Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Скачать 253.19 Kb.
НазваниеПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
Дата конвертации10.02.2016
Размер253.19 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/105228.doc
­

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қаржы-экономикалық факультеті

Салалық экономика кафедрасы

050901 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған

«Көлік экономикасы»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар

Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

__________ Т.Я. Эрназаров

«___»_____________2011 ж.

Құрастырушылар: аға оқытушы _______________Г.Т. Омарова

аға оқытушы _______________ А.Е. Ермекова

Салалық экономика кафедрасы

050901 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған

«Көлік экономикасы»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

2011ж. «__» __________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ С.Е.Сарсембекова 2011ж. «__»________

Қаржы – экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған

2011ж. «__» __________ № __ хаттама

ОӘК төрайымы ___________ А.Б. Темиргалиева 2011ж. «____»_____________

КЕЛІСІЛДІ

Көлік техника кафедрасының

меңгерушісі ___________ Е.К. Ордабаев 2011ж. «____»____________

­

Оқытушы жайындағы мәлімет

Ермекова Асемгуль Ермековна - Салалық экономика кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжрибелік сабақтар, СОӨЖ)

Кеңес беру кестеге сәйкес (ауд. 523) қабылданады. тел. 67-36-56 (1193)

Пән жайлы мағлұмат

Пән алтыншы семестрде ұзақтығы 15 аптада оқытылады. Пәннің жалпы еңбек көлемі 45 сағат, оның ішінде 15 сағат аудиториядағы сабақ және 30 сағат студенттердің пәнді өзіндік оқудағы өзіндік жұмыстары. Аудиториялық уақытты сабақ түрлеріне бөлу календарлық жоспарда көрсетілген.

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысан

дары

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

ОСӨЖ

5

1

15

7,5

7,5

-

-

-

45

30

емтихан

Пәннің мақсаты

Көлік экономикасы инженерлердің экономикалық білім алу саласындағы оқу пәні ретінде нарықтық қатынастардың дамуы жайындағы темір жол көлігінің жұмыс сапасын жақсартуға қажетті экономикалық ойлаудың қалыптасуына, ғылыми техникалық прогреске және саланың интенсификациясына ықпал жасайды.

Қоғамдық өндіріс процесіндегі көліктің маңызы мен орнын және оның материалдық өндірістің саласы ретіндегі ерекшеліктерін, т.ж. көлігіндегі жобалаудың және басқарудың ұйымдастырылуын, тасымалдауды жобалаудың әдістемесін, қозғалмалы құрам жұмысының экономикасын және жобалауын, т.ж. көлігінің негізгі салаларының техникалық құралдарын дамытудың және қайта құрудың экономикалық тиімділігін жоғарлатудың бағыттары мен жолдарын, еңбек пен еңбек ақының ұйымдастырылуын, тасымалдаулардың өзіндік құнын бағаның қалыптасуын, көлігтінің қаржылық және шаруашылық есеп айырманың принциптерін нарықтық экономика негіздерін, шаруашылық жүргізудің әртүрлі нарықтық түрлерін білуі қажет

Пәннің міндеттері

Пәнді үйрену барысында студенттер мынаны игеруі керек:

Өндіріс сапасын және тиімділігін көтеруге бағытталған шараларды істей және бағалай білуі, кәсіпорындардың өндірістік қызметін және енгізілетін жобалық жетілдірулерді техника экономикалық сарапқа сала білуі, НОТ принциптерін тәжірибеде қолдана білуі қажет.

Пәнді үйрену барысында студенттер мына дағдыларды игеруі керек:

  • кәсіпорын қызметінің табысын есептеу және техника-экономикалық көрсеткіші;

  • еңбек ақысының тиімділік формасын таңдау;

  • өндірістің шығындарын есептеу;

  • жаңа техникаларды және технологияларды қолданудан

  • экономикалық тиімділігін есептеу;

  • ұйым қызметі жағдайының анализін өткізу

Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды – машықтар қажет: негізгі экономикалық теория.

Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті.

Пәннің тақырыптық жоспары

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1-ші тақырып Нарық экономикасын қалыптастыру концепциясының негізгі жағдайы

-

-

2

2-ші тақырып Нарық экономикасының негізінде көлік кәсіпорының қызметі

-

-

4

3-ші тақырып Негізгі қорлар және оларды пайдалану корсеткіштері

2

3

4

4-ші тақырып Көліктегі айналым құралдары

1

2,5

4

5-ші тақырып Тасымалдың өзіндіқ құны

1,5

2

4

6-ші тақырып Ақшалай қатынас сияқты қаржылық түсінігі. Транспортқа қаржылық жұмыс есебі

1

-

4

7-ші тақырып Капиталдық құйылымдарды жоспарлау

1

-

4

8-ші тақырып Көлік болжамдаудың және жобалаудың ұйымдастырылуы

1

-

4

БАРЛЫҒЫ :

7,5

7,5

30

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Көлік экономиканың негізгі бастапқы буыны болып табылады, және кәсіпорын экономиканың негіздерін білу - білікті нысандарды дайындаудың міндетті шарты.

Бұл курсты оқу барысында Қазақстан экономикасын одан әрі жаңарту мен әртараптандыруды ескере отырып студенттерді қалыптасқан қүқықтық, экономикалық, қаржылық және әкімшілік ортада кәсіпорынның қызмет етуінің жаңа механизмінің білімімен студенттерді қаруландыру мүмкіндігін береді.

Курс компоненттері

1-ші тақырып Нарық экономикасын қалыптастыру концепциясының негізгі жағдайы

Нарық туралы түсінік, нарық экономикасының мәні, мемлекеттік – ұйымдастыру жүйесінен әлеуметтік – орентирлік нарыққа көшу.

2-ші тақырып Нарық экономикасының негізінде көлік кәсіпорының қызметі

Кәсіпкерлік қызметінің негізгі нұсқасы, кәсіпорынның ұйымдастыру – құқықтық түрлері, кәсіпкердің ұйымдастырулық – құқықтық түрі. Кәсіпорын қызметінің негізгі нұсқауы. Негізгі басқару, қызметті доғару және мекеме, кәсіпорынды және транспорт ұйымын нарық экономикасы негізінде даярлау.

3-ші тақырып Негізгі қорлар және оларды пайдалану корсеткіштері

Негізгі қорлардың экономикалық негізі, олардың құрамы мен құрылымы. Негізгі қорлардың классификациясы: өзінің тағайындалуы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша. Негізгі қорлардың бағасын бағалау тәсілдері. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көтеру мақсаты және көрсеткіштері. Негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуы; оның мөлшеріне әсер тигізетің факторлар. Амортизацилық аударылымдар және олардың кәсіпорындағы пайдалануы. Негізгі қорларды жөндеу және жетілдеру.

4-ші тақырып Көліктегі айналым құралдары

Айналым құралдардың мағынасы, құрамы, құрылымы және көрсеткіштері. Айналым құралдарының айналымы. Айналым құралдындағы тұтынуды жабу көздері. Айналым құралдарын нормалау. Құралдарды қолдануды жақсарту жолдары.

5-ші тақырып Тасымалдың өзіндіқ құны

Өзіндік құн түсінігі, өнімді өндіру шығынының құрамы мен мөлшері. Шығын элементтері, өндіріс шығынының сметасы. Өзіндік құнның калькуляциясы. Өнімді өндіру шығындарының калькуляциясы және құрылымы. Өнімнің өзіндік құнның төмендетудың негізгі факторлары мен жолдары.

6-ші тақырып Ақшалай қатынас сияқты қаржылық түсінігі. Транспортқа қаржылық жұмыс есебі

Қаржы қызметі және мәні. Басқару деңгейі бойынша қаржы ресурстарын қалыптастыру. Қаржыны ішкі салалық ұйымдастыру. Көліктің түсімі және оның құрылымы. Тасымалдаудан түскен түсімді жоспарлау. Түсім балансы, шығын және оны талдау. Өндірісті –шаруашылықты қызметінің қаржылық бақылауды ұйымдастыру

7-ші тақырып Капиталдық құйылымдарды жоспарлау

Капиталдық құйылымдар және олардың тағайындалуы. Капиталдың құйылымдар түрлері мен құрылымы. Көліктің капиталдық құрылымдар жоспарының негізгі көрсеткіштері және принциптері. Капиталдық құйылымдар жоспарларының құрылу және өту тәртібі. Капиталдық құйылымдар жоспарын қаржыландыру. Инвесторлар жобаны қаржылау әдістері.

Капиталдық құйылымдарды қаржыландыруға несиелерді қолдану тиімділігін анықтау.

8-ші тақырып Көлік болжамдаудың және жобалаудың ұйымдастырылуы

Жобалауды жетілдіру мақсаттары. Қазақстан экономикасының әлеуметтік және экономикалық жобасының құрамдас бөлігі ретіндегі көлік жоспары. Жоспар түрлері және олардың мазмұны. Жобалаудың негізгі принциптері. Жобалау мен болжаудың әдістері: байланыстық, техника экономикалық есептеулер, экономика математикалық жобалау, стратегиялық жобалау

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

3-ші тақырып Негізгі қорлар және оларды пайдалану корсеткіштері

Тапсырма 1

Жылдық амортизация соммасын белгілеу, амортизацияның жылдық нормасы және қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қор жабдықтары (өндірістік қордың негізгі белсенді бөлімі) іске қосу және шығару коэффициенті.

Тапсырма 2

Материалдар шығынын қысқарту есебімен келесі жылдың негізгі қордың көлемін белгілеу

Бастапқы мәліметтер

Есептік жылы кәсіпорында айналым қорын (1400000 + n) (мұнда n – тізім бойынша реттік нөмірі) теңге құрайды. Айналым қорының түгел материалдардың жалпы құны – (25+ 0,5 n) пайыз. Келер жылы бір бұйымға кеткен материалдар шығынының төмендеуі 15 %.

4-ші тақырып Көліктегі айналым құралдары

Тапсырма 1

Материалдар шығынын қысқарту есебімен келесі жылдың негізгі қордың көлемін белгілеу

Бастапқы мәліметтер

Есептік жылы кәсіпорында айналым қорын (1400000 + n) (мұнда n – тізім бойынша реттік нөмірі) теңге құрайды. Айналым қорының түгел материалдардың жалпы құны – (25+ 0,5 n) пайыз. Келер жылы бір бұйымға кеткен материалдар шығынының төмендеуі 15 %.

Тапсырма 2

Айналым қаражатының уақытының қанша күнінің қысқартуын есептеу – 100000 теңге.

Бастапқы мәліметтер

Есептік жылы кәсіпорындарда жоспарланған қаражат құны (100000 + n) (мұнда n – тізім бойынша реттік нөмірі) теңге. Айналым қаражатының бір айналымның ұзақтығы – 35 күні. Келер жылы өткізілетін өнімнің көлемі өсуі - 5 %.

5-ші тақырып Тасымалдың өзіндіқ құны

Тапсырма 1

Өндірістің көлемінің қанша пайызға өзгергендігін анықтау.

Бастапқы мәліметтер

Өнімдерді өндіру және өндірістің көлемін жылына материалдар және сырье шығыны 2 - ші кварталда 1 кварталмен салыстырғанда 40 пайызға өсті. Өнімдер бірлестігіне көшетін өндірістік шығындардың ауыспалылығын құрайды, шығын жеке жиынтығының өсуі (22800 + n) (мұнда n- номер варианты) теңге, жалпы үнемі шығындарының өзгеруі.

Студенттің өзіндік жұмыстарының мазмұны

Пәнді меңгеру кезінде тақырыптық жоспар және бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес келесідей аудиториядан тыс жұмыстарды орындау қажет:

– дәріс сабақтарына дайындалу;

– тәжірибелік сабақтарына дайындалу;

– дәріс материалдарына кірмеген, бірақ міндетті болып табылатын курс тақырыптарының қысқаша конспектісін жазу.

СӨЖ көлемі сағатпен кестелерде көрсетілді

СӨЖ түрлерінің тізімі

СӨЖ түрі

Есептеу формасы

Бақылау түрі

Көлем, сағ.

1

Дәріс сабақтарға дайындалу

конспект

Сабаққа қатысу

5

2

Тәжірибелік сабақтарға

дайындалу

Жұмыс дәптері, кестелерді, формулаларды дайындау, есептерді санау

Сабаққа қатысу

10

3

Курстың жеке сұрақтарын

өздігінен мегеру

конспект

Конспекті қарау

5

4

Межелгі бақылауға

дайындалу

10

Барлығы

30

Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1-ші тақырып Нарық экономикасын қалыптастыру концепциясының негізгі жағдайы

Нарық туралы түсінік, нарық экономикасының мәні, мемлекеттік – ұйымдастыру жүйесінен әлеуметтік – ориентирлік нарыққа көшу.

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

2-ші тақырып Нарық экономикасының негізінде көлік кәсіпорының қызметі

Кәсіпкерлік қызметінің негізгі нұсқасы, кәсіпорынның ұйымдастыру – құқықтық түрлері, кәсіпкердің ұйымдастырулық – құқықтық түрі. Кәсіпорын қызметінің негізгі нұсқауы. Негізгі басқару, қызметті доғару және мекеме, кәсіпорынды және транспорт ұйымын нарық экономикасы негізінде даярлау.

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

3-ші тақырып Негізгі қорлар және оларды пайдалану корсеткіштері

Негізгі қорлардың экономикалық негізі, олардың құрамы мен құрылымы. Негізгі қорлардың классификациясы: өзінің тағайындалуы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша. Негізгі қорлардың бағасын бағалау тәсілдері. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көтеру мақсаты және көрсеткіштері. Негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуы; оның мөлшеріне әсер тигізетің факторлар. Амортизацилық аударылымдар және олардың кәсіпорындағы пайдалануы. Негізгі қорларды жөндеу және жетілдеру.

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

4-ші тақырып Көліктегі айналым құралдары

Айналым құралдардың мағынасы, құрамы, құрылымы және көрсеткіштері. Айналым құралдарының айналымы. Айналым құралдындағы тұтынуды жабу көздері. Айналым құралдарын нормалау. Құралдарды қолдануды жақсарту жолдары.

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

5-ші тақырып Тасымалдың өзіндіқ құны

Өзіндік құн түсінігі, өнімді өндіру шығынының құрамы мен мөлшері. Шығын элементтері, өндіріс шығынының сметасы. Өзіндік құнның калькуляциясы. Өнімді өндіру шығындарының калькуляциясы және құрылымы. Өнімнің өзіндік құнның төмендетудың негізгі факторлары мен жолдары.

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

6-ші тақырып Ақшалай қатынас сияқты қаржылық түсінігі. Транспортқа қаржылық жұмыс есебі

Қаржы қызметі және мәні. Басқару деңгейі бойынша қаржы ресурстарын қалыптастыру. Қаржыны ішкі салалық ұйымдастыру. Көліктің түсімі және оның құрылымы. Тасымалдаудан түскен түсімді жоспарлау. Түсім балансы, шығын және оны талдау. Өндірісті –шаруашылықты қызметінің қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

7-ші тақырып Капиталдық құйылымдарды жоспарлау

Капиталдық құйылымдар және олардың тағайындалуы. Капиталдың құйылымдар түрлері мен құрылымы. Көліктің капиталдық құрылымдар жоспарының негізгі көрсеткіштері және принциптері. Капиталдық құйылымдар жоспарларының құрылу және өту тәртібі. Капиталдық құйылымдар жоспарын қаржыландыру. Инвесторлар жобаны қаржылау әдістері.

Капиталдық құйылымдарды қаржыландыруға несиелерді қолдану тиімділігін анықтау.

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

8-ші тақырып Көлік болжамдаудың және жобалаудың ұйымдастырылуы

Жобалауды жетілдіру мақсаттары. Қазақстан экономикасының әлеуметтік және экономикалық жобасының құрамдас бөлігі ретіндегі көлік жоспары. Жоспар түрлері және олардың мазмұны. Жобалаудың негізгі принциптері. Жобалау мен болжаудың әдістері: байланыстық, техника экономикалық есептеулер, экономика математикалық жобалау, стратегиялық жобалау

Бақылау түрі - конспект жазу, ауызша жауап, емтихан

Курстың саясаты

Семестр уақытында студент барлық оқу кестелерімен және бақылау жұмыстарын тапсыру кестелерімен сәйкес барлық оқу сабақтарына қатысуы тиіс.

Дәрістік және тәжірибелік сабаққа қатысу 1 баллмен бағаланады.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес әр дәрістік және тәжірибелік сабаққа студент дайындалып, қарастырылған мәліметтерге талқылама жасап, белсенді қатысуды қабылдауы тиіс.

Белсенділік қатысу сапасы негізінде бағаланады. Белсенділіктің максималды бағасы әр сабақта хабарланып тұрады.

Студенттің өздік жұмыстары СӨЖО уақытында бағаланады, баллдар бақылау шараларынның күнтізбелік кестесіне сәйкес қойылады. Тапсырмалар оқытушы қойылған мерзімінде орындалады. Қойылған мерзімнен кейін жұмысты тапсырса 5% бағаға төмендетіледі. Барлық жұмыстар жұмыс дәптерлеріне жазбаша түрде ресімделеді. Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Пән бойынша межелік бақылауға ағымдағы үлгерімдері (АҮ) бойынша балдары бар студентер жіберіледі.

Ағымдағы үлгерім және межелік бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады

Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.

Егер де студент межелік бақылау өтпесе немесе межелік бақылау бойынша 50 балдан төмен алса, онда рейтинг анықталмайды.

Семестр үшін пән бойынша студенттің жіберілу рейтингісінің бағасы тең

ЖР=(Р1+Р2)/2.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындау және тапсыру) және жіберу рейтингісін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі жіберілу рейтингі мен қорытынды бақылау, олардың үлес салмақтарын (ЖРҮС және ҚБҮС) ескере отырып, бағаларынан тұратын қорытынды бағамен (Қ) анықталады

Қ=ЖР*ЖРҮС+ҚБ*ҚБҮС.

Үлес салмақтар жыл сайын оқу кеңесімен бекітіледі және жіберілу рейтингісі үшін 0,6 кем емес, ал қорытынды бақылау үшін 0,4 көп емес болуы қажет.

Студент жіберілу рейтингі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң бағаларға ие болған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Қорытынды бақылауға негіссіз себеппен келмеу «қанағатанарлықсыз» бағаға теңеледі. Пән бойыша аралық аттестациялау мен емтиханның нәтижелері студенттерге тапсырылған күні немесе, егер жазбаша емтихан күннің екніші жартысында өткізілсе, келесі күні айтылады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Г.И. Әбдікаримова. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 367с.;

  2. Р.К. Ниязбекова, Б.А. Ахметов, П.Т. Байнеева. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 791с.;

  3. А.К. Мейірбеков, К.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2003 – 251с.;

  4. Г.К. Андабаева. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Павлодар: Торайғыров атындағы ПМУ, 2006 – 156с.;

  5. М. Бейсенова, А.Садынбекова. Кәсіпорын экономикасы: есептер жинағы. Алматы.: Ғылым, 2002 – 84с.;

  6. Д.Я. Куатова Кәсіпорын экономикасы: практикум. Алматы.: Экономика, 2006 – 106с.;

  7. С. Молотов, А.Оганесян. Экономика предприятия: конспект лекций. – М.: ПРИОР, 2003 –112с.

  8. А.М. Белов. Экономика организации (предприятия): практикум.- М.: ИНФРА-М, 2003- 272с.

  9. Магомедов А.М. Экономика предприятия.-2-е изд., доп. – М.Экзамен, 2004 – 350с.

Қосымша:

  1. Л.Е. Стровский. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. 2-е изд. перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ, 1999 – 823с.

  2. В.Е. Адамов, С.Д. Ильенкова и др. Экономика и статистика фирм. 3-е изд. перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2000 – 288с.

  3. С. Аникеев Методика разработки плана маркетинга. – М.: Информ-студио, 1996 – 128с.

  4. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. – СПб: Питер, 2004 – 400с

  5. Жилкина А.Н. Финансовое планирование на предприятии. – М.: Благовест, 2004 – 248с

  6. Бизнес-каталог промышленности РК – Алматы: КазИнформ центр, 1995.

  7. Концепция региональной политики Республики Казахстан на 2000 – 2002 годы. – Астана, 2001.

  8. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года. - Астана, 2001.

  9. Стратегия развития Казахстана и реформирование национальных производительных сил. - Алматы: Гылым, 1998.

  10. Канатчинова А.К., Оспанов Х.А. Модернизация структуры производства в промышленности РК – Алматы: Гылым, 2000.

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Көлік экономика » пәні бойынша 050901 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

1 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Бар

лығы

Максималды балл

6

13

13

13

13

14

14

14

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

Бақылау түрі

ДК

ДК

ДК

ДК

ДК

ДК

ДК

ДК

Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

2

16

Тәжірибелік сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

Бақылау түрі

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

Макс.балл

4

4

4

4

4

4

4

4

32

Материалды өздігінең меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

Бақылау түрі

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл

7

7

7

7

8

8

8

52

2 межелік

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Бар

лығы

Максималды балл

14

14

14

14

14

15

15

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

ДҮТ

Бақылау түрі

ДК

ДК

ДК

ДК

ДК

ДК

ДК

Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

14

Тәжірибелік сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

ПҮТ

Бақылау түрі

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

ЖД АС

Макс.балл

4

4

4

4

4

4

4

28

Материалды өздігінең меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

ӨМҮТ

Бақылау түрі

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл

8

8

8

8

8

9

9

58

Шарт қойылған белгілер: СД – сабаққа дайындық. Қ – сабаққа қатысу, ОТ – орындалған тапсырма, КС – курс сұрақтары, К – конспект, Р - расчет.

Кафедра отырысында ұсынылған 2011 ж. «__» __________ № __ хаттама.

Кафедра меңгерушісі __________ С. Е. Сарсембекова 2011 ж. «__» ________

Похожие:

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандық студенттеріне арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница