Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі




Скачать 146.54 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі
Дата конвертации10.02.2016
Размер146.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://tarbagatay.vko.gov.kz/kz/files/uchered_09.doc







« Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі»

Мемлекеттік мекеме


« Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының

қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е


Ақсуат ауылы

2011 жыл


Аудан әкімдігінің 2011 жылғы

«_04_»желтоқсандағы № 401

санды ќаулысына №3 ќосымша


«Шыѓыс Ќазаќстан облысы Тарбағатай ауданыныњ қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесініњ

Ќ¦РЫЛЫМЫ .



Құрылым және қызмет атаулары

1.Қаржы бөлімінің бастығы - 1

2. Бас мамандар - 5



Тарбаѓатай ауданы әкімінің

аппарат басшысы А Смаилов


М А З М Ұ Н Ы



  1. « Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы

бөлімі » мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е- қазақ тілінде 1-8 беттер

  1. 2. « Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы

бөлімі » мемлекеттік мекемесінің құрылымы 9 бет

  1. Положение О государственном учреждении « Финансовый

отдел Тарбагатайского района ВКО » - орыс тілінде 10-17 беттер

  1. Структура Государственного учреждения « Финансовый

отдел Тарбагатайского района ВКО » - орыс тілінде 18 бет


Тарбағатай ауданы әкімдігінің

«12 қаңтар » 2011 жылғы

№ 6 қаулысына қосымша


«Шыѓыс Ќазаќстан облысы Тарбағатай ауданыныњ қаржы бөлімі »

мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е.



  1. Жалпы ереже.


1.1 «Шыѓыс Ќазаќстан облысы Тарбағатай ауданыныњ қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме ( бұдан әрі – Бөлім) бюджеттің орындалуы, аудандық коммуналдық меншік және базарларда біржолғы талондарды беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару қызметін атқаратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, өкілетті, атқарушы орган


1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актлерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді , аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдік қаулыларын әне осы ережені басшылыққа алады.


1.3 Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өз атауы, мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде есеп шоты болады.

Бөлім өз атынан азаматтық құқықтық қарым – қатынасқа түседі.

Бөлім мемлекет атынан азаматтық құқықтық қарым – қатынас жасауға құқығы бар, егер ол заңға сәйкес осыған өкілді болса.


1.4. Бөлім өзінің құзырындағы мәселелер бойынша заң белгілеген тәртіпте бұйрықтар шығарады, оның тиісті аумақтарда міндетті күші бар.


1.5. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитін аудан әкімдігі бекітеді.

1.6. Бөлім туралы ережеге Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

1.7 Бөлімнің заңды мекен жайы:

Индекс 071500. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі – 13 үй, факс (32346) 2-16-99, телефондар 2-20-70, 2-20-08.


    1. Бөлімнің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Шыѓыс Ќазаќстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі » мемлекеттік мекеме.

Орыс тілінде: Государственное учреждение «Финансовый отдел Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области»

1.9. Аудан әкімі мемлекет атынан бөлімнің құрылтайшысы болып табылады. Бөлімді құру жөніндегі шешіммен осы Ереже бөлімнің құрылтайлық құжаттары болып табылады.


1.10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру тек қана аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

Егер бөлімге табыс табатын қызметпен айналысуға заңнамалар негізінде құқық берілген болса, онда осы қызметтен алынған табыс, аудандық бюджетке аударылады.


2.Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары.


2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері:


2.1.1. Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

2.1.2. Бөлімнің негізгі міндеті – бюджеттің орындалуы мен коммуналдық меншікті басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты аудан аумағында жүзеге асыру болып табылады.


2.2. Бөлімнің функциялары:

Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі қызметтерді атқарады:

2.2.1. Тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджеті туралы аудандық маслихат шешімінің жобасын әзірлеуге және бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ аудан әкімиятының тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджеті туралы аудандық маслихат шешімін жүзеге асыру туралы қаулының жобасын әзірлеуге қатысады.

2.2.2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге, өзінің құзырындағы мәселелер бойынша салалық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

2.2.3. Мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын, жасалынған кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының және гранттар туралы келісімдердің талаптарына талдау жүргізеді.

2.2.4. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген бюджетке төлемдер төлеудің мерзімін және бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын ескере отырып, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды.

2.2.5. Міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын жасайды және бекітеді.

2.2.6. Бөлім бағдарлама әкімшілі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың паспортын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебін жасайды.

2.2.7. Жиынтық түсімдер мен қаржыландыру жоспарларына жасалынған өзгерістердің есебін жүргізеді.

2.2.8. Түсімдердің толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету үшін, алдағы жылға бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін анықтайды.

2.2.9.Тиісті қаржы жылындағы бюджетке түскен түсімдердің күтілген көлемінен кем болған жағдайда, төлемдер жүргізу үшін қарыз алу

2.2.10.Аудандық бюжеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер мен төлемдер қабылдау үшін рұқсаттар береді.

2.2.11.Аудандық бюджеттік бағдарламар әкімшілдерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгеріс жасау жөніндегі өтінімдерін қарайды.

2.2.12.Бағдарлама әкімшілдері ұсынған, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бекітеді.

2.2.13.Мемлекеттік мекемелерге демеушілік және қайырымдылық көмек шотын ашу үшін немесе ашылған шоттардың мерзімін ұзартуға, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілдеріне рұқсат береді.

2.2.14.Бюджет қаражатының және бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін жүзеге асырады.

2.2.15. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарындағы жылдық соманың ай-сайынғы бөлінісіне және қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің дәйектілігіне талдау жене бағалау жүргізеді.

2.2.16. Мемлекеттік мекемелердің тіркелген, бірақ орындалмаған және төленбеген міндеттемелеріне талдау жүргізеді.

2.2.17. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілдерінің тапсырған бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебінің негізінде аудандық бюджет бағдарламларының іске асырылуына баға береді.

2.2.18. Аудандық бюджеттік комиссияға жекелеген бюджеттік бағдарламалардың ( ішкі бағдарламалардың) ағымдағы жылға және алдағы жоспарланатын жылға жасалынған жылдық жоспарларын қайта қарау қажеттілігі жөнінде ақпаратты жолдайды.

2.2.19. Аудан әкімиятына ағымдағы бюджеттік бағдарламалары және даму бюжеттік бағдарламалары бойынша игерілмеген бюджеттік қаржылардың игерілмеу себептерін көрсетіп және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жолы жөнінде ақпарат тапсырады.

2.2.20. Аудан әкімиятына, аудандық маслихаттың тексеру комиссиясына, аудандық бюджетті жоспарлаудың уәкілетті органына және ішкі бақылаудың орталық, уәкілетті органына

  • аудан бюджеті мен аудандық бюджеттің орындалысы жөнінде,

  • бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі аналитикалық есеп,

  • түсімдер және қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалысы жөнінде,

  • жергілікті атқарушы органның талаптары мен міндеттемелері жөнінде,

  • түсімдер сомасын бюджеттен қайтару немесе оларды салық берешегін жабуға есептеу,

- бюджеттің орындалуы және бюджеттік жоспарлау жөнінде орталық уәкілетті органдармен белгіленген басқадай есептерді ай –сайын жасап, тапсырады.

2.2.21. Аудандық әкімиятқа, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға аудандық бюджеттің орындалысы жөніндегі есепті тапсырады.

2.2.22. Аудан әкімиятының резерв қаржысының пайдаланылуы мен жұмсалуының есебін жүргізеді.

2.2.23. Облыстық бюджеттен берілген трансферттердің игерілуін есепке алады.

2.2.24. Аудандық әкімиятының заем алуын, пайдаланылуын, тіркелуін, қайтрылуын қамтамасыз етеді.

2.2.25.Аудандық бюджетте қаралған аумақтық бағдарламалар мен басқадай іс-шаралардың инвестициялық жобаларына кредит береді.

2.2.26.Түпкі қарыз алушылардыњ аудан бюджетінен берілген бюджет қаржысын өндіру жұмыстарын бюджеттік бағдарламалар әкімшілдерімен бірге ұйымдастырып, жүргізеді,

2.2.27. Бюджеттік кредит қаржысын тіркейді, есебін және пайдаланылу мониторингін жүргізеді,

2.2.28. Бюджеттік инвестициялардың мониторингін жүргізеді,

2.2.29. Жергілікті бюджеттің орындалуы мен коммуналдық меншіктің басқаруына методологиялық жетекшілік жасайды және базарларда біржолғы талондарды беру жұмыстарын ұйымдастырады,

2.2.30. Өз құзыретінің шегінде, жергілікті бюджеттің орындалуына, және базарларда біржолғы талондардың берілу жұмыстарын үйлестіреді,

2.2.31. Заңнамада белгіленген тәртіпте коммуналдық меншіктің жиынтық есебін жүргізеді,

2.2.32. Ауданның мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарының Тізбесін жүргізеді,

2.2.33. Аудан аумағындағы мемлекеттік коммуналдық меншікке (нысандары) ұсынылған құзырет шегінде иелік ету және пайдалану бойынша қызметтерді жүзеге асырады;

2.2.34. Мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын есепке алуды жүргізеді;

2.2.35. Нысандарды (мүліктерді) коммуналдық меншікке қабылдайды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік кәсіпорындардың теңгерімінен теңгерімге береді (бекітеді);

2.2.36. Коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалдауға, сенімді басқаруға, кейіннен сатып алу құқығынсыз өтеусіз пайдалануға меншікке өтеусіз береді;

2.2.37. Өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады және заңды және жеке тұлғалармен мемлекеттік коммуналдық мүліктерді пайдалану бойынша шарттарын жасайды, жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

2.2.38. Белгіленген тәртіпте коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер теңгерімдерінен мүліктерді (ғимараттар мен имараттардан басқа) есептен шығаруды келіседі;

2.2.39. Жарғылар (Ереже), өткізгіш, тарату теңгерімдері және аудандық әкімдік құрған кәсіпорындар мен мекемелердің берілетін актілерін бекітеді (келіседі);

2.2.40. Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік коммуналдық меншікке түскен (соның ішінде иесіз нысандар) мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану (сатудан басқа) жұмыстарын жүзеге асырады;

2.2.41. Аудан аумағында мемлекеттік коммуналдық меншікті мақсатты пайдалануына бақылау жасауды жүзеге асырады, экономика салаларында стратегиялық маңызы бар мемлекеттік коммуналдық меншік мониторингін жүргізеді;

2.2.42. Өз құзыретінің шегінде аудан аумағында мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару мәселелері бойынша мемлекет мүддесін ұсынады және сотта оның мүліктік құқығын қорғайды;

2.2.43. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізімін құрастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

2.2.44. Мемлекет қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекеттік үлесін басқарады;

2.2.45. Мемлекет қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғаларды басқару органдарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

2.2.46. Коммуналдық меншікті иелік ету және пайдалану бойынша басқа да қызметтерді атқарады;

2.2.47. .Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы мелекеттің үлесі мен мемлекеттік пакет акциясын басқарады,

2.2.48. Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың басқару органдарында бөлімнің және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді,

2.2.49 Коммуналдық меншіктен нысанды ( мүлікті) қабылдау,

2.2.50..Коммуналдық меншіктен нысанды ( мүлікті) республикалық меншікке өткізеді,

2.2.51.Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізімін қалыптастырады,

2.2.52 Комуналдық меншік нысандарын жекешелендірудіүйымдастырып, өткізеді.

2.2.53. Комуналдық меншік нысандарын сату алдындағы дайындық жұмыстарын ұйымдастырады,

2.2.54. Комуналдық меншік нысандарын жекешелендірудің түрін және тәсілін анықтайды,

2.2.55. Комуналдық меншік нысандарын жекешелендіру бойынша саудаға салуды ұйымдастырып, өткізеді және сатып алу – сату келісім-шартын дайындап, жасайды,

2.2.56 . Комуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға, сенімді басқаруға, қайтарымсыз пайдалануға береді және т. б. әрекеттер жасайды,

2.2.57 Коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген негізгі қорларды қабылдау- беру және есептен шығрылуы бөліммен келісіледі,

2.2.58. Коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғалардың таратылып, жойылуы кезінде жасалынған уставы (ережесі) таратылу, жойылу баланстары және беру актілері бөліммен келісіледі,

2.2.59. Белгіленген тәртіпте иесіз деп танылып, мемлекет иелігіне өтіп, (оның ішінде иесіз қалған мұрагерлік, олжа, қараусыз жануарлар, қойма міндеті) қайтарымсыз негізде коммуналдық меншікке өткізілген мүліктердің есебін, сақталуын, бағалау және ары қарай пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру,

2.2.60. Өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта бірлесіп әрекет жасауды ұйымдастырады,

2.2.61. Өз құзыреті шегінде шет елдік заңды және жеке тұлғалармен жасалатын халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерді дайындайды,

2.2.62. Коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқына және жедел басқаруға берілген мүліктердің тиімді пайдаланылуына тексерулер жүргізеді,

2.2.63. Мемлекеттік пакет акциясы және мелекеттің үлесінің қатысуы, оның ішінде иелікке берілген және пайдаланылған, сондай-ақ коммуналдық меншік нысандарының тиімді басқарылуына тексеру ұйымдастырады және жүргізеді,

2.2.64. Экономика саласында стратегиялық маңызы бар меншіктерге мемлекеттік мониторингтік тексерулер ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ субъектілердің және мониторингке қатысушылардың іс әрекетін үйлестіреді,

2.2.65. Сатып алу, сату, сенімді басқару, коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) келісім шарттарында көрсетілген міндеттемелердің орындалысын, басқа да келісім шарттардың орындалысын қадағалау, сенімді басқару өкілдерінің келісім шарттағы көрсетілген міндеттемелерінің орындалуын тыңдайды.

2.2.66. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да қызметтерді атқарады.


2.3. Бөлімнің құқықтары:

2.3.1 Аудан әкімиятынан, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілдерінен,аумақтық органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан, бюжеттің орындалысын ұйымдастыру және коммуналды меншікті басқару үшін қажетті ақпаратты сұратып, алуға;

2.3.2. Бюджет бағдарламасына ( ішкі бағдарламаға) секвестр байқалғанда төлем жүргізуді тоқтатуға;

2.3.3. Бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалануға жол берілген жағдайда, сол қаржыны бюджетке кері шақырып алуға, аудандық бюджеттен қаржыландыруды тоқтата тұруға және шектеуге;

2.3.4 Салық қызметімен бірге салық төлеу мерзімін ұзартуды қарауға;

232.5. Белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламалар әкімшілдерінің қаржыландыру жоспарларына өзгеріс енгізу жөніндегі өтінімдерін қабылдамауға;

2.3.6. Заңнамада белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамдағы мемлекет үлесін және басқада коммуналдық меншікке қарасты мүлікті басқаруға, иеленуге және пайдалануға;

23.7. Мемлекеттік басқару органы функцияларын бөлімге қарасты аудандық кәсіпорындарда жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуге;

2.3.8. Коммуналдық меншіктің пайдаланылуына бақылау жасауға;

2.3.9. Мемлекеттік кәсіпорындарды, мекемелерді және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарды құруға, қайта құруға және таратуға ұсыныс енгізуге;

2.3.10. Мемлекеттің қатысы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органының қызметіне қатысуға және мемлекеттік органның өкілдерін қатыстыруды қамтамасыз етуге;

2.3.11. Заңдылықтар негізінде комуналдық меншік нысандарын жекешелендіру бойынша саудаға салуды өткізуге;

2.3.12. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, бөлімнің құзыреті шегінде өзара міндеттемелердің сипаты мен шартын анықтауға;

2.3.13. .Сатып алу –сату, мүліктік жал (аренда), сенімді басқару келісім-шарртарындағы және т.б келісім шарттардағы міндеттемелердің орындалуын тексеруге;

2.3.14. .Экономика саласында стратегиялық маңызы бар коммуналдық меншіктерге мемлекеттік мониторинг , коммуналдық меншік нысандарын басқарудың тиімділігіне және мемлекеттің үлесі бар нысандарға мониторинг жүргізеді,

2.3.15. Тәуелсіз эксперттердің, аудиторлардың және кеңесшілердің қызметін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;

2.3.16. Коммуналдық меншіктердің ұрлануы және оның пайдалану барысында анықталған басқадай құқық бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу органдарына жолдауға;

2.3.17. Мемлекеттік мекемелерден қаржыландыру жоспарын және оның ай сайынға орындалысы жөнінде есебін алуға;

2.3.18. Бюджеттің орындалысы жөнінде, коммуналдық меншікке иелік етуге, пайдалануға және басқару сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының сотында мемлекеттің мүддесін қорғауға;

2.3.19. .Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқада құқықтарды атқаруға.


  1. Бөлімнің мүлкі

3.1. Бөлім оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.

Бөлімнің мүлкі мемлекет тапсырған мүлік есебінен құрылады және ол негізгі қор мен айналым қаржысынан, сондай-ақ бағасы бөлім балансасында көрсетілген басқада мүліктерден тұрады.

3.2.Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

3.3.Бөлім өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен шығаруға немесе басқаша тәсілмен иемденуге құқы жоқ.

3.4. Бөлімге белгілі бір жағдайда ғана заң белгілеген шекте мүлікті пайдалануға құқық берілуі мүмкін.

3.5.Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікке құқы қазіргі қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес анықталады.


  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.

4.1 Бөлімді аудан әкімі қызметіне тағайындайтын және босататын бастық басқарады.

4.2 Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және қызметтерді жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.

4.3 Бастық осы мақсатта:

1). Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін және өкілдік құқықтарын анықтайды;

2). Заңнамаға сәйкес , бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

3). Заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді;

4). Бөлімнің актілеріне қол қояды;

5). Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;

6). Мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда бөлімнің өкілі болады;

7). Аудан әкімдігімен бекітілген құрылымға сәйкес, бөлімнің штаттық кестесін бекітеді:

8). Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада өкілеттікті жүзеге асырады.

4.4 Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әрбір фактсі бойынша бөлім басшысы «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы негізінде жауаптылықта болады.


  1. Бөлімді қайта құру және жою.


5.1. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес бөлімді қайта ұйымдастыруды және таратуды аудан єкімдігі жүзеге асырады.


Тарбаѓатай ауданы єкімініњ

аппарат басшысы А. Смаилов.






Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconШығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға...
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан...
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconШығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің 2-санатты, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconТарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай...
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconСолтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ішкі саясат бөлімі
Мемлекеттіліктің одан әрі бекіту қажеттілігі, Қазақстан халқының бірлігі және ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамды нығайту 6
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №264 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді
«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы»...
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі
Ы бөлімі мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылтын, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары...
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 сәуiрдегi n 98 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница