Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы




НазваниеНоминалды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
страница2/11
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish292779_8999.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4) номиналды ұстау туралы шарт;

5) жеке шоттар мен ақпараттық операциялар бойынша операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлғаның өкілдері қолдарының үлгілерін нотариатта куәландырған құжаттарда және заңды тұлғаның мөр бедерінде мыналар туралы мәліметтер бар:

номиналды ұстаушының атауы;

заңды тұлғаның атауы - құжаттарға қол қоюға құқық беретін номиналды ұстаушының клиенті;

номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, аты-жөні, бар болғанда әкесінің аты, оның тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері;

осы құжаттағы қолдардың үлгілері номиналды ұстаушының жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатындығын көрсету.

Номиналды ұстау жүйесінде заңды тұлғаға екі және одан да көп жеке шоттар ашқан жағдайда, осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында санамаланған құжаттар бірінші жеке шотты ашқан кезде ұсынылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.12.08. № 147 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесінде пайлық инвестициялық қорда жеке шотты ашу номиналды ұстаушы мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

1) инвестициялық портфелді басқарушыға жеке шотты ашуға шығарылған бұйрық;

2) жеке шоттар бойынша және ақпараттық операциялар құжаттарын тіркеуге қол қою құқына ие инвестициялық портфелді басқарушы өкілдерінің ноториалды куәландырылған үлгілерден тұратын құжаттар мен оның:

номиналды ұстаушының атауы;

пайлық инвестициялық қордың атауы;

инвестициялық портфелді басқарушының атауы сияқты деректері бар мөрдің көшірмесі;

лауазымы, тегі, аты-жөні, бар болса - инвестициялық портфелді басқарушы өкілдің әкесінің аты, оның кім екенін куәландыратын құжатының деректері;

номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ашылған пайлық инвестициялық қордың есепшоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде осы құжаттағы қолдардың үлгілерінің болуы міндетті саналуының атап көрсетілуі;

3) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында қарастырылған басқа да құжаттар.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 236 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Номиналды ұстаушы инвестициялық портфелді басқару қызметін (бұдан әрі - инвестициялық портфелді басқарушы) жүзеге асыратын ұйымның клиенттеріне мынадай құжаттардың негізінде жеке шот ашады:

1) инвестициялық портфелді басқарушыға инвестициялық портфелді басқару шартына сәйкес берілген немесе клиенттің сенімхатымен не оның клиентімен тәуелсіз берілген жеке шотты ашу бұйрығы;

2) осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

3) инвестициялық портфелді басқару шартының көшірмесі немесе клиенттің шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалған операцияларды жүзеге асыруға клиенттің сенімхаты;

4) жеке шоттар және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие инвестициялық портфелді басқару өкілдерінің қолдары үлгілерінің нотариатта куәландырған құжаттарда және оның мөр бедерінде мыналар туралы мәліметтер бар:

номиналды ұстаушының атауы;

құжаттарға қол қоюға құқық беретін номиналды ұстаушы клиентінің атауы (аты-жөні, бар болса әкесінің аты);

инвестициялық портфелді басқарушының атауы;

инвестициялық портфелді басқарушы өкілдерінің лауазымы, аты-жөні, бар болса әкесінің аты, оның тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері;

осы құжаттағы қолдардың үлгілері номиналды ұстаушының жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатындығын көрсетеді;

5) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген өзге құжаттарда.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметімен номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті қоса жүзеге асыратын ұйым осы ұйымда инвестициялық басқарудағы инвестициялық қордың бағалы қағаздар ұстаушысын қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару шарты жасалған клиенттің бағалы қағаздарын номиналды ұстауды жүзеге асырмайды.

10. Эмитенттің мәлімденген бағалы қағаздардың есебіне арналған жеке шоты эмитенттің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықтың және андеррайтинг келісімінің, сондай-ақ осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде бағалы қағаздарды орналастыру кезінде ашылады.

11. Номиналды ұстау есебі жүйесінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шоты жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықтың, сондай-ақ осы ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде эмитентке ашады.

12. Эмитенттің орналастырылмаған және сатып алынған бағалы қағаздары орталық депозитарийдің ережесінің жиынтығына қажетті эмитенттің барлық деректемелерін ашу арқылы орталық депозитарийде номиналды ұстаушы ашқан қосалқы шоттарда ескеріледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05. № 155 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

13. Жеке шотты ашу жөніндегі бұйрыққа заңды тұлғаның өкілі (жеке тұлғамен немесе оның өкілімен) қол қояды және онда мынадай мәліметтер бар:

1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса әкесінің аты);

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

3) жеке тұлғаның туған жылы;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлігінің берілген күні және нөмірі;

5) заңды тұлғаның орналасқан жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері), почтаның мекен-жайы;

6) оған бағалы қағаздарға қатысты таралатын салық жеңілдіктері туралы мәліметтер;

7) банктің деректемелері;

8) орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға қажетті басқа мәліметтерді ереженің жиынтығына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес, тиісінше басқа мәліметтер.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 236 Қаулысымен 14-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

14. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасауды және оларды сақтауды жүзеге асырады.

Номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесі номиналды ұстаушымен күн сайын жүзеге асырылады. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.12.08. № 147 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. Резервтік көшірмелерді сейф операцияларын жүзеге асыратын ұйымның сыртқы тасымалдаушыларда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) сақтайды, номиналды ұстаушының аффилиирленбеген.

Резервтік көшірмелерді сақтау үшін сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйыммен шартты жасау (бұзу) сәтінен бастап он күнтізбелік күн ішінде номиналды ұстаушы шарт жасалған (бұзылған) ұйымның атауын, сондай-ақ жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып уәкілетті органға хабар береді.

Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.12.08. № 147 Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды

15-1. Сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалатын шартта уәкілетті органға сақтаулы тұрған резервтік көшірмелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге мүмкіндік беретін шарттарды қарастыру қажет.

 

2-тарау. Бағалы қағаздармен жасалған

мәмілелерді тіркеу талаптары және тәртібі

 

16. Номиналды ұстау есебі жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17. Номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияның мынадай түрлері жүзеге асырылады:

1) мыналар жататын жеке шоттар бойынша операциялар:

жеке шотын ашу;

бағалы қағаздар ұстаушысы туралы мәліметтерді өзгерту;

акциялардың күшін жою;

бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан (шотына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу);

Алтыншы абзац 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (шотына) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талaп ету құқықтарын есептен шығару (есепке жазу);

бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотында (қосалқы шотында) орналастырылған акциялар санының (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) өсуіне байланысты акциялар санының өсуі туралы жазбаларды енгізу;

эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақша міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

эмитенттің орналастырылған акциялардың бір түрін осы эмитент акцияларының басқа түріне айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

ауыртпалығы бар бағалы қағаздар және ауыртпалықты алып тастау;

бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;

сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және сенімгерлік басқару туралы жазбаны алып тастау;

жеке шотын жабу;

2) мыналар жататын ақпараттық операциялар:

жеке шоттың үзінді көшірмесін беру;

өткізілген операциялар туралы есепті беру;

бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарий, эмитенттердің және уәкілетті органдардың сұратуы бойынша басқа есептерді дайындау және беру.

18. Номиналды ұстаушы ішкі құжатпен белгіленген тәртіппен:

1) клиенттердің жеке шоттарымен және ақпарат операцияларымен және оларды орындау (орындамау) бойынша операцияларды жүргізуге қабылданған бұйрықтар;

2) жеке шоттар бойынша операциялар;

3) жеке шоттар және ақпараттық операциялар бойынша операцияларды тіркеуге құжаттарды қол қоюға сенімхаттар жөнінде сенімді және өзекті есеп беруді тіркеу журналдарын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 236 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін өзгерістерді қара) (бұр.ред.қара)

19. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша жасалған операциялар орталық депозитарий есебі жүйесінде көрсетіледі.

Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операцияларды жүргізу барысында бағалы қағаздар бойынша құқықтарының өтуін тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарий есебі жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу күніне орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде клиенттің қосалқы шоты бойынша тиісінше бұйрықты жібереді. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операциялар номиналды ұстау жүйесінде операцияны жүргізу күнімен көрінеді. Номиналды ұстаушы клиентке оның бұйрығының орындалғандығы туралы есепті орталық депозитарийден операцияны жүргізу туралы растама алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

Түрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасындағы операцияларды жүргізу кезінде орталық депозитарийдегі олардың жеке шоттары бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтарын өткізуді тіркеу кейіннен номиналды ұстаушылардың есепке алу жүйесінде көрсетілу арқылы жүзеге асырылады. Номиналды ұстаушылар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі өздерінің клиенттерінің қосалқы шоттары бойынша мәмілелерді тіркеу туралы бұйрықтарды клиенттің номиналды ұстаушы жүйесіндегі сәйкесетін бұйрықтың тіркелу күніне жібереді.

Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операциялардың жүргізілгендігі туралы орталық депозитарийден растама алғаннан кейін бір сағат ішінде номиналды ұстаушы есебі жүйесінде осы операцияны көрсетеді.

Ұйымдаспаған рынокта тіркеушінің клиенті мен номиналды ұстаушының клиенті арасындағы операцияларды жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздар бойынша құқықтарының өтуін тіркеуді тіркеуші клиентінің жеке шоттары бойынша мәміле қатысушыларының қарсы бұйрықтары мен депонент бұйрығының негізінде іс-қимыл жасайтын орталық депозитарийдің негізінде жүзеге асырады.

Сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгертуді немесе тоқтатуды тіркеуді номиналды ұстаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелері бар орындау парағының негізінде жүзеге асырады және орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушымен тіркелген, сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгерту немесе тоқтату номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот бойынша операцияларды жүргізу күнінде орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде көрсетіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.12.08.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconНоминалды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бұл
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы негізінде, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Осы курсты менгерген кезде, студенттер бағалы қағаздарға сай ерекшеліктерімен, бағалы қағаздарды шығару және орнату тәртібін, бағалы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница