Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі




Скачать 122.83 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі
Дата конвертации10.02.2016
Размер122.83 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kurchatov.vko.gov.kz/kz/files/govern5.doc
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің

201__ жылғы «____»____________

№ ____ қаулысымен бекітілді


«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылтын, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асырушы, бірегей аграрлық саясаттың орындалдуын қадағалаушы мемлекеттік орындаушы органы болып табылады.


2. Бөлімнің ведомствосы жоқ.


3. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.


4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.


5. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.


6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.


7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.


8. Бөлімнің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.


9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

071100, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі 4, факс 2-61-66, телефондары: 2-38-89, 2-58-26.


10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.


11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.


12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру тек Курчатов қаласының бюджетінен жүзеге асырылады.


13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


14. Бөлім миссиясы: Курчатов қаласының ауыл шаруашылығын, ветеринария және жер қатынастарын дамыту мен қолдау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында ауыл шаруашылығын және ветеринарияны қолдау, ақпараттық және ғылыми- әдістемелік базаны құру және дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жөніндегі мәселелерді жариялау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

2) қаланың агроөнеркәсіптік кешенінде нарықтық жүйелерді қалыптастыру және дамыту, барлық меншіктік және шаруашылық түрлерін дамытуға жәрдем көрсету;

3) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, мемлекеттік, салалық (секторалды), осы саладағы өңірлік бағдарламалармен және басқа да құқықтық актілермен және қалада агроөнеркәсіптік кешен бойынша шұғыл ақпараттар жинауды жүргізу және оларды қаланың жергілікті атқарушы органы – қала әкімдігіне ұсыну;

4) қаланың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне біркелкі мемлекеттік аграрлық саясат жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

5) егін егу және мал шаруашылығына жаңа техниканы және прогресивті технологияларды енгізуге жәрдем көрсету;

6) халықтың денсаулығын адам және жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

7) жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеу;

8) ветеринариялық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

9) қала аумағын басқа елді мекендерден әкелінетін және таралатын жұқпалы және энзоотиялық аурулардың қорғау;

10) жеке және заңды тұлғалармен ветеринария саласындағы қызметтерін жүзеге асырған кезіндегі қоршаған ортаны ластаудың алдын – алу және оны жою.

11) Жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу;

12) Табиғи ландшафттарды жақсарту және қолайлы экологиялық ортаны құру мен пайдалануды ұйымдастыру бойынша жер заңнамасын, өкілетті және жергілікті ұйымдардың шешімдерін орындау;

13) Жерге орналастыру шараларын ұйымдастыру;

14) Қазақстан Респуликасының заңнамаларымен және осы Ережемен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) ауыл шаруашылығын, ветеринарияны және жер қатынастарын дамытудың қалалық бағдарламасын әзірлеуге қатысады;

2) қалалық бағдарламаның орындалуына талдау, ауыл шаруашылықтың, ветеринарияның және жер қатынастарының дамуына мониторинг жүргізеді;

3) жоғары тұрған ұйымдар үшін сұралған ақпараттарды дайындауға қатысады;

4) қаланың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен, дербес бөлімдермен бөлімнің алдында тұрған мәселелерді шешу, қажетті ақпараттарды дайындау жөнінде өзара қарым –қатынас жасайды;

5) ауыл шаруашылығында жаңа құрылымдардың жұмыс істеудің экономикалық механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

6) ауыл шаруашылығының барлық саласындағы қызметтет үшін тиімді жағдай жасауға ауыл шаруашылық өнім өндірушілердің мүддесін қорғауға бағытталған қаржылық, несиелік, салық саясаттың жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды енгізу;

7) ауыл шаруашылығының кадрлық әлеуеттің талдау, оның мамандарға сұранысын талдау. Кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау бойынша іс – шараларды әзірлеу, консультациялық көмек көрсету;

8) бөлім міндетіне кіретін сұрақтары бойынша қала әкімінің, құқық қорғау және бақылау органдар өкілдерінің, кездесулерін ұйымдастырады ;

9) бөлім жетекшілік ететін сұрақтар бойынша қала әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, әкімдік қаулы жобаларына, әкімдік мәжілістерінде ақпараттарды және сұрақтарды дайындауды жүзеге асырады;

10) жәрмеңкелерді, мерекелік саудалар мен ашылу салтанаттарын ұйымдастырады;

11) бөлім жетекшілік ететін сұрақтар бойынша нормативті- құқықтық актілер туралы тұрғындар және кәсіпкерлер арасында ақпаратық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

12) ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары мәселелері бойынша жиналыстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдаструға және өткізуге қатысады;

13) жеке және заңды тұлғалардың хат, шағым, ұсыныс үндеулерін белгіленген тәртіпте қарауды жүзеге асырады;

14) агроөнеркәсіптік кешеннің қалалық даму бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыру мониторингін жүргізеді;

15) қала тұрғындарын азық – түліктік астық және өңделген өнімдермен қамтамасыз ету мониторингі;

16) ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау және егіс алқаптары, түсімдер туралы деректерді, ауыл шаруашылығы дақылдарын күту технологияларының ауыл шаруашылық ақпараттармен сақтау мониторингі;

17) өсімдік шаруашылығы саласында шаруашылық субъектілерінің міндетті сақтандырылуын ұйымдастырады;

18) қала тұрғындарын мал шаруашылығы азық – түліктерімен және өңделген өнімдермен қамтамасыз ету мониторингі;

19) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы бекітілген ветеринарлық қағидалар және нормативтер, басқа да құқықтық нормативтік актілер, өткізілген ветеринарлық іс – шаралар туралы ақпараттардың мүдделі тұлғаларға ұсынылуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады, ветеринария мәселелері жөнінде тұрғындар арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізеді;

20) жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикі затты дайындауды (союды), сақтауды қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай –ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;

21) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;

22) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай –ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының

профилактикасы бойынша ветеринариялық іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

23) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;

24) елді мекен жерлерінде жануарларды жаюға арналған орындарды анықтайды,

25) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;

26) жануарларға ветеринариялық паспорт береді;

27) қаланың аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді;

28) қаланың жергілікті өкілді органдарына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді;

29) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикі заттың құнын иелеріне өтейді;

30) ауыл шаруашылығын материалдық – техникалық қамтамасыз ету және өнімдерді жүзеге асыру мәселелерінде облыс өңірлері бойынша нарық коньюктурасын зерттеу, қаланың агроөнеркәсіптік субъектілер секторының ақпараттық - маркетингтік ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

32) қолданылмайтын жерлерді есепке алады;

33) жергілікті атқарушы органының жер учаскесін беру немесе нысыналы мақсатта өзгеруі туралы жоба шешімі мен ұсынысын дайындайды;

34) мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскелерін алу туралы ұсыныс дайындайды;

35) жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін белгілейді;

36) мемлекеттің жеке меншікке сатудағы нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалық) құнын бекітеді;

37) жер учаскелерін белгілі нысанға келтіру туралы жерге орналастыру жобалары мен жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастырады;

38) жерді рационалды пайдалану туралы сызба және жобалар, бағдарлама және жердің аумақтық жобасын әзірлеуді ұйымдастырады;

39) тұрғылықты жер аумағы құрылымының жер- шаруашылық жобасын әзірлеуді ұйымдастырады;

40) жер саудасын (конкурстар, аукциондар)өткізуді ұйымдастырады;

41) жерді қорғау және пайдалану мәселелері жөнінде сызба және жобалар, қалалық бағдарлама сараптамасын жүргізеді;

42) жер балансын құрастырады;

43) жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелерінің және басқа да субъектілердің жердің құқықтық қатынастарының есебін жүргізеді;

44) жерге құқық анықтаушы құжаттарды береді;

45) жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы анықтама береді;

46) ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің төлқұжатын береді;

47) уақытша өтеулі жер пайдалану және жер учаскелерін жалға беру шарты, сатып-алу –сату келісім шарттарын жасайды;

48) Қазақстан Республикасының жер кодексінің 71 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін пайдаланудағы іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы рұқсат беру ұсынысын дайындайды;

49) ауыл шаруашылық жерлерін бір түрден екіншіге ауыстыру туралы ұсыныс дайындайды;

50) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері.

1) бөлімнің құзыретіне кіретін пайдалану мәселесі бойынша мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

2) заңнама актілерімен қарастырылған негізі бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және жерді пайдалану құқығын тоқтату туралы атқарушы органдарға қарауға ұсыныс енгізу;

3) жер заңдылығына қарсы келетін жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының шешімін жою туралы ұсыныс енгізу;

4) қала әкіміне, Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына және Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасына ауыл шаруашылығын қолдаудың негізгі бағыттары бойынша, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізуге;

5) бөлім өз құзыры аясында Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалық актілерін сақтай отырып, бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды белгіленген мерзімде мемлекеттік органдардан, барлық меншік нысандағы ұйымдар мен кәсіпорындардан сұрауға және алуға;

6) өз өкілеттігі аясында мемлекеттік бақылау органдары мен ұйымдарды үйлестіруді іске асырады, ауыл шаруашылықты, ветеринарияны жер қатынастары саласын дамытуға қатысты мәселелер бойынша көрсетілген ұйымдардың лауазымдық тұлғаларын тыңдауға;

7) мемлекеттік органдар өткізетін бөлімнің құзырына қатысты жиналыстарға, кеңестерге, мәжілістерге қатысуға;

8) ауыл шаруашылықты, ветеринарияны және жер қатынастары мемлекеттік қолдау және қорғау мәселелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы қала әкіміне ақпарат беруге;

9) мемлекеттік органдардан және лауазымдық тұлғалардан, басқа да ұйымдардан бөлімнің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрау және алуға;

10) сақтандыру нарығының қатысушыларынан және агенттен өз қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұрау және алуға;

11) Бөлімнің қызмет саласына қатысты сәйкес мемлекеттік органдарға және лауазымдық тұлғаларға кепілдеме беруге және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен өз құзырының шегінде олардың орындалуын бақылауға алуға;

12) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс және қала әкімінің шешімдерін және өкімдерін, облыс және қала әкімдігі қаулыларының орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;

13) Бөлімнің құзырына қатысты мәселелерді және ақпараттарды, жоба шешімдерін дайындауды әкімдікке қарастыруға енгізуге;

14) қаланың агроөнеркәсіптік кешен тұжырымдамасының орындалуын тұрақты дамыту жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге:

15) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

16) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға;

17) тиісті әкімшілік –аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс –шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығаруға;

18) тиісті әкімшілік –аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс – шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығаруға;

19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілетіліктерді жүзеге асыруға.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


18. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

21. Бөлімнің бірінші бастығының уәкілеті:

1) мамандардың міндеттері мен өкілетін анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады.

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің жұмысшыларына сыйақы және сөгіс жариялай алады.

4) өз мүддесінің аясында Бөлімнің кесімдерін шығарады;

5) Бөлім қызметін ұйымдастыру бойынша шарттарға және басқа да құжаттарға, Бөлім кесімдеріне қол қояды;

6) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық талаптарын бекітеді;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімді барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға таныстырады, өз құзыреті аясында шарттарға отырады;

8) қала әкімдігімен бекітілген штадтық санына сәйкес, Бөлімнің штадтық кестесін бекітеді;

9) өз мүддесінің аясында жемқорлыққа қарсы шараларды қолданады, және осы шараларды қолданбауына жауапкершілік артады;

10) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өзінің орынбасарының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бастық басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі.


24. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.


27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«ҚР ШҚО Курчатов қ. ауыл

шаруашылығы, ветеринария және жер

қатынастары бөлімі» ММ бастығы Н.Тұматаев

Похожие:

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconШығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің
Миссиясы және көрінісі бет
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconӨскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconШығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Клох, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен 2012 жылғы 11 қазандағы №19-02-28/3018-квр...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconТарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconПриозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ала бойынша ауыл шаруашылық өндірісімен (мал шаруашылығын дамытумен) 62 шаруашылық оның ішінде 59 жеке қосалқы шаруашылығы, 2 шаруа...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі iconШығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының
Электр энергияны, газ және суды өндіруде және бөлуде өнеркәсіп түріндегі қызмет көрсетілді және өнім 190,8 млн теңгеге өндірілді,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница