Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы




Скачать 417.31 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
страница1/3
Дата конвертации10.02.2016
Размер417.31 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish772892_9264.doc
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 14:52:16


Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысы

(2011.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бекітілсін:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық);

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар.

2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 2-тарауын қоспағанда, осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Актуарлық статистикалық бюро» ЖШС-не мәлімет үшін жеткізсін.

5. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын

және қаржы ұйымдарын реттеу мен

 қадағалау агенттігі Басқармасының

2010 жылғы 1 наурыздағы № 24

қаулысына 1-қосымша

 

 

Сақтандыру полистері блантерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің

азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу жөніндегі

нұсқаулық

 

Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 43-бабының 22) тармақшасына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисi бланкісінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, сақтандыру полисiн рәсімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ міндетті сақтандырудың кейбір түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау арыздарының мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.

2. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер бар:

1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері;

2) сақтанушының фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмiрі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы (жеке тұлғалар үшiн);

3) сақтанушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн);

4) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);

5) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттік лицензияның берiлген күнi, сериясы және нөмірi туралы мәлiметтер;

6) сақтандыру объектісін көрсету;

7) сақтандыру жағдайын көрсету;

8) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімдері;

9) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, валюта түрi, оны төлеу тәртібі мен мерзiмдері;

10) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;

11) сақтандыру полисiнiң қолданылу мерзiмi;

12) сақтандырылған адам  (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру

шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;

13) тараптардың қолы;

14) сақтандыру полисiнің нөмірi;

15) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;

16) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.

Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1011 тiркелген) сәйкес көрсетiледi.

Резиденттiк мәртебе «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Мыналар резиденттерге жатқызуға негiз болып табылады:

жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн), не Қазақстан Республикасында тұрақты өмiр сүру құқығын растайтын құжат (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшiн);

заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк.

Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінің 26-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

Егер сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда сондай-ақ филиал басшысының атауы, тұрған жерi, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) болуы тиiс.

Тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылады немесе оған қоса берiледі.

3. Сақтандырудың міндетті түрлері (класстары) бойынша сақтандыру полисінде осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар бар.

4. Сақтандыру полистерінің бланктерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.

Бұл ретте сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланктерінде кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.

5. Сақтандыру полисi бланкiсінiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс.

6. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа мәтінімен не сиямен (шариктi қаламсаппен) қолмен толтырылады. Сақтандыру сомасының  және сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшерi цифрмен және жазумен көрсетiледi.

7. Сақтандыру полисiнің мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрілуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда, оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет.

8. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және сақтандырушының және сақтанушының - заңды тұлғаның мөрi басылады. Сақтандыру агенті сақтандырушы мен сақтандыру агенті арасында жасалатын шартта тиісті өкілеттігі бар болған жағдайда, сақтандыру полисiне қол қояды. Сақтандырушы немесе сақтандыру агенті сақтандыру полисiнiң толтырылған бланкiне мөр басар алдында, сақтанушының қолы барына көз жеткiзуi тиiс.

9. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер мен дақтар болмауы тиiс.

10. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар төлқұжат жазып бередi. Сақтандыру полисiнің бланкiнде оның бұрын шығарылған сақтандыру полисiнің төлқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнің нөмірi көрсетiлген белгi болуы тиiс.

 

 

2-тарау 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2-тарау. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің бланкісін рәсімдеу, нысаны, мазмұны және оны әзірлеу

 

11. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі (бұдан әрі - міндетті сақтандыру) осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес беріледі.

12. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіндегі сақтанушы (сақтандырылған), көлік құралы туралы мәліметтер сақтанушының өтініші негізінде сақтандыру шарты жасалатын, сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

13. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкі баспа мәтінімен толтырылады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 201.26.08. № 95 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінде Дерекқор базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым беретін, сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмір болады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 201.26.08. № 95 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі осы Нұсқаулықтың 4-тармағында белгіленген талаптардан басқа мынадай талаптарға сәйкес келеді:

міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкісі түсінің нөмірі Pantone шәкілі бойынша 701 болуы тиіс. Осы түс сақтандырудың өзге түрлері бойынша сақтандыру полистері үшін қолданылмайды.

міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкісін өндіру кезінде қолданылатын қағазда жарыққа тосып қарағанда көрінетін «KAZ -ою - KAZ» деген су тамғы белгісі болуы тиіс.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 201.26.08. № 95 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16. Осы Нұсқаулықтың 13, 14 және 15-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасау жағдайларына қолданылмайды.

17. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 201.26.08. № 95 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 201.26.08. № 95 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі және

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық

жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру

полисi бланкінің нысанына, мазмұнына

және оны жасауға қойылатын

 талаптарды белгілеу жөніндегі

нұсқаулыққа қосымша

 

 

Нысан

 

САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ЛОГОТИПІ

ЛОГОТИП СТРАХОВЩИКА

 

САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ҚҰҚЫҒЫНА БЕРІЛГЕН ЛИЦЕНЗИЯ                               №_______

ЛИЦЕНЗИЯ НА ПРАВО ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ

СТРАХОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ                                      Берілген күні/______

                                                                           Дата выдачи

 

БІРЕГЕЙ НӨМІР

САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ

Сериясы____№____

УНИКАЛЬНЫЙ НОМЕР

СТРАХОВОЙ ПОЛИС

Серия

 

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВОЙ

ОТВЕТСТВЕННОСТИ ВЛАДЕЛЬЦЕВ ТРАНСПОРТНЫХ СРЕДСТВ

 

САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРІ

КЕШЕНДІ ШАРТ/

ВИД ДОГОВОРА СТРАХОВАНИЯ

КОМПЛЕКСНЫЙ ДОГОВОР

СТАНДАРТТЫ ШАРТ/

СТАНДАРТНЫЙ ДОГОВОР

 

САҚТАНУШЫ/СТРАХОВАТЕЛЬ

 

Тегі, аты, бар болғанда - әкесінің аты (жеке тұлға үшін), атауы (заңды тұлға үшін)

Фамилия, имя, при наличии - отчество (для физического лица), наименование (для юридического лица)

 

Тұрғылықты жері (орналасқан жері) /

Место жительства (место нахождения)

 

ЖСН (жеке тұлға үшін) /БСН (заңды тұлға үшін)/ ИИН (для физического лица)/БИН (для юридического лица)

 

Резидент/ Резидент (1), Бейрезидент/ Нерезидент (2)

 

Экономика секторының коды/ Код сектора экономики

 

СТН / РНН

 

Банктік деректемелер/ Банковские реквизиты

 

 

САҚТАНДЫРЫЛУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР / СВЕДЕНИЯ О ЗАСТРАХОВАННОМ

 

САҚТАНДЫРЫЛУШЫ / ЗАСТРАХОВАННЫЙ

(Фамилия, имя, при наличии - отчество)

сынып/класс

жсн/ иин

стн/РНН

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

КӨЛІК ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/ СВЕДЕНИЯ О ТРАНСПОРТНОМ СРЕДСТВЕ

 

МАРКАСЫ, ҮЛГІСІ/ МАРКА, МОДЕЛЬ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ НӨМІРЛІК БЕЛГІСІ / РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР

ШАНАҚ НӨМІРІ/ НОМЕР КУЗОВА (VIN)

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

...

 

 

 

 

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ/                                 _____________________________________________ТЕҢГЕ/ ТЕНГЕ

СТРАХОВАЯ ПРЕМИЯ                                                             (цифрмен және жазбаша / цифрами и прописью)

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ/

ПОРЯДОК И СРОКИ УПЛАТЫ СТРАХОВОЙ ПРЕМИИ

 

МЕРЗІМІН ҰЗАРТЫП/ БІРЖОЛҒЫ/

В РАССРОЧКУ ЕДИНОВРЕМЕННО

Күні/ дата

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сомасы/ сумма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы
...
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница