Национальный Банк Республики Казахстан




НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
страница1/5
Дата конвертации10.02.2016
Размер0.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish799900_9444.doc
  1   2   3   4   5





Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі




Национальный Банк

Республики Казахстан

___________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы 28 тамызда


№ 276


Алматы қ.

г. Алматы



Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін

жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы


«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар);

2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы
2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің қызметін және ішкі құжаттарын Талаптарға сәйкес келтірсін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Талаптардың 4-тармағына сәйкес жасалған тәуекелдерді басқару жүйесіне талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті ұсынсын.

3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы қаулының 2-қосымшасы 1-тармағының он жетінші, жиырма алтыншы - қырық үшінші, алпыс жетінші - жетпіс екінші, жүз елу үшінші - жүз алпыс алтыншы, жүз жетпіс екінші - жүз жетпіс төртінші абзацтар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


* Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 қазанда № 7993 тіркелген


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 тамыздағы

№ 276 қаулысына

1-қосымша


Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң

жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын

талаптар


1. Жалпы ережелер



Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесіне, оның мониторингті, тәуекелдерді бақылау мен басқаруды жүзеге асыру талаптары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – бірыңғай тіркеуші) сақталуы міндетті тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына, бірыңғай тіркеушінің мониторингіне, тәуекелдерді бақылау және басқару талаптары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгілейді.

1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдануымен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсыну үшін арналған жүйе;

2) ақпараттық-коммуникациялық желісі – ақпараттық жүйелері немесе олардың құрамындағылары арасында өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды берудің техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарының жиынтығы;    

3) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, бірыңғай тіркеушінің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

4) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе бірыңғай тіркеушіге деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

5) бірыңғай тіркеушінің филиалы - бірыңғай тіркеушінің атынан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оған бірыңғай тіркеуші берген өкілеттіктер шегінде іс-әрекет ететін бірыңғай тіркеушінің тұрған жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын бірыңғай тіркеушінің оқшауланған бөлімшесі. Бірыңғай тіркеушінің филиалында бірыңғай тіркеушімен бірге біріңғай балансы, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады;

6) бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі - оның қызметінің нақты бағытын іске асыру мақсатында бірыңғай тіркеушінің міндеттерінің, функцияларының және жауапкершілігінің бөлігі жүктелетін бірыңғай тіркеушінің ресми бөлінген бөлігі (бөлім, басқарма, департамент).

7) бэк-тестинг – бірыңғай тіркеуші бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

8) валюталық тәуекел – шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі валюталар бойынша позицияларды құнының мәнінде қайта бағалаудан туындайды;

9) корпоративтік басқару – бірыңғай тіркеушінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге бірыңғай тіркеушінің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін, жоғарғы орган, басқару органы, атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені ретінде сипатталатын, бірыңғай тіркеушіні стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

10) кредиттік тәуекел - своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге қаржы құралдары бойынша серіктестің міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар тәуекелі кіретін, бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде бағалы қағаздың ұстаушысына тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

11) құқықтық тәуекел – бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, оның ішінде бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеу, бірыңғай тіркеушінің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеу салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

12) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, бірыңғай тіркеушінің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

13) мүдделер қайшылығын басқару – бірыңғай тіркеушінің лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың бірыңғай тіркеуші клиенттерінің және (немесе) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі мүмкін жағдайларды болдырмау механизмдерін жасау;

14) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни нарықтық тәуекелдердің дереккөздері қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады.

15) операциялық тәуекел - бірыңғай тіркеуші қызметінің сипаты мен ауқымдарына және (немесе) қолданыстағы заңнама талаптарына, операцияларды және басқа мәмілелерді жүргізудің ішкі тәртіптеріне және рәсімдеріне сәйкес келмеуі, оларды бірыңғай тіркеуші қызметкерлерінің және (немесе) өзге тұлғалардың бұзуы (алдын ала ойластырылмаған немесе қасақана іс-әрекеттердің немесе іс-әрекетсіздіктің салдары), бірыңғай тіркеушінің ақпараттық, коммуникациялық және басқа жүйелерімен және (немесе) олардың бас тартуларымен (қызмет істеуді бұзуларымен) қолданылатын функционалдық мүмкіндіктерінің сай келмеушілігі (жетіспеушілігі) нәтижесінде, сондай-ақ мыналарға:

жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің айқындалмаған және тиімсіз ұйымдастырушылық құрылымына;

ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудағы кемшіліктерге;

шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;

бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерін тиімсіз басқарумен және (немесе) оның біліксіз штатына;

бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру процестерінің жеткіліксіз тиімді құрылымымен не ішкі қағидалардың сақталуын дұрыс бақыламауға байланысты тәуекелдерді өзіне қамтитын сыртқы оқиғалардың ықпал ету нәтижесінде шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

16) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – бірыңғай тіркеуші өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;

17) стресс-тестинг – бірыңғай тіркеушінің қаржылық жай-күйіне бірыңғай тіркеушінің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;

18) стресстік жағдайлар – бірыңғай тіркеуші жүйесінің жұмысындағы шамадан артық жұмыс істеу, іркілістер, қателердің және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуынан күтпеген жағдайлар;

19) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі енгізілетін процесстер жиынтығы;

20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

21) ішкі аудит қызметі – бірыңғай тіркеушінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі;

22) ішкі бақылау жүйесі – бірыңғай тіркеуші рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруды және Қазақстан Республикасының заңнамасын, бірыңғай тіркеушінің ережелер жиынтығын, бірыңғай тіркеушінің саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, бірыңғай тіркеушінің шығындар тәуекелін немесе бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдауды қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;

23) ішкі құжаттар – бірыңғай тіркеуші, оның органдары, бөлімшелері, филиалдары мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;

24) «stop-loss» лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялары бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

25) «take profit» лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты.

2. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару жүйесінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және бірыңғай тіркеуші органдарының, бөлімшелерінің, филиалдарының және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару саласында жүктелген міндеттердің орындалуына жағдайлар жасайды.

3. Талаптар өзіне мыналарды:

1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптарды;

2) ұйымдық құрылымына қойылатын талаптарды;

3) мониторингі, тәуекелдерді бақылау және басқару тәртібіне қойылатын талаптарды;

4) ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптарды қамтиды.

4. Бірыңғай тіркеуші жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың
1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Талаптардың қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп береді, ол мыналарды:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келудің (сәйкес келмеудің) дербес бағалануын;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетіп, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтиды.

5. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында көзделген тәртіпте бірыңғай тіркеуші тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша (кредиттік, операциялық, нарықтық) ай сайын стресс-тестинг жүргізеді.

6. Стресс-тестинг нәтижелері тәуекелдерді басқару жөніндегі бірыңғай тіркеушінің саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және уәкілетті органға есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, тоқсанына кемінде бір рет ұсынылады.

7. Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері уәкілетті органға есептік жарты жылдықтан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.


2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық
талаптар



8. Бірыңғай тіркеушіде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бірыңғай тіркеуші қызметінің корпоративті басқару талаптарына, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің, активтерді және міндеттемелерді басқару тәжірибесінің болуын, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің және бірыңғай тіркеушінің өзге де ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінің жұмыс істеуін көздейді.

9. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жүйесі өз қызметінде мынадай бағыттарды:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтауды;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру процесінің үздіксіз, үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне және өзге де ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне тұрақты мониторинг жүргізуді;

3) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланылатын ақпараттық, ақпараттық-коммуникациялық жүйелері мен технологияларын қоса отырып, бірыңғай тіркеушінің жыл сайынғы бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудитін;

4) бірыңғай тіркеушінің қызметін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған жобаларын әзірлеуді және іске асыруды;

5) бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды;

6) бірыңғай тіркеушінің басқармасында ұйымдық-функционалдық құрылымын құруды және жетілдіруді;

7) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;

8) бірыңғай тіркеушінің мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат ұсынуды және бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасуды;

9) тәуекелдерді басқару саласы бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында және ішкі саясатында белгіленген талаптарын сақтау мониторингі;

10) эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтауды, оның ішінде дауларды қарауды және шешуді, сондай-ақ эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолдану бойынша рәсімдерін анықтауды қамтиды.

10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай ішкі құжаттардың:

1) бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттың;

2) бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін инвестициялау тәртібінің;

3) ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерінің;

4) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылына бағытталған рәсімдерінің;

5) бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдерінің;

6) бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және инсайдерлік ақпаратты құрайтын және оларды бірыңғай тіркеушінің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың өз мүдделерінде пайдалануға жол бермейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету қағидалардың;

7) бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа жіберу бойынша олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына және бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес келу мәніне эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың мониторингі мен бақылаудың тәртібін және талаптарының;

8) бірыңғай тіркеушінің ақпараттық саясаттың;

9) техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың;

10) ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтың;

11) эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындалмауын және (немесе) орындалмауын, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне деректердің қате енгізілуін алдын алуына бағытталған рәсімдерінің;

12) бірыңғай тіркеуші қызметінің операциялық процесстерінің бар бақылауының тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдерінің;

13) бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру барысында ақпаратты жасау, пайдалану және ашу рәсімдерінің;

14) резервтік техникалық орталығына қойылатын талаптарының болуын көздейді.

11. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды:

1) тәуекелдерді басқару жөніндегі бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшесінің және тәуекелдерді басқару саласы бойынша басқа бөлімшелердің және филиалдардың өкілеттіліктері мен функционалдық міндеттерін, сондай-ақ осы органдардың, бөлімшелердің және филиалдардың арасында ақпарат алмасу тәртібін;

2) бірыңғай тіркеушінің қызметіне және бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау және стресс-тестингті жүргізу тәртібін қоса алғанда тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі рәсімдерін, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары қол жетімді мәндерін анықтау бойынша рәсімдерін;

3) бірыңғай тіркеушінің, оның филиалдарының қызметі және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі жұмыс істеу барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларын;

4) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі, бірыңғай тіркеушінің тәуекелдер көрсеткіштерінің мәнін және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалау бірдейлігі мониторингінің механизмін;

5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген рәсімдерге сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралар тиімділігі мониторингінің механизмін;

6) сәйкестендiрiлген (анықталған) тәуекелдердiң мониторингi, бағалау және бақылау бойынша рәсiмдердi, оның iшiнде:

тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекел мониторингі және сәйкестендіру бойынша қабылдайтын шараларын;

тәуекелдердің туындау жиілігін бағалау, осы тәуекелдер ықпал еткен іс-қимылдарға кейін қатар қойылған және тәуекелдердің барынша жоғары қол жетімді мәндерін белгілеуді қоса алғандағы, тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалауды;

тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштердің барынша шекті мәндерінің өзгеру мониторингін, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдердің барынша жоғары шекті мәндерімен сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шараларды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингін;

директорлар кеңесiне зиян келтіретiн және (немесе) бірыңғай тіркеушінің  бедел және құқықтық тәуекелдерiне әсер етуге қабiлеттi кез келген маңызды жағдайлар туралы есептiлiктi дереу беру механизмін айқындайды.

12. Бірыңғай тіркеушінің  меншiктi активтерiн инвестициялаудың тәртiбi меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру талаптары мен тәртiбiн, меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында қолданылатын құжаттардың типтiк нысандарын белгiлейдi және мыналар:

1) меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілеу тәртібі бар бірыңғай тіркеушінің  меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлеу;

2) инвестициялаудың мына:

қаржы құралдарының түрлері бойынша;

негiзгi қызмет түрi экономиканың белгiлi бiр секторымен байланысты эмитенттердiң қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерiн;

қаржы құралдары үшiн «stop-loss» лимиттерiн;

қаржы құралдары үшiн «take-profit» лимиттерiн анықтау.

3) бірыңғай тіркеушінің  меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау үшін мыналарды:

ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалардың лауазымдар тiзбесiн;

инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының айналымы және кiрiстiлiгi талаптарының болуын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдердi талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

ұсынымдарды беруге елеулi факторларды талдауды жүзеге асыру тәртiбiн көздейтін ұсынымдар дайындау;

4) бірыңғай тіркеушінің  меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау;

5) инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау процесiнде бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерiнiң өзара әрекеттесуі;

6) көмегi арқылы мәмiле жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-әрекет жасау жөнiндегi процестердiң сипаттамасы бар меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелердi жасасуға бақылау, активтердiң құрамына және қозғалысына салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердiң iшкi есепке алуын және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тiзбесi;

7) бірыңғай тіркеушінің басқармасы меншiктi активтер есебiнен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөнiндегi қызметтiң нәтижелерi туралы есептiлiктi дайындау бойынша рәсiмдердi сипаттауды қамтиды.

Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау тәртiбі бірыңғай тіркеушінің активтерін инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқармасына берген жағдайда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шартта Талаптардың осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін инвестициялау лимиттері көзделеді.

13. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды қамтамасыз ету мақсатында мыналар:

1) меншiктi активтердi инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

2) инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесi;

3) қаржы құралдарының түрлерi бойынша меншiктi активтердi инвестициялау лимиттерi;

4) меншiктi активтер есебiнен жасалатын қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелерге қатысты белгiленген талаптар мен шектеулері;

5) хеджирлеу құралдарының тiзбесiн және сипаттамасын көрсетумен меншiктi активтердi хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

6) меншiктi активтердi инвестициялауға байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпарат кiретiн меншiктi активтерiн инвестициялау саясаты әзiрленедi.

14. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын және оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бірыңғай тіркеушінiң директорлар кеңесi бекiтедi.

15. Iшкi бақылауды және iшкi аудиттi жүзеге асыру рәсiмдерi мыналарды:

1) iшкi аудит қызметiнiң құрамын, оның функцияларын, мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн;
2) iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

3) iшкi аудит пен iшкi бақылаудың мәнiн және объектiсiн;

4) iшкi аудит қызметiне тексерулер жүргiзу ауқымын және жиiлiгiн;

5) iшкi аудиттi жүргiзу кезiнде мiндеттi түрде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесiн;

6) iшкi аудиттi жүргiзу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

7) iшкi аудит қызметiн тексеру нәтижелерi туралы есептердi бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесiне ұсыну мерзiмдерiн және нысанын анықтайды.

16. Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимылына бағытталған рәсiмдер мынаны:

1) егер операция «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi - Заң) 4-бабының 1-тармағында белгiленген критерийлерге тиесiлi болған жағдайда, Заңның 4-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелерді сәйкестендiрудi және мониторинг жүргiзудi;

2) Заңға сәйкес қаржылық мониторингтi жүзеге асыратын және заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайтын мемлекеттiк органға қаржылық мониторингке жататын операциялар жөнiндегi мәліметтер мен ақпараттар беруді қамтиды.

17. Бірыңғай тіркеуші қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлiмшелерi арасында туындайтын бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмi мыналарды:

1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тіркеуші органдарының шешiмдердi қабылдау рәсiмдерiн:

бірыңғай тіркеуші органдарының мүшелерi қабылдайтын шешiмдердiң тәуелсiздiгiн;

бірыңғай тіркеуші органдары мүшелерiнiң қабылдайтын шешiмдерге мүдделi болмауын;

бірыңғай тіркеушінің органдары мүшелерiнiң және қызметкерлерiнiң бірыңғай тіркеуші органдарының отырыстарын жүргiзу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшiлiк тобының арасында осы ақпаратты ресми таратылғанға дейiн оны өзiнiң жеке мақсатында не үшiншi тұлғалардың мүддесінде пайдалануларын шектеуді;

2) бірыңғай тіркеуші органдарының отырыстарын жүргiзу қорытындысы бойынша хаттамаларды мiндеттi жасау мен сақтау бойынша талаптарын;

3) бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi арасында, бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерi арасында, бірыңғай тіркеушінің органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттауды;

4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында бірыңғай тіркеуші жүргiзетiн iс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шараларын қамтиды.

18. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және инсайдерлік ақпаратты құрайтын және оларды бірыңғай тіркеушінің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың өз мүдделерінде пайдалануға жол бермейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету қағидалары мыналарға:

1) инсайдерлермен, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларымен өз мүдделерiнде немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерiнде инсайдерлiк ақпаратты пайдаланумен бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуды болдырмауға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлiк немесе оған негiзделген ақпаратты үшiншi тұлғаларға берудi және тұлғалардың көпшiлiк тобы арасында бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны таратуды болдырмауға;

3) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң инсайдерлiк және өзге де конфиденциалдық ақпаратқа негiзделген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ұсынымдарды үшiншi тұлғаларға беру мүмкiндiгiн шектеуге;

4) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 56-1-бабында көзделген бірыңғай тіркеушінің инсайдерлiк ақпаратты басқаруға және оны пайдалануға бақылау бөлiгiнде шараларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қамтиды.

19. Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа жіберу бойынша олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына және бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес келу мәніне эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың мониторингі мен бақылаудың тәртібі мен талаптары мыналарды:

1) эмитенттерге уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді беру қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу тәртібі мен талаптарын;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4175 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 54-тармағында көрсетілген жағдайларда орындаудан бас тарту үшін негіздемелердің болуына эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың ұсынылатын бұйрықтарын тексеру тәртібін;

3) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар санына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.

20. Бірыңғай тіркеушінің ақпараттық саясаты мыналарды:

1) бірыңғай тіркеушінің эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық өзара қарым-қатынас жасау тәртiбiн;

2) бірыңғай тіркеушінің беделiне ықпал етуi мүмкiн ақпаратты тұрақты мониторинг жүргiзу жөнiндегі талаптарын;

3) бірыңғай тіркеушінің беделiне зиян келтiруi мүмкiн ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда қажеттi шараларды уақытылы қабылдау жөнiндегi талаптарын қамтиды.

21. Қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық мыналарды:

1) өрт қауiпсiздiгi бойынша негiзгi талаптарды;

2) төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерi сипатталған төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаған жағдайдағы iс-қимылдар жоспарын;

3) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң бағдарламалық-техникалық кешендердi және өзге жабдықтарды пайдалану тәртiбiн;

4) бірыңғай тіркеушінің үй-жайларды жабудың алдында қараудың жүйелiлiгiн қамтиды.

22. Ақпараттық жүйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық мыналарды:

1) ақпараттық жүйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi талаптарын;

2) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң ұйымдастыру шаралары;

3) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шараларын;

4) оларда ақпаратты жинауға бөлінген ресурстарға (дискі кеңiстiгi, директория, желiлiк ресурстар, деректер базасы және соған ұқсастар) кіру, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінен ақпаратты алу тәртiбi мен көлемін, ақпаратты сақтауды, мұрағаттау не басқаша өңдеуді;

5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын, оның iшiнде резервтік техникалық орталықта болатын электрондық деректердің сақталуына бағытталған шараларын;

6) құрылғыны өшіру немесе алып қою арқылы жазбаны оқитын құрылғыларға және компакт дискілерге қол жеткізуге тыйым салуды;

7) бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметкерлерінің ақпараттық жүйелеріне кіру деңгейлерін анықтау тәртiбiн;

8) осы бөлмелерге кіруге рұқсаты бар түрлi қызметкерлерде болатын екi кiлттi пайдаланумен серверлік бөлмелерге кіру тәртiбiн қамтиды.

23. Эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындамауы және (немесе) орындамауын, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне деректердің қате енгізілуін және өзгерілуін алдын алуына бағытталған рәсімдерінде:

1) эмитенттері және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындалмауын және (немесе) орындалмауын болдырмауға бағытталған шаралары;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi, оның iшiнде түрлі қызметкерлерінің бір бұйрыққа деректерді екі рет енгізу арқылы деректердің қате енгізілуін және өзгерілуін алдын алу бойынша шаралары;

3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi мәлiметтердiң өзгеруі бойынша өкiлеттiктерге ие пайдаланушылар үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне кіру парольдерiн белгiлеу, бірыңғай тіркеушінің ақпараттық жүйелерiн пайдаланушыларға құқықтарды беру тәртiбi;

4) бұйрықтарды және олардың орындалуын, сондай-ақ эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың шағымдарын және оларды қанағаттандыру жөніндегі шараларды есепке алу электрондық журналының нысаны;

5) бастапқы құжаттармен өңделген бұйрықтарды салыстырып тексеруді жүзеге асыру тәртiбi;

6) операцияларды жасауға берiлген бұйрықтың мәртебесі туралы эмитенттерді және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларын хабарлау тәртiбi болады.

24. Бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметiнiң операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиiмдiлiгiн оңтайландыру бойынша рәсімдер мынадай:

1) бастапқы құжаттар негiзiндегi iс-әрекеттердiң жүзеге асырылуымен байланысты тәуекелдерді:

уәкiлеттi емес тұлғаның бастапқы құжаттарды ұсыну;

бастапқы құжаттардың ұрлануы, ауысуы немесе жоғалу;

қолданыста жоқ бұйрықты бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізу;

бiр бұйрықтың деректерін түрлі қызметкерлерінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне екі рет енгізу;

бұйрықтың деректерін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне дұрыс енгізбеу;

бұйрықты бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне уақтылы енгiзбеу;

бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі мәртебесін дұрыс таңдамау;

бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі мәртебесiнiң өзгеруін орындамау;

бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі өзгертуді талап етпейтін мәртебесiнiң өзгеру;

өзгертуді талап етпейтін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерiнiң өзгеру;

бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтар деректерін дұрыс өзгертпеу;

бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерін өзгертуді орындамау;

бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерін тиісті құжатсыз өзгерту;

бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтар деректерiнiң уақтылы өзгертпеу;

есептік құжатты қалыптастыруды орындамау;

есептік құжатты уақтылы қалыптастырмау;

есептік құжаттағы дұрыс емес деректер;

бұйрықтың дұрыс емес мәртебесін көрсете отырып орындалу туралы есептi қалыптастыру;

есептік құжатты өкiлеттi емес тұлғаға беру;

есептілік құжаттарды ұрлау, айырбастау және жоғалту тәуекелдерді қамтиды;

2) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерінің ақпараттық жүйелерді пайдаланумен байланысты тәуекелдер:

кiрiс файлының дұрыс емес мазмұны;

түрлi қызметкерлердiң деректер базасындағы жазбаны қалыптастыру үшін деректерді екі рет енгізу;

деректер базасындағы жазбаның қалыптастыруын орындамау;

деректер базасындағы жазбаны дұрыс қалыптастырмау;

бағалы қағаздармен операцияларды тоқтата тұру сәтiндегi бұйрықты орындау;

рұқсат етілмеген операцияларға бұйрықты орындау;

3) ақпараттық жүйелердің техникалық пайдалануына байланысты тәуекелдер:

компьютерлік вирустардың енуі;

лицензиялық емес бағдарламаларды пайдалану;

ақпараттық жүйелерге авторлық емес рұқсат;

серверлiк жабдықтағы техникалық қызмет көрсету барысындағы қателер;

электрлiк қоректендiру жүйесiндегi iркiлiстер;

серверлердегi кондиционирлеу жүйесiндегi iркiлiстер;

серверлiк жабдықтағы техникалық iркiлiс;

желiлiк жабдықтағы техникалық iркiлiс;

деректер тасымалдағыштарды (қатты дискiлердегi және өзге тасымалдағыштар) бүлдіруге ниеттенген ұрлық;

деректер тасымалдағыштарға (қатты дискiлердегi және өзге тасымалдаушылар) авторлық емес рұқсат;

табиғат апаты;

серверлік бөлмедегі өрт;

серверлік бөлмені судың басуы;

ақпараттық жүйедегі бағдарламалық iркiлiс;

тапсырыс берушiнiң бағдарламалық қамтамасыз етуді әзiрлеудегi қалыптастырылмаған талаптар;

бағдарламалық қамтамасыз етудi кодтаушылар үшiн техникалық тапсырманы дұрыс жасамау;

бағдарламалық қамтамасыз етудің кодын жазған кезде қателер;

әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу барысындағы қателер.

25. Бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру барысында ақпаратты жасау, пайдалану және ашу рәсімдері мыналарды:

эмитенттің жалпы жиналысын жүргізуге немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлемдерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда эмитенттің бағалы қағаздарды шығаруға қатысты ақпаратты бағалы қағаздарды ұстаушыларға жасау және ұсыну рәсімдерін;

эмитентке оның сұратуы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты ұсыну рәсімдерін;

ақпаратты Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын мәліметтерді алуға құқығына ие болатын мемлекеттік органдарға ұсыну рәсімдерін қамтиды.

26. Бірыңғай тіркеушінің резервтік техникалық орталығы бар және оны жедел iске қосуға тұрақты дайындықты қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне ұқсас бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын электрондық деректердің көшiрмесi болады;

2) бірыңғай тіркеушінің негiзгi жүйелерiнiң орналасқан орны бойынша тұрған басқа резервтiк жүйелерiне ұқсас резервтiк жүйелердiң көшiрмесi болады;

3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің негiзгi жүйесiнiң орналасқан орнынан 25 (жиырма бес) километрден кем емес орналасқан;

4) бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру үшін қажет барлық коммуникациялармен қамтамасыз етедi;

5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiнiң орналасқан орны бойынша штаттық емес жағдай туындаған барысында келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгiн ұсынады.

27. Бірыңғай тіркеушінің филиалдарында мұрағат құжаттарын қауіпсіз орналастыру үшін техникалық және өзге де үй-жайлары бар.

Негізінде бірыңғай тіркеушінің филиалдары бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілетін құжаттар бірыңғай тіркеушінің деректер базасында кейіннен сақтау үшін бірыңғай тіркеушіде электрондық нысанда сканирлену және жіберілу тиіс.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница