Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы




НазваниеНоминалды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
страница1/11
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish292779_8999.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 19.09.2012 14:11:49


Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 Қаулысы

(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, орталық депозитарийге, брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

 

Төраға

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2006 жылғы 25 ақпандағы

61 қаулысының 1-қосымшасы

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу

ережесі

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және номиналды ұстаушы қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу (бұдан әрі - номиналды ұстаушы), сондай-ақ олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмесін беруін және номиналды ұстаушы ақпаратты ашу талаптары мен тәртібін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.03. № 62 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 125 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Ереженің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - клиент үшін және оның бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;

2) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;

3) қаржы ұйымы - банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

4) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған пайларды қоспағандағы жеке шот;

5) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;

6) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция - номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгерту) және (немесе) номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы іс-әрекетінің жиынтығы;

7) операциялық күн - осы кезең ішінде номиналды ұстаушы қабылдау өткізеді, бұйрықтарды өңдейді, жеке шот және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;

8) «репо» операциясы - тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын («репо» операциясына қатысушылар), «репо» операциясының мәні бір шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзімі бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бір-біріне қарама-қарсы, бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы;

9) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

10) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты - қайталама бағалы қағаздар нарығында эмитент сатып алған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитентке ашылған, пайларды қоспағандағы жеке шоты.

2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін номиналды ұстаушының есебі жүйесінде клиентке жеке шот және орталық депозитарий есебі жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.

Орталық депозитарий есебі жүйесінде қосалқы шотты ашу үшін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге осы ереженің 4-тармағының талаптарына сәйкес, оны ашу үшін қажетті барлық деректемелерді көрсете отырып, клиент туралы мәлімет береді.

3. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі жұмыс уақытының сегіз сағатынан кем болмауы тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.03. № 50 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Номиналды ұстаушы жеке шотқа дербес нөмір береді. Клиенттің орталық депозитарийдегі жеке шотында және қосалқы шотында міндетті түрде мыналар туралы мәліметтер болады:

1) тіркелген тұлға (аты-жөні, (болса) әкесінің аты немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, экономика секторының белгілері (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген)), заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, почталық және заңды мекен-жайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға Ережелер жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес қосалқы шотты және/немесе тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);

2) осы жеке шотта/қосалқы шотта тіркелген бағалы қағаздардың саны, түрі және бірегейлендіру нөмірі;

3) ауыртпалығы бар бағалы қағаздардың саны туралы;

3-1) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар туралы;

4) оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы;

5) «репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың саны;

6) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер мен номиналды ұстаушының есеп беру жүйесінде көрсетілген операциялар туралы:

мәміле/операция түрі;

оны тіркеу күні және уақыты;

мәмілені/операцияны жүргізу негіздемесі;

операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;

бағалы қағаздардың саны, түрі, бірегейлендіру нөмірі, оларға қатысты тіркелген мәміле;

операциялардың/мәмілелердің белгілі бір түрлері үшін қажетті басқа да мәліметтер.

5. Жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:

1) «негізгі» - мәмілелер жүргізуге шек қойылмаған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

2) «оқшаулау» - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

3) «репо» - «автоматты репо» секторында жасалған «репо» операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

4) «ауыртпалығы бар» - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде туындаған бағалы қағаздарды ұстаушысының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мәмілелерді жүзеге асыруға шектеулер қойылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған.

Номиналды ұстаушы жеке шотта бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосымша бөлімдер ашуы мүмкін.

6. Номиналды ұстаушының жеке шоты номиналды ұстаушыларға орталық депозитарий есебі жүйесінде немесе кастодиан есебі жүйесінде оларға шетелдік бағалы қағаздарға немесе номиналды ұстау қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты номиналды ұстау қызметін көрсету кезінде жеке шотты ашуға арналған бұйрықтың және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен немесе кастодианның ішкі құжаттарымен айқындалған құжаттар негізінде ашады.

7. Номиналды ұстаушы жеке тұлғаның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шотын ашуды жеке шотты ашу туралы бұйрықтың, адамның жеке басын куәландыратын куәліктің және номиналды ұстау туралы шарттың негізінде ашады.

8. Номиналды ұстаушы заңды тұлғаның номиналды ұстау есебі жүйесіндегі жеке шотын мынадай құжаттар негізінде ашады:

1) жеке шотты ашу туралы бұйрық;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05. № 155
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconНоминалды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бұл
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы негізінде, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың...
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Осы курсты менгерген кезде, студенттер бағалы қағаздарға сай ерекшеліктерімен, бағалы қағаздарды шығару және орнату тәртібін, бағалы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница