыға ұсыну қажеттілігі туралы клиенттерді хабардар етеді.

Номиналды ұстаушы клиенттің активтерін есептен шығару жөніндегі бұйрығын алған жағдайда осы Ереженің 23-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны клиентке жіберген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде клиенттің активтерін есептен шығару туралы бұйрықты не клиенттің орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, номиналды ұстаушы:

1) орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесінде ашылған номиналды ұсатушының шотынан бағалы қағаздарды кейін оларды эмитенттің бағалы қағаздарын ұсатушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке алуы мақсатында бағалы қағаздарды есептен шығару жөнінде бұйрық жібереді;

2) клиенттің ақшасын, кейіннен оларды номиналды ұстаушының осы клиентіне тапсыру үшін, нотариус депозитіне береді;

3) осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағаны туралы клиентті хабардар етеді.

Орталық депозитарий номиналды ұстаушының шотынан клиенттердің активтерін есептен шығаруды номиналды ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconНоминалды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бұл
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы негізінде, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Осы курсты менгерген кезде, студенттер бағалы қағаздарға сай ерекшеліктерімен, бағалы қағаздарды шығару және орнату тәртібін, бағалы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница